Методические рекомендации по изучению учебного предмета «Информатика» в 1-4 классах по программам


Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан



Pdf көрінісі
бет4/35
Дата26.04.2023
өлшемі0,53 Mb.
#87347
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35
Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі «Қазақстан 
Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің 
үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім 
және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен 
бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының 
нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде №8170 
тіркелген). 
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін оқытудағы негізгі 
талап - компьютерлік жүйелерге қолжетімділік.
«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәнін тиімді өткізуге 
арналған қажетті жабдықтардың тізімі: гарнитурамен жабдықталған дербес 
компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар); Интернетке кең жолақты 
қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс және 
құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық 
қатынас желісі; перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру 
техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта; робототехникаға 
арналған жиынтықтар. 
Оқу пәнінің негізгі мазмұны 5 бөлімнен тұрады: 
1) 
Компьютер - аппараттық құралдар, бағдарламалық қамтамасыз ету 
және киберқауіпсіздік тақырыптарын қамтиды. 
2) 
Ақпаратты ұсыну және өңдеу: текст, графика, презентация, 
мультимедиа. 
3) 
Интернет желісінде жұмыс істеу – оқушыларды ақпаратты іздеуге 
және ақпарат алмасуға үйрету мүмкіндігін береді. 
4) 
Есептік ойлау - алгоритмдер мен программалау тақырыптары 
бойынша оқушылардың алгоритмдік ойлауын дамытуға көмектеседі. 
5) 
Робототехника - робот қозғалысы, датчиктер мен қозғалтқыштарды 
зерттеу арқылы «Информатика» пәнін зерттеуде STEM элементтерін 
пайдалануды көрсетеді.
1-
сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу 
пәнінің базалық мазмұны:
1. 
«Компьютер»: Информатика кабинетінде жүріс-тұрыс ережелері
Интернет желісінде жұмыс істеу қауіпсіздігі. 
2. 
«Интернет желісіндегі жұмыс»: желіде орналастырылған ақпараттың 
сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері. 
3. 
«Есептей білу»: алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; 
программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch (сретч)); программалау 
ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу. 
4. 
«Робототехника»: білім беру роботының негізгі моделін құру; 
роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу; роботтың доңғалақ 
бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген 
бұрышта қозғалысы (90, 180 градус). 
2-
сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу 
пәнінің базалық мазмұны:
1. 
«Компьютер»: компьютерлік құрылғылар; енгізу құрылғылары 



(тінтуір, пернетақта, микрофон) және шығыс (монитор, принтер, динамиктер/ 
құлаққаптар).
Программалық қамтамасыз ету: файл және бума туралы түсінік; файл мен 
буманы құру, көшіру, орнын ауыстыру және жою; контекстік мәзірді 
пайдалану.
Қауіпсіздік: цифрлық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік 
ережелері. 
2. 
«Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтіндер: пернетақта симуляторы 
мен мәтін редакторында сөйлемдерді теру. 
Графика: суретті өңдеу; суретті кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту; сурет 
фрагментін көшіру және көрсету.
Мультимедиа: дыбысты жазу және ойнату; аудиофайлдарды өңдеу.
3. 
«
Интернет желісіндегі жұмыс»: берілген тақырып бойынша ақпарат 
іздеу үшін браузерді қолдану; қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу. 
4. 
«Есептік ойлау»: алгоритмдер: тармақталған алгоритм; алгоритмнің 
ауызша түрі.
5. 
Программалау: программалау ойын алаңының кірістірілген 
графикалық редакторында жеке өзінің кейіпкерін жасау; пернетақтадан 
спрайтты басқаруды ұйымдастыру; кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалогті 
ұйымдастыру. 
6. 
«Робототехника»: ауызша түрінде берілген алгоритм бойынша 
роботтың қозғалысын ұйымдастыру; жанап өтетін датчикті қолдану; роботқа 
арналған аудиофайлды жүктеу; роботқа арналған программаны әзірлеуде 
дыбысты қолдану; құрылған роботты аудиторияға ұсыну. 
3-
сыныпқа арналған «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» оқу 
пәнінің базалық мазмұны: 
1) «Компьютер»: компьютер құрылғылары: таңба регистрін, 
пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған
клавиштер. 
Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда «қызу» 
клавиштерді пайдалану. 
Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің 
негізгі ережелері. 
2) «Ақпаратты ұсыну және өңдеу»: мәтіндер: мәтінді теру ережелері; 
маркіленген және нөмірленген тізімдер; мәтінді өңдеу; шрифт пен абзацты 
пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу); кесу, көшіру, белгіленген мәтінді құжатқа 
қою; мәтінге суретті қою және орналастыруын реттеу.
Презентациялар: презентация конструкторы; программа мәзірі
презентацияның ашылуы мен сақталуы; мәтінді және суреттерді слайдқа 
орналастыру; слайдтар арасында ауысу; презентация дизайны. 
Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған программа (жарықтық, 
контраст, жиектеме). 
3) «
Интернет желісіндегі жұмыс»: ақпарат іздеу: құжаттан мәтін үзіндісін 
іздеу. 
Ақпарат алмасу: желідегі ақпарат алмасу жолдары; жоба бойынша 



бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану. 
4) «Есептей білу».
Алгоритмдер: цикл; циклдік алгоритмді іске асыру кезінде 
орындаушының командалары жүйесі. 
Программалау: программалау ойын алаңын құру барысында алгоритмді 
жүзеге асыру; дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу; программалау ойын 
алаңында бірнеше көріністер және кейіпкерлермен жұмыс істеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет