16
шексіз-шетсіз қара көк теңіз, түрлі шөптермен толқындаған дала, бұлтпен бет
алысқан биік тау, күннің ойыншыл алтын сәулелері, ерке сұлу ай, жұлдызды
түн, міне, осылар адам жанында бір ләззат, бір сұлулық толқынын оятады.
Сәулет, сұлу сурет, мүсіндеу сықылды әсерлер адамның көру сезімін
оятып, сұлулық толқынын оятады. Ал енді өнердің тылсымды жанды билеп
алып кететін ән, музыка, поэзия, күй сықылды әсерлері есту сезімін сиқырлап
барып, адам жанында сұлулық толқындарын туғызады.
Сұлулық сезімдері адамның дұрыс, сұлу, ләззат іздеуіне, сұлу нәрсені
сүюіне, көріксіз нәрседен жиренуіне, жақсылыққа ұмтылып, жауыздықтан
тыйылуына көп көмек көрсетеді. (100 сөз), (Өзін-өзі тану 6-сынып. Алматы,
2010 «Бөбек», 33 бет)
2-тапсырма. Төмендегі кестеге оқиғаның дамуы мен аяқталуын
болжаңыздар.
3-тапсырма. Мәтіннен тура және ауыспалы мағынаны теріп
жазыңыздар.
Тақырыбы: Р.Әбдіқадырова «Әдемі әже»
Мақсаты: Тыңдалған мәтіннің мазмұнын түсіну, ұсынылған ақпарат
бойынша факті мен көзқарасты ажырата білу.
1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқыңыздар.
Әдемі әже.
Қаладан келген немересі Қайратты ертіп Әдемі әже жолға шықты.
Әдемі әже мен Қайрат автобус аялдамасында көп тұрды. Автобус келмеді.
-
Әже, ертең шықсақ қайтеді? – деді Қайрат.
-
Қой, шырағым. Күнде ертең – еріншектің ісі. Жылжи бергеніміз жөн.
Күн ұясына батпай барып қаламыз, - деп әжесі жүріп кетті.
Күн ыстық. Әжесі өзі терлеген Қайраттың маңдайынан сипап:
-
Әзір-ақ жетіп қаламыз, - дей береді қайталап. «Осы әжем қызық,
қызметінен қалып бара жатқандай асығады», -деп ойлады Қайрат ішінен.
-
Әже, сіз қалай шаршамайсыз, шөлдемеген де сияқтысыз.
-
Е, қарағым, мен қайдан шаршайын. Екі жігіт демеп келе жатқанда,-
деді әжесі. Түсінбей қалған Қайрат жан-жағына қарады. Әжесі мұны сезе
қойып:
Қайратжан, мені кәрі басыммен демеп келе жатқан төзімділік пен
Достарыңызбен бөлісу: