99
- жыпылықтайтын контентті болдырмаңыз.
Тақырыптары бар нақты құрылымды қамтамасыз етіңіз
Өз контентіңізді сипаттамалы тақырыптардан
басталатын бөліктерге
бөліңіз. Бұл барлық білім алушылар үшін навигацияны жеңілдетеді. Ұзын
құжатты бөлімдердің тақырыптарымен бөліңіз. Бұл ақпаратты қайта оқуды
жеңілдетеді және оқырмандар үшін тартымды ете түседі. Көптеген құралдарда
сіз мазмұнды бөлімдердің тақырыптарынан автоматты түрде жасай аласыз.
Мазмұндағы сілтемені таңдау негізінде білім алушылар құжаттың кез келген
жеріне өте алады. Бұл оларға көлемді құжатпен
жұмыс істегенде уақытта
үнемдеуге мүмкіндік береді.
Мазмұндағы тақырып арасындағы аралықтар білім алушыларға ақпараттың
қалай ұйымдастырылғанын көрсетеді. Әдетте веб-парақ немесе құжат бірінші
деңгейдегі бір тақырыптан,
кейін оның ішінде екінші, үшінші деңгейдегі
тақырыптардан құралады. Олардың орналасу тәртібі маңызды. Тақырыптар
деңгейлері қалып қоймауы тиіс (әр тақырып өз деңгейінде тұруы тиіс).
Тақырыптар дұрыс орналастырылған жағдайда
мазмұн оқырманға ненің
қамтылғаны жөнінде жалпы ақпарат бере алады.
Тақырыптардағы
навигация
экраннан
оқитын
бағдарламаларды
пайдаланушылар үшін маңызды. Экраннан оқитын бағдарламалардың көбінде
сіз батырмалардың үйлесімін немесе сенсорлық ымды веб-парақта немесе
құжатта тақырыптар тізімін ашу үшін пайдалана аласыз.
Тізімнен тақырыпты
таңдаған соң қандай да бір бөлімше өтіп, сол жерден бастап оқи аласыз.
Тақырыптардың осылайша жұмыс істеуі үшін оларға дұрыс стиль
орнатқаныңызға көз жеткізіңіз. Тақырыптың мәтінін ерекшелеп, қалың әрі үлкен
қаріппен жазу жеткіліксіз.
Достарыңызбен бөлісу: