Методические рекомендации по формированию первоначальных навыков экологической культуры детей дошкольного возраста нҧр-Сҧлтан 2021


ТҤРЛІ ЖАС ТОПТАРЫНДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ



Pdf көрінісі
бет12/52
Дата01.10.2024
өлшемі1,35 Mb.
#146367
түріМетодические рекомендации
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52
Байланысты:
экология м ж д

 
ТҤРЛІ ЖАС ТОПТАРЫНДА МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ 
БАЛАЛАРДЫҢ ТАБИҒАТТА ӚЗІН ҦСТАЙ БІЛУДІҢ
МІНЕЗ - ҚҦЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ 
Мектеп жасына дейінгі балаларды экологиялық мәдениетке 
тәрбиелеуді іске асыру ҥшін бҧл әрекетті тҥрлі жас топтарында педагог қалай 
ҧйымдастыруы тиіс?
Кіші топта табиғатпен ӛзара әрекет ету ӛте маңызды болып табылады.
Педагог: 
- тірі және ӛлі табиғат қҧбылыстарымен таныстырады; жануарлар мен 
ӛсімдіктер әлемі туралы бастапқы тҥсініктерін қалыптастырады; ӛсімдіктер 
мен жануарларға қамқорлықпен қарауға тәрбиелейді. 
- балабақша ауласында ересектердің еңбегін, аулаға ҧшып келетін 
қҧстарды, маусымға тән табиғат қҧбылыстарын бақылауды ҧйымдастырады.
-
қоршаған табиғаттың сҧлулығына балалардың назарын аударады: 
балалар ересектің жануарлар мен ӛсімдіктеге қамқорлық жасауын, табиғат 
қҧбылыстарының ерекшеліктері туралы айтқандарын тыңдайды және есте 
сақтайды.
Жылдың басында кіші және ортаңғы топтарда тәрбиешіге 
қуыршақтарды қолданып, ертегілер айту («Шалқан» ертегісі) және ойнап 
беру ҧсынылады. «Жемістер-кӛкӛністер» тақырыбында ҧйымдастырылған 
оқу қызметін ӛткізгенде (бау-бақшада шалқан, алма мен тҥрлі жемістер мен 
жидектер ӛсетінін айтып, кӛрсетуге болады) балаларды әртҥрлі кӛкӛністер- 
жемістермен таныстырады, оларды зерттеуге қатыстырады, кӛкӛністер мен 
жемістердің дәмін татқызады. Ҥй жануарлары тақырыбын «Шҧбар тауық» 
ертегісінің кӛмегімен жалғастыруға болады және басқа да ҥй жануарлары 
сиыр, ешкі, жылқы және т.б. таныстыруға болады. Ҧйымдастырылған оқу 
қызметіне тосын сый ретінде ата-әже қонаққа келіп, сиыр мен бҧзауы немесе 
ешкі мен лақтары туралы әңгімелеп береді, оларды шӛппен қалай 


20 
қоректендіретінін, қалай су беретінен кӛрсетеді. Тәрбиеші балаларға 
кӛмекшілер ретінде осы әрекеттерге қатысуға мҥмкіндік береді, балалар 
ойыншық (немесе суретте бейнеленген) ҥй жануарларын шӛппен 
қоректендіреді, оларды ӛріске жайып, олар ҥшін қора салады, олардың 
қимылдары мен дыбыстарына еліктейді. Мҧндай ойындар тәрбиеленушілерге 
ауыл шаруашылығынан хабардар болуға, ойын дағдыларын, қиялын 
дамытуға, ертегілер арқылы ҥй жануарлары туралы алған білімдерін 
кеңейтуге мҥмкіндік береді. 
Кіші топтардағы табиғат бҧрышына негізгі бӛліктері (сабақтары, 
жапырақтары) айқын кӛрінетін және ҧзақ гҥлдейтін ӛсімдіктер 
орналастыруға болады. Бҧл (ӛңірлік) қазтамақ, шырайгҥл, қынагҥл, (азалия, 
раушан гҥлі). 
Аквариумдағы 
балықтарды, 
ауладағы 
ағаштарды, 
табиғат 
қҧбылыстарын, гҥлдерді және т.б. кҥнделікті бақылау балаларға осы табиғат 
объектілері туралы нақты білім алуға мҥмкіндік береді. Әрбір цикл 3-5 
бақылауды қамтуы тиіс. 
Осылайша, кіші мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу-білім беру 
процесіндегі басты міндет- оларды табиғатпен, ӛсімдіктер мен жануарлар 
әлемімен тірі тіршілік иелері ретінде таныстыру.
Ортаңғы топта тәрбиешінің міндеттері: 
- тірі және ӛлі табиғат қҧбылыстарымен таныстыруды жалғастыру. 
Ауа-райының жағдайын анықтауға, табиғат қҧбылыстарын (маусымдық) 
бақылауға ҥйрету. Табиғат қҧбылыстарына қызығушылықты тәрбиелеу. 
- туған ӛлкенің кейбір ӛсімдіктері, кӛкӛністер мен жемістер туралы 
қарапайым тҥсініктерін қалыптастыру; бӛлме ӛсімдіктерінің тҥрлері, 
олардың айырмашылықтары (шегіргҥл, қазтамақ, бегония және т.б.) туралы 
білім беру. 
-
Қазақстан аумағын мекендейтін ҥй және жабайы жануарлармен 
таныстыру;
-табиғат 
бҧрышын 
мекендеушілерді 
бақылау 
дағдыларын 
қалыптастыру. 
Тәрбиеші әрекетін былай деп тҧжырымдауына болады: «Мен 
кӛрсетемін-сендер маған кӛмектесесіңдер, ҥй жануарларына бірге қамқорлық 
жасаймыз!». 
Ортаңғы топта табиғат бҧрышында: шегіргҥл, қазтамақ, бегония және 
т.б. орналастыру ҧсынылады. Балалар кҥтім жасау әдісін жапырақтардың 
сипатына қарай: кӛлеміне, санына, ҥстіңгі қабатының жҧмсақтығына 
байланысты ҥйренеді. 
Педагог тірі нысандардың ӛсуі мен дамуы ҥшін су, жарық, ауа, қорек 
және айналасындағылардың қамқорлық танытуы қажет екенін еске салып 
отыруы тиіс. 
Тәрбиешінің 
табиғат 
бҧрышында 
балалармен 
бірге 
бӛлме 
ӛсімдіктеріне, аквариумға кҥтім жасауы, қыстап қалатын қҧстарды 
қоректендіруге қатысуы және т.б. балалардың табиғаттағы байланыстарды 
тҥсінуіне, оларды қарапайым еңбек әрекеттеріне баулуға және кҥтім 


21 
жасаудың тіршілік иелері ҥшін маңызын тҥсінуіне ықпал етеді. Жҧмыс 
жҥргізудегі белсенді қҧралдар: халық ертегілерін айтып беру және ойнау, 
кітаптардағы суреттерді қарау, экологиялық сауық кештерді ӛткізу, берілген 
тақырып бойынша бейне таспаларды қарау және т. б. 
Ересек топта педагог ӛлі табиғат нысандары – су, жер, ауа, кҥн туралы 
балалардың алған білімдерін кеңейтуді жалғастыру ҧсынылады; табиғат 
қҧбылыстары туралы тҥсініктерді қалыптастыру: жел, жаңбыр, тҧман; 
табиғаттың маусымдық ӛзгерістеріндегі себеп-салдарлық байланыстарды 
анықтауға ҥйрету; табиғат бҧрышындағы бӛлме ӛсімдіктері мен жануарларға 
кҥтім жасау ережелерімен және ӛсімдіктердің ӛсуі мен дамуы ҥшін қажетті 
жағдайлармен таныстыру. 
5 жастағы балалар кіші жастағы балалардан физикалық және 
психикалық мҥмкіндіктерімен ерекшеленеді: олар сенімділік танытады, 
дербестіктің бастапқы дағдыларын меңгереді, зейіндері неғҧрлым 
тҧрақтанады, қабылдауы мен ойлау қабілеттері неғҧрлым дамиды, ересектің 
сӛзін тҥсінеді және қайталайды. 
Ересек топта табиғат бҧрышына ӛсімдіктердің 6-8 тҥрін орналастыруға 
болады: традесканцияның 2 тҥрі, хлорофитум, сеткреазия, витис (бӛлме
жҥзімі), шырмауық, папоротник,
 
теңбілгҥл
, амиллис.
Табиғат 
бҧрышындағы 
балалардың 
әрекеті 
табиғат 
туралы 
практикалық дағдылар мен қажетті тҥсініктерді қалыптастыруға ықпал етеді 
және біртіндеп балалардың дербес әрекетіне айналады. 
Балалардың бақылау объектілері: аквариумдегі балықтар, тордағы 
сәндік қҧс, теңіз шошқасы, шырша, гҥлдер, ауладағы алғашқы кӛктем гҥлдері 
және т.б. болуы мҥмкін. Алған білімді бекіту ҥшін сенсорлық негізде 
балалардың табиғаттағы қауіпсіз мінез-қҧлық ережелері мен объектілер 
туралы нақты тҥсініктерін қалыптастыруға мҥмкіндік беретін 4-6 бақылау 
жҥргізу қажет. 
Табиғат бҧрышында балалар мен тәрбиешінің бірлескен әрекеті 
балалардың адамгершілік қасиеттерін дамытуға ықпал етеді, олар табиғат 
бҧрышын мекендеушілерге кҥтім жасау дағдыларын игереді. Осы жас 
тобындағы балалар суреттердің кӛмегімен бҧл ӛзгерістерді кҥнтізбеде 
белгілейді. Мысалы, «терезе алдындағы бау-бақша» жобасы, шыны 
ыдыстарда пиязды ӛсіру (әртҥрлі жағдайларда), оларды апта сайын бақылау 
және кҥнтізбеде белгілеу. Бҧл балалардың байқағыштығын, ӛсіп келе жатқан 
ӛсімдіктердің ӛзгеруін байқай білу, олардың ӛсуі ҥшін әртҥрлі жағдайлардың 
маңыздылығын тҥсіну қабілетін дамытады. 
Ҧйымдастырылған оқу қызметі барысында кӛркем шығармаларды 
қолдану ҧсынылады. Мысалы, жануарлар туралы әңгімелер, суреттері бар 
кітаптарды қарастыру. Қуыршақтарды пайдалану балаларды орманның 
экожҥйесімен, оның барлық мекендеушілерімен танысуын жеңілдетеді, ал 
дәрігер Айболиттің кӛмегімен балаларды денсаулықтың (ӛзінің және басқа 
тіршілік иелерінің) қҧндылығын тҥсінуге баулуға болады. 
Ересек топтың балалары квест ойындарына, әдеби кейіпкерлермен 
диалогтарға, ойыншықтармен ойнауға қуана қатысады. 


22 
Осы жас кезеңінің маңызды ерекшелігі-сюжетті-рӛлдік ойынның 
қалыптасуы, оған балалардың қызығушылық танытуы болып табылады. 
Сондықтан педагог сюжетті-рӛлдік ойынды экологиялық-педагогикалық 
жҧмыста жиі қолдануы керек, бҧл балалардың экологиялық мәдениет 
дағдыларын жақсы меңгеруін қамтамасыз етеді. 
Мектепалды даярлық тобында/сыныбында тәрбиеші балалардың тірі 
және ӛлі табиғат қҧбылыстары (тастар, су, жел, кҥн, жаңбыр) туралы 
білімдерін кеңейтуді жалғастырады, бӛлме ӛсімдіктерінің жаңа тҥрлерімен 
және оларға кҥтім жасау тәсілдерімен таныстырады. Балаларға бидайды 
қалай ӛсіретінін әңгімелеп береді, еңбек адамдарын қҧрметтеуге тәрбиелейді. 
Себеп-салдарлық байланыстарды орнату қабілетін жетілдіреді.Педагогтер 
тәрбиеленушілерге табиғат бҧрышын мекендеушілер, бӛлме ӛсімдіктері ҥшін 
жағдай жасауды бақылауға және қатысуға мҥмкіндік береді. Балалардың 
дербестігі 
артады, 
олармен 
табиғат 
бҧрышындағы 
кезекшілікті 
ҧйымдастыруға болады. 
Бақылау барысында балалар жануарлардың немен қоректенетіні, дене 
қҧрылысы туралы қарапайым мәліметтер алып қана қоймайды, сонымен 
бірге олардың тіршілік ету ортасымен байланысын, ортаға бейімделуін 
байқайды. 
Арнайы 
бақылаулар 
жануарлардың 
қимыл-қозғалысын, 
қоректенуін байқауға, олардың тіршілік әрекеті ҥшін қолайлы жағдайлар 
жасау керектігін тҥсінуге және оларға қамқорлық танытуға бағытталады. 
Мектепалды даярлық тобында балаларды бӛлме ӛсімдіктерінің 8-10 
тҥрімен таныстыруға болады: қазтамақ, фуксия, раушан (шегіргҥл, бегония, 
сансевьера), аспидистра, аспарагус, глексиния, саксифраж, хлорофитум, 
бриофиллум. 
Педагог терезе алдында, бақта (кӛкӛніс) және учаскеде (гҥл) ӛсетін 
ӛсімдіктерді бақылауды ҧйымдастыра алады.
 
Бақылау кезінде балалар 
ӛсімдіктердің тіршілік етуі оларға жасалатын жағдайлармен ӛзара 
байланысты ерекшеліктерді атай алады. Балалардың кӛздерін жеткізу ҥшін 
қарапайым тәжірибелер жҥргізу (мысалы, пияз ҥш тҥрлі жолмен ӛсіріледі: 
барлық жағдайлар болған кезде, қараңғыда, суықта) ҧсынылады. Педагог 
эстетикалық сипаттағы бақылау циклдарын қамтиды: онда балалар тек 
қолайлы жағдайлар жасалғанда ғана ӛсімдіктердің жайқалып, ӛсетінін 
байқауды ҥйренеді. 
Экологиялық дамуда пиктаграммалық-символдық ҥлгідегі кҥнтізбе 
маңызды рӛл атқарады. Балалар суреттермен кезеңге, маусымға тән 
ерекшеліктерді, 
белгілермен-пиктограммалармен 
– 
ауа 
– 
райы 
қҧбылыстарын, тҥстермен-аптаның кҥндерін бейнелеуді ҥйренуі тиіс. 
Жҧмыстың жаңа тҥрі: «Жасыл шырша» (желтоқсанның басынан бастап 
қаңтардың ортасына дейін), «Қоқысты тазартамыз», «Біз табиғатпен доспыз», 
«Қҧстар-біздің досымыз» және т. б. табиғатты қорғау акциялары болып 
табылады. 
Балаларды ынталандыру ҥшін әр баланың барлық игі істері 
ҧсынылатын «Игі істер панорамасы» панносын әзірлеу болып табылады, 
онда балалар ӛздерін және басқаларды (фотосуреттерді) паннодан кӛреді, 


23 
жақсы әрекеттің маңыздылығын тҥсіне бастайды, олар ӛзінің мінез-қҧлқын 
ересектердің немесе балалардың бағалауына немқҧрайлы қарамайды – бҧл 
тҧлғаның адамгершілік тҧрғыдан дамуын ынталандыратын адамгершілік 
сезімін қалыптастырудың бастамасы. Сонымен қатар, тәрбиешіге оқу жылы 
бойы балаларға тірі және ӛлі табиғат туралы әңгімелер мен ертегілерді оқып 
беру ҧсынылады: Ы. Алтынсариннің «Аурудан аяған кҥштірек», «Ӛрмекші, 
қҧмырсқа және қарлығаш», «Бір уыс мақта»; Ж. Кәрбозиннің «Алша»; М. 
Тӛрежановтың «Ӛмірдің қайнар кӛзі», «Бҧзау», «Қолғабыс», «Ақ лақ», 
«Бҧлбҧлдың ҥні»; Д. Досжановтың «Ардақ 

табыншының ҧлы»; Ӛ. 
Тҧрманжановтың «Ақ бота» шығармаларының маңызы зор. 
Тәрбиеленушілер тыңдалған ертегілер мен әңгімелерден алған 
әсерлерін суретке салады. Тәрбиеші салған суреттерді жинайды, балалардың 
әңгімелерін жинақтайды, содан кейін оны кітап қылып шығарады да, 
балалардың қолдануы ҥшін кітап бҧрышына қоюға болады. 
Осылайша, балалар табиғаттың сҧлулығын экологиялық тҧрғыдан 
тҥсіне бастайды. Қорытынды: мектепке дейінгі жаста бала қоршаған ортаны 
эмоционалды тҥрде қабылдайды, табиғатқа жанашырлық танытады және 
осыған сәйкес табиғатқа деген сҥйіспеншілікті дамыту қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет