Мәтінде варварлар деп кімдерді атағанын анықтаңыз: Жауабы: ирландықтар. 9. «В. И. Ленин: «Бұл соғыстың бізге еріксіз әкеп таңылғаны жұрттың бәріне мәлім. 1918 жылдың басында біз бұрынғы соғысты бітірген едік, ал жаңа соғысты бастаған жоқпыз, сонда миллиондаған ақшасын оңды – солды шашқан Антантаның көмегі арқасында ғана ақгвардияшылардың батыста, оңтүстікте, шығыста бізге қарсы аттанғанын жұрттың бәрі біледі...»,-деді».
Берілген мәтінде тарихи тұлға қандай мемлекеттерді айыптауда: Жауабы: Англия, Франция, АҚШ. 10. «Империя президентінің қызметі рейхсканцлердің қызметімен біріктіріледі. Сол себепті осы уақытқа дейін белгіленген империя президентінің заң күші фюрер әрі рейхсканцлер Адольф Гитлердің қолына көшеді. Ол өз орынбасарын тағайындайды...»
Мәтінде берілген фюрер сөзінің мағынасын анықтаңыз: Жауабы: «көсем», «көшбасшы», «жетекші». 11. «1934 жылғы 8 шілдедегі заң бойынша өзгертулерге қосымша.
1. 1). Ұлттық-социалистік революцияның жеңісінен кейін Ұлттық-социалистік герман жұмысшы партиясы герман мемлекеттік ақыл-ойының иесі және таратушысы болып табылады, сондықтан да мемлекетпен мызғымас бірлікте.
2). Ол (партия) көпшілік құқығының корпорациясы болып табылады. Оның жарғысын көсем (фюрер) бекітеді.
3. 1). Ұлтшыл-социалистік герман жұмысшы партиясы мен шабуылшы отрядының (оларға бағынатын бөлімдерді қоса) мүшелеріне ұлтшыл-социалистік мемлекеттің бастаушы және жетекші күштері ретінде көсемге, халыққа және мемлекетке қатысты көтеріңкі міндеттер жүктеледі.
2). Өз міндеттерін бұзғаны үшін олар ерекше партия сотына тартылады.
4. Ұлтшыл-социалистік герман жұмысшы партиясының құрамына, құрылымына және маңызына зиянын тигізетін барлық іс-әрекеттер мен қателік, әсіресе тәртіп бұзушылық деп танылады.
5. Бұл үшін, әдеттегі қызмет бабындағы жазалаудан тыс қамауға алу және түрмеге отырғызу қолданылады.»
Мәтінде сипатталған заң баптары бойынша партияға берілген құқықты анықтаңыз: Жауабы: шексіз. 12. Оларға (ирландықтарға) қарсы көтерілген біздің адамдарымыз менің көтерілісшілерге оқ атсын деген бұйрығымды алды... Қару ұстаған әр адамға аяушылық көрсетуге тыйым салдым... Сол түні біздің солдаттар 2000-ға жуық адамды өлтірді.
Ертеңінде келесі екі мұнараға берілуді ұсындық, олардың бірінді 120 екіншісінде 140 адам болды... олар берілген соң офицерлер оларға оқ жаудырды. Бұны варварларға қолданылған әділ сот есептеймін...