1.2 PISA халықаралық зерттеуі тапсырмаларының ерекшеліктері
PISA Халықаралық тест тапсырмалары 15 жасар оқушының мектепте меңгерген курстарының мазмұнын академиялық білімін өлшемейді. Халықаралық емтихан жабдығының бірегейлігі, ол оқушылардың білімін анықтайды, есейген өмірде өзін жеке тұлға ретінде қабылдап, мектепті сәтті аяқтауына мүмкіндік туғызады. PISA зерттеуі оқушылардың білім мен дағды деңгейін анықтап, академиялық білімдерін әртүрлі өмірлік жағдайларда қолдануға (өмірлік дағдылар) үйретеді [5-7].
PISA жобасындағы оқушылардың функционалды сауаттылығын бағалау артықшылығы үш бағытта жүреді: оқу құзіреттілігі, математикалық және ғылыми жаратылыстану сауаттылықтары.
2015 жылы зерттеудегі басымды бағыт - «ғылыми жаратылыстану сауаттылық» бағыты болады. Тапсырма үлгілері мәтін, кесте, диаграмма, графика, карта, жарнамалық буклет және әртүрлі нұсқаулықтардан тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |