Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет7/152
Дата17.10.2023
өлшемі2,62 Mb.
#117045
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   152
Мамандарды оқыту.
2014-
2015 жылдары Ресей мен шетелден 
жетекші мамандарды шақыру арқылы 15 оқыту семинарлары мен тренингтер 
өткізілді. Негізінен, оқыту дамуында бұзылыстары бар (есту, көру, сқйлеуғ 
ДЦП және т.б.) балалармен жүргізілетін жұмыстардың барлық бағыттары 
бойынша өткізілді. Жоба аясында әртүрлі бейіндегі 250-ден астам мамандар 
оқытылды. Әр өңірде оқығаннан кейін біліктілігі жоғары мамандар тәжірибе 
алмасуды ұйымдастырады және олардың аудандық және облыс мамандарына 
қосымша білім береді. Жобаның келесі кезеңінде коррекцияның жаңа
кабинеттеріне мамандарды даярлау 2014 жылы бұрын ашылған кабинет 
мамандарының күшімен және олардың жинақтаған тәжірибелерін есепке алу
арқылы жүзеге асырылады. дайындау

Отбасына қолдау көрсету жүйесі 
қысқамерзімді топтар ашу және 
ата-аналарды қолдау клубтарын ұйымдастыру арқылы іске асады. ЕБҚ бар 
балаларды тәрбиелейтін отбасылар үшін үлкен проблема баланың 
қажеттіліктеріне қарай бейімделген және тиісті мамандардың штатынан 
құрылған балабақшаға немесе даму орталығына жіберуге мүмкіндіктің 
болмауы.Көптеген жағдайларда балалардың аналары жұмысынан бас тартуға 
және ЕБҚ бар баламен үйде отыруға мәжбүр болады. Жобаның шеңберінде 
ашылған кабинеттердің айрықша ерекшелігі баланың қысқамерзімде болуына 
байланысты топ ұйымдастыру болып табылады. Осындай топтардың ашылуы 
балаларды әлеуметтену процесінде, коррекциялық сабақтарда дағдыларын 


13 
бекітуге көмектеседі.Топтарды ашудағы екинші мақсат- жинақталған істерді 
шешу үшін кемінде бірнеше сағатқа ата-аналарды босату. 

Қоғамдық пікірді өзгерту, стереотиптерді жеңу, ЕБҚ бар балаларға 
қамқорлықпен қарау. 
Ақпараттық бағдарламадағы материалдар мен 
арналарындағы танымал жаңалықтардан басқа жоба ЕБҚ бар балалармен 
жұмыс істейтін мамандардың және ғалымдар мен қоғам қайраткерлерінің 
қатысуымен сұхбаттар сериясын, ток-шоу және мақалалар жинағын 
ұйымдастырды.Сонымен қатар Қор инклюзия және ЕБҚ бар балалардың 
құқықтары туралы тақырыптар бойынша әуежайларда, кинотеатрларда және 
ұлттық теледидарда таратылатын бейнефильмдер жасауды бастады. 

Инклюзивті білім беруді қолдау. 
Жобаның одан әрі дамуы ЕБҚ бар 
балалар үшін инклюзивті білім беруді жүзеге асыруда орта білім беру 
мектептерді әдістемелік қамтамасыз етуде коррекциялық орталықтарын 
ашумен байланысты болмақ. Пилоттық модельді әзірлеуге және енгізуге 
негізделген орталықтардың мамандары мұғалімдерге және мектеп әкімшілігіне 
ұжымдық бағалауда, жеке білім беру бағыттарын құрастыруда және ЕБҚ бар 
балаларды тұрақты сыныптарда қолдауға көмектеседі. Табысты іске асырылған 
жағдайда, пилоттық модель барлық мемлекеттік органдарға одан әрі пайдалану 
үшін ұсынылады.Шектелген әлеуметтік бюджет жағдайында мектеп 
инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын мекеме болып табыладвы.
Жобаны іске асыру барысында әр өңірдің жергілікті билік органдарымен 
(қалалық балансқа) ынтымақтастық орнатылып, Орталық ашылғанға дейін 
аударылған үш жақты меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ ерте даму, ЕБҚ 
бар балармен жұмыс жасау бағытында Қазақстан мен Ресейдің жетекші 
ұйымдарымен және ғылыми ұйымдармен келісім жасалуда.
«ДАРА» қорының бағдарламасын жүзеге асыру барысында жеке 
демеушілер тартылып, бағдарлама географиясын кеңейтіп, 5 қалада осындай 
ұқсас орталықтар ашылды.
Жобаның коммуникациялық технологиялары 
Ішкі аудитория
– 
орталықтың арнайы мамандары, ерекше қажеттіліктері 
бар балалардың ата-аналары. Компанияның қатысуы бағдарламаның барлық 
кезеңдерінде көрінеді, әсіресе ақпарат арналарындағы жаңалықтардан, сондай-
ақ компания қызметкерлерін жобаның барлық іс-шараларына қатысуға 
шақыруынан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет