Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



бет11/52
Дата01.11.2022
өлшемі207,49 Kb.
#46679
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52
Байланысты:
УМКД әлеуметтану (1)

Өзін-өзі бағалау сұрақтары:
1.Әлеуметтанулық зерттеу дизайны.
2.Зерттеу мәселесі.
3.Эксперимент.Сауалнама.
4. Сапалық және сандық әдістер.
Әдебиеттер тізімі:
Дэвид Бринкерхоф,Роуз Уейтс,Сюзан Ортега «Әлеуметтану негізідері».Астана 2018.
Дэвид Г.Майерс «Әлеуметтік психология» Астана 2018
Джордж Ритцер,Джеффри Степницки «Әлеуметтану теориясы» Астана 2018
Энтони Кенни «Антика философиясы» Астана 2018
Эллиот Аронсон «Көпке ұмтылған жалғыз» Астана 2018


Дәріс 4. Әлеуметтік құрылым және қоғамның стратификациясы
Дәрістің мақсаты: Қазіргі қоғамдағы теңдік пен теңсіздікті бағалау.
Негізгі ұғымдар: Теңдік және теңсіздік.Әлеуметтік стратификация.
Дәріс жоспары:
1.Қоғам, теңдік және теңсіздік.
2. Стратификация әр түрлі топтар арасындағы құрылымданған теңсіздік ретінде.
3. Әлеуметтік стратификация теорияларына қысқаша шолу (К. Маркс, М.
Вебер).
4. Әлеуметтік мобильділік.
Әлеуметтану адамдар мен топтардың өзара әрекетке гүсуін, сон- дай-ақ өзара әрекетке түсуді түзетін мінез-құлық ережелерін зерт- тейді. Бүл орайда, өзара әрекетке түсу үлгілеріне баса назар аудары- лады - бүл үлгілер қалай дамиды, оларды қалай қолдануға болады және қалай өзгереді деген сұрақтар қарастырылады. Әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың бірі ретінде саясаттану, экономика, психология және антропология сияқты ғылымдармен тығыз байланысты. Осы салалардың бәрі адамның әлеуметтік мінез- қүлқын және белгілі бір дәрежеде қоғамды зерттейді. Бұдан басқа, бұл салалар жаңа білімді қалыптастырудың ең жақсы тәсілі ретінде ғылыми әдіске назар аударады. Ғылымның бұл саласы дәлелдемелер- ді жүйелі түрде сараптауға негізделген эмпирикалық зерттеулерге сүйенеді, яғни қандай да бір тұжырым жасамай түрып зерттеуші- лердің дәлелдерінің объективті түрде бағалануын күтеді. Қоғамдық ғылымдарды журналистикадан және адамды зерттейтін басқа сала- лардан ерекшелендіретін нақ осы эмпирикалық көзқарас.
Әлеуметтанудың басқа қоғамдық ғылымдардан өз ерекшелігі бар. Антропологтер, ең алдымен, адам (немесе адамдық емес) мәдениетіне ден қояды. Мәселен, антропологтар кей мәдениетте зорлық-зомбылықтың басқаларға қарағанда неге көп таралғанын және мектеп бітіру кештері, Марди Гра мерекесі және Киньсеаньера (Q u in ceafieras) сияқты мейрамдардың қандай мақсаттарда жасала- тынын зерттейді. Психологтар адамның жеке мінез-қүлқына және ойлау ерекшеліктеріне назар аударады, мысалы, «Неге кей адамдар күйгелек болып келеді?» немесе «Неге кей адамдар басқаларға қа- рағанда, әлденеге көбірек құмар болады?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Саясаттанушылар саяси жүйе мен мінез-құлықты, мысалы, диктаторлықтың өсуі мен құлдырауы сияқты проблемаларды зерт- тесе, экономистер тауарлардың қалай өндіріліп, қалай таратыла- тынын және қызмет көрсету түрлерінің қалай пайда болып, қалай қолданылатынын зерттейді, мәселен, «Жүрттың көбі неге камерасы бар ұялы телефон алады?» деген сияқты сұрақтардың жауабын қа- растырады. Әлеуметтанушылар мәдениетті, жеке мінез-құлық, сая- сат пен экономиканы зерттесе де осы және басқа проблемалардың әлеуметтік топтар мен әлеуметтік өзара әрекеттерге қалай эсер ете- тінін басты назарда ұстайды.
1. Әлеуметтік стратификация - қоғамның әлеуметтік жіктелуі. Біз қоғамының әлеуметтік құрылымын сөз еткенде қоғам өзінің құрылымы жағынан бірдей емес екендігін айтып еткен едік. Қоғам адамдарының арасында теңсіздік бар. Соған байланысты олардың әлеуметтік жүйедегі алатын орындары да бірдей емес. Жекелеген индивидтер мен адам топтарының арасында әлеуметтік жіктелу бар. Оларды жіктегенде бірқатар өлшемдер басшылыққа алынады, мәселен, табыстарының көлемі, білімдерінің деңгейі, мамандықтағы мәртебесі, билікке қатынастары. Қоғам мүшелерінің арасында әлеуметтік теңсіздіктің табиғатын, себептерін, оның заңды құбылыс ретіндегі мәнін түсінуде әлеуметтік стратификация теориясының маңызы зор.
3.Қоғам адамдарын стратталарға жіктеудің тарихи үш типі белгілі. Олар: касталар;сословиелер;таптар.
Осы аталған жіктеудің үш типіне байланысты стратификациялық жүйе
Ашық - Қоғам мүшелерінің статустары мен әлеуметтік жағдайларын өзгертулеріне мүмкіндік бар әлеуметтік құрылым ашық стратификациялық жүйе деп алады да, ал, мұндай мүмкіндік балмайтын қоғам жабық стратификациялық жүйе деп аталады жабық жүйе- Үндістан қоғамында орын алған касталық жүйені жатқызуға болады. «Каста» - латын тілінде castus (таза) деген мағынаны береді. Бұл жүйе 1900-шы жылға дейін сақталып келген. Үнді қоғамында қалытасқан дәстур бойынша қоғам мүшелері касталарға жіктелген және соған байланысты әлеуметтік статус ата-аналарынан балаларына беріліп, ол өмірлік статусқа айналып отырған.
3.Әлеуметтік мобильділік - адамдардын бір әлеуметтік топтар мен қабаттардан басқаларга өтуі (әлеуметтік орын ауыстырулар), сондай-ақ, олардың престижділігі, табыс деңгейі және билігі жоғары деңгейлерге жылжуы (әлеуметтік жоғарылау) немесе төменірек иерархиялық позицияларға карай жылжу (әлеуметтік төмендеу). Әлеуметтік мобильділіктің топтық және жеке түрлерін бөледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет