Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет16/152
Дата17.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#117045
түріМетодические рекомендации
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   152
инклюзивті білім беру
, мүгедектігі бар адамдарға 
көзқарас 
проблемалары бойынша қоғамдық пікірге мониторинг жүргізу
.
Ата-аналарға, педагогтарға жүргізілген пікіртерім, сауалнама нәтижелері 
бойынша алынған деректер негізінде инклюзивті (кіріктірілген) оқытуды іске 
асыру шарттарын, жағымсыз аспектілерді, тәуекелдерді және білім беру 
процесінің қатысушыларының қанағаттану дәрежесін бағалау қажет.
Алынған 
ақпарат нақты жалпы білім беру ұйымының қызметін жоспарлау негізіне 
қойылуы мүмкін. Мектептің жылдық жұмыс жоспарына инклюзивті білім 
беруге оқушылардың, мұғалімдердің, ата-аналардың оң көзқарасын 
қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды қосу керек; білім беру 
ұйымдарының оқу жылына жұмысын талдауларына өткізілген іс-шаралардың 
нәтижелілігі көрсетілуі тиіс.

Ұйымдастыру қызметі, 
оның шеңберінде мұндай іс-шаралар болуы 
мүмкін: ЕБҚ ететін балаларға білім берудің қол жетімділігі мәселесіне назар 
аударуға мүмкіндік беретін мерекелерді өткізу, байқаулар, әлеуметтік 
акцияларды өткізу, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға төзімділік танытуға 
бағытталған әлеуметтік жобаларды іске асыру.
Сонымен қатар, педагогтармен олардың біліктілігін арттыру бойынша 
жұмысты ұйымдастыру, мектептің әдістемелік бірлестігі жұмысының 
шеңберінде тиісті іс-шараларды жоспарлау қажет.
Балалар мен олардың ата-аналарына арналған мәдени-ағартушылық және 
танымдық іс-шараларды (мектептік мерекелер, ертеңгіліктер, балалар 
шығармашылығының көрмелері, фото экспозициялар, мәдени орындарға бару, 
экскурсияларды) ұйымдастыруға маңызды орын бөлінеді.

Ақпараттық қызмет
осы мәселе бойынша стендтерде, ақпараттық 
бұрыштарда, мектептің электрондық сайтында материалдарды толықтыруды, 
мүмкіндігі шектеулі балаларға көзқарасқа әсер етуге мүмкіндік беретін БАҚ-та 
және мектеп газетінде жарияланымдарды дайындауды, ата-аналар 
жиналысындағы баяндамаларды болжайды.

Ата-аналар комитетімен жұмыс істеу
. Ата-аналар комитеті мектептің 
әкімшілігі мен педагогтарының көмегімен сыныптың немесе топтың ата-
аналарының мүдделі адамдардың біртұтас тату ұжымына бірігуіне, ата-
аналардың өздерінің арасында және балалардың арасында барабар 
қатынастарды қалыптастыруға көмектеседі. Ата-аналардың қатысуымен 
клубтарды, балалар бірлестіктерін құру жөніндегі жұмысты ойластыру қажет. 
Осы бағытта жұмыстың маңызды нысандарының бірі ата-аналарға арналған 
кітапхананы жасау және оларды мамандар ұсынған әдебиеттерді оқуға тарту 
болып табылады. 
Сонымен, ЕБҚ ететін балаларға оқушылардың, педагогтардың, ата-
аналардың және жалпы қоғамның оң, төзімді көзқарасын қалыптастыру 
бойынша жұмыстың ең тиімді түрлері болып табылады: 
1.
Әртүрлі көрнекіліктерді (бейне, таныстырылымдар және т.б.) міндетті 
түрде көрсете отырып, форумдарды, арнайы семинарларды, жиналыстарды 
ұйымдастыру. 


33 
2.
Қатысушыларда ЕБҚ ететін адамның жағымды бейнесін қалыптастыру 
мәселесі бойынша іскерлік ойындар мен тренингтерді жүргізу, теріс 
ұстанымдарды жою, өзара позитивті әрекеттесудің нысандарына оқыту және 
т.б. 
3.
Біліктілікті арттыру курстарын жоспарлау және өткізу, онда педагогтар 
инклюзия жағдайындағы жұмыс әдістеріне оқиды, жұмыс тәжірибесімен 
алмасады және т. б.
Егер қазіргі қоғам «өзінің әрбір мүшесін ол қандай болса солай 
қабылдауды» үйренсе, «өзгелердің өзіне ұқсамауына ашулану сезімін» жеңе 
білсе, онда ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарға, бөтен 
мәдениеттерге төзімділікті тәрбиелеу, оларға деген қызығушылықты ояту және 
оларды құрметтеу мәселесі шешілді деп есептеуге болады.
Осылайша, осы мәселені шешу үшін инклюзивті мәдениетті 
қалыптастыру проблемасы өзекті болып табылады. Инклюзивті мәдениетті 
инклюзивті білім беруді табысты іске асыру факторы ретінде ғана емес, 
сонымен қатар жалпы қоғамды өзгерту үшін негіз ретінде қарастыруға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет