Мәтінде сипатталған тарихи үрдіс жүзеге асу үшін қажет еткен жағдай


Мәтінде аталған Қазақстан жерінде алған рет сынақ жарылыстары болған мерзімді анықтаңыз



бет98/105
Дата23.05.2022
өлшемі338,16 Kb.
#35432
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   105
Мәтінде аталған Қазақстан жерінде алған рет сынақ жарылыстары болған мерзімді анықтаңыз:
Жауабы: 1949 ж.
18. Мәтінде берілген сипаттамадан құрылған мемлекетті анықтаңыз:
«Орта Азияның негізгі ұлттары – түрікмендер, өзбектер, тәжіктер, қазақтар мен қырғыздар аумағы жағынан бытыраңқы болып келеді. Аталған ұлттардың еңбекшілер бұқарасы өздерінің ұлттық мемлекеттік құрамдарын ұйымдастыру жөніндегі табанды тілектерін ескере отырып, Бұхара және Хорезм Республикаларының жоғарғы орындары және Түркімен АКСР Орталық Атқару комитеті бүкіл Орта Азияда ұлттық-аумақтық межелеу жүргізуге шешім қабылдады. Бұл межелеудің нәтижесінде түркімен, өзбек, тәжік, қазақ және қырғыз халықтары көп орналасқан аумақтар бөлініп, тиісті ұлттық республикаларыың құрылуына әкеп соқты.»:
Жауабы: Өзбек КСР-і.
19. Афины егіншілерінің өмірі мен тұрмысы
Афины егіншілері тау бөктерінде өмір сүрді. Оларға құнарсыз азғана жер берді. Егіншілер осы жерден өнім алу үшін көп еңбек етті. Олардың жерді өңдеу үшін құрал-жабдықтары да жетпеді. Сондықтан құрғақшылық жылдары мүлдем өнім де алмаған. Қиыншылық басына түскен егінші көрші шонжарлардан қарызға астық алуына тура келген. Қарыз алғаны үшін егіншінің жеріне «қарыз тасын» қойған. Қарызын уақытылы төлей алмаса, шонжар егістік жерін алып қойған. Жерін алып қойған шаруа күнін көру үшін шонжарларға жалданды. Олар шонжарлардың жерін жыртып, егінін егіп, жүзім мен зәйтүн ағаштарын суарып, олардың жемістерін жинады. Жалданушы осындай қыруар жұмысқа мардымсыз еңбекақы алды. Жері жоқ, әбден кедейленген егінші бірте-бірте құлға айналды. Оның балалары да құлға айналды. Оның балалары да құл болды. Шонжарлар құлды кез келген ауыр жұмыстарға салған.
Мәтіннен егіншінің жеріне «қарыз тасын» шонжарлардың қою себебін анықтаңыз:
Жауабы: Қарыз алғаны үшін.
20. Мәтінде сипатталған баптардан қатені тауып, дұрыс жауабын анықтаңыз:
«54 f–бап. Өндірісте, сауда және еркін мамандықтармен немесе кооперативтік серіктестерде қызмет ететін әрбір жұмысшы, қызметкер және үйренуші, сонымен бірге үйренуші, сонымен бірге қолөнершілер шеберханаларында шебердің жәрдемшілері мен шәкірттері кәсіпорындарда бір жыл үздіксіз еңбек еткеннен кейін не дегенде 14 күндік, оның 12-сі жұмыс күндері, арқылы демалысқа шығуға құқылы...
54 d–бап. Жұмысшы, қызметкер, шебердің көмекшісі және үйренуші демалысқа шыққанда сыйақы алады... Демалыс күндері үшін сыйақы белгіленде жалғыз балалы отбасылар үшін, қосымша т.б. ақшалай төлемдер қосылуы қажет».
(Өндірісте, саудада, еркін мамандықтарда, үй қызметінде және ауыл шаруашылығында жыл сайынғы ақылы демалысбелгілейтін заң:).
Жауабы: демалыс күндері үшін сыйақы белгіленгенде көп балалы отбасылар үшін, қосымша т.б. заттай төлемдер қосылуы қажет.

V нұсқа



1.Мәтін бойынша мемлекетті анықтаңыз:
1.«... Жоғарғы органдарының қарауына мыналар беріледі:
а). Одақ атынан халықаралық қарым-қатынастарда өкілді ету, дипломатиялық қатынастар жүргізу, басқа мемлекеттер саяси және басқа да келісімдер жасау;
б). Одақтың сыртқы шекараларын өзгерту және одақтас республикалар арасындағы шекаралар жөніндегі мәселелерді реттеу;
в). Одақ құрамына жаңа республикалар қабылдау туралы келісімдер жасасу...
е). халықаралық келісімдерді мақұлдау...»:
Жауабы: Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы.
2. Мәтін

Алжир
Ангола
Бангладеш
Бахрейн
Бенин
Ботсвана
Бруней
Буркина-Фасо
Бурунди
Бутан
Вьетнам
Габон
Гамбия
Гана

5.VII. 1969 ж.
11. XII. 1975 ж.
26. VIII. 1971 ж.
14. VIII. 1960 ж.
1. VIII. 1960 ж.
30. IX. 1960 ж.
1. I. 1984 ж.
5. VIII. 1960 ж.
1. VII. 1962 ж.
1974
2. XI. 1945 ж.
17. VIII. 1960 ж.
18. II. 1965 ж.
6. III. 1957 ж.

Кестеге анықтама беріңіз:
Жауабы: Азия және Африка елдерінің тәуелсіздік алған мерзімі.
3.«Патша самодержавиесі артынан келесі мол келеңсіздік қалды – Ресейдің 70%-дан аса халқы сауатсыз. Мұндай жабайы ел,-деп жазды В. И. Ленин 1913 жылы, - бұқара халық білім беру, білім-ілімде соншама тоналған – Еуропа Ресейден басқа мұндай бірде-бір ел жоқ».
Сауатсыздықты жою туралы жұмыстар Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін бірден басталды. Бірақ ол әсіресе Халкомкеңестің «РКФСР халықтарының арасындағы сауатсыздықты жою туралы» декретті шыққаннан кейін кең құлаш алды. 1920 жылы 19 шілдеде үкімет шешімімен сауатсыздықты жою ісіне күнделікті басшылық жасау үшін арнаулы ұйым – сауатсыздықты жою туралы бүкілресейлік төтенше комиссия (ВЧК - ликбез) құрылды. Республиканың барлық халқына елдің саяси өміріне саналы түрде қатысу мүмкіндігін беру мақсатында Халық Комиссарлар Кеңес қаулы қабылдады:
1.8-ден 50 жасқа дейінгі оқып, жаза білмейтін республиканың барлық тұрғын халқы қалауы бойынша ана тілінде немесе орыс тілінде сауаттарын ашуы керек.....
3.Халық ағарту комиссариатына және оның жергілікті ұйымдарына сауатсыздарды оқытуға еңбек міндеттілігі тәртібімен әскерге шақыртылмаған, елдің барлық сауатты тұрғындарын тарту құқығы беріледі.....
5. Жалданып жұмыс істеушілерге сауат ашу кезінде жұмыс күні екі сағатқа қысқарады және оқу уақытындағы еңбекақысы сақталады.
6. Сауатсыздықты жою үшін Халық ағарту комиссариаты органдарына халық үйлерін, шіркеулерді, клубтарды, жекеменшік үйлерді, фабрика, зауыт, кеңес мекемелеріндегі лайықты үй-жайларды пайдалану ұсынылады».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   105




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет