Тапсырма еркін жауапты, білімді-танымдық түрде корсетілген Білім.Бұл тапсырма қиын,оқушыларға өсімдіктің құрамын және әр қайсысының қызметін анықтап,сипаттау керек.
2-мысал. «Физикалық ғылымдар» бөлімінен жетік деңгейдегі тапсырма:
Балжанда 2 тұрақты магнит (А және В) пен бірдей 2 темір шеге бар. Ол А магнитін, шеге магнитке тартылғанша, столдың бетімен қозғалтты. Ол В магнитін, шеге магнитке тартылғанша, столдың бетімен қозғалтты.
Балжан А магнитінің шегені 15 см. қашықтықтан, ал В магниті 10 см. қашықтықтан тартқанын байқады. Сырым оған екі магниттің бірдей күшті екендігін айтты. Сен Сырыммен келісесің бе?
Бір клетканы белгіле. Жауабыңды түсіндір.
Иә
Х
Жоқ
Жауабы: Жоқ. А магниті күштірек. Себебі, ол шегені В магнитіне қарағанда алыс қашықтықтан тартып алды.
Тапсырма оқушылардың өз білімдерін пайдалануды және ойлап, қорытынды жасауды талап етеді.
3-мысал. Мұғалім столдың үстіне, суретте көрсетілгендей, көлемідерінің кішірейуіне қарай үш затты орналастырды.
Ярославтың ойынша, көлемі үлкен заттың салмағы да ауырлау болады.Сен онымен келімесің бе? Бір клетканы белгіле.
Иә
Х
Жоқ
Жауабы: Жоқ. Ол зат жасалған материалдың тығыздығына байланысты болады. Кірпіш пенопластқа қарағанда кішірек, бірақ оның тығыздығы артық. Сондықтан оның салмағы ауыр.
Тапсырма еркін құрастырылатын жауабымен. Оқушылардан жаратылыстану ғылымдары бойынша пәндік білімдерін пайдаланып, негізделген қорытынды жасауды талап етеді.
4-мысал. «География» бөліміндегі орта деңгейдегі тапсырма:
Жер күннен алатын энергияның бір түрін атап жаз.
Жауап: Жарық.
Тестке қатысушысының еркін құрастырылатын жауабын пайымдайтын тапсырма.Бастауыш сынып оқушылары Жердің Күннен алатын энергияның түрін сипаттай алу керек.
Оқушылар ақпараттарды, биологиялық және физикалық құбылыстарды түсіндіріп, алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана алуы қажет.
5-мысал. «Физикалық ғылымдар» бөліміндегі төменгі деңгейдегі тапсырма: Суретте батарейкаға жалғанған электр шамы көрсетілген.
Шам жану үшін 1нүкте мен 2 нүктелерге аталған заттардың қайсысын жалғау қажет?
«Қолдану» әрекетіне бағытталған тапсырманы орындау кезінде 4 сынып оқушысы жай ғана суретті дұрыс «оқу» арқылы бір жауапты таңдау керек.
4 сыныпқа арналған төменгі деңгейдегі халықаралық тапсырмаларды орындау оқушылардан жай суреттер мен диаграммаларды талдауды, кестелерді толтыруды және қысқаша жазбаша жауап жазуды талап етеді.
6-мысал. Жыртқыш-басқа жануарлармен қоректенетін жануар.Берілген нұсқаулардың қайсысы жыртқыш аң болып саналады?
А) Бұғы; В) *Қасқыр; С) Сиыр; D) Ешкі
Оқу-танымдылық іс-әрекетінің «Білу» бөліміне қатысты бұл тапсырма оқушылардың бастауыш сыныптарда алған жануарлар әлемінің көптүрлілігі мен жыртқыш жануарлардың негізгі белгілері туралы білімдерін пайымдайды.Төменгі деңгейдегі тапсырмалардың сәтті орындалуы тапсырманың қазақстандық мектептердің бағдарламасына сай және бастауыш буында оқыту кезінде маңызды болуына байланысты. «Дүниетану»курсында «Жануарлар әлемінің көптүрлілігі» тақырыбын оқыту кезінде «Жыртқыш» деген ұғымға нақты анықтама беріледі, жырткыштарға жатқызуға болатын жануарлар туралы дәлелдерге мысалдар келтіріледі.
7-мысал. Тау жынысында ерте кезде өскен өсімдік жапырағының ізі табылған.