Мәтінде сипатталған берілген ханды анықтаңыз: А). Хақназар
В). Қасым
С). Тәуекел
D). Тәуке
Е). Жәнібек
ДҮНИЕ ТАРИХЫ
І нұсқа
1.Мәтінде қай ел туралы айтылған? «... ХІХ ғ. ІІ ширегінде ... ... Үндістандағы жаңа жаулап алулары, Қытайға қарсы бірінші «апиын соғысы», ауғандармен соғыс және Жаңа Зеландия мен Австралияны интенсивті жаулап алуы жүргізілді».
А). Франция
В). АҚШ
С). Ұлыбритания
D). Ресей
Е). Испания
2. Мәтінде сипатталған көтерілістің атауын көрсетіңіз: «... ХІХ ғ. Ортасында Шығыс елдерін қамтыған халықтық қозғалыстың құрамдас бөлігі Ирандағы көтерілістер еді. Елдің әр түрлі аудандарында түрлі кездерде (Мазандаранда – 1848-1849 жж, Зенджанда, 1850ж, Нейризде 1850 ж.) болған...»
А). Тегеран қозғалысы
В). Энджуман көтерілісі
С). Парсы көтерілісі
D). Иран революциясы
Е). Бабшылдар көтерілісі
3. Мәтінде сиптталған оқиға қай құжаттан анықталған? «Осы кезден бастап, олар британдық тәжге тәуелділіктен босатылып, олар мен Ұлыбритандық мемлекет арасындағы барлық саяси қатынас мүлде үзілді...»
А). «Ұлы ремонстрация»
В). «Адам құқығы туралы билль»
С). «Құқықтар туралы билль»
D). «Тәуелсіздік Декларациясы»
Е). «Құқықтар декларациясы»
4. Мәтінде қай ел парсыларға салық төлеп тұрғанын анықтаңыз: «... жері І Дарийдің кезінде он екінші аймаққа еніп, жыл сайын 360 талант салық төлеп тұрды» деп Геродот жазған
А). Кушан
В). Бактрия
С). Парфия
D). Финикия
Е). Хетт
5. Мәтінде неміс халқына арнап сөйлеген тарихи тұлғаны анықтаңыз: «... Біз және пруссиялық тәж бойынша, Біздің ұрпақтарымызға императорлық жолда Құдай көмектессін ... ұлттық гүлдену, бостандық жағдайында артсын». Версальдағы бас пәтерде берілді. 17 қаңтар 1871 ж.
А). Фридрих Барбаросса
В). IV Фридрих Вильгельм
С). Вильгельм ІІ
D). Вильгельм І
Е). Виктор Эммануил
6. Мәтінде қай мемлекеттің тарихы сипатталған? «... Маратхалардың құдіретін ауғандар күйретті, ал олар бір-бірімен соғысып жатқанда британдықтар пайда болды да, олардың бәрін бағындырып алды».
А). Қытай
В). Иран
С). Жапония
D). Осман империясы
Е). Үндістан
7. Мәтіндегі Мемлекеттік Кеңесте сөйлеген тарихи тұлғаны анықтаңыз «... Мемлекеттік Кеңестің қарауына түскен шаруаларға бостандық беру ісі Ресей үшін өмірлік мәселе деп санаймын бұл оның күш-қуатының дамуына әсере етеді...»
А). І Николай
В). ІІ Николай
С). І Александр
D). ІІ Александр
Е). І Павел
8. Мартин Лютер бюргерлік реформацияның жаршысы, кен қазушының баласы, еркін өнер магистрі, кейін – монах-августиниандық құдайтану ілімінің докторы болған соң өз ілімін жазады.