Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению



Pdf көрінісі
бет10/72
Дата10.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#42268
түріМетодические рекомендации
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72
үйлестірушілерін оқыту; ата-аналардың, сыныптастары мен қоғам мүшелерінің 
назарын аудару арқылы дамыту;  
- мүмкіндіктері шектеулі балаларға инклюзивті білім беруге мониторинг 
жүргізу және бағалау.  
Әдіснаманың ережелеріне сәйкес Инлкюзивтік білім беру мекемелерінің 
қызмет істеу стандарттары мен типтік ережелері әзірленді.  
Ереже бойынша білім беру, монитринг жүргізу мен бағалау және т.б. 
ақпараттандыру, құжаттандыру, кеңес берушілік, білім беру бойынша 
жекелендірілген жоспарларды жобалау және әзірлеу бойынша арнайы қызмет 
көрсететін, мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім алудағы қолжетімділікпен 
қамтамасыз ететін әрекеттердің институционалдық ортасы болып табылатын 
Мектепішілік көп бейінді комиссия инклюзивті білім беруді енгізуде үлкен рөл 
атқарады.
Сондай-ақ инклюзивті білім беру ұйымдарында мүмкіндіктері шектеулі 
балаларға білім беру және әлеуметтік инклюзияда қолдау бойынша қызметтерді 


20 
көрсететін білім беру қызметтері (көмекші педагог, психолог, педагог және т.б.) 
әрекет етеді.
Ережелерге сәйкес мүмкіндіктері шектеулі балаларға білім беру процесі 
көмекші педагогтың қолдауымен жүзеге асырылады. Мүмкіндіктері шектеулі 
оқушылар Мектепішілік көп бейінді комиссия әзірлеген және бекіткен 
қысқартылған бағдарлама бойынша оқи алады.  
Инклюзивті жалпы білім беру мекемесінің қызмет істеу стандарттары 
инклюзивті білім беруді енгізу бойынша нормативтік негізді құрудағы маңызды 
құжаттардың бірі болып табылады. Стандарттар Молдова Республикасының 
инклюзивті жалпы білім беру ұйымдары үшін міндетті норма болып табылады, 
олардың қолданылуы инклюзивті білім беру процесінің ең төменгі міндетті сапа 
деңгейімен қамтамасыз етуге кепілдік береді.  
Стандарттың инклюзивті жалпы білім беру ұйымдарының қызмет істеуін 
анықтайтын жеті көрсеткіші бар, олар: инклюзия; тиімділік; денсаулық; 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет