Статистикалық мәліметтерді беру тәсілдері. Диаграмма
2
37.
Формула. Формула бойынша есептеу
3
Бақылаужұмысы
1
5-сыныптағыматематикакурсынқайталау
13
Барлығы
136
сынып,Информатика
Кіріспе. Ақпарат және ақпараттық үдерістер (2 сағат): техника қауіпсіздігі және жұмыс орнын ұйымдастыру, информатика, ақпарат, ақпараттардың алуан түрлілігі және оларды өңдеудің тәсілдері; ақпарат саны, ақпарат өлшем бірлігі.
Компьютер– ақпаратты өңдеу құралы (5 сағат): компьютер, компьютердің негізгі құрылғыларының міндеттері және мүмкіндіктері, пернетақта; программалық қамтамасыз етудің жалпы сипаттамасы және жіктелуі, операциялық жүйе ұғымы, операциялық жүйені басқарудың негізгі тәсілдері және объектілері, файлдар, бумалар және белгішелер; бумалар мен белгішелерді құру, атын өзгерту; объектілерді іздеу, объектілерді көшірмелеу, орнын ауыстыру және жою; ақпаратты жазу және санау, ақпаратты тасымалдаушылар.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (8 сағат): қарапайым графикалық редакторы, суретті ашу, сақтау, графикалық редактордың сурет салу құралдары, суреттің үзінділерін ерекшелеу, суреттің үзінділерімен жұмыс, масштаб, графиктік ақпаратты өңдеу (бейнелерді масштабтау, трансформациялау), баспаға дайындау, баспадан шығару; қарапайым мәтіндік редакторы, редактор интерфейсі, мәтінді теру ережесі, мәтін бойымен жылжыту, мәтіннің үзіндісін ерекшелеу, мәтінді пішімдеу және редакциялау, қаріп, абзац, графиктік және мәтіндік ақпараттарды өңдеу, аралас құжаттарды құру; калькулятор, блокнот; дыбыстық ақпаратты өңдеу, дыбысты жазу.
Жобалық іс-әрекет (2 сағат). 6-сынып,Математика сыныптағы математика пәнінің базалық мазмұны «Қатынас және пропорция», «Рационал сандар және оларға амалдар қолдану», «Өрнектер және тепе-теңдіктер», «Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер», «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер және олардың жүйелері», «Координаталық жазықтық», «Функция. Сызықтық функция», «Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер және олардың жүйелері» тараулары бойынша теориялық материалдардан тұрады. Сонымен қатар базалық мазмұнға оқу жылының басында 5-сыныптағы және соңында 6-сыныптағы математика курсын қайталау кіреді.
6-сыныпта оқытудың міндеттері - қатынас, пропорция, тура пропорионалдық тәуелділік, кері пропорионалдық тәуелділік; оң сан, теріс сан, санның модулі (абсолют шамасы), берілген санға қарама-қарсы сан, бүтін сан, рационал сан, коэффициент, ұқсас қосылғыштар, перпендикуляр кесінділер, параллель кесінділер, координаталық түзу, координаталық жазықтық, координаталық ширек, тікбұрышты координаталар жүйесі, координаталық түзу нүктелерінің арақашықтығы, нүкте мен түзудің арақашықтығы, центрлік симметрия, осьтік симметрия, масштаб ұғымдарын игеру; теріс және оң сандармен арифметикалық амалдарды орындауда есептеу біліктігі мен дағдысын қалыптастыру; пропорцияны қолданып, мәтінді есептерді шығарумен таныстыру; қосылғыштарды теңдеудің бір жағынан екінші жағына көшіру, ұқсас қосылғыштарды біріктіру және жақшаларды ашу ережелерін қолдану арқылы теңдеулерді шешу біліктігін қалыптастыру; бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер мен олардың жүйелерін шығару біліктігін қалыптастыру; айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу біліктігін қалыптастыру; координаталық түзуде берілген нүктенің координатасын табу, координатасы бойынша нүктені координаталық түзуде салу, координаталық жазықтықта берілген нүктенің координаталарын табу, координаталары бойынша нүктені координаталық жазықтықта кескіндеу біліктігін қалыптастыру; «функция» ұғымымен және оның қасиеттерімен (анықталу облысы, функцияның өсуі және кемуі), функцияның берілу тәсілдерімен, сызықтық функция ұғымымен, оның қасиеттері және графигімен таныстыру; сызықтық функцияның графигін салу біліктігін қалыптастыру; екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйелерін шығару біліктілігін қалыптастыру; жазықтық, шар және сфера туралы түсініктерін қалыптастыру.
21-кесте.6-сынып математика курсын үлгілік тақырыптық жоспарлау
аптасына 4 сағат