4
«ерекше» балаларға масылдық сезімінен арылуға көмектесу қажет.
Оларға
мектеп өміріне өз үлестерін қосу үшін мүмкіндіктер беру керек.
Мектепте инклюзивті білім беру мәдениетін қалыптастыру ерекше білім
алуды қажет ететін оқушыларды мектептік қоғамға табысты қосудың маңызды
жағдайларының бірі болып табылады. Тиімді жұмыстың міндетті шарты – бұл
білім беру ұйымдарындағы барлық қызметтердің өзара байланысы мен
бірлескен жұмысы: психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, медициналық.
Ерекше білім алуды қажет ететін баланы тәрбиелеп отырған отбасын білікті
қолдау бала тұлғасына әсер ететін қосымша ықпалдардың алдын алуға, өзінің
мүмкіндктерін, қабілеттерін сезінуге көмектеседі.
Мектепте инклюзивті мәдениет құндылыұтарының бірыңғай жүйесін
құру немесе оны сипаттау қарапайым мәселе емес. Дегенмен,
инклюзивті
мектептер үшін ортақтастық, ынтымақтастық және теңдік принциптерін іске
асыру бағытында инклюзивті мәдениетті қалыптастыру векторы басымдық
болып табылатыны ешқандай күмәнсіз екені белгілі. Оқытуда инклюзивтік
тәсілдермен жұмыс істейтін мектептер үшін әсіресе жылулық пен қамқорлық
ахуалы тән: бұл әрбір оқушыны қабылдайтын мектеп. Мұндай мектептерде
ұжымға тиістілік сезімі, тығыз әлеуметтік байланыс барынша қажет, сонымен
қатар мұнда айналасындағыларға қамқорлық жасауға назар аударылады.
Инклюзивті мәдениет
тосыннан пайда болмайды, ұжымшылдық және
теңдік сияқты құндылықтарды мектеп өміріне енгізу жөніндегі күштердің
нәтижесі болып табылады. Білім беру ұйымдарында инклюзивті білім беру
мәдениетін қалыптастыру аспектісінде теңдік, ортақтастық, ынтымақтастық
басымдылықтарының құндылықтары оқушылардың әртүрлілігіне позитивтік
қарым-қатынас жетекші болып табылатын әлеуметтік
және білім берудің
инновациялық процесі, қарқынды дамитын тәсіл ретінде инклюзивті білім
берудің негізгі принциптерімен тікелей байланысты, ал жеке ерекшеліктері
проблема ретінде емес, тану процесін сапаландыру мүмкіндігі ретінде
қабылданады.
Сондықтан, инклюзивті мәдениет – инклюзивті білім берудің
мақсаттарына сәйкес жоғары нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндіктерін
қамтамасыз
ете отырып, қажеттіліктердің алуантүрлілігін қабылдауды қоғам
дұрыс қабылдайтын, қолдайтын, жинайтын инклюзивті қоғамның мәдениетін
қалыптастыру, жалпы алғанда, педагогикалық қоғамдастық пен қоғамды
үздіксіз жетілдіруді сақтау, қабылдау, ынтымақтастықпен ынтыландыру үшін
маңызды негіз болып табылады. Атап айтқанда, мектеп білім беру кеңістігіне
қатысушылардың барлығының назарын білім беру
және ерекше білім алуды
қажет ететін балаларды әлеуметтендіру мәселелеріне аудара отырып,
инклюзивті қоғам құруды насихаттауы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: