1Технология және әлеуметтік өзгерістерге теориялық көзқарастар 2.Жаңа технологиялардың кемшілігі мен артықшылығы
3.Қоғам қалай өзгереді?
Әдебиеттер тізімі:
Дэвид Бринкерхоф,Роуз Уейтс,Сюзан Ортега «Әлеуметтану негізідері».Астана 2018.
Дэвид Г.Майерс «Әлеуметтік психология» Астана 2018
Джордж Ритцер,Джеффри Степницки «Әлеуметтану теориясы» Астана 2018 Энтони Кенни «Антика философиясы» Астана 2018
Эллиот Аронсон «Көпке ұмтылған жалғыз» Астана 2018
Дәріс 12 Экономика, жаhандану және еңбек
Дәрістің мақсаты: Жаhандық экономика және еңбек бөлінісі:әлеуметтанулық талдау
Негізгі ұғымдар: Еңбектің жаhандық бөлінісі,кәсіп түрлері
Дәріс жоспары: 1.Жаhандану және болашақ
2.Кәсіп түрлері
3.Экономикадағы өзгерістер
4.Жаңа экономикалық жүйелер
Жаhандану экономикалықдағдарыс бүкіл әлемге жайылды. Мысалы, америкалықтар ескі компьютерлерін жаңалауды тоқтатқан кезде, Үндістанда жаңа компьюгерлерді қүрастыратын мамандар жұмыс орнынан айырылады. Ал Тайландта адамдар бұ- рынғысынша америкалықтар пайдаланып гастаған компьютерлер- ден металл қалдықтарын жинау арқылы нәпақасын таба алмайды. Мексикадағы балалар АҚШ-тың компьютер шығаратын фабрика- лары мен дүкендерінде жүмыс істеген иммигрант ата-аналарынан ақша ала алмайды.Қазіргі экономикалық дағдарыс еркін нарықтық капиталистік жүйе тек теңгерімді мемлекеттік реттеу болғанда ғана тиімді болады деген ойга жетелейді. Ең беделді маман - кәсіпқой маман. Әлеуметтанушылар кәсіпқой маманды үш сипаттамаға сәйкес келгенде мойындайды; дербестік, жоғары кәсіби дайындық және қоғамдық сенім. Біріншіден, жеке бі- лім беру және лицензиялау стандарттарын белгілеу, сондай-ақ білік- сіздігі мен лауазымдық құқық бұзғаны үшін кәсіподақ мүшелерін жазалау әрекеттерін атқару үшін кәсіпқой мамандықтың дербесті- гі болуы керек. Мысалы, дәрігерлерді біліксіздігі үшін айыптайтын лицензиялау кеңестерін емделушілер емес, дәрігерлердің өздері құ-рады. Екіншіден, кәсіпқой маманның кеңейтілген жүйелі дайындық.
Еңбек саласындағы басқа да өзгерістер АҚШ экономикасынан көрініс тауып жатыр. Бұдан бұрын айтылғандай, АҚШ-тағы жұмыс орындары үшінші (қызмет көрсету) секгорда шоғырланып келеді. Ең тез дамып келе жатқан 10 мамандықтың барлығы да қызмет көрсету саласынан.
Оның ішінде жетеуі - төмен жалақылы, кәсіби білімді талап етпейтін жұмыс орны Басқасы, керісінше, күрт қүлдырайды дегенболжам бар.Неғұрлым ескі технологияларға негізделген (баспасөз репортері сияқты) және шет елдерге ауысып кете алатын салаларда (мысалы,баспа және ауыл шаруашылығы) жұмыс орындарының қысқаруы өте жоғары деңгейде болуы мүмкін.2007 жылы болған дағдарыстан кейін қазір тіпті колледж түлекте- рінің жұмысқа орналасу мүмкіндігі томен болып отыр. Тек үздік куә лігі және төрт жылдық білімі бар (әсіресе информатика, мейірбикелік іс және білім беру саласындағы) мамандарда мүмкіндік мол. Басқа түлектердің жағдайы қиындау, бірақ жоғары білімі жоқ жүмыс іздеу- шілермен салыстырғанда, мүмкіндігі әлі де көбірек: 2011 жылы 4 жыл- дық білімі бар 25 жасқа дейінгі жастардың тек 9 пайызы жүмыссыз болды, ал тек орта мектептік деңгейде білімі бар жастар арасында жұ- мыссыздық 23 пайыз еді (Shierholz & Edwards, 2011). 13.3-сызбада көр- сетілгендей, жұмыссыздық қанша өршіп түрғанымен, жоғары білімді азаматтарға жұмыс орны табылады.
Экономика тауарлар мен қызметтерді өндіруге және таратуга байланысты барлық әлеуметтік құрылымдарды қамтиды. Өндіріс саласында алға тартылатын бірнеше сауал бар. Айталық, құрылыс- ты қаншалықты көп немесе қаншалықты аз жүргізу керек? Қара- жатты қару жасауды арттыруға салған дұрыс па әлде азық-түлік өндірісін көбейту керек пе? Ірі кәсіпорындарды ынталандырған
тиімді ме немесе шагын түрлерін ынталандыру керек пе? Мәселен, жобаның иесі мен жұмысшылар арасында қаражат қалай бөлінеді? Міндетін атқара алмағандарға кім қолдау көрсетуі тиіс? Адамдардың табысы суранысқа, күші мен қабілетіне байланысты болуы керек пе?
сайлау құқығына ерекше шектеулер қоюды қарастыратын заңнамаларга байланысты басқа кез келген елге қарағанда бұл елде дауыс бере алмайтындар деңгейі тым жоғары (Hull, 2005; Manza & Uggen, 2006). Кейбір штаттарда, мысалы, 20 жасында марихуана сат- қаны үшін сотталған адам сайлау құқығынан біржолата айырыла- ды. Тіпті одан кейін мүлде қылмысқа бармай, жақсы жұмысшы, ата- ана болып, қоғамда азамат ретінде орнын таба алған күннің өзінде шешім өзгермейді.
Кей адамды қылмыс жасауға кедейлік итермелейтінін атап өт-
кен жөн. Сонымен қатар қылмыстық сот бай қылмыскерлерге қара- ғанда, кедей қылмыскерлерді жиі жазалайды. Сайлау қүқығынан айырылатындардың да басым бөлігі - кедейлер. Құқығы тапталып жатқан кедей адамдардың көптігі сонша - оларға көмектесуді көз- дейтін саясаткерлерге тіпті оларды іздеудің де қажеті жоқ