Методические рекомендации по формированию инклюзивной культуры в организациях образования нұр-Сұлтан 2019



Pdf көрінісі
бет58/138
Дата09.11.2022
өлшемі2,62 Mb.
#48783
түріМетодические рекомендации
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   138
 
 


141 
2-
қосымша 
 
Білім беру ұйымында инклюзивтік мәдениетті қалыптастыру
жөніндегі іс-шаралар 
«Инклюзивті білім беру: проблемалар, ізденістер, шешімдер» 
тақырыбына дөңгелек үстел 
Мақсаттары мен міндеттері: 
1) 
инклюзивті білім беру жағдайында оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру 
қағидаттарын көпшілікке тарату және насихаттау; 
2) 
оқушыларды, ата-аналар қоғамдастығын, педагогтарды инклюзивті 
білім беруді ұйымдастыру қағидаттарымен таныстыру; 
3) 
оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушылары арасында диалог 
ұйымдастыру; 
4) 
инклюзивті білім беру жағдайында оқытудың белсенді оң 
мотивациясын қалыптастыру; 
5) 
ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға төзімді қарым-
қатынасты тәрбиелеу; 
6) 
оқу-тәрбие процесіне қатысушылардың жалпы педагогикалық 
мәдениетін арттыру; 
7) 
инклюзивті оқытудың артықшылықтары туралы оқушылар мен ата-
аналарды хабардар ету; 
8) 
ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларға инклюзивті және 
қашықтықтан білім беру туралы презентация. 
Залдың ресімделуі: инклюзивті білім беру қағидаттары туралы 
материалдар жазылған ақпараттық стенд. 
Мультимедиялық сүйемелдеу: 
Проектор, презентацияға арналған экран, бейнероликтер, Дөңгелек 
үстелге қатысушылардың ілеспе презентациялары. 
Қатысушылар: педагогтар, ата-аналар, ерекше білім беру қажеттіліктері 
бар оқушылар. 
Өткізу формасы: дөңгелек үстел. 
Іс-шараның барысы: 
Қайырлы күн, құрметті «Дөңгелек үстелге» қатысушылар! Бүгін біз 
сіздерді инклюзивті білім беру проблемасын талқылауға шақырдық. Бұл жерге 
осы проблеманы шешуге мүдделі адамдар: оқушылар, ата-аналар, ұстаздар 
жиналды. 
Біздің отырысымызды шағын бейнеролик көруден бастасақ деген 
ұсынысым бар.
(«Инклюзивті тәрбие» бейнеролигін көрсету) 
Қоғамдағы білім берудің маңызды проблемаларының бірі ‒ оның 
бастапқы қолайсыз жағдайлары бар бірқатар әлеуметтік топтар үшін 


142 
қолжетімділігі болып табылады. Олардың ішінде ерекше білім беру қажеттілігі 
бар балалар ерекше орын алады. 
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың сапалы білім алуына 
көптеген құрылымдық шектеулер кедергі келтіреді, олар қалай да әлеуметтік 
теңсіздікпен байланысты. 
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, кез келген қатаң білім беру жүйесінен 
балалардың қандай да бір бөлігі шығып қалады, себебі жүйе осындай 
балалардың оқудағы жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға дайын емес. Бұл 
арақатынас мектептердегі балалардың жалпы санының 15% құрайды және 
осылайша, шығып кеткен балалар оқшауланып қалады және жалпы жүйеден 
шығарылады. Балалар сәтсіздікке ұшырамайды, жүйе балаларды шеттететінін 
түсіну керек. Инклюзивті тәсілдер осындай балаларды оқыту мен табысқа 
жеткізуде қолдау көрсете алады, бұл жақсы өмір сүруге мүмкіндік береді. 
Инклюзивті немесе қосылған білім беру ‒ жалпы білім беретін 
мектептерде ерекше қажеттіліктері бар балаларды оқыту процесін сипаттау 
үшін қолданылатын термин. Инклюзивті білім берудің негізінде барлық 
адамдарға тең қарым-қатынасты қамтамасыз ететін, бірақ ерекше білім беру 
қажеттілігі бар балалар үшін ерекше жағдай жасайтын, балалардың кез келген 
кемсітуін болдырмайтын идеология жатыр. Инклюзивті білім беру барлық 
балалардың түрлі мұқтаждықтарына бейімделу тұрғысынан барлық балалар 
үшін білімге қол жетімділікті білдіреді, бұл ерекше қажеттіліктері бар балалар 
үшін білімге қол жетімділікті қамтамасыз етеді. 
Инклюзивті білім берудің сегіз қағидаты әзірленді: 
1. 
Адамның құндылығы оның қабілеттері мен жетістіктеріне 
байланысты емес. 
2. 
Әрбір адам сезінуге және ойлауға қабілетті. 
3. 
Әрбір адам қарым-қатынас жасауға және естілуге құқылы. 
4. 
Барлық адамдар бір-біріне мұқтаж. 
5. 
Шынайы білім нақты қарым-қатынастар контекстінде ғана жүзеге 
асырылуы мүмкін. 
6. 
Барлық адамдар құрдастардың қолдауын және достығын қажет етеді. 
7. 
Барлық білім алушылар үшін прогреске қол жеткізу жасай 
алмайтынында емес, жасай алатындыныда. 
8. 
Әртүрлілік адам өмірінің барлық жақтарын күшейтеді. 
Инклюзивті білім беру жүйесі мектеп және кәсіптік білім беретін оқу 
орындарын қамтиды. Оның мақсаты ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
адамдарды оқыту мен кәсіби даярлауда кедергісіз орта құру болып табылады. 
Бұл шаралар кешені білім беру ұйымдарын техникалық жарақтандыруды, 
сондай-ақ педагогтар мен басқа да оқушылар үшін олардың мүгедектермен 
өзара іс-қимылын дамытуға бағытталған арнайы оқу курстарын әзірлеуді 
көздейді. Бұдан басқа, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалардың жалпы 
білім беретін ұйымдарға бейімделу процесін жеңілдетуге бағытталған арнайы 
бағдарламалар қажет. 


143 
19
70 жылдан бастап шетелде ерекше білім беру қажеттіліктері бар
адамдардың білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал ететін нормативтік 
актілер пакетін әзірлеу және енгізу жүргізілуде. АҚШ пен Еуропаның қазіргі 
білім беру саясатында бірнеше тәсіл дамыды, соның ішінде: 
 
білім беруге қолжетімділікті кеңейту (widening participation), 
 
мэйнстриминг (mainstreaming), 
 
интеграция (integration), 
 
инклюзия, яғни қосу (inclusion). 
Мэйнстриминг ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушылардың 
мерекелерде, түрлі демалыс бағдарламаларында өз құрдастарымен қарым-
қатынас жасауын болжайды. Интеграция ерекше білім беру қажеттіліктері бар 
балалардың қажеттіліктерін, тұтастай алғанда өзгеріссіз қалатын, оларға 
бейімделмеген білім беру жүйесіне сәйкес келтіруді білдіреді. Қосу немесе 
инклюзия ‒ бұл мектептерді реформалау және оқу үй-жайларын қайта 
жоспарлау, олар барлық балалардың қажеттіліктері мен сұраныстарына жауап 
беруі тиіс. 
Инклюзивті білім беру туралы ережелер 2006 жылғы 13 желтоқсанда 
БҰҰ Бас Ассамблеясы мақұлдаған «Мүгедектер құқығы туралы» БҰҰ 
Конвенциясына енгізілген. Конвенцияның жиырма төртінші бабында білім алу 
құқығын іске асыру мақсатында қатысушы мемлекеттер барлық деңгейде 
инклюзивті білім беруді және адамның бүкіл өмірі бойы оқытуды қамтамасыз 
етуі тиіс екендігі айтылған. 
Заң жобасына сәйкес, инклюзивті мектептегі ерекше білім беру 
қажеттіліктері бар балалардың саны ‒ барлық мектепке 10%-дан аспайтындай 
және бір сыныпта үш адамнан аспайтындай шектеулі болады. Жалпы білім 
беретін мектепке ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар медициналық-
психологиялық және педагогикалық комиссияның қорытындысы негізінде 
қабылдануы тиіс, яғни жалпы білім беретін мектепте оқи алатыны міндетті 
түрде жазылуы тиіс. 
Барлық балалар басынан бастап тұрғылықты жері бойынша мектептің 
білім беру және әлеуметтік өміріне енгізілуі тиіс. Инклюзивтік мектептің 
міндеті ‒ әрбір адамның қажеттілігін қанағаттандыратын жүйені құру; 
инклюзивтік мектептерде, тек қана ерекше білім беру қажеттіліктері балалар 
ғана емес, барлық балалар табысқа жетуге, қауіпсіздікті, ұжымда бірге болу 
құндылығын сезінуге мүмкіндік беретін қолдаумен қамтамасыз етіледі. 
Инклюзивтік мектептер, көбінесе, кәдімгі білім беру деп жиі танылатындардан 
басқа, өзге де білім беру жетістіктеріне бағытталған. Осындай мектептің 
мақсаты ‒ барлық оқушыларға барынша толыққанды әлеуметтік өмірге, 
ұжымға, жергілікті қоғамдастыққа белсенді қатысуға мүмкіндік беру, сол 
арқылы толық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, бір-біріне қауымдастық 
мүшелері ретінде көмек көрсету.
Бұл мектеп ұжымы мен қоғамның барлық 
мүшелері өзара байланысты екендігін және оқушылар оқу процесінде өзара 
әрекеттесіп қана қоймай, сонымен қатар оқу аудиториясында процестерді 
басқару жөнінде бірлескен шешім қабылдаған кезде дамитынын көрсетеді. 


144 
Инклюзивті білім беру қағидаттарында жұмыс тәжірибесі бар мұғалімдер 
мынадай тәсілдер әзірледі: 
1) ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды «сыныптағы кез 
келген басқа балалар» сияқты қабылдау, 
2) оларды бірдей қызмет түрлеріне қосу, бірақ әртүрлі міндеттер қою, 
3) оқушыларды ұжымдық оқыту формасына тарту және тапсырмаларды 
топтық шешу, 
4) ұжымдық қатысудың басқа да стратегияларын пайдалану ‒ ойындар, 
бірлескен жобалар, зертханалық, далалық зерттеулер және т. б. 
Инклюзивті білім беру қоғамдастықтары, көбінесе, оқушылармен әртүрлі 
интеракцияларға тартылатын мұғалімнің рөлін өзгертеді, олардың әрқайсысы 
туралы көбірек біліп, сонымен қатар мектептен тыс жұртшылықпен белсенді 
байланыста болады. 
Ата-аналар мен мұғалімдердің пікірлері ерекше білім беру қажеттіліктері 
бар балаларды жаппай мектепке кіріктіруден қандай салдар күтетіндіктерінде: 
сауалнама жүргізілгендердің үштен екісінен астамы бұл оқушыларға 
толерантты болуға, өзара көмек көрсетуге мүмкіндік береді деп ойлайды, 
әрине, балалар арасында қақтығыстар да болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   138




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет