49
Мұғалімдердің іс-әрекетінде ӛзіндік талдауға, авторлық идеясының
тұсаукесеріне кӛп кӛңіл бӛлінеді. Ӛзінің кәсіби қызметінің тәжірибесін
кӛпшілік алдында ұсыну, мысалы, пәндік комиссия(оқу-әдістемелік бірлестік),
әдістемелік немесе педагогикалық кеңес отырысында жүргізіледі.
Алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибені тарату бойынша іс-әрекетке
педагогикалық талдау жүргізу кезінде мұғалім жоспар әзірлейді, оның негізінде
дамудың жеке траекториясын, мақсатқа қол жеткізуге бағытталған әдістер мен
тәсілдерді, құралдарды жетілдіруді – білім алушылардың білім сапасын,
іскерлігін
арттыруды,
жеке
тұлғаның
адамгершілік
қасиеттерін
қалыптастыруды кӛрсете отырып, ӛз идеясын сипаттайды.
Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды қолдана отырып жеке
материалды жүйелендіреді (
слайдтар, ашық сабақ немесе пән бойынша
сабақтан тыс қызмет, тәжірибенің өзектілігін, маңыздылығын, тәжірибенің
ғылыми негіздемесін ашатын сандық білім беру ресурсын(электрондық оқу –
әдістемелік кешен)
кӛрсету; тәжірибе технологиясын сипаттайды, теориялық
және әдістеменің мазмұнын, нысандарын, әдістерін, осы жаңашылдық
бойынша ӛз қызметінің тәсілдерін талдайды. Тәжірибені практикаға енгізуде
табылған қайшылықтарды (қиындықтарды) , тәжірибенің ұзақтығын
түсіндіруге кӛп кӛңіл бӛледі.
Тәжірибені жинақтау, енгізу жайында жан жақты жазады. Тәжірибені
толық ашуға мүмкіндік беретін жеке тақырыптардың әзірлемелерін, оқу –
әдістемелік материалдарды, кестелерді, мақалаларды, білім алушылардың
жұмысын және т. б. талдайды және жүйелейді. Осылайша, мұғалім тәжірибе
жаңалығын (инновациялық маңыздылығын), кәсіби қызмет сапасының жаңа,
неғұрлым жоғары деңгейіне шығу мақсатында оны бұқаралық тәжірибеде
қолдану мүмкіндігін атап кӛрсетеді.
Дайындалған, мағыналы материал әдістемелік ұсынымдар, мақалалар,
құралдар, кітапшалар, диссертациялар, ақпарат түрінде рәсімделеді.
Егер мектеп/аймақтық деңгейде үздік тәжірибелерді жалпылау кезінде
толықтырулар, түзетулер енгізу туралы ұсыныстар болса, онда мұғалім
қарастырылатын мәселені тереңдетуге ықпал ететін, авторлық стильді сақтай
отырып толықтырулар мен ӛзгерістер енгізеді.
Нәтижесінде, педагогтар педагогикалық процесті ұйымдастыру бойынша
ӛзінің кәсіби қызметін қайта қарап, оқу-тәрбие жұмысының тәжірибесіне озық
тәжірибені енгізеді.
Достарыңызбен бөлісу: