Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет3/138
Дата09.11.2022
өлшемі2,62 Mb.
#48783
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138
Байланысты:
1579517626428-1

 
 



1. 
ЗАМАНАУИ ҚОҒАМДАҒЫ ИНКЛЮЗИВТІ МӘДЕНИЕТТІҢ РӨЛІ
 
Қазіргі қоғамда инклюзияны түсіну негізгі проблемалардың біріне 
айналды.
Ерекше білім алуды қажет ететін адамдардың қоғамда өздерін қалай 
жүзеге асыратыны маңызды емес, ең бастысы, адамзаттың осындай адамдарға 
деген қарым-қатынасы. Себебі әр адам айналасындағы адамдардың қолдауы 
мен қабылдауына мұқтаж. Инклюзия ерекше қажеттіліктері бар адамдарға 
барлық әлеуметтік процестердің формасы мен құралдарын таңдауға және іс-
шараларға қатысуға шектеу қоймайды, білім берудің барлық деңгейінде, бос 
уақытты ұйымдастыру процесінде, жұмысында, әртүрлі әлеуметтік рөлдер мен 
қызметтерді жүзеге асыру барысында олардың еркіндігі сақталады.
Инклюзивті білім берудің кедергіз енуі, тек рухани-адамгершілікке, ізгілікке, 
салауатты өмір сүруге негізделген қоғамға байланысты болмақ.
Инклюзия сөзі кең мағынада тек білім беру саласын ғана қамтып 
қоймайды, сонымен бірге қоғамдық қатынастардың барлық спекторын 
қарастырады: еңбек, қарым-қатынас, ойын-сауық.
Қоғамдық ортадағы кедергілерді жеңетін, сананы өзгертетін қолжетімді 
және жағымды ахуал жасау қажет. Сондықтан да заманауи әлемде инклюзия 
процесі қоғамдық өмірге, қандай да бір техникалық немесе ақпараттық
өзгерістерді енгізу ғана емес, ен алдымен өмірге және оның құндылықтарына 
деген көзқарастардың өзгеруі.
Инклюзия идеясы «қоғамға кіріктіру» концепциясына негізделетіні 
белгілі. Қоғам мен оның институттарының өзгерісі, денсаулық мүмкіндігі 
шектеулі адамдардың нәсіліне, дініне, дене, психикалық, мәдени- этникалық 
және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан қоғамда қолайлы жағдай 
туғызуынан көруге болады. 
Институттардың осылай өзгеруі, қоғамның барлық мүшелерінің 
мүдделеріне, олардың өз бетінше өмір сүру қабілетінің өсуіне, сонымен қатар 
олардың құқықтарының теңдігін қамтамасыз етуге және т.б. мүмкіндік береді. 
Егер инклюзия институттардың талапқа сай өзгеруімен қамтамасыз 
етілмесе, онда оның нәтижесінде ЕБҚ адамдардың әлеуметтік бейімделуі 
нашарлайды және оларға басқа адамдардың тарапынан қысым көрсетіледі.
Инклюзия тәжірибесінде басқалардай болуға мәжбүрлеуден аулақ болу
маңызды, себебі бұл жағдай өзінмен-өзін болу құқығына қарама-қайшы 
келеді.
Басқа адамның өзгеруіне қоғамның дайын болуы инклюзияның маңызды 
алғышарты болып табылады және оны тәрбиелеу қажет.
«Инклюзияны» әлеуметтік-мәдени феномен ретінде қарайтын болсақ, 
оны міндетті түрде қоғам дамуының жалпы контексінде ғана қарастыру 
маңызды екендігін түсіну қажет. Бұл жағдайда ЕБҚ бар балаларды барлық 
қоғамдық процестерге толыққанды кіріктіру үшін, социумда физикалық және 
әлеуметтік кедергілерді жою қажет деп тұжырымдауға болады.



«Инклюзивті білім беру» (француз тілінен аударғанда «inclusif» «өзіне 
ендіру» дегенді білдірсе, латын тілінен аударғанда «include» - «ену» дегенді 
білдіреді) жалпы білім беруді трансформациялау процесі ретінде мүмкіндігі 
шектеулі адамдар заманауи әлемде өздерін социумға кіріктіре алатындығын 
түсіну қажет. Аталған трансформация жеке-дара мүмкіндіктерін ескере 
отырып, барлық адамдардың білім алуға тең қолжетімділігін қамтамасыз етуге 
бағытталған, соның ішінде мүгедек балалардың білім алуына жағдай жасауға 
негізделген. 
Инклюзивті білім беру- қазіргі заманның сәнді үрдісі ғана емес, жалпы 
білім беру жүйесін дамытудың табиғи және заңды бөлігі, арнайы білім 
қажеттіліктерін меңгерген, ерекше балаларға білім берудің жалпы тәсілі. Ол 
балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдениэтникалық, тілдік және басқа 
да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу 
қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың 
сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге 
кірігуін көздейді. 
Іс жүзінде әлемнің дамыған барлық елдерінде бұл жаңа білім беру 
бағыты қабылданып, енгізілді және инклюзия қоғамның сыйы ретінде ғана 
қарастырылмай, ЕБҚ балаларға білім беру игілікті іске айналды, бұның өзі 
арине аз емес. Инклюзивті білім беру бұл балаларды оқытатын, оларды 
отбасында тәрбиелейтін, олармен бірге оқитын барлық адамдар үшін пайдалы 
деп түсіндіріледі және жүзеге асырылады, азаматтық қоғамда тең құқықтарын, 
әр адамның еркіндігі мен ар-ожданын, адамгершілік құндылықтарын 
тәжірибеде қолдану мүмкіндігі болып табылады. 
Бүгінгі таңда инклюзияны немесе білім беру ортасына кіріктіруді,
ерекше қажеттіліктері бар балаларды басқа дамуы қалыпты оқушылармен бірге 
оқыту деп те атауға болады. Ерекше білім алуды қажет ететін балалар осындай 
тәжірибе арқылы басқа балалармен араласады, өседі, дамиды және қалыпты
білім беру мекемесіне барып, онда өз достарын табады. Жалпы айтқанда,
барлық балалар сияқты өмір сүреді. Бұл идеяның ерекшелігі, ерекше 
қажеттіліктері бар балалар сапалы білім алып және қоғамда психологиялық 
бейімделу үшін басқа балалармен белсенді түрде бірлесіп әрекет етуі керек.
Бұндай қарым-қатынас олардың дамуында немесе денсаулығында ешқандай 
шектеу жоқ балалар үшін де маңызды. Бұның барлығы инклюзивті білім 
берудің, кіріктіріп оқытудың рөлін арттырады және ЕБҚ балалардың 
әлеуметтену мүмкіндіктерін кеңейтуге көмектеседі.
Қазіргі қоғамда ерекше білім алуды қажет ететін балаларды жалпы білім 
беру мекемесіне интеграциялау- бұл дамыған елдердің барлығына әсер еткен 
қоғамның жаһандану процесі болып табылады. Оның негізі қоғам мен 
мемлекеттің мүгедек және ерекше білім алуды қажет ететін адамдарға қатысты 
барлық жүйені қайта қарауға дайын болуы. Білім алу- әр адамның құқығы.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2019 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасында дамуында ауытқушылығы бар 
балаларды дамуы қалыпты құрдастарымен бірге интеграциялап оқыту мен 



тәрбиелеу идеясын тәжірибеге ендірудің жаңа концептуальды әдістері 
анықталған. Тәрбиелеу мен оқытудың әртүрлі бағдарламаларына ЕБҚ 
балалардың тең қолжетімділігін қамтамасыз ету Қазақстанның білім беру 
жүйесінің басым міндеттерінің бірі болып табылады [1].
Арнайы білім беру жалпы орта білім беру жүйесінің бір бөлігі болып 
табылады, және мемлекет оларға білім алуда бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз 
ету мақсатында арнайы білім алу қажеттілігі бар тұлғаларға жағдай жасайды. 
Қазақстан Республикасының заңнамасымен білім беру саласындағы негіз 
болатын халықаралық құжаттарға сәйкес ЕБҚ бар тұлғалар үшін білім алуда 
бірдей құқықтар принциптері қарастырылған. Ерекше білім алуды қажет ететін 
балаларға білім алу кепілдігі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, 
«Қазақстан Республикасындағы балалардың құқықтары туралы», «Білім 
туралы», «Мүмкіндігі шектеулі балаларды әлеуметтік және медициналық-
педагогикалық түзеуді қолдау туралы», «Қазақстан Республикасында 
мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», «Арнайы қызмет көрсету туралы» 
Қазақстан Республикасының Заңдарымен бекітілген. Негізгі міндет – олардың 
әлеуметтік оңалуы мен бейімделуі үшін жағдайлар жасау және көмек көрсету, 
қоғамдағы толыққанды өмірге дайындық.
Адамгершілік тұрғысынан қарағанда, біздің арнайы мектеп негізгі 
кемшіліктерімен ерекшелінеді, яғни өздерінің тәрбиеленушілерін, соқыр, 
саңырау, ақыл есі кем балаларды мектеп ұжымының шағын ортасына тарту, 
барлығы баланың кемістігіне, барлығы өзінің кемшілігіне шоғырланған тұйық 
әлемді қалыптастырады және оны қазіргі әлемге жетелемейді [2]. Уақытының 
көпшілігін өзі сияқты ортада өткізген бала бірте-бірте кәдімгі әлеуметтік 
ортадағы өмірге бір кездері бейімделу мүмкіндігіне күш жұмсайды. Кейінірек 
мұндай балалар әлеуметтік тәжірибені меңгеру проблемаларына тап болады, 
әлеуметтік өзара қарым-қатынастар процесінде бұзылушылықтар болады.
Шетелдік тәжірибелер қол жетімді мектептер құру мен бірлесе оқыту 
мүгедектердің әлеуметтік бейімделуіне, олардың дербестігі мен тәуелсіз 
болуына ықпал етеді, ал ең бастысы, мүгедектерге деген қоғамдық пікірді 
өзгертеді, оларға толыққанды адамның қарым-қатынасын қалыптастырады. 
Балаларды жалпы білім беретін ұйымға «қосу» - бұл кез келген әлемде 
арнайы білім беру жүйесін дамытудың заңды құбылысы, мұндай процеске 
жоғары дамыған елдердің барлығы, оның ішінде Қазақстанда тартылған.
Қазақстан жалпы білім беру жүйесіне инклюзивтілікті енгізу бойынша 
орталық азия елдерін басып озады. Елімізде осы процеске қатысушы білім беру 
ұйымдарына, педагогикалық құрамға және ата-аналарға әдістемелік және 
психологиялық-педагогикалық көмек көрсететін 7 орталық жұмыс істейді. 
Солардың ішінде инклюзияны тәжірибеге енгізген өңірлердің бірі Ақтөбе, 
Ақмола, Қарағанды мен Батыс Қазақстан облыстары және Қызылорда.
Республикада шамамен айтқанда 16 мыңнан астам ЕБҚ балалар дамуы 
қалыпты құрдастарымен интеграциялануда, соның 3000 астамы мектепке 
дейінгі жастағы балаларды құрайды, оның 395-і балабақшаға барса, 12000 
мектеп жасындағы балалар, оның
769-
і жалпы білім беретін мектепте 



оқиды.
3 мыңнан астам қазақстандық мектептер инклюзивті білім беруді енгізу 
үшін жағдай жасауда. 2017 жылғы жағдай бойынша Қазақстанда 495 
балабақша инклюзивті түрде жұмыс жасай бастады. Онда 6 мыңнан астам бала 
қажетті білім мен тәрбие алды. 2020 жылы Қазақстанда орта білім беру
ұйымдары осындай мекемелердің жалпы санының шамамен 70%-ын, ал 
мектепке дейінгі мекемелердің үлесі -30% құрайды. 
Қазіргі уақытта біздің қоғамымыз 
әлеуметтік қатынастарды ізгілендіру 
жағдайында барлық процестер инклюзияны дамытуға байланысты 
болғандықтан осы бағыттағы оң өзгерістерді ескере отырып, 
инклюзия 
мәселесіне назар аударуда.
Білім беруде инклюзияны және инклюзивті мәдениетті дамыту көбінесе 
мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, ата-аналардың 
бастамашыл топтарымен серіктестікте жүзеге асырылады.
Жалпы типтегі білім беру ұйымдары жүйесіне дамуы ерекше қажеттіліктері 
бар балаларды кіріктіріп оқытудың бастамасына мыналар кіреді:

мүгедектігі бар балалардың ата-аналарымен, мүгедектердің құқықтары 
мен мүдделерін қорғайтын ұйымдармен бірігу;

балаларды оңалту және оқыту саласында қызмет көрсететін 
мамандармен (педагогтар, психологтар) бірігу.
Мүгедектігі бар тұлғалардың әлеуметтік-бағдарланған қоғамдық 
ұйымдары ата-аналар мен қатар мектеп қауымдастығын да ақпараттандыру мен 
хабарландыру қызметін атқарады; қоғамдық серіктестер мүгедектігі бар 
ересектер мен балаларға қоғам тарапынан тең құқылы және оң көзқарасты 
қалыптастыру бағытында шаралар өткізеді; мүгедек балардың білі алу құқығын 
заң тарапынан қорғау үшін кәсіби заңгерлерді тартады; ерекше білім алу 
қажеттілігі бар балалармен жұмыс істеудің жаңа технологиялары мен әдістерін 
қолдану үшін эксперттерді тартады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет