Методические рекомендации по использованию цор


  Жаратылыстану-математика  бағытындағы  пәндерді  оқыту  үдерісінде



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата30.01.2017
өлшемі1,81 Mb.
#3010
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4



Жаратылыстану-математика  бағытындағы  пәндерді  оқыту  үдерісінде 

сбр-ды қолдану бойынша әдістемелік ұсынымдар  

 

Жаратылыстану-математика  бағытындағы  пәндерді  оқыту  мақсатында 

ЭОЖ  жобасы  аясында  республикада  Whizz Education  (Ұлыбритания),  «Young 

Digital Planet

» (Польша), SIVECO (Румыния) және «Bilim Media Group» ЖШС 

(Қазахстан)  компанияларының  қатысуымен  Ақпараттандырудың  ұлттық 

орталығы  (Қазақстан)  өңдеген  сандық  білім  беру  контенті  құрылған.  Е-

кітапханаға  жаратылыстану-математика  бағыттағы  пәндер  бойынша 7149  СБР 

өңделіп орналастырылған.  

СБР  мазмұны  толығымен  Мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  беру 

стандарты мен оқу-тәрбиелік міндеттерге сәйкес келеді.  

СБР  деген  пән  бойынша  типтік  оқу  бағдарламасына  сәйкес  нақты  оқу 

тақырыбына  арналған  дидактикалық  материалдарды  білдіреді.  Оларға 

мультимедиалық  түсіндірмелер  элементтері, интерактивті  тапсырмалар,  тестік 

сұрақтар енеді.  

СБР-дегі  оқу  материалының  мазмұны  мәтіндер,  анимациялық  мәтіндер, 

фотосуреттер, суреттер, иллюстрациялар, анимациялар, бейнероликтер арқылы 

берілуі  мүмкін.  Меңзерді  жүгірту  арқылы  мәтін  өзгерген  кезде  СБР-дегі 

мәтіндер  статикалық  және  анимациялық  болуы  мүмкін.  СБР-дің  әр  беті  өз 

мазмұнға  ие  –  мәтін,  видео  немесе  анимациялар.  Анимациялар  мен 

бейнероликтер 

анимацияның 

немесе 


видеоның 

уақытын 


көруге, 

демонстрацияны  тоқтатып  және  оны  қайтадан  қосуға  мүмкіндік  беретін 

стандартты басқару үстеліне ие.  

 

Оқушылар  бойында  жаратылыстану-математикалық  бағыттағы  пәндер 



бойынша  дағды  мен  іскерлікті,  түрлі  саладағы  қалыпты  емес  жағдаяттарды, 

проблемаларды,  міндеттерді  шешу  дайындықтарын  қалыптастыруда 

интерактивті  тапсырмалардың  маңызы  зор.  Әдеттегідей,  олар  СБР-дің  әр 

бетінде бар, терезенің оң жағында орналасқан немесе толық терезені қамтиды 

және бірнеше типте болуы мүмкін:  

• 

сәйкестікті  орнатуға  арналған  (берілген  элементтердің  желімен 



байланысы, берілген кестеге қандай да бір пайымдауларды үлестіру);  

• 

түрлі  типтегі  физикалық  тапсырмаларды  шешуге  арналған  (дәптерде 



есептеу жүргізіледі, кейін жауап СБР тапсырмасына енгізіледі);  

• 

тапсырмалар мен мысалдарды шешуге арналған (осындай тапсырманың 



әр  қайсысы  нақты  математикалық  іскерлікті  жаттығуға  арналған  тренажер 

ретінде болады. СБР-дің экранда кездейсоқ таңдау әдісі арқылы пайда болатын 

кең  ауқымды  мысалдар  базасына  ие  болуы  маңызды  ерекшелік  болып 

табылады);  

• 

ұсынылған  жауаптардың  ішінен  дұрыс  жауапты  таңдауға  арналған  (бір 



дұрыс жауапты таңдау);  

• 

сөйлемдерді  толықтыруға  арналған  (тізімдегі  ұсынылған  сөздерден 



біреуін таңдау);  

16 


• 

физикалық  формулаларды  құрастыруға  арналған  (физикалық 

формулаларды құрастыру үшін белгілерді дұрыс қою);  

• 

сөзжұмбақтар  мен  т.б.  шешуге  арналған  (сөзжұмбақ  торларын  дұрыс 



толтыру);  

• 

ынталандырушылар  (3D-графиканы  қолданып,  шынайы  заттармен 



виртуалды  жұмыстың  жаңғыртылуы,  қандай  да  бір  виртуалдық  тәжірибенің 

орындалуы).  

 

СБР-дің 


барлық 

тапсырмалары 

интерактивті 

болғандықтан, 

пайдаланушының кез келген әрекетіне жүйе сәйкес әрекетті орындайды немесе 

хабарламаларды  шығарады.  Біріншіден,  тапсырмаларды  орындаған  кезде 

оқушының  бұрыс  әрекетін  бағдарлама  қабылдамайтын  тәсіл  қолданылады. 

Сөйтіп,  оқушы  өзі  ойлау,  қателесу  арқылы  бір  дұрыс  жауапты  табуы  керек. 

Тапсырмаларды  батырмалар  арқылы  басқаша  тексеруге  болады:  тексеру, 

тапсырманы қайтадан орындау, кері байланыс/ ұсыныс немесе тексеріс, тастау, 

қате  талпыныстар  саны.  Кері  реакцияның  тағы  бір  формасы  түстермен 

ерекшелеу  болып  табылады:  дұрыс  жауаптар  жасыл  түспен  ерекшеленеді,  ал 

қатесі  –  қызыл  түспен  немесе  дұрыс  орындалған  тапсырмаларға  дұрыс 

орындалған  тапсырма  туралы  ауызша  немесе  жазбаша  түсіндірмелер  беріледі 

(«Жарайсың»)  және/немесе  тапсырма  шарты  мен  жауаптың  қасында  жасыл 

қанат белгісімен және т.б. белгіленеді.  

 

СБР материалдарын оқығаннан кейін тестілеуге көшуге болады.  



Әр  тестте  10-15  сұрақ.  Тестілеу  жабық  түрде  өтеді:  әр  сұраққа  бес  түрлі 

жауап ұсынылады. Тышқан арқылы бір дұрыс жауапты таңдау керек. Терезенің 

төменгі  жағында  тест  бойынша  навигацияға  арналған  панель  орналасқан.  Бұл 

панельде «Әрі қарай», «Сұрақтар» батырмалары және жауаптардың есептегіші, 

оқушылар  туралы  деректер  бар.  Оқушы  барлық  сұрақтарға  жауап  бергеннен 

кейін  тестілеудің  аяқталуы  деген  терезе  пайда  болады.  Тестілеу  аяқталғаннан 

кейін нәтижелері бар кесте пайда болады.  

Өзін-өзі тексеру үшін оқушы жауаптарын дұрыс жауаптармен салыстыруға 

мүмкіндік  беріледі.  «Жауаптарды  салыстыру»  батырмасын  басу  арқылы 

жауаптар  нұсқасы  бар  тестік  сұрақтарды  тағы  қарап  шығуға  болады:  жасыл 

түспен  дұрыс  жауап белгіленген,  ал оқушының  таңдаған жауабы  сары  түспен 

белгіленген.  

Жаратылыстану-математика бағыттағы пәндер бойынша СБР әдіснамалық 

тәсілдерінің  жаңалығы  оқушының  максималды  белсенділігінде.



 

Дәстүрлі 

түсіндірме  –  иллюстрациялық  оқытудың  жеке-іс-әрекеттік,  проблемалық 

оқытуға  ауысу  үдерісі  жүзеге  асуда.  Бақылау,  факттерді  талдау  барысында 

оқушылар  ұғымдарды,  заңдылықты,  ережелерді  таниды.  Интерактивті 

тапсырмалармен жұмыс істеген кезде психологиялық жайлылықтың болуы өте 

маңызды:  балаға  тапсырманы  міндетті  түрде  дұрыс  орындау  талабы 

қойылмайды.  Сонымен  қатар,  оған  дайын  жауабы  бар  кілттері  берілмейді, 

оқушыны дұрыс жауапқа итермелейтін икемді көмек беру жүйесі беріледі. Тек 

үш  қате  жауап  бергеннен  кейін  ғана  түсіндірмелермен  бірге  дұрыс  жауап 

17 


беріледі. Математикалық іскерлік пен дағдыны игеру үшін СБР-де виртуалдық 

тренажерлер  бар,  сонымен  бірге  әр  әрекетке  8-10  түрлі  нұсқалар  беріледі. 

Осындай  жүйелі игеру  сәтті  және  жемісті  еңбектің өте  сенімді  құралы болып 

табылады,  қалыптасып  жатқан  дағдыны  автоматизмге  дейін  жеткізуге 

мүмкіндік  береді.  Оқушылар  алған  білімдерін,  іскерлігі  мен  дағдыларын 

шынайы  қолдана  алады.  Сонымен  бірге,  СБР  құндылығы  оның  артық 

ақпаратпен  қамтылмауында:  оқушы  алдында  нақты  дидактикалық  мақсат 

қойылады.  Егер  бала  тапсырманы  соңына  дейін  орындаса,  бала  бойында 

қажетті  дағды  қалыптасқанына  сенімді  болуға  болады.  Маңызды 

педагогикалық  заңдылық  жүзеге  асырылады:  оқушылар  тек  өздері  пәндерді, 

үдерістер  мен  құбылыстарды  зерттегенде,  қажетті  өлшемдерді  орындағанда, 

тәуелділік  пен  заңдалықтарды  орнатқан  кезде  ғана,  оқу-танымдық  іс-әрекет 

шынайы  тиімді  болып  келеді,  белсенді  танымдық  үдеріс,  оқытудың  оқу  және 

тәрбие функциялары жүзеге асады. СБР осындай әрекеті оқушылар ойлауының 

дамуына,  ойлау  және  тәжірибелік  әрекеттің  интеграциясына,  оқушылардың 

эксперименттік  зерттеу  әдісін  меңгеруіне  бағытталған  (нәтижелерді  бақылау, 

өлшеу және ресімдеу дағдысы, өз әрекетін жоспарлау). СБР арқылы оқушылар 

бойында  танымдық  қызығушылықтар,  оқуға  деген  саналы  қарым-қатынас 

қалыптасады.  

 

Осылайша,  жаратылыстану-математика  бағыттағы  пәндер  бойынша  СБР 



қолдану  кезіндегі  жүзеге  асатын  ақпараттық-білім  беру  саласының  ерекше 

белгілері:  

– 

сабақ  бойы  әр  оқушының  мақсатты  бағытталған  оқу  әрекетін 



ұйымдастыру;  

– 

оқыту оъектісі рөлінен оқытудың белсенді қатысушы рөліне ауысуы;  



– 

тәжірибелер мен эксперименттерді қауіпсіз өткізу;  

– 

мұғалімді негізгі дереккөз рөлінен оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылау 



мен түзетуді іске асыратын жеке кеңес беруші рөліне ауысуы, яғни ақпараттық 

міндеттен консультациялық-үйлестіруші міндетіне ауысуы. Педагог әрекетінің 

өзгерісі  нәтижесінде  сабаққа  деген  дайындық  та  өзгереді:  енді  мұғалім  жаңа 

тақырыпты  түсіндірудің  тиімді  тәсілін  іздемей,  оқушы  әрекетін  басқарудың 

жаңа тәсілін іздейді.  

Сонымен 


қатар 

Ақпараттандырудың 

ұлттық 

орталығы 



СБР 

пайдаланушыларына  арналған  әр  сынып  және  пән  бойынша  пайдаланушы 

ұсынымдары,  ақпараттық  электрондық  оқыту  жүйесінің  электрондық 

кітапханасындағы 

қажетті 

ресурстарды 

іздеу, 

мультимедиалық 



түсіндірмелермен, интерактивті тапсырмалар мен тесттермен жұмыс, сонымен 

қатар көрсетілген әр сыныпқа арналған математика пәні бойынша сандық білім 

беру 

ресурстары 



ұсынылған 

басшылықты 

өңдеді. 

Ұсыныстар 



http://nci.kz/ru/content/rukovodstva-polzovateley-cifrovyh-obrazovatelnyh-resursov-

dlya-shkol-na-kazahskom-i-russkom 

ресурсында қолжетімді болып келеді.  

Пәнді  оқытудың  (немесе  сабақ  тақырыбының)  негізгі  мақсаттары  мен 

міндеттерін  айқын  анықтау,  СБР  қолдана  отырып,  оқытудың  жоғары 

тиімділігінің  мүмкіндігін  қамтамасыз  ететін  маңызды  шарт  болып  табылады. 

18 


Мысалы, геометрияны оқыту келесі мақсаттарға бағытталады:  

 



оқушылардың  математикалық  білім,  іскерлік  пен  дағды  жүйесін 

меңгеруі;  

 

оқушылардың  болмысты  танудың  математикалық  әдісін  меңгеруі, 



тәжірибелік  тапсырмаларды  шешу  кезінде  өз  білімін  қолдана  білу; 

математикалық интуицияның, логикалық ойлауының дамуы;  

 

оқушылардың кеңістік ұғымдарын мен кеңістік қиялын дамыту;  



 

батылдық,  мақсаттылық,  дербестік,  жауапкершілік,  сын  тұрғысынан 



ойлау сияқты қасиеттерді дамыту;  

 



оқушылардың танымдық қызығушылықтарын және байқағыштық, елес, 

ес, ойлау, математикалық тілді меңгеру сияқты қабілеттерін дамыту;  

 

 



метапәндік жан-жақты оқу әрекеттерін қалыптастыру және дамыту (оқу 

іскерлігі), маңызды заттарды белгілеу, абстракты ойлау, талдау іскерлігі.  

 

Осыған байланысты ұсынылады:  





Логикалық ойлауды дамыту үшін.Теоремаларды дәлелдеу және анықтау 

кезінде СБР-і интерактивті компонентпен бірге қолдануға болады. Осылайша, 

оқушылар  сызуды  ауыстырып,  сәйкес  қасиеттер  тұрақты  екеніне  көздерін 

жеткізеді. Бұл оқушыларға сәйкес пайымдаудың болмысын жақсырақ түсінуге 

мүмкіндік береді.  

Анимациялық дәлелдер тым көрнекі болып келеді, сонымен қатар оларда 

өте маңызды сәттерге көңіл бөлінеді. Бұл сабақ уақытын үнемдеуге мүмкіндік 

беріп, сабақты қызықты етіп көрсетеді.  

Көптеген  өзекті  тапсырмалар  автоматты  түрде  тексерісі  бар  интерактивті 

модульдер  ретінде  орындалды.  Осыдан  оларды  сабақ  үстінде,  сонымен  қатар 

бақылау және өздік жұмыстарын құрастыру кезінде қолдануға болады.  



Кеңістік  формаларды  зерттеу  және  кеңістік  қиялды  дамыту  үшін. 

Геометриялық,  кеңістік  қиял  кейбір  балаларға  тән,  бірақ  ондай  балалар  көп 

емес.  Көптеген  оқушыларға  стандарттық  стереометриялық  кескіндемелерді 

елестету  және  бейнелеу  іскерліктерін  дамыту  үшін  көмек  көрсету  қажет; 

оларды геометриялық елеске үйрету керек. Анимациялық модельдер түріндегі 

СБР-ң кең шоғыры мұғалімге сабақ үстінде үш өлшемді фигураларды ұсынуға, 

олардың  қиылысуын  және  т.б.,  денені  айналдыруды  орындауға  немесе 

айналдыру  бойынша  фигураны  құрастыруға  мүмкіндік  береді.  Ақпараттық 

объекттер интерактивтілік бойынша ажыратылады.  

Интерактивті  өзара  әрекет  әдісі  дегеніміз  пайдаланушы  құралдарды 

басқару  арқылы  екі  жақты  байланысты  алуға  мүмкіндік  алады.  Интерактивті 

әдістердің  мәндік  ерекшелігі,  сипаттамасы  –  бұл  субъектілердің  өзара 

әрекеттестігінің  бір  бағыттағы  белсенділігінің  жоғарылығы,  қатысушылардың 

өзара  әрекеттестігі,  эмоционалдық,  рухани  бірігуі.  Үш  өлшемді  модель  - 

объекттің  үш  өлшемді  бейнесі  мен  пайдаланушыға  кеңістіктегі  берілген 

объекттің орнын өзгертуге мүмкіндік беретін құралдарды басқару жиынтығын 

ұсынатын ақпараттық объекттің типі.  

 

19 


Оқушылардың  кеңістік  қиялдарын  дамыту  үшін  келесі  тиімді  тәсілдер 

пайдаланылады: фигураларды көрсету, геометриялық фигуралардың орнын бір-

бірімен  салыстыру,  модельдеу,  фигуралардың  сауатты  түрде  бейнеленуі, 

сызбаны оқу. Бұл тәсілдер жүйелі әрі кешенді түрде қолданылған кезде жақсы 

нәтиже береді.  

Оқушылардың  кеңістік  қиялдарын  қалыптастыруда  интерактивті 

тапсырмалар мен үш өлшемді модельдер ерекше рөл атқарады.  

Берілген  объекттерді  сабақтың  кез  келген кезеңінде  қолданып, оқушылар 

тек көлемді объекттің (үш өлшемді) кеңістік құрылымын зерттеп қана қоймай, 

сонымен қатар объекттің бейне режимін өзгерте алады.  

Бірінші кезеңде геометриялық тапсырманы орындау – бұл оны кеңістікте 

елестету,  екінші  кезеңде  –  жазықтықта  жазық  немес  кеңістік  фигураның 

оңтайлы  бейнесі.  Неғұрлым  екі  кезеңдегі  тапсырмалар  дұрыс  орындалса, 

соғұрлым барлық тапсырма дұрыс орындалады. Дұрыс сызбаны көрсету – оның 

шешімін бірден түсіндіру деген сөз, сонымен бірге кеңістік қиял, және жалпы 

сызбаны «көру» іскерлігі қалыптасады.  

Үш өлшемді моделімен жұмыс істеген кезде кез келген уақытта өз еркімен 

бейне  ракурсын  өзгертуге  болады.  Бұл  оның  басты  маңызды  белгісі  болып 

табылады. Әрине, осындай ортада жұмыс істеген кезде кеңістік қиял өте жақсы 

дамиды.  Кеңістікте  құрастыру  үшін  тапсырмаларды  жаңаша  қойып  шешуге 

мүмкіндік  туады,  сонымен  қатар  шығарудың  дұрыстығын  тексеру 

конструкцияға түрлі жақтардан қарау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.  

Бекіту  кезеңіндегі  кеңістік қиялды  дамытуда  иллюстрациялардың рөлі де 

маңызды болып келеді. Мысалы, күрделі кеңістік объекттердің көлемі ұғымын, 

көпжақтарды  анықтау,  қиылысу  түрлерін  бекіту  үшін  (дайын  сызбалар 

бойынша).  





Тәжірибелік  дағдыларды  баулу  үшін.  Стереометрия  курсын  зерттеу 

барысындағы нақты міндеттерді шешу - бұл мақсаттың өзі болып табылмайды. 

Негізгі  мақсат  ұсынылған  объектті  талдау  іскерлігін  қалыптастыру, 

бөлшекетерін, қасиеттерін көру болып табылады. Базалық деңгейде міндеттерді 

шешу  іскерлігі  –  кез  келген  деңгейдегі  геометрияны  меңгеру  үшін 

міндетті шарт.  

СБР-де  геометрия  және  стереометрия  бойынша  көптеген  ақпараттық 

нысандардың типтері енеді.  

Бұл  құрылымдық  дағдыны  дамытуға  байланысты  тренажерлер,  елестету, 

жағдаяттарды модельдеуді және т.б. қалыптастыруға мүмкіндік беретін дайын 

сызбалар,  анимациялары  бар  тапсырмаларға  арналған  иллюстрациялар 

берілген.  

Биология сабақтарында қандай СБР мен АКТ құралдарын қолданған жөн. 

Биология  сабағының  мақсаты  мен  міндеттерін  анықтау  қажет.  Биологиялық 

білімнің  негізгі  бұлағы  табиғи  объекттер  болып  қала  береді:  тірі  және 

фиксациялық, ал СБР сабақ үстінде көрсете алмайтын үдерістерді, биологиялық 

объекттерді  көрсететін  демонстарциялық  материалдың  қосымша  құралдары 

ретінде қолданылуы мүмкін.  

 

20 


Сондықтан,  биология  сабақтарында  жануарларды,  олардың  табиғи 

жағдайларын  СБР  құралдары  арқылы  көрсеткен  дұрыс.  Өйткені  осылайша 

жануар түрінің биогеоценологиялық және этологиялық критерияларына сәйкес 

дене құрылысының бейімделген ерекшеліктері түсінікті болып келеді. Сонымен 

қатар,  тірі  материяның  түрлі  деңгейдегі  құрылуын  көрсететін  үдерістер  мен 

құбылыстарды көрсеткен жөн.  

1) 

Бейнекөрініс  және  сандық  фотосуреттер  (натуралық  тәжірибенің 



бейнекөріністері, оқу, деректі, көркем және мультипликациялық фильмдердің 

үзінділері).  Басқа  әдістер  мен  әдістік  тәсілдермен  көрсете  алмайтын 

биологиялық  объекттерді,  үдерістерді,  құбылыстар  мен  эксперименттерді 

көрнекі түрде көрсететін бейне үзінділер. Кейбір объекттердің қолжетімсіз әрі 

уақыт пен кеңістікте шектеулі болып келетініне байланысты табиғатта әрдайым 

мүмкін бола бермейтін бірнеше есе көбейтілген жоғары деңгейдегі рұқсаты бар 

макрообъекттерді зерттеуге мүмкіндік беретін сандық фотосуреттер.  

2) 

Виртуалдық  модельдер:  Табиғатта  бақыланбайтын  демонстрациялық 



(

анимациялар),  биологиялық  құбылыстар.  Құбылыстардың  биологиялық 

модельдерін көрсете алатын манипулятивті (соның ішінде конструкторлар мен 



тренажерлер) құрылғылар.  

3) 


Дәрістер  мен  сабақтарды  өткізуге  болатын  аудиоақпарат  (бейнеге 

түсіндіру жүргізу, модельдер, фотосуреттер, аудиосюжеттер).  

4) 


Компьютерлік  тесттер  (оқу  іскерліктерін  өңдеу,  білім  сапасы  мен 

іскерліктің қалыптасу деңгейін бақылау үшін).  

 

Химия  қызықты  және  өте  күрделі  эксперименталдық  ғылым  болып 



табылады. Химиялық білімнің негізгі бағыты табиғи заттар мен материалдар, ал 

оқытудың арнайы әдісі химиялық эксперимент болып табылады.  

Сондықтан,  СБР-ды  қолдана  отырып  сабақты  жоспарлаған  кезде 

виртуалдық зертханалар арқылы модельдеуге болады.  

Виртуалдық  зертхана  оқушыларға  кез  келген  бұрыс  экспериментті 

қайталауға және оны толық зерттеуге мүмкіндік береді.  

Біздің  ойымызша,  виртуалдық  зертхана  дәстүрлі  зертханалардың 

тәжірибелеріне қарағанда әлдеқайда ерекше болып келеді.  

Түрлі  тапсырмалар  акцентті  білімді  меңгергеннен  құзыреттіліктерді 

қалыптастыруға  қарай  аударуға  мүмкіндік  береді.  10  сыныптарға  арналған 

химия  бойынша  СБР-де  бірнеше  типтегі  тапсырмалар  енгізілген:  сәйкестікті 

орнатуға  арналған;  сөйлемдерді  толықтыруға  арналған;  дұрыс  жауапты 

анықтауға арналған, ынталандырушы-тапсырмалар және т.б. Оқыту үдерісінің 

қарқындылығы  оқушылардың  барынша  әрекет  түрлеріне  (тапсырмалардың 

түрлі  типтері  арқылы)  қатысуы  арқылы  жүзеге  асады.  Осыдан  қолайлы 

атмосфера  пайда  болады:  СБР  өз  жауаптарын  қайталауға  және  түзетуге 

мүмкіндік беретіндіктен, оқушы бұрыс жауап беруге қорықпайды. Виртуалдық 

зертханада  химиялық  тәжірибелерді,  физикалық  үдерістерді,  биологиялық 

зерттеулерді  өткізу  арқылы  оқушылардың  барлығын  оқу  үдерісіне 

қатыстыруға болады.  

 

21 


Бұл  тек  білім  беру  тиімділігіне  ғана  емес,  сонымен  қатар  экономикалық 

тиімділікке ие болады, өйткені тәжірибелерді электрондық түрде өткізген кезде 

тәжірибеге  қажетті  дайындық  уақыты  үнемделеді.  Шынайы  тәжірибені  өткізу 

үдерісі  кезінде  пайда  болатын  жоспардан  тыс  жағдаяттар  жойылады.  СБР 

қолдану  арқылы  оқушы  химиялық,  физикалық,  биологиялық  үдерістерді 

жақыннан  көруге,  түрлі  заттардың  байланысу  реакцияларының  нәтижелерін 

және т.б. көруге мүмкіндік алады. Барлық оқушыларға тәжірибені өткізу және 

бақылау үдерісіне қатысу үшін жағдай жасалынады, егер оқушыға тәжірибені 

қайта  өткізу  қажет  болса,  тәжірибені  қайтадан  өткізуге  мүмкіндігі  бар.  Ал 

әдеттегі  жағдайда  тәжірибелерді  бірнеше  рет  өткізу  мүмкін  емес.  Сонымен 

қатар  әр  оқушы  дербес  компьютері  арқылы  химиялық  тәжірибелерді  үйде 

қайталай алады. Бұл, әрине, оқу материалын одан жақсы меңгеруге мүмкіндік 

береді.  

1.

 



Виртуалдық  зертханаларды  қолдана  отырып  эксперименттерді  өткізу 

әлдеқайда қауіпсіз болып келеді (химиялық реактивтер мен олардың әрекеттесу 

өнімдерімен  тікелей  байланыстың  болмауы,  бұл  соңғы  кездері  түрлі 

аллергиялық аурулары бар, түрлі иістерге сезгіш оқушылар санының көбеюіне 

байланысты).  

2. 


Оқушылар  химиялық  реактивтер  мен  жабдықтары  жоқ  шынайы 

зертханада өткізе алмайтын эксперименттерді орындай алады. Сонымен қатар 

СБР қолдану арқылы кез келген заттың (оның ішінде қауіпті улы заттардың ) 

қасиетін  виртуалды  түрде  зерттеп,  мектеп  зертханасында  тыйым  салынған 

реактивтерді талап ететін химиялық экспериментті көрсетуге болады.  

3. 


Көптеген зертханалық тәжірибелердің өткізілуі көп уақытты қажет етеді, 

ал СБР-ы қолдану арқылы бұл проблема бірден шешіледі.  

4. 

Көптеген  мектептердегі  проблемалардың  бірі  қолданылған  химиялық 



реактивтерді  жою  болып  табылады,  сондықтан  виртаулдық  зертхана  бұл 

проблеманы шешуге мүмкіндік береді.  

5. 

СБР әр оқушыға эксперименттік әрекетке енуге мүмкіндік береді.  



 

Виртуалдық  түрде  өткізілген  эксперименттер  дәстүрлі  әдіске  қарағанда, 

болып жатқан үдерісті толық зерттеуге мүмкіндік береді. СБР сабақтың барлық 

кезеңдерінде қолдануға болады:  

 

жаңа материалды түсіндіру кезеңінде;  



– 

материалды бекіту кезеңінде.  

Берілген  ресурстар  оқушыларға  органикалық  емес  және  органикалық 

заттардың молекулаларын модельдеу бойынша жұмыстарды өткізуге мүмкіндік 

береді.  

Виртуалдық  зертхана  мұғалімге  маңызды  химиялық  ұғымдарды 

қалыптастыруға,  атом,  молекула,  химиялық  байланыстардың  құрылысын 

түсінуге көмектеседі.  

Виртуалдық зертхана оқушыларды эксперимент жасауға және өзінің ашқан 

жаңалықтарынан қанағат алуға итермелейді.  

Биология, информатика, география бойынша СБР-де Pearson, Macmillan и 

студии  ВВС  баспаларының  материалдары,  сонымен  қатар  электрондық 

22 


стимуляторлар мен американдық әзірлеушілердің тренажерлері қолданылған.  

География  бойынша  СБР-де  физикалық  және  экономикалық  география 

бойынша  100  шақты  өзіндік  электрондық  карталар  енгізілген,  географиялық 

және табиғатты қорғау аймақтар бойынша бейнегидтер, сонымен қатар ірі елді 

мекендер  мен  мемлекеттің  көрікті  аймақтарына  бағытталған  бейнетурлар 

құрылған.  

 

 

 



23 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет