Методические рекомендации по оцениванию учебных достижений детей с особыми образовательными потребностями и детей, обучающихся на дому



бет19/31
Дата06.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#14349
түріМетодические рекомендации
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31
Орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту осы сөздің кең мағынасымен түсіндіріледі және оларға қатысты мүмкіндіктер резерві шағын пәндік білімдерді қалыптастыру саласына ғана емес, сонымен қатар осы санаттағы білім алушылар үшін одан да маңыздырақ өмірлік дағдыларды қалыптастыруға қатысты. Орташа ақыл-ой кемістігі бар балалардың зияткерлік тұрғыдан терең жетілмеуі, бұзылған сөйлеу-ойлау функцияларының жеке көрініс табуының едәуір нұсқаларының болуы білім мен дағдыларды қалыптастыру кезінде оларда елеулі қиындықтар тудырады. Бір сыныптың оқушыларын оқытудың табыстылығы меңгерілген дағдылардың қарқыны мен көлемі бойынша біршама ерекшеленеді, бұл барлығын бір қарқынмен, бір тақырыптың шеңберінде оқыту мүмкін еместігін көрсетеді. Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған үлгі оқу бағдарламаларының мазмұны ұсынымдық сипатқа ие, педагог әрбір білім алушы сыныптың оқу мазмұны мен қарқынына оның мүмкіндіктері мен ерекше білім беру қажеттіліктеріне сәйкес кез келген өзгерістер енгізуге құқылы.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар үшін білім алушылардың практикалық әрекеті мен әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға ықпал ететін мектеп ортасы қажет. Білік пен дағдыларды қалыптастыруды осы дағдылар пайдаланылатынға барынша жақын жағдайда жүзеге асыру қажет. Бұл білім мен дағдыларды жаңа жағдайға көшіру қиындықтарымен байланысты. Сабақтарды ұйымдастыруға арналған үй-жайлар әртүрлі өмірлік жағдайларды көрсететін кеңістіктерге айналуы тиіс. Заттық орта білім алушылардың қажеттіліктері өзгерген сайын біртіндеп өзгеріп отыруы тиіс. Оқушылардың мектептегі күн сайынғы қызметі біріктірілген сипатта болуы тиіс. Мазмұнды оқу жоспарының бірнеше пәндік салаларынан біріктіруге болады, ол мектепте оқытудың алғашқы 3-4 жылы ішінде пәнсіз оқыту идеясымен іске асырылады. Барлық сабақтар білім алушыларды жалпы (коммуникативті, қозғалыс, сөйлеу тілі, сенсорлық) дамытуға бағытталады. Білім алушылардың жеке тұрғыдан дамуы алға жылжыған сайын заттық оқытуға көшу жүзеге асырылады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларда сөйлеу тілі (оның мүлде болмауына дейін қоса алғанда) мен қарым-қатынас жасауды дамытуда өздеріне тән проблемалар болады. Оқу процесінде басқа педагогикалық құралдардың көмегімен осы проблемалардың орны толтырылуы тиіс (сөйлеу тілін түсіну, қарым-қатынас жасаудың вербальды емес құралдарын қалыптастыру). Педагогтың тарапынан білім алушылардың қызметін сөз арқылы сүйемелдеу мөлшерленген және білім алушының түсінуі үшін қолжетімді болуы тиіс.

Білім алушылардың өмірлік тәжірибесі мен әлеуметтік байланыстары кезең-кезеңмен және жоспарлы түрде, балалар үшін қолжетімді шекте кеңейеді. Оқу уақытының бір бөлігі мектеп қабырғасынан тыс жерде ұйымдастырылады (қоғамдық көлікпен жүру, дүкенге, дәріханаға, поштаға, емханаға, мұражайға, театрға, дәмханаға және басқа да қоғамдық пайдалану орындарына бару). Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың социумға қиындықсыз енуі үшін төзімді және жақсы ниеттес қоршаған орта құру қажет. Осы мақсатта мектеп қауымдастығымен жоспарлы жұмыс жүргізу қажет.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар балаларды оқыту процесі ұйымдастырушылық формалар тұрғысынан қатаң регламенттеуді көздемейді. Ұжымдық оқыту жағдайындағы төмен танымдық қызығушылық, фронтальды жұмыста пайдаланылатын ынталандыруларға төмен реакция, бір оқу пәнінің мазмұнына қырық бес минут ішінде білім алушылардың белсенділігін ұстап тұра алмау дәстүрлі академиялық құрылған сабақтың төмен тиімділігіне әкеп соғады. Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылар сабақты басқаша, оқушы өзіне қажет болған кезде әрекет түрін ауыстыра алатындай, педагогтың жеке көмегін ала отырып, жеке (басқа білім алушылардың жұмысынан ерекше) жұмысты орындай алатындай ұйымдастыруды қажет етеді. Білім алушыларға сынып бөлмесінде еркін жүріп-тұру мүмкіндігі берілу керек.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың негізгі әрекет түрлері: жанды және жансыз табиғатты және әлеуметтік өмір құбылыстарын бақылау; заттық-практикалық әрекет; ойын іс-әрекеттері және ойын әрекеті; білім алушылардың шаруашылық-еңбек қызметі; әлеуметтік-тұрмыстық әрекет; білім алушылармен және жақын айналасындағы ересектермен (шағын социум) коммуникация; оқу әрекеті (білім алушының мүмкіндіктеріне сәйкес) болуы тиіс. Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың оқу-тәрбие процесі мектепте оқыған барлық кезең ішінде заттық әрекетке негізделеді [13].


Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін

бағалауға ұсынымдар

Ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау ішкі бағалау құралдарының көмегімен ғана жүзеге асырылады. Оқу бағдарламаларын (оның ішінде жеке бағдарламалар) меңгеру нәтижелерін мұғалім сабақта білім беру процесі барысында бағалайды. Оқушылар оқитын Үлгі оқу бағдарламаларында қалыптастырылған оқу мақсаттары немесе жеке оқу бағдарламаларында бекітілген оқу мақсаттары бағалау өлшемшарттары болып табылады.



Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың жетістіктерін бағалау

Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды оқытудың нәтижелілігін бағалау ағымдық (сабақ сайын), кезеңдік (тақырыптық) және қорытынды бақылау түрінде жүргізіледі. Ағымдық бақылау жүргізу үшін педагог оқушының сабақтағы әрекетін күн сайын бақылайды, ауызша жауаптарына, практикалық және жазбаша жұмыстарына талдау жасайды. Сабақ сайын бақылау мұғалімге оқу материалының мазмұнын және оны оқушыларға түсіндіріп жеткізу әдістерін таңдауға көмектесуге тиіс, олар оқушылардың мүмкіндіктеріне сәйкес келеді. Сабақ сайын бақылау да білім алушыға қатысты ынталандыру және тәрбиелеу сипатында болады.

Кезеңдік бақылау бағдарламалық тақырыпты, бөлімді зерделегеннен кейін жүргізіледі. Педагог белгілі бір тақырыптың шеңберінде оқу материалын зерделеу нәтижелері әртүрлі типологиялық топтарға жататын ақыл-ой кемістігі бар оқушыларды бірдей болмайтын түсіну және соған дайын болу керек. 1 типологиялық топтың білім алушылары (В.В. Воронкованың жіктеуі бойынша) оқу материалын меңгергенін білімдерін қолдану деңгейінде көрсетеді. 2 типологиялық топтың оқушылары – тақырыптың негізгі мазмұнын түсінгенін көрсетеді. 3 типологиялық топтың білім алушылары материалды білу деңгейінде меңгере алады және өз білімдерін жандандыру кезінде мұғалімнің көмегін қажет ететін болады [13].

Қорытынды бақылау тоқсанның, жылдың соңында жүргізіледі. Қорытынды тексеру жұмысының мазмұнын мұғалім оқушылардың әртүрлі мүмкіндіктері деңгейіне сүйене отырып анықтайды. Педагог оқу жылы ішінде әр оқушының даму динамикасы мен жетістіктеріне талдау жасайды. Пән бойынша оқу бағдарламасының әртүрлі бөлімдерінде қол жеткізген жетістіктер қорытынды жетістіктер карталарына тіркеп жазылады.

Олардың көмегімен дағдылар қалыптасқан тапсырмалар мен жаттығулар сабақ сайын, кезеңдік және қорытынды бақылау жүргізу үшін бағалау құралдары болып табылады.
Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушылардың жетістіктерін бағалау

Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау үшін оқушыны оқытудың жеке бағдарламасында қалыптастырылған міндеттер серпіліс сәті болып табылады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар оқушыны оқытудың жеке бағдарламасын құру оның мүмкіндіктері мен қажеттіліктеріне алдын ала педагогикалық баға беруден басталады. Бағалау өлшемшарттары баланың негізгі даму жүйелерінің онтогенезіне сәйкес айқындалады. Жеке оқыту бағдарламаларын іске асыру нәтижелерін тікелей мұғалім сабақтарда білім беру процесі барысында бағалайды.

Бақылау, оқыту мен тәрбиелеудің жеке міндеттерімен салыстыра отырып, оқушы әрекетінің өнімдерін зерделеу бағалау әрекеттері болып табылады.

Орташа ақыл-ой кемістігі бар білім алушылардың жетістіктерін бағалау рәсімдері мынадай реттілікпен жүргізіледі:

1) білім алушылардың даму, білім мен дағдылары деңгейін алдын ала бағалау. Жеке оқыту бағдарламасын жасау үшін негіз ретінде білім алушының даму профилін жасау;

2) жетістіктері мен дамуын ағымдық бағалау. Оқыту мазмұны мен әдістерін коррекциялау мақсатында сабақ үстінде оқушылардың жұмысын күн сайын бақылау жүзеге асырылады;

3) аралық бағалау бірінші жарты жылдық аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Жеке оқыту бағдарламасына сәйкес біліктері мен дағдыларын қалыптастыру табыстылығы туралы педагогтың бағалау пікірі жеке бағдарламаның тиісті бағанына тіркеп жазылады;

4) жетістіктерді қорытынды бағалау оқу жылы аяқталғаннан кейін жүзеге асырылады. Ол да сипаттамалық түрде болады [13].

Сипаттамалық бағалау білім алушы жетістіктерінің сапалық көрсеткіші болып табылады. Сипаттамалық бағалау жеке білім беру процесі жүзеге асырылған салаларда оқушының дамуы мен тәрбиесіне қатысты өзіндік ерекше педагогикалық есепті білдіреді. Пәнсіз оқыту кезеңінде бұл ‒ әлеуметтік дамыту және өзіне-өзі қызмет көрсету, дене дамуы, танымдық, сөйлеу тілі, сондай-ақ білім алушының әрекет түрлерінің (заттық-практикалық, бейнелеу, ойын, қарапайым еңбек және оқу) қалыптасуы. Жетістіктер оқу жылының басындағы және соңындағы оқушы профилінде жазылады. Білім алушыларды пәндік оқытуға көшірген кезде ‒ бұл әрбір оқу пәнінің саласындағы жетістіктерді және өмірлік дағдыларды сипаттау болады.

Сипаттамалық бағалау дамыту мен оқытудың қолда бар деңгейін ғана анықтап қоймайды, сонымен бірге мұғалімге оқушымен әрі қарай жұмыс істеудің алдағы қадамдарын анықтауға көмектеседі.

Оқушылардың жетістіктерін сипаттаған кезде бір немесе өзге дағдыны, әрекетті пайдаланған кездегі оқушының дербестілік дәрежесі міндетті түрде көрсетіледі. Бұл әрекетті өз бетінше толық орындау, не болмаса үлгіге сүйене отырып орындау, не болмаса мұғалімге еліктеп орындау, немесе педагогпен бірлесіп орындау болуы мүмкін. Оқыту процесін қадағалау және оның нәтижелерін тіркеу мұғалімге оқыту барысында жеке тәсілдер қолдану міндетін табысты шешуге көмектеседі. Педагог бағалау рәсімдерінің көмегімен алған ақпарат дағдылар мен біліктерді меңгеру процесінде туындайтын қиындықтарға уақытында және барабар ден қоюға мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет