Методические рекомендации по конкурсу «лучший педагог»



Pdf көрінісі
бет5/121
Дата24.07.2023
өлшемі2,33 Mb.
#104735
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121
Байланысты:
26.06 Уздик педагог сайт

Кешенді тестілеу
– ақпараттық-коммуникациялық технологиялар 
қолданылып, бірнеше оқу пәндері бойынша бір мезгілде өткізілетін емтихан 
нысаны
4

Оқыту
– білім алушылар мен тәрбиеленушілердің білімдерді, 
машықтарды, дағдыларды және құзыреттерді иелену, қабілеттерді дамыту
білімдерін күнделікті өмірде қолдану тәжірибесін иелену және бүкіл өмір 
бойы білім алуға ынталануын қалыптастыру жөніндегі қызметін 
ұйымдастырудың мақсатты бағытталған процесі
4

Білім саласындағы уәкілетті орган
– мектепке дейінгі, орта, 
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және қосымша білім беру 
саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын 
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы
4

Оқыту нәтижелері 
– білім алушылардың білім беру бағдарламасын 
меңгеру бойынша алған, көрсететін білімінің, машықтарының, дағдыларының 
бағалаумен расталған көлемі және қалыптасқан құндылықтар мен қарым-
қатынастар
4

 
4
Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Заңы 


Кіріспе 
Кез келген мамандық иесі үшін горизонталь бойынша мансаптық өсу өте 
маңызды. Горизонталь бойынша мансаптық өсу – маманның өз саласында 
жеткен жетістіктері үшін марапаттау, тәжірибесін тарату, қызметін насихаттау. 
Осындай мақсатпен әр салада түрлі конкурстар өткізіліп тұрады, жоғары 
деңгейде жетістіктері бар педагогикалық қызметкерлерге әр түрлі марапаттар 
табысталады. Сала қызметкерлері арасында конкурс ұйымдастырудың 
артықшылығы – мамандардың конкурс жеңімпазы болу мақсатында өз 
қызметін жүйелендіруіне, жұмысына жаңашылдық енгізуіне, жалпы 
педгогикалық қызметте табысты кадрларды көрсетуге мүмкіндік береді. Сол 
себепті ұйым ішінде ғана емес, жалпы әкімшілік-аумақтық деңгейде түрлі 
салалық конкурстар үнемі ұйымдастырылып тұрады.
Педагогтер арасында ұйымдастырылатын салалық байқаулардың бірегейі 
және ең танымалы «Үздік педагог» конкурсы. 2012 жылдан бері өткізіліп келе 
жатқан «Үздік педагог» конкурсының нормативтік негізі бірнеше құжаттармен 
қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңына, Қазақстан 
Республикасы «Педагог мәртебесі туралы» заңына, «Педагог лауазымдарының 
үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы 
Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына 
және «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және 
жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық 
және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру 
бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым 
саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу 
қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және 
ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығына сәйкес, 
сонымен қатар, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, үздік педагогтерді 
анықтау, үздік педагогикалық практикаларды тарату және насихаттау 
мақсатында «Үздік педагог» конкурсы өткізілуде.
2012-2022 жылдар аралығында мектепке дейінгі және орта, техникалық 
және кәсіптік білім беру ұйымдарының 600-ден аса педагогі конкурс 
жеңімпазы атанды. Сонымен қатар, жыл сайын педагогтердің аталған 
конкурсқа қызығушылықтары артуда. Сондықтан әдістемелік ұсынымдаманың 
мақсаты ˗ «Үздік педагог» конкурсына қатысушы педагогтердің сапасын 
арттыру, ол үшін қатысушыларға конкурстың өткізу тәртібі мен кезеңдерін
түсіндіру, конкурсқа дайындық кезеңдері бойынша ұсыныстар жасау.
Әдістемелік ұсынымдаманың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет