96
Мәтінді сөзге айналдыру технологиясын қолданатын білім алушыларыңыз
суреттеріңіздің нақты сипаттамасына сіз мәтінмен түсініктемесін (бала мәтін)
көрсеткен жағдайда ғана қол жеткізеді. Бұл сипаттама қысқа болуы тиіс және
суреттің
сыртқы формасына емес, бейнеленген негізгі ақпаратқа шоғырлануы
қажет. Ал егер сурет гиперсілтемені қамтитын болса, бала мәтін білім алушыны
сілтемені басқан жағдайда қандай әрекет орындалатыны жөнінде хабардар етуі
тиіс (мысалы, веб-сайт ашылады немесе форма жіберіледі).
Суретке сәйкес келетін мәтіндік сипаттаманы таңдау сіздің қандай суретті
пайдаланатыныңызға байланысты. Бұл дағдыны
практика негізінде дамытуға
болады. Және суретке мәтіндік сипаттаманы жиі жасаған сайын,
дағдыланып,
уақыт өте келе жеңіл жасауға болады.
Жасырын субтитрлер мен стенограммаларды қосыңыз
Жасырын субтитрлер сіздің видеоларыңызды
естімейтін және нашар
еститін білім алушыларға қолжетімді ете түседі. Бұл аталған балалармен
шектелмей, келесі білім алушыларға да көмектесуі мүмкін:
- екінші тіл үйренушілерге;
- өз сауаттылығын арттырғысы келгендерге;
- тақырыпты жаңадан ұғынып, оның арнайы лексикасымен таныс еместерге.
Жасырын субтитрлердің тағы бір артықшылығы іздеу жүйелері
субтитрлерді индекстей алады. Бұл өз алдына сіздің
контентті Интернеттен
іздеуді жеңілдетіп, аудиторияңызды кеңейте алады.
Стенограммалардың маңыздылығы
Барлық білім алушыларға стенограммалар ақпаратты іздеу амалын
ұсынады. Оның негізінде білім алушылар барлық видеоны қарамай-ақ, өздеріне
қажетті ақпаратты лезде тауып ала алады. Нашар
еститін және нашар көретін
білім алушылар мазмұнға қолжетімділікке сіз стенограмманы ұсынған жағдайда
ғана қол жеткізе алады. Стенограмманы шифрлеген соң өз видеоңызға
субтитрлерді қоса аласыз. YouTubе сіздің
стенограммадағы мәтінді алып,
азғантай уақыттың ішінде оны субтитрге ауыстыра алады.
Достарыңызбен бөлісу: