Методические рекомендации для педагогов-ассистентов по сопровождению



Pdf көрінісі
бет18/72
Дата10.10.2022
өлшемі1,65 Mb.
#42268
түріМетодические рекомендации
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72
Петропавл қаласындағы № 13 мектептің тәжірибесі 
1999 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрлігінің, Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен 
Петропавл қаласындағы № 13 орта мектеп әдеттегі балалар мен ЕБҚ бар 
оқушыларды бірге оқыту бойынша пилоттық жобаны іске асыруда. 
Эксперимент жүргізуге бастамашы болған Оңалту орталығының бірінші 
басшысы, Қазақстан Республикасының құрметті білім беру қызметкері Шәміл 
Тауфықұлы Шақшақбаев. 
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың негізгі контингентін 
Петропавлдағы тірек-қозғалыс аппараты зақымданған мүгедек балаларға 
арналған оңалту орталығының тәрбиеленушілері құрайды.


48 
Балалардың мектепте кедергісіз жүріп-тұруын қамтамасыз ету 
мақсатында барлық жағдайлар жасалған: мектептің екінші қабатына көтерілу 
үшін жүк лифті салынған, пандус орнатылған. Кең дәретхана бөлмелері, дәліз 
қабырғалары мен екінші қабатқа көтерілетін баспалдақ тұтқалармен 
жабдықталған. Жоба шеңберінде штаттық кестеге тьютор бірлігі енгізілген. 
Оқушыларды 
мектепке 
арнайы 
«Газель» 
автомобилімен 
жеткізу 
ұйымдастырылған, оның арбамен жүретіндерді тасымалдауға арналған пандусы 
бар.
Мектепте 177 оқушы білім алады, олардың 22-сі тірек-қозғалыс аппараты 
зақымданған оқушылар. Инклюзивті сыныптардағы оқушылардың саны 12-18 
адамды құрайды.
Бірлесіп оқыту кезінде көптеген қиындықтар туындайды, олардың көбі 
интеграция 
проблемаларына 
емес, 
балалардың 
психофизикалық 
ерекшеліктеріне және алдыңғы үйде оқыту кезінде олардың оқшаулануына 
байланысты. Оларға: үйде оқытудан мектепке ауысқан кезде балалар 
даярлығының төмен деңгейін; жазба тілі мен ұсақ моторикасының бұзылуына 
байланысты жазбаша тапсырмаларды орындауда қиналатынын; дисграфияны; 
тілдерді үйрету кезінде сөйлеу тілінің бұзылуларын; тірек-қозғалыс аппараты 
зақымданған балалардың жүріп-тұру қиындығын; жоғары сыныпта оқитын 
балаларда бейімделу процесі үлкен қиындықтармен жүретінін жатқызуға 
болады.
Мектептегі білім беру процесі ЕБҚ бар балалар мектепке келген кезде 
жүргізілетін, психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеру деректеріне 
байланысты белгіленген, сараланған және жеке тәсілдер қағидаттарының 
негізінде жүзеге асырылады. Олар үшін мемлекеттік жалпы міндетті білім беру 
стандарттары мен оқу бағдарламаларының негізінде мұғалімдер мен арнайы 
педагогтер, мектептегі психологиялық-педагогикалық консилиум мүшелерімен 
бірлесіп, жеке білім беру және түзеу-дамыту бағдарламаларын әзірлейді, олар 
мектептің әдістемелік және педагогикалық кеңестерінде бекітіледі.
Мектеп консилиумының құрамына: директордың оқу ісі жөніндегі 
орынбасары, сынып жетекшісі, психолог, әлеуметтік педагог, медициналық 
қызметкер, дефектолог, тьютор кіреді. Осы бағдарламаларды жүзеге асыру 
үшін ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды психологиялық-
педагогикалық қолдау қызметі мектепте ауқымды жұмыс атқарады. 
Оқушыларды білім беру процесінде қолдау жүйесі мынадай бағыттар бойынша 
қызметті көздейді: оқушының білім беру қабілеттерін диагностикалау
мектептегі ПМПК ұсынымдарын ескере отырып, дефектологтың түзеу жұмысы, 
әртүрлі оқыту сатыларында арнайы міндеттерді, мақсаттарды және 
оқушылардың даму динамикасын ескере отырып кеңес беру. 
Мектептің инклюзивті білім берудегі қолдау процесінің негізгі 
фигураларының бірі тьютор болып табылады. Консилиумның отырысында 
мамандармен бірлесіп, тьютордың мақсаттары мен міндеттері құрастырылады. 
Жыл бойы тьютор өз қызметінің нәтижелері туралы консилиумға хабарлап 
отырады, баланың даму динамикасын қадағалайды. 


49 
№ 13 орта мектептегі тьютордың рөлі мынадай функцияларды атқаруда 
жатыр: 

көмекші-қолдау көрсететін ассистент (физикалық қолдауды жүзеге 
асырады, жүріп-тұруға, сыныпта, ғимаратта өзін сенімді сезінуге көмектеседі); 

қолдау көрсететін педагог, тәрбиеші (көмек көрсетеді, ПМПК 
ұсынымдарын орындайды, педагогикалық және тәрбие жұмысын жүргізеді; 
білім беру процесінің әр кезеңінде бала үшін қажетті педагогтер мен 
мамандардың қызметін үйлестіруді қамтамасыз етеді; ерекше балаға қалай 
қарау керектігін және оған қалай дұрыс көмек көрсету керектігін көрсетуде 
айналадағылар үшін үлгі болып табылады); 

түзеу педагогикасы, дефектология, психология саласында білімі бар; 
тьюторлық қолдау технологияларын меңгерген қолдау көрсету маманы. 
Осыған байланысты, бұл мектептегі тьютор баланы қолдаумен ғана 
шектелмейді және негізгі инклюзивті процеске қатысушылардың – баланың 
өзінің, құрбыларының, педагогтердің, мамандар мен бала ата-анасының 
арасында байланыстырушы буын болып табылады. Бұл ретте тьютор негізгі – 
ортаның өзінің қалыпты дәстүрін бұзбай (яғни инклюзивті ортаны түзеу 
ортасына айналдырмай), баланы инклюзивті ортада барынша жақсы дамуы 
мақсатына қол жеткізу үшін жүйелі жұмыс істейді.
Жеке білім беру және ЕБҚ бар оқушылармен түзеу-дамыту жұмыстарын 
жүргізу бағдарламаларына сәйкес жеке және топтық түзеу сабақтарын 
әлеуметтік-психологиялық қызмет мамандары ғана емес, сонымен бірге тьютор 
да ұйымдастырады. Бұл ретте жеке тьюторлық кеңес (әр оқушының жеке 
дамуына және білім алуына байланысты маңызды мәселелерді тьютормен 
талқылау) және топтық тьюторлық кеңес (ұқсас танымдық қызығушылықтары 
бар мектеп оқушыларының жеке білім беру бағдарламаларын тьюторлық 
қолдау) сияқты жұмыс формалары пайдаланылады. 
Мектепте тьютордың ата-аналармен жұмыс жүргізуіне көп көңіл бөлінеді, 
өйткені ата-аналардың белсенділігі және олардың сабақтардың мәні мен 
мақсаттарын түсінуі білім беру процесі мен әлеуметтендіру процесі 
тиімділігінің қажетті шарты болып табылады. 
Қазіргі уақытта мектепте ерекше қажеттілігі бар төрт балаға бір тьютор 
жұмыс істейді, алайда сабақ кезінде балаларды қолдау және оқу процесінде 
қажетті көмек көрсету үшін тьюторлар жетіспейді.
Мектепте тірек-қозғалыс аппараты зақымданған балаларды білім беру 
процесіне қосқан кезең ішінде өзіндік модель қалыптасты, оның басымдығы 
балалардың әлеуетін ашу үшін қажетті орта құру болып табылады. Осындай 
ортаны құруда тьюторлық қолдау маңызды рөл атқарады деп есептейді мектеп 
әкімшілігі.
Мектеп педагогтері бітірушілердің денсаулық жағдайы бойынша 
емтиханнан босатылу мүмкіндігіне қарамастан, мемлекеттік емтихандар 
тапсыруды таңдайтыны қол жеткізген жетістіктердің бірі деп есептейді. Бұл 
таңдау білім алушылардың одан әрі колледждер мен жоғары оқу орындарында 
білім алу ниетіне байланысты. Мектеп бітірушілерді әлеуметтендіруге 


50 
жүргізілген талдау, ерекше білім беруге қажеттілігі бар 31 мектеп бітірушіден 
29 адам колледждер мен жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастырғанын 
көрсетті, бұл ретте оқуға түскен оқушылардың 100% мемлекет гранты бойынша 
оқиды. 
ЕБҚ бар білім алушылар үшін ҰБТ тапсыру щарттары дайындалуға 
берілетін уақыттың ұзақтығымен ғана және қажет болған жағайда, психологтың 
немесе білім алушылар тапсырып жатқан пәндер бойынша білімі жоқ 
маманның қолдау мүмкіндігімен ерекшеленеді. Әдетте, білім алушылар қолдау 
көрсету үшін олармен жұмыс істеп жүрген тьюторды таңдайды.
№ 13 ОМ тәжірибесі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалармен 
жұмыс істеу кезінде қажетті кәсіби дайындықтың жоқтығына қатысты үлкен 
проблема бар екенін растайды. Штатты жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз 
ету ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалар мен жасөспірімдерді оқытуда 
және әлеуметтік интеграциялауда туындайтын қажеттіліктерді толық 
қанағаттандыруға, жеке қолдау бағдарламаларын оңтайлы іске асыруға ықпал 
ететін болады деп есептейді мектеп педагогтары. Проблеманы шешу жолы 
ретінде педагогтер ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен 
нормативтік негізде жұмыс істеу кезінде жаңа, мысалы, педагог-ассистент жаңа 
лауазымын енгізуді ұсынады. 
Осымен қоса, мектеп педагогтері білім беру ұйымдарының ЕБҚ бар 
балаларды оқытуға материалдық-техникалық дайын еместігімен байланысты 
проблемаларды да атап көрсетеді. Мұндай балалар үшін, олардың пікірі 
бойынша, толықтырылуы жағынан шағын сыныптар (6-12 адам), олардың 
психофизикалық мүмкіндіктеріне бейімделген оқу бағдарламалары, арнайы 
дидактикалық, түзеу-дамыту жабдығы, сондай-ақ оқу-әдістемелік кешендер, 
цифрлық білім беру ресурстары қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет