ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БОЙЫНША
ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРМЕН ЖҦМЫС ЖҤРГІЗУ ӘДІСТЕРІ,
НЫСАНДАРЫ МЕН ҚҦРАЛДАРЫ
Экологиялық білім беру бойынша жҥргізілетін барлық жҧмыс
ҧйымдастырылған оқу қызметі процесінде және басқа да режимдік сәттерде
жҥзеге асырылуы тиіс. Балалардың ҦОҚ-де алған білімдері, біліктері мен
дағдылары кҥнделікті ӛмірде кеңейтіледі.
Тәрбиеші
ҥнемі
табиғаттағы
жаңа
қҧбылыстарды,
олардың
ерекшеліктерін кӛруге, әр тәрбиеленушінің дамып келе жатқан жеке
қасиеттерін байқауға және бағалауға мҥмкіндік беретін байқау қабілетіне ие
болуы керек.
Мектепке дейінгі ҧйымның педагогикалық процесінде оқытудың
әртҥрлі әдістері қолданылады: кӛрнекі, практикалық, сӛздік. Экологиялық
мәдениетті тәрбиелеуде осы әдістер кеңінен қолданылады.
Кӛрнекі әдістерге бақылау, кӛрсету, суреттерді қарау жатады. Кӛрнекі
қҧралдар (заттар, суреттер, бейнефильмдер, презентациялар, компьютерлік
бағдарламалар) балаға таныс және бейтаныс заттардың кӛрнекі бейнесін
береді. Суреттердің, сызбалардың кӛмегімен балаларда кӛрнекі бейнелер
қалыптасады. АКТ технологиялары оқыту қҧралы ретінде динамикалық
кӛрнекі бейнелерді жасау ҥшін қолданылады. Кӛрнекі әдістер зерттелетін
материалды балаларға қызықты, қол жетімді етуге мҥмкіндік береді. Кӛрнекі
материалдың кӛмегімен сабақ қызықты және нәтижелі болады. Кӛрнекі
материалды қолдану меңгерілген материалдың сапасын тексеруге мҥмкіндік
береді, тәрбиеленушілердің белсенділігін, шығармашылығын дамытуға
24
ықпал етеді, баланың ойлауын ынталандырады, табиғатқа деген
қызығушылығын тудырады.
Экологиялық тәрбиенің негізгі нысандарының бірі-бақылау. Бақылау –
бҧл тәрбиеші арнайы ҧйымдастырған табиғатпен таныстырудың негізгі
тәсілі, балалардың табиғат объектілері мен қҧбылыстарын мақсатты тҥрде
қабылдауы.
Мектеп жасына дейінгі балалармен бақылау жүргізуге қойылатын
талаптар:
1. Бақылаудың мақсаты мен міндеттері нақты қойылуы тиіс. Сонымен
қатар, балалардың ойлау белсенділігін дамытуды ынталандыру ҥшін
міндеттер танымдық сипатта болуы керек.
2. Әр бақылау ҥшін шағын ақпарат таңдау керек. Табиғат нысандары
мен қҧбылыстары туралы тҥсініктер біртіндеп, бірнеше бақылау
жҥргізілгеннен кейін қалыптасады. Әр бақылау алынған тҥсініктерді
нақтылауы, бекітуі және кеңейтуі керек.
3. Бақылауды ҧйымдастыру жҥйесін, олардың ӛзара байланысы туралы
ойластыру керек, бҧл балалардың бақылайтын процестер мен қҧбылыстар
туралы хабардар болуын қамтамасыз етеді.
4. Объектілерді, табиғи заттарды бақылау нәтижесінде балалардың
алған білімдері олармен экологиялық жҧмыстың басқа әдістерін (сӛздік және
практикалық) қолдану арқылы нығайтылуы тиіс. Мақсатқа табысты қол
жеткізу ҥшін тәрбиеші балалардың белсенді қабылдауын ҧйымдастыратын
арнайы әдістерді ойластырады және қолданады: сҧрақтар қою, объектілерді
тексеру, салыстыру, жеке объектілер мен табиғат қҧбылыстары арасында
байланыс орнату ҧсынылады.
Табиғатпен танысуда байқауды жҥйелі қолдану балаларды мҧқият
қарауға, бақылайтын заттың ерекшеліктерін байқауға ҥйретеді және ақыл-ой
тәрбиесінің маңызды міндеттерінің бірін шешуге, яғни байқағыштықты
дамытуға септігін тигізеді.
Модельдеу
Модельдеу тәрбиеші мен балалардың модель қҧрудағы бірлескен
әрекеті ретінде қарастырылады. Мақсаты: балалардың табиғат объектілерінің
ерекшеліктері, олардың қҧрылымы, олардың арасындағы байланыстар мен
қатынастар туралы білімді табысты меңгеруді қамтамасыз ету. Ол шынайы
нысандарды заттармен, сызба суреттермен, белгілермен алмастыру
қағидасына негізделген.
Қарапайым тәжірибелер және эксперимент жүргізуу
Балалардың табиғат туралы алған білімдері тҥсінікті болуы ҥшін
мектепке дейінгі ҧйымда балалар қарапайым тәжірибелер жасауы мҥмкін.
Тәжірибелерге, зерттеулерге арналған жабдықтар қауіпсіз болуы тиіс.
Тәжірибелер балалардың табиғатқа деген танымдық қызығушылығын
қалыптастыруға, байқағыштығы мен ақыл-ой белсенділігін дамытуға ықпал
етеді. Әр тәжірибеде бақыланған қҧбылыстың себебі ашылады, балалар
пайымдаулар, тҧжырымдар жасайды. Олардың табиғат объектілерінің
қасиеттері (қардың, судың, ӛсімдіктердің қасиеттері, олардың ӛзгеруі
25
туралы) туралы білімдері нақтыланады. Тәжірибелер балалардың себеп-
салдарлық байланыстарды білуінде ҥлкен маңызға ие.
Тәжірибелерді кӛбінесе мектепке дейінгі ересек жаста жҥргізу
ҧсынылады. Тәжірибе ҥнемі балалардың бақылау және еңбек процесінде
алған тҥсініктері негізінде қҧрылуы керек. Тәжірибе жасай отырып, тәрбиеші
ӛсімдіктер мен жануарларға зиян келтірмеуі тиіс.
Табиғат бұрышы
Балабақшадағы табиғат бҧрышының тҧрақты мекендеушілері – бӛлме
ӛсімдіктері. Табиғат бҧрышын жабдықтау кезінде тәрбиеші мынадай
талаптарды ескеруі тиіс:
- табиғат бҧрышы жарқын және ашық тҥсті болуы;
- сӛрелер міндетті тҥрде бекітілуі;
- әр жас тобында табиғат кҥнтізбесі болуы;
- ӛсімдіктер баланың кӛз деңгейінде орналасуы;
- ӛсімдіктер мҥлдем қауіпсіз болуы керек;
-аквариумдарды,
жануарларды,
қҧстарды
топ
бӛлмелеріне
орналастыруға жол берілмеуі қажет, мҧнда тек ӛсімдіктер орналастырылады.
Сауықтырушылық маңызы: ӛсімдіктер бӛлменің ауасын тазартады,
ауаны ылғалдандырады және оны оттегімен байытады, дәрілік ӛсімдіктер
дәрілік мақсаттарға қолданылады.
Тәрбиелік
маңызы:
адамгершілік
қасиеттер
мен
табиғатқа
эмоционалды-оң кӛзқарас қалыптасады (ҧқыпты қарым-қатынас, тіршілік
иелеріне қамқорлық, еңбекке деген қҧрмет, патриотизм сезімі, табиғатқа
деген сҥйіспеншілік).
Сӛздік әдістер - әңгімелесулер, табиғат туралы кӛркем шығармалар
оқу, сипаттау, тҥсіндіру, дербес зерделеу. Сӛздік ойындар зейінді дамытуға
және байланыстырып сӛйлеуге бағытталуы тиіс.
Тәрбиешінің табиғат заттары мен құбылыстары туралы әңгімелеуі
Ҧйымдастырылған оқу қызметінде, экскурсиялар мен серуендерде,
балалармен кҥнделікті қарым-қатынаста тәрбиеші балаларға жаңа, беймәлім
мәліметтер туралы хабарлау ҥшін қолданылатын табиғат туралы әңгімелерді
қолдануына болады. Әңгіме – тәрбиешінің шығармашылық кӛркемдік
әрекетінің бір тҥрі, ол табиғат туралы белгілі бір білімді, байқағыштықты,
табиғат қҧбылыстарын салыстыра білуді, оларды ойластыруды талап етеді.
Әңгімелесу кезінде сӛйлеудің мәнерлілігі де маңызды болып табылады.
Әңгіме қҧрастырған кезде тәрбиеші балаларға таныс сӛздерді ғана емес,
сонымен бірге олардың сӛздік қорын байытатын жаңа сӛздерді де енгізуі
тиіс.
Әңгіме
иллюстрациялар,
фотосуреттер,
слайдтар
кӛрсетумен
сҥйемелденуі қажет. Бҧл балаларға оның мағынасын тҥсінуге кӛмектеседі.
Табиғат туралы көркем әдебиет қолдану
Балаларға кӛркем шығарма оқу олардың білімін байытуға,
айналасындағы әлемге тереңірек ҥңілуге, кӛптеген сҧрақтарға жауап іздеуге
кӛмектеседі.
26
Табиғат туралы кӛркем әдебиет оқу балалардың сезіміне терең әсер
етеді. Олардың мазмҧнымен таныса отырып, балалар оқиғалардың барысын
бастан кешіреді, қиялдағы жағдайға беріледі. Бҧл этикалық тҥсініктерді
қалыптастыруға кӛмектеседі: табиғатқа деген сҥйіспеншілік пен қамқорлық.
Кӛркем шығармаларды оқығаннан кейін бір немесе бірнеше оқылған кітаптар
туралы әңгімелесу ҧйымдастыруға болады.
Әңгімелесу балаларды табиғатпен таныстыру әдісі
Тәрбиешілер әңгімені әртҥрлі дидактикалық мақсаттарда:
- алдағы әрекетке қызығушылықты ояту ҥшін (байқау, экскурсия
алдында);
- балалардың табиғат туралы білімдерін нақтылау, кеңейту, бекіту
және жҥйелеу ҥшін, табиғатқа деген оң кӛзқарасын қалыптастыру ҥшін
қолданады.
Табиғат туралы әңгімелер мынадай тҥрлерге бӛлінеді: кіріспе,
эвристикалық және қорытынды.
Кіріспе әңгіме
тәрбиешіге балалардың зейінін шоғырландыруға,
алдағы әрекетке қызығушылық тудыруға, балалардың алған білімдері мен
алдағы экскурсия, бақылау және т. б. арасында байланыс орнату ҥшін бар
тәжірибені қолдануға кӛмектеседі.
Эвристикалық
әңгіме
пайымдау
арқылы
әртҥрлі
табиғат
қҧбылыстарының себептерін анықтауды қамтиды. Мҧндай әңгіме
балалардың бақылау процесінде алған білімдері негізінде қҧрылады. Ол
табиғаттағы ӛзара байланыстар туралы білімді тереңдетуге, балалардың
танымдық міндеттерді дербес шешуіне бағытталады.
Қорытынды әңгіме
бақылау, ойындар, кӛркем шығармаларды оқу,
еңбек процесінде балалардың табиғат туралы алған білімдерін жалпылау
және жҥйелеу ҥшін қолданылады.
Қорытынды әңгімені ортаңғы топтан
бастап тәрбиеші ҧйымдастырады. Бҧл балаларда табиғат туралы
тҥсініктердің жинақталуына қарай және егер бҧл тҥсініктерді барлық балалар
игерген жағдайда ғана жҥргізу ҧсынылады
Достарыңызбен бөлісу: |