Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



бет17/52
Дата01.11.2022
өлшемі207,49 Kb.
#46679
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1.Нәсіл және этнос
2.Көпшілік және азшылық топтар
3.Нәсіл/ этнос/ ұлт

  1. Жаңа нәсілдік / этностық бөлініспе?

  2. Ассимилиация

Әдебиеттер тізімі:
Дэвид Бринкерхоф,Роуз Уейтс,Сюзан Ортега «Әлеуметтану негізідері».Астана 2018.
Дэвид Г.Майерс «Әлеуметтік психология» Астана 2018
Джордж Ритцер,Джеффри Степницки «Әлеуметтану теориясы» Астана 2018 Энтони Кенни «Антика философиясы» Астана 2018
Эллиот Аронсон «Көпке ұмтылған жалғыз» Астана 2018


Дәріс 10. Білім және әлеуметтік теңсіздік


Дәрістің мақсаты: Әлеуметтанулық дискурстағы білім беру
Негізгі ұғымдар: Әлеуметтік тап , мәдени капитал және теңсіздік
Дәрістің жоспары:
1Жаһандық преспективадағы білім
2.Мәдени капитал және теңсіздік
3.Жаһандық теңсіздіктер және қақтығыстар

1.Елу жыл бұрын жоғары білім алатын әйелдердің саны өте аз болған. Олар тек бакалавр дәрежесін емес, «MRS» (яғни некеге тұрғаны тура- лы куәлік) мәртебесін алуды да қолдаған. Қазіргі уақытта әйелдер мен еркектердің орта мектепті бітіріп, бакалавриат, магистратура және докторантурада білім алу мүмкіндіктері бірдей. Нәтижесінде, оқуды аяқтайгын кезде бағаларына қатысты әйелдер емес, еркектер көбірек мазасызданатын болды.


Соңғы жылдары көптеген сарапшылар арасында қазіргі уақыт- тағы білім беру жүйесі қыздарға бағытталған деген «дәлелсіз пікір» талқылануда. Сонымен қатар қыздар ынталы және ережелерді уста- нуга тырысады дейді. Ал ер балалар оқудан жиі шаршап, оқуды өз еркімен тастайды не оқу орнынан шығарылады. Деректерге сүйен-
сек, ұлдардың да көбі оқуға бар ынта-ықыласын салады. Алайда кедей афроамерикалық ұлдар мен еркектер арасында орта мектепті немесе колледжді бітіргендері аз.

2.Анықтамаға сүйенсек, қоғамдастық мүшелері бір мәдениетті қолда- нады. Бірақ бұл мәдениет біртекті емес. Келесі бөлімдерде біз мәде- ниеттердегі әркелкіліктің екі көрінісін, субмәдениеттер мен контр- мәдениетті және мәдениетті өзгертетін процестерді қарастырамыз.


Субмәдениет және контрмәдениет
Бірде-бір қоғам біртекті емес. Әр қоғамда үстем мәдениет, сондай-ақ субмәдениеттер мен контрмәдениеттер болады.
Субмәдениеттер қоғамныңжалпы мәдениетіне қатысады, алайда құндылықтардың, нормалардың, өмір салты мен дәстүрлердің, тіпті өзіндік тілдің ерекше жиынтығын сақтайды. Дәстүрлі (түр- мыстық) бауырластықтар мен әйелдер үйірмесіндегі «грек өмірі» субмәдениеттің керемет үлгісі бола алады. Бауырластықтың немесе әйелдер үйірмесінің болашақ мүшелері, ең алдымен, өздерінің сән үлгісі, көңіл көтеру түрлері немесе білім алу дағдылары, сондай-ақ жыныстық қатынасқа, ішімдікке, қоғамға қызмет көрсетуге және бі- лімге қатысты көзқарастары сол үйым мәдениетіне, яғни «грек өмірі»мәдениетіне сәйкес келетініне көз жеткізуі керек. Содан кейін «қо- сылған» адамдар белгілі бір рәсімді орындауы гиіс, ол кейде қалжың ретінде болса, кейде қауіпті болуы мүмкін, бұл рәсім бауырластыққа, әйелдер үйірмесіне және оның мәдениетіне қатысты байланыстарды нығайтады. Осы үйымға қабылданғаннан кейін ұйым мүшелеріне белгілі бір әндер, қүпия сөздер сияқты ұйымның дәстүрлерін үйрену керекболады.
Грек субмәдениетінің өз тілі жоқ, бірақ басқа үйдің мүшелеріне арналған өзіндік сленгті терминдері бар. Сондай-ақ өз мүшелері үшін адалдықтан басталатын құндылықтары да жетерлік. Кейбір бауырластықтарда, мысалы, өз мүшелерінен қажет болған жағдайда «бауырларының» оқуына көмектесуін талап етсе; басқа бауырластық мүшелері «бауырларына» емтиханда шпаргалка қолдануды үйретеді. Осындай бауырластық мүшелері ерекше өмір салтын қабылдайды:
жыныстық ерекшелігіне сәйкес бөлінген үйлерде бірге тұру, тамақта- ну, басқа мүшелермен қарым-қатынас жасау дағдылары белгілі бір нормаға сәйкес болады. Осы субмәдениеттің белсенді өкілдері өздері оқитын оқу орнында күшті қолдауға ие болады және осы байланыс оқуын бітіргеннен кейін де жалғаса береді.
Субмәдениет устем мәдениеттен ерекшеленеді, бірақ оған қарсы келмейді. Ал контрмәдениет құндылықтары, мүдделері мен наным- сенімдері және өмір салты бойынша үстем мәдениетпен сәйкес кел- мейтін топтарға қатысты. Бұл конфликтінің мәнін АҚШ-тың контрмә- дени топтары - панктер арасынан анық көре аламыз. Кейбір жартылай панктер шашын қырып тастап, өлім туралы рок әндерін тыңдаса да мектепке баруға немесе жұмысқа орналасуға мүмкіндік табады. Ал хардрок панктер «тура» қоғаммен байланысын үзілді-кесілді үзеді.
Олар жүмыс істеуден немесе қайырымдылық көмегін қабылдаудан
бас тартады; көбінесе көшеде ашулы кейіпте, аш қүрсақ жүріп өмір сү- реді. Олар қолдарына тұтастырып татуировка салғызады, киімдеріне немесе қасына түйреуіш тағып алады, себебі басқа адамдарға негізгі құндылықтардан бас тартқанын білдіруі қажет.Сайып келгенде, мәдени әртүрлілік пен мәдени өзгерістер өмір са-
пасын жақсартады. Алайда қысқа мерзімді кезеңде адамдар әртүр- лілікті де, өзгерісті де үреймен қабылдайды. Мәдени соққы адам басқа мәдениетке тап болған кезде пайда болуы мүмкін ыңғай- сыз және жағымсыз әсерлерді білдіреді. Мысалы, Грекияда жұмыс істейтін америкалық азаматтар Грекия тұрғындарының таныста- рын көрген кезде құшақтасатынына немесе кез келген бір адаммен сөйлескен кезде өте жақын (америкалық стандарттар бойынша) түратынына таңғалады. Керісінше, Америка Құрама Штаттарында жұмыс істейтін гректер америкалықтардың жай ғана қол алысып сәлемдесуін және әңгімелесу кезінде біршама арақашықтықты сақтауын ыңғайсыз көреді. Нәтижесінде, америкалықтар гректерді тым арынды немесе жыныстық тұрғыдан тым еркін, озбыр деп қорытынды жасаса, гректер америкалықтарды маңғаз немесе суық деп сипаттайды.

3. Жаһандану - аса қуатты күш. Ол әлем мәдениетіне, экономикасы мен саясатына, сондай-ақ қоғам өмірінің барлық салаларына эсер етуде.


Мәдени ықпал
Найробиде жастар америкалық хип-хогі музыканы тыңдап, «Pepsi» ішеді. Нью-Йорк қаласының жастары Ямайка регги концерттеріне барып, Гарри Поттер туралы кітаптарды оқиды. Үндістанда Голли вуд фильмдері «Болливуд» (Бомбейде шығарылған) фильмдерімен бәсекеге түседі. Мүның бәрі - мәдениеттің ғаламдық таралуына мысалдар; себебі кинофильмдер, телевизиялық шоу, музыка, әде- биет және басқа өнер туындылары барған сайын бүкіл әлемге тара- лып, әлемдік қолданысқа түсуде. Бұқаралық мәдениеттің осы элементтері көңіл көтеруді ғана емес, мәдени құндылықтарды да қамтиды. Үндістан жасөспірімдері америкалық фильмдерді көргенде, олар АҚШ-тағы соңғы сән үлгі- сімен, музыкамен танысып қана қоймай, сонымен қатар дәстүрлі үнділік тәжірибелерге, мысалы, ата-аналары келіскен некеге тұру, әйелдердің бағынышты болуы, ата-аналар сөзіне мойынсүну және отбасы жеке адамнан маңыздырақ деген сенімдерге күмән келтіре бастайды. Осы себептен дүниежүзінде адамдардың көбі жаьан- данудың адамдарға әсіресе балалардың мәдени қүндылықтарына оң ықпал етеріне күмәнмен қарайды.
Экономикалық ықпал: Жаһандану, сондай-ақ тауарларды сатуға да, шығаруға да эконо- микалық ықпалын тигізді. Әртүрлі елдерде өмір сүретін адамдарарасында экономикалық белсенділік артуда. Бұл күндері орыстар Coca-Cola сатып алса, америкалықтар «Тойота» сатып алады. Жаьандану - тауарлар халықаралық ауқымда шығарылған кезде орын алады. Мысалы, «Тойота» сияқты ұлтаралық корпорация бір елден тауар шикізаттарын сатып алып, олардан екінші бір елде автомобиль бөлшектерін өндіреді, үшінші елде машиналарын жи- найды, төртінші елде қалдықтарды өңдейді. Сөйтіп, бүкіл әлемге өз машиналарын сатады. Байқаушылардың осындай халықаралық экономикалық кәсіпорындардың әсерін бағалауында айтарлықтай ерекшелік бар
. Олардың кейбірі халықаралық қаржы байланыстары экономикалық өсімді ынталандыра отырып, өмір сүрудің барлық деңгейін жақсартады және өзара тәуелді (бейбіт) әлем құруға себеп болады деп үміттенеді (Stiglitz, 2003). Басқалары үлтаралық корпорациялар кедей елдерден шикізат өндіру арқылы жергілікті тұрғындарға мардымсыз жалақы төлеп, дамыған ел- дерде заңсыз болып табылатын зиянды жағдайларда жұмыс істе- ту арқылы сол елдерге залал келтіріп жүргенін, ал барлық пайдасын бай елдер көріп отырғанын айтады .
Сыншылар да дамыған елдердегі экономикалық жаьандану- дың әсеріне күмәндана қарайды (Publicitizen, 2008). Мысалы, 2000-2010 жылдар аралығында Құрама Штаттардан 3 миллионға
жуық жұмыс орны еңбекақысы төмен басқа елдерге ауыстырылды. Сол себептен басқа америкалық қызметкерлер жұмыс орындарын шетелге көшірмес үшін жалақысы мен сыйақысын қысқартқанға көнді. Сол сияқгы бастапқыда зауыттарын АҚШ-тан Мексикаға көшірген көптеген корпорациялар осы зауыттарын Қы- тайға немесе Вьетнамға көшірді. Мәселе мынада: бұл жаьандық жұмыс қозғалысы жұмыс орындарын бай елдерден кедей елдерге ауыстыра отырып жалпы табысты көтере ме, элде табысты на- рықтың ең төменгі қатысушыларының деңгейіне дейін төмендете ме? Деректерге ден қойсақ: «Жаһнданудың қүрамдас бөліктерінің халықаралық деңгейде мақұлданбауы» бүкіл әлемдегі жаьандану жағдайына қатысты көзқарасты көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет