Методические рекомендации по использованию современных ресурсов для образовательного процесса в условиях инклюзии


Жеткілікті түрлі түсті контрастпен қамтамасыз етіңіз



Pdf көрінісі
бет23/68
Дата29.12.2023
өлшемі2,41 Mb.
#144820
түріМетодические рекомендации
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68
Байланысты:
инкл каз

Жеткілікті түрлі түсті контрастпен қамтамасыз етіңіз 
Мәтіннің бояуы қанық болмаса, білім алушылар берілген мазмұнды оқуда, 
әсіресе жарық жерде оқыған жағдайда, қиналуы мүмкін. Контраст жақсы болған 
жағдайда олар өздерінің назарын ақпаратты дұрыс түсіндіруге шоғырландыра 
алады.
Веб-қолжетімділік стандарттары түрлі түсті контраст коэффициентін 
ұсынады. Ол қолжетімділік үшін сақталуы керек. Бірақ Интернетте түрлі түсті 
контрастты тексерудің әртүрлі тегін ресурстары бар. Соларды пайдалану 
негізінде түстің жеткілікті контрастқа ие екендігін тексеруге болады.
Тек қана түсті пайдаланбаңыз 
Барлық білім алушылар түсті бірдей қабылдамайды. Кейбір білім алушылар 
дальтонизмге байланысты немесе көру қабілетінің нашар болуына байланысты 


97 
кейбір түстерді қабылдауда қиналуы мүмкін. Сізге түстен бөлек белгі немесе 
таңба секілді басқа да визуалды көмекті пайдалану жөнінде ойлану керек.
Түс диаграмма, график секілді күрделі визуалды элементтерде 
көрсеткіштерді ажыратып көрсетудің жалғыз құралы секілді пайдаланылады. 
Диаграммаларға түстен бөлек қандай да бір жолақтарды, жазба белгілерді 
пайдалану негізінде визуалды бірліктердің қолжетімділігін арттыру қажет.
Мәтінді түсінікті әрі анық етіңіз 
Білім алушыларға мәтін түрінде ұсынылған ақпаратты түсінікті ету үшін 
жасалатын әрекеттерді азайту мақсатында мәтіннің түсініктілігімен қатар оның 
анықтығы жөнінде ұмытпауыңыз қажет. Мәтіннің бетте орналасуы, жолдар 
арасындағы интервал, мәтіннің тегістелуі – мәтіннің түсінікті берілуі. Ал 
мәтіннің анық болуы шрифтіге, мәтінге қатысты қолданылған стильдерге, яғни 
әр символды қалай бір-бірінен ерекшелеуге болатындығына байланысты.
Бұған қатысты артықшылықтар әр білім алушыда әртүрлі келеді. Цифрлық 
мәтіннің көптеген құралдары білім алушыларыңызға берілген мәтінді өз 
қажеттіліктеріне байланысты баптауда өзгертуге мүмкіндік береді.
Аталған озық әдістер білім алушылар баптауларды өздері өзгерте алмаса да, 
оңтайлы оқуды қамтамасыз ете алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет