18
БАЛАЛАРДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МӘДЕНИЕТ НЕГІЗДЕРІНЕ
ТӘРБИЕЛЕУ
Мектеп жасына дейінгі балаларға экологиялық
білім беру міндеттерін
шешу педагогтің тікелей қатысуымен жҥзеге асырылады. Ол балаларға білім
беру, табиғат әлемі және экологиялық мәдениеттің қҧндылықтары туралы
ақпарат беру процесін қамтамасыз етуге кӛмектесуі тиіс.
Тәрбиеленушілерде осындай кӛзқарасты қалыптастыру мектепке
дейінгі білім беру жҥйесі педагогтерінің тиісті дайындығынсыз мҥмкін емес.
Педагог қызметінің табыстылығы (Т. В. Потаповтың пікірінше) мына
сапаларды анықтайды:
1)
экологиялық мәселелер мен олардың себептерін тҥсіну, қалыптасқан
жағдайға азаматтық жауапкершілікті сезіну, оны ӛзгертуге деген ҧмтылыс
пен тиімді дайындық;
2)
кәсібилік және педагогикалық шеберлік:
экологиялық тәрбие
әдістемесін меңгеру, экологиялық тәрбиенің мақсаттары мен міндеттерін
тҥсіну, балалармен жҧмыс тәжірибесінде нақты технологияны жҥйелі тҥрде
іске асыру, оны жетілдірудегі шығармашылық ізденіс;
3)
тәрбиенің гуманистік моделін жалпы бағдарлау және енгізу: балалар
балабақшада болған кезде қолайлы жағдай жасау, физикалық және
психикалық
денсаулығына қамқорлық жасау, жеке тҧлғаға бағытталған
тәрбие әдістерін қолдану, балалармен және отбасымен жеке жҧмыс жҥргізу.
Табиғатпен ӛзара әрекет тәрбиеленушінің ҧқыпты қарым-қатынасын
қалыптастыруға ықпал етуі ҥшін педагог не істеуі қажет?
1)
педагогтің ӛзі
экологиялық мәдениетті, табиғатпен ӛзара әрекет
етудің ҥлгісін кӛрсетуі керек, оған немқҧрайлылық танытпай, балалардың кӛз
алдында болып жатқан барлық әрекеттердің маңыздылығын кӛрсетуі тиіс.
2) баланы жанашырлық танытуға ҥйрету. Ол ҥшін балалардың алдында
табиғатқа деген эмоционалды оң қарым-қатынастың ҥлгісі болуы керек.
Мысалы, балаларға табиғат туралы ӛлең оқып беруге болады.
Табиғатты қорғау ҥшін бәріміз,
Кҥресейік, бір - бір ағаш егейік.
Текке отырмай бәріміз,
Таза ауа ҥшін терімізді тӛгейік.
Сҥйейік табиғатты аялайық,
Біз одан жақсылықты аямайық.
Жайқалған табиғаттың аясында,
Жадырап бәріміз дем алайық!
Бала табиғат аясында болғанда қайшылықтарға жиі кезігеді. Бір
жағынан, олар ӛсімдіктер мен жануарларға қызығушылықпен қарайды,
оларға
қамқорлық жасауға тырысады, екінші жағынан қатыгездік пен
немқҧрайлылық танытады.
Мысалы, бала ҧядан қҧлап қалған балапанды
қҧтқаруға тырысып, оны қолына алады, кӛп жағдайда балапан ӛліп
қалады
немесе балалар жәндіктердің қанаттарын жҧлып, жауын қҧрттарын ӛлтіріп,
қатыгездік танытады.
19
Балалардың кӛпшілігі ӛсімдіктерді тірі деп санамайды. Оларға
ӛзбетінше ӛсімдіктердің тіршілігін кӛру және олар да басқа тіршілік иелері
секілді тыныс алатынын, қоректенетінін, қозғалатынын, кӛбейетінін тҥсіну
қиын болып келеді.
Неліктен бҧл жағдай орын алады? Бҧл,
ең алдымен, балалардың
табиғат объектілерімен ӛзара әрекет ету ережелерін білмеуіне байланысты.
Егер ересек бҧған назар аудармаса, балалар табиғат нысандарын әдемі
және ҧнамсыз, қажет және қажет емес деп бӛлуге дағдыланады. Нәтижесінде
бала оң тәжірибені жинақтаудың орнына жағымсыз, объектілерге
немқҧрайлы қарау тәжірибесін меңгереді.
Педагог танымдық материалды дҧрыс таңдауы, оның мазмҧнын жақсы
жеткізе алатын әдістер мен тәсілдерді ойластыруы керек.
Әдістерді таңдау
және оларды кешенді қолдану қажеттілігі балалардың жас және жеке
ерекшеліктерімен анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: