13
Тақырыбы:
Мәтінмен жұмыс. Лексика
Оқу мақсаты: Мәтін бойынша
проблемалық сұрақтар
құрастыру
1-тапсырма.Мәтінді мәнерлеп оқып,
проблемалық
сұрақ құрастырыңыздар.
Сауысқан мен көкек
Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары
болмай, ағаштың бұтақтарын паналап күнелтіпті. Көкек күнде
ерте тұрып
алып: «ұя керек», «ұя керек»,-деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір күні
сауысқан көршісіне:
-
Екеуміз бірігіп ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз,-
дейді.
Көкек:
-
Менің ұя салатын қуатым да, қаруым да жоқ. «Керек, керек» деп
қақсай берсем, құстың бәрі ағайыным, көп болып көмектесіп, ұя салып берер,-
деп келіспейді.
Сауысқан көкектің көмегін күтпей-ақ, ұя салуға кірісті. Ол
ұясының
қабырғаларын жас бұтақтармен тасалап, берік етіп өрді.
Оны шыммен,
өсімдік тамырларымен мықтап байланыстырды. Іші-тысын саз балшықтармен
сылады.
Кішкене бұтақтардан құрастырып, шағын қақпалы есік жасады.
Ұяның астына мамықтан төсек төседі. Ал көкектің «керек, керек» деп қақсай-
қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. Ол кейінгі жылдарда «керек»
дегендегі
р-ды айта алмай, «керек» деудің орнына «келек, келек» дейді.
Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні
бүгінге дейін өзімдікі деген ұясы да, үй-іші де жоқ.
Проблемалық сұрақтар
1
.
2
.
2-тапсырма.Мәтіндегі сөздерді лексикалық мағынасына
қарай топтастыр жазыңыздар.
Құс атаулары, қимылды білдіретін сөздер т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: