87
Бағдарламада 7 сабақ ұсынылған. Сабақтар оқушылар тобымен немесе
барлық сынып оқушыларымен өткізілуі мүмкін, ұзақтығы ‒ аптасына
30-
40 минут. Қажетті материалдар мен жабдықтар әрбір сабақта сипатталады.
Әр сабақ үш бөлімнен тұрады:
•
Кіріспе бөлім: топқа қатысушыларды белсендендіруге, еркін, тілектес
атмосфера құруға, ұйымшылдықты арттыруға ықпал ететін жаттығуларды
қамтиды. Жүргізуші ұсынылған нұсқаларды пайдалана алады немесе қажет
болса, әрбір нақты топтың ерекшеліктеріне байланысты ширату үшін
жаттығуларды өз бетінше таңдай алады.
• Негізгі бөлім: сабақтың басты тақырыбын түсінуге және меңгеруге
көмектесетін дәрістер, ойындар, жаттығулар, тапсырмалар кіреді.
•
Бекіту, қорытынды: әр сабақтың соңында қатысушылар өз
сезімдерімен, әсерлерімен, пікірлерімен бөлісіп, көңіл-күйлері туралы сөйлесе
алатын уақыт қалдыру керек. Тренинг сценарийінде әр сабақты аяқтау үшін
мазмұнға бағытталған үлгі сұрақтар келтірілген. Алайда, жүргізуші өз
сұрақтарының нұсқаларын да ұсына алады, оның пікірінше, соңына дейін
түсінікті болмаған немесе толық айтылмай қалған тұстарына ерекше көңіл бөлу
керек.
Курс бағдарламасы бір тараптан берілгендей болуы мүмкін емес. Ол
сыныптың дайындық деңгейіне, оның ерекшеліктеріне, ұжымдағы
психологиялық климатқа байланысты өзгеруі мүмкін. Осы курс бойынша
сабақтарды өткізу тек оқушылармен ынтымақтастық тұрғысынан ғана мүмкін
болады, сондықтан курс бағдарламасының өзгеруі мұғалімнің өзіне (оның
дайындығына, мүдделеріне, міндеттеріне) тікелей байланысты болады.
Осылайша, толеранттылықты қалыптастыру жөніндегі тернингтер
бағдарламасы мұғалімнің шығармашылығын болжайды.
Достарыңызбен бөлісу: