Мәтінмен жұмыс жасау арқылы білім алушылар өз білімін өмірлік



Pdf көрінісі
бет10/26
Дата19.05.2023
өлшемі1,21 Mb.
#94926
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
түзететілген ГСМ лиц жұм. Мукашева. Альдикенова

 
 
 
Оқиғаның дамуы 
Болжау 
2-тапсырма. «Қонақ күту» тақырыбына 3 мақал-мәтел жазу. 
Тақырыбы: Шын достық 
Мақсаты:
Берілген мәтінге сәйкес кіріспе,негізгі және қорытынды 
бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құруға баулу. 
1-тапсырма.Мәтінді мәнерлеп оқып,суретпен байланыстыра отырып 
қарапайым жоспар құр. 
Айдос пен Арман кішкентай күндерінен бері айырылмастай дос. Олар 
мектепке де бірге барған. Содан бері екеуі бір партада отырып келеді. Айдос 
пен Арманның шын достығын мына бір оқиғадан көруге болады. 
Күн өте ыстық еді. Бір топ бала суға түспекші болды. Олардың арасында 
Арман мен Айдос та бар еді. Айдос суға жүзе білмейтін. Балалардың 
шомылғанына қызығып, ол да суға түсті. Айдостың батып бара жатқанын 
Арман сезді. Ол айқайлап балаларды көмекке шақырды. (72 сөз) 
 
 
 
 
 
 
 
2-тапсырма. «Мен үшін шын достық ол - ...............» осы ойды
жалғастыр. Сенің ойыңша нағыз достықты немен өлшеуге болады деп 
ойлайсың? 


20 
Тақырыбы: Ы.Алтынсарин «Асыл шөп» 
Мақсаты: Жанрлық және стильдік ерешеліктеріне сай көркемдегіш 
құралдарды орынды қолдана отырып, шағын мақала, нұсқаулық, әңгіме 
құрастырып жазу. 
1-тапсырма.Мәтінді мәнерлеп оқып, стильдік ерекшелігін анықта. 
Ыбырай Алтынсарин «Асыл шөп» әңгімесі. 
Зылиха мен Бәтима деген біреудің қызметінде 
тұрған екі қыз бала төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, 
қалаға келе жатыпты. Зылиха аһлап-уһлеп, «шаршадым» 
деп, Бәтима күліп, әзілдесіп келе жатады. Сонда Зылиха 
айтады: 
-Сен неге мәз болып, қуанып келесің? Төбеңдегі жәшіктің
ауырлығы менің басымдағыдан кем емес, өзің де менен күшті емессің. 
-Мен жәшігімнің ішіне ауырды жеңілдететін бір шөп салдым, - дейді 
Бәтима. 
-Ай, ондай 
болса, сол шөбіңнің атын айтшы, мен де 
ауырымды жеңілдетейін, - деді Зылиха. 
-Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын. Оның аты – «сабыр», 
- деген екен. (86 сөз) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет