Методические основы разработки учебно-методического комплекса для преподавателя



бет18/52
Дата01.11.2022
өлшемі207,49 Kb.
#46679
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: 1.Жаһандық преспективадағы білім 2.Мәдени капитал және теңсіздік 3.Жаһандық теңсіздіктер және қақтығыста


Әдебиеттер тізімі:
Дэвид Бринкерхоф,Роуз Уейтс,Сюзан Ортега «Әлеуметтану негізідері».Астана 2018.
Дэвид Г.Майерс «Әлеуметтік психология» Астана 2018
Джордж Ритцер,Джеффри Степницки «Әлеуметтану теориясы» Астана 2018 Энтони Кенни «Антика философиясы» Астана 2018
Эллиот Аронсон «Көпке ұмтылған жалғыз» Астана 2018
Дәріс 11. Масс-медиа, технологиялар және қоғам


Дәрістің мақсаты: Цифрлық технологиялар мен әлеуметтік өзара әрекет
Негізгі ұғымдар: Масс -медиа , бұқаралық ақпарат құралдары

Дәріс жоспары:


1Технология және әлеуметтік өзгерістерге теориялық көзқарастар 2.Жаңа технологиялардың кемшілігі мен артықшылығы
3.Қоғам қалай өзгереді?

1.Әлеуметтік қозғалыс арқылы адамдар қоғамды өзгертуге тырысады. Басқа жағдайларда адамдардың сүранысы қарапайым болғанымен, үлкен әлеуметтік өзгеріс болуы мүмкін. Технологиямен байланысты жағдай дәл осындай.Біздің күнделікті өмірімізде технология айрықша орын алады. Бүгін сіз алдын ала даярлау тетігін белгілі бір уақытқа басып қой- ған электрлі кофе аппаратынан бұрын оянып, үялы телефонға кел- ген хабарламаларды оқып шығып, смартфоннан музыка тыңдап, содан кейін барып таңғы асыңызды ішкен боларсыз. Қазіргі техно логия бұрынғыдан қуатты әрі қауіпті: автокөлік пен ядролық бом- баның жойқын күші жылқы жегілген арба мен қылыштан асып түседі. Сондықтан технологиялар енгізетін әлеуметтік өзгерістерге де мән беру қажет.


Технология дегенім із - адамның білімі арқылы қүралдар
жасау және табиғи ресурстарды пайдалану. «Технология» термині тек құралдарға байланысты емес (материалдық мәдениет), сонымен бірге біздің тұжырымдарымызға, құндылықтарымызға және біздің соған көзқарасымызға байланысты да қолданылады. Бүгінгі жоғары технологиялар саласындағы заманауи жетістіктерді ғана технология деп санауымыз дүрыс емес, оған қарапайым керамика мен тоқылған себет те жатады. Демек, технология адамзат тарихының басталуы- нан мәдениеттің құрамдас бөлігіне айналған.
Технология қоғамның даму шегін айқындайтындықтан техноло- гиялық инновациялар - әлеуметтік өзгерістің басты қозғаушы күші. Бұдан бұрын 4-бөлімде көргеніміздей, технология аң және балық ау- лау мен бағбаншылықты сол кезде ауыл шаруашылығына, кейіннен өнеркәсіптік, одан соң постиндустриалдық қоғамға айналдырды.
Қазіргі таңда мәдениет пен қоғамның өзгеруіне қарай пайда бола- тын жаңа сұраныстарды қанағаттандыру үшін жаңа технологиялар енгізіліп жатыр. Бұл үздіксіз жалғасатын цикл іспетті. Әлеуметтік өзгерістер жаңа технологиялардың пайда болуына да, олардың қол- данылуына да себепкер болып отырады. Бұл тарауда біз әлеуметтік өзгерістерден пайда болған екі технологияның теориясын қысқаша қарастырамыз. Мұнан соң жаңадан енгізілген репродуктивті және ақпараттық технологиялардың артықшылықтары мен кемшілікте- рін талқылаймыз.
2.Дербес компьютердің ойлап табылғанына барлығымыз қуанышты- мыз. Оның артықшылықгары айқын, бірақ одан ту ындайтын кішкентай мәселелерді біз елемейміз. Ал атом бомбасының жасалғанына қуанған- дар аз. Алайда Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Америка үкіметі оны қолданғанда америкалықтардыц көбі риза болды. Демек, жаңа технологиялардың артықшылықтары мен кемшін түстары болады және олар бірден байқалмауы мүмкін. «Жаһандық көзқарас: Үндістан ұялы телефонды қарсы алды» бөлімінде артықшылық пен кемшіліктің арақатынасы қарастырылған. Келесі тарауларда біз жаңа технологияның екі түрін - репродуктивті және ақпараттық түрлерін қарастырамыз. Осы ретте жаңа технология- мен қатар пайда болатын технологиялық тұрғыдан міндетті және қа- лыпты деп саналатын жазатайым оқиғаларды талқылаймыз.

3.1970 жылғы колледж студентін мысалға алайық, оған ата-аналардың ажырасуының салдары жайлы курс жұмысын жазу керек. Ол кітапха- наға барып мерзімді басылымдар бөлімін қарайды. Онда «Неке және отбасы» журналын табады. Оның нөмірлерін қарай отырып көңілінен шыққан 5 мақаланы іріктеп алады (мұғалімнің талабы бойынша 5 мақала қарау керек). Оларды 3-5 дюймдік карточкаларға жазып алады (фотокопия машиналары жоқ) да үйіне қайтады. Баяндама жазу үшін электрлі басу машинасынан қағаз лентаға жазбаларын басып шығара- ды. Оны қиып, қағазға жапсырады. Қателерін сөздікпен салыстырып тексереді. Бәрі дұрыс болган соң гана соңғы нұсқасын әзірлейді. Сосын көшірмесін түсіреді. Егер қате жасап қойған болса оны ұқыпты түрде өшіріп, білдіртпей жөндеуге тырысады.


Енді қазіргі студенттің жағдайын қарайық. Бұл студент әлеуметтану бойынша 100 мың мақала жинақталған «Әлеуметтік рефераттар» атты онлайн библиографияға кіреді. Ол «ажырасу» және «ата-аналар» деген кілттік сөздерді енгізген кезде бағдарлама 41 мақала тауып бе- реді. Өзі таңдап алған мақалаларды жүктеген соң ноутбугінде баян- дамасын әзірлей бастайды. Оны қалауынша өңдейді. Орфографиясын компьютер автоматты түрде тексереді және сөздерді өңдеу үшін онлайн- тезарусты қолданады. Баяндамасы дайын болған соң электрон-
ды пошта арқылы 2000 миль қашықтықтағы анасына жібереді. Бір сағаттан соң анасынан өңделген нұсқасын алады да қателерін түзеп, бір көшірмесін озінің профессорына, екіншісін университеттік анти- плагиаттық бағдарламадан тексеруге арнап шығарады.
Ақпаратты сақтау, қолдану және жөнелту үшін қолданылатын ақпараттық технологиялар-компыотерлерментелекоммуникация- лық құрылгылар біздің күнделікті өмірімізді қатты өзгертті. Соңғы бірнеше жылда АҚШ «ақпаратты қоғамға» айналды. Көптеген адамдар ақпарат жинаумен, өңдеумен және байланыс орнатумен айналысады.Одан бөлек, біз курстық жұмыстарды жазуда қиындықтар сезінбей- міз. Ақпараттық технологиялар болашақта біздід өмірімізді қалай өз- гертуі мүмкін? Бұл әлеуметтік таптардың арасындағы теңсіздікті арт- тыра ма әлде азайта ма? Ақпараттық технологиялар біздің өмірімізді қауіпсіз әрі жақсы немесе шиеліністі әріжабық ете ме?
Жауабы біреу: жақсы болары анық. 15.1-картада көрсетілгеидей, ғаламторға дүниежүзінің барлық бөлігінен қосылуға болады. Демек, біз компьютер арқылы иіалгайдагы отбасымызбен және достарымыз- бен, дәрігерлермен және медициналық ақпаратпен, кітапханалармен және банк мәліметтерімен байланыс орнатып, дүниежүзі жаңалықта- рынан хабардар бола аламыз.
Соңғы онжылдықта дүниежүзі бойынша қоғамда зор өзгерістер бол- ды. АҚШ-та алғаш рет афроамерикалық президент сайланды; эконо мика құлдыраған кезде iPad сатылымы жоғарылады; ал климаттын, өзгеруінен теңіз деңгейінің көтерілуі Алясканың бірқатар ауылын бұзып кетуі мүмкін. Сонымен қатар Шығыс Еуропа, Африка және Ла- тын Америка елдері жаңа экономикалық және саяси басқару түрлерін енгізгісі келеді, бірақ мемлекеттердің бәрі халықаралық саяси және экономикалық жүйеге тәуелді болып отыр.
Осындай оң және теріс өзгерістердің барлығы әлеуметтік өзгеріс деп аталады. Әлеуметтік өзгеріс - әлеуметтік қүрылымдардың не- месе институттардың уақыт өте келе айтарлықтай түрленуі не қай-
та құрылымдануы сияқты процесс. Бүл тарауда әлеуметтік өзгерістің әлеуетті үш көзі - ұжымдық мінез-құлық, әлеуметтік қозғалыс және технологиялар сарапталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет