Методические рекомендации по конкурсу «лучший педагог»


мектепке дейінгі және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының



Pdf көрінісі
бет7/121
Дата24.07.2023
өлшемі2,33 Mb.
#104735
түріКонкурс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   121
 
мектепке дейінгі және кәсіптік-техникалық білім беру ұйымдарының 
педагогтері бұл санның ішіне кірмеді
.
Он жылдан аса уақыттан бері ұйымдастырылып келе жатқан Конкурсқа 
ретроспективті талдау нәтижесінде қоғам үшін мынадай маңыздылығын атап 
өту қажет. Алдымен, конкурс педагогтерді жаңашылдыққа, инновацияға 
жетелеуге үлкен септігін тигізді. Конкурста педагог қызметінің озық тәжірибесі 
бағалау шарттарына енетінін білген педагогтер өз жұмысына басқаша 
қырыннан қарап, нәтижеге жетелейтін жаңашылдықты енгізуге, жаңа 
әдістемелерді қолдануды әдетке айналдырды.
Екіншіден, Конкурс үздік педагогикалық тәжірибелерді таратуға 
мүмкіндік берді. Білім сапасын арттыруға ықпал ететін тәжірибелерді 
қолданған үздіктердің әдістемелерін басқа әріптестері қолдана бастады. Бұл өз 
кезегінде педагогтер қоғамдастығы арасындағы горизонталь бойынша 
коммуникация мен диалогті кеңейтті.
Үшіншіден, Конкурс көпшіліктің «мүғалім» мамандығына назарын 
аудартып, қызығушылықтарын арттырды. Конкурста жеңімпаз болып, атағы 
Республика деңгейде тараған педагогтердің жетістіктерін көрген жеткіншектер 
осы мамандықты таңдауға көңіл аударды.
Тағы бір маңыздылығы – педагогтің қоғамдағы орны мен педагог болуға 
лайықты тұлға туралы қоғамдық көзқарасқа жаңа леп әкелді. Қазіргі таңда 
қоғамда педагогтің тұлғасы мен миссиясына үлкен көңіл бөлінуде. Сондықтан 
қоғамдағы кез келген тұлғада келесі сұрақтар туындайды: 
- Педагог деген кім?
- Оның мақсат-міндеттеріне не жатады?
- Ол қоғамда қандай роль атқарады?
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы заңында «педагог – 
педагогтік немесе тиісті бейіні бойынша өзге де кәсіптік білімі бар және білім 
алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім 
беру қызметін әдістемелік қолдау немесе ұйымдастыру бойынша педагогтің 
кәсіптік қызметін жүзеге асыратын адам» - делінген. 



«Мұғалім» мамандығына әрқашан жоғары талаптар қойылады. Өйткені 
қоғамның дамуы мен оның болашағы педагогтерге байланысты. 
Қазіргі таңда «мұғалім» мамандығына талаптар өзгеріп жатыр, сонымен 
қатар, педагогтердің міндеттері де өзгеруде. Егер бұрын педагогтің міндеті – 
білім алушыларға білімді беру ғана болса, бүгінгі таңда педагог білім 
алушыларға білімді қалай меңгеруге, оқу әрекетін ұйымдастыруға, білім 
алушылардың сыни ойлауын қалыптастыруға үйретеді. Сонымен қатар
педагог білім алушыларда мектепте алған білімдерін өмірде, іс жүзінде, яғни 
өмірлік жағдаяттарда қолдана білу дағдыларын қалыптастырады.
Уақыт талабына сай болу үшін әр педагог өзінің кәсіби құзыреттілігін 
арттыруы қажет. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін арттырудың бірнеше жолы 
бар: 
- біліктілікті арттыру курстары; 
- біліктілік санатына аттестаттаудан өту
- ғылыми-зерттеу қызметі; 
- әдістемелік бірлестіктің жұмысына, семинарларға, вебинарларға, 
конференцияларға, шеберлік сыныптарына белсенді қатысу
- тәжірибені жалпылау және тарату; 
- әр түрлі конкурстарға қатысу. 
Сондықтан республикалық «Үздік педагог» конкурсы – педагогтің 
біліктілігін арттырудың бір жолы, өйткені бұл Конкурста педагогтер 
жинақтаған үздік педагогикалық тәжірибесімен бөлісіп, үздік сабақтарды 
өткізеді. Педагог мәртебесін арттыру, үздік педагогтерді танымал ету, озық 
тәжірибелерді трансляциялау үшін республикалық «Үздік педагог» конкурсы 
өткізілуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет