93
Материалдар мен жабдықтар: Қағаз гүлдер, «Себет» жаттығуына
арналған материалдар, қағаз, қаламдар, қарындаштар.
Сабақтың барысы:
1. Кіріспе бөлім
«Келіңдер, бір-бірімізге комплименттер айтайық» жаттығуы
Жаттығу нұсқалары:
•
Қатысушылар ретсіз қозғалады, жүргізушінің белгісі бойынша олар
тоқтайды және жанында тұрған балаға өзара комплименттер (сыртқы келбеті,
жеке қасиеттері және т.б. бойынша) айтады. Жүргізушінің жаңа белгісі
бойынша қозғалыс қайта басталады. Барлық қатысушылар өз аттарына
комплименттер естігенге дейін жаттығу жалғаса береді.
•
Әр қатысушы 5 қағаз гүлден алады. Гүлдерде комплименттер
жазылады, гүлдер топтың кез келген бес мүшесіне қалауы бойынша
тапсырылады. Осылай гүл шоқтары қалыптасады. Жетекшінің міндеті ‒ топтың
ешбір мүшесі гүлсіз қалмауын қадағалау.
Достарыңызбен бөлісу: