Методические рекомендации по оцениванию учебных достижений детей с особыми образовательными потребностями и детей, обучающихся на дому



бет22/31
Дата06.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#14349
түріМетодические рекомендации
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31
Аутизмі бар баланың спецификалық сипаттамаларды жеңу жолдарын анықтайық:

- ақпаратты сызбалар, көрнекі картиналар арқылы жеткізу,

- қатты жалықтырмау,

- оқу кеңістігін нақты ұйымдастыру,

- жазылған сақтау жүйелерін пайдалану,

- бала пайдаланатын заттарды жазып қою,

- балаға есімін атап сөйлеу,

- өзіне-өзі қызмет көрсету және тұрмыстық бағыт-бағдар дағдыларына үйрету,

- әрекеттерді бөліктермен, кезеңдермен меңгеру, содан кейін біртұтас етіп біріктіру,

- дұрыс әрекетті тәтті көтермелеумен, құшақтаумен, стимулмен бекітуді пайдалану,

- ірі және шағын моториканы ұдайы дамыту [13].
Аутистикалық спектр бұзылулары бар білім алушылар үшін жиынтық жұмыстар жүргізу тәртібін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар


  • аутистикалық спектр бұзылулары бар білім алушылар үшін жиынтық жұмыстар арнайы әзірленген дифференциалды тапсырмаларды; жиынтық жұмыс тапсырмаларын пайдаланып жүргізіледі, бағалау өлшемшарттары мен дескрипторларды мұғалім психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу маманымен бірлесіп әзірлейді;

  • аутистикалық спектр бұзылулары бар білім алушылар үшін жиынтық жұмыстар жүргізудің уақыт режимін білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып көбейтуге болады;

  • жиынтық жұмысы жүргізген кезде, қажеттілігіне қарай білім алушыға демалу немесе басқа да қажетті іс-шаралар үшін үзіліс беруге болады;

  • аутистикалық спектр бұзылулары бар білім алушыларға арнайы психологиялық-педагогикалық көмек көрсетуді жүзеге асыру, оқу тапсырмасын қабылдау, орындау кезеңдерінде эмоционалдық қолайлы климат орнату және қолдау мақсатында қажеттілігіне қарай психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу көрсететін маманның қатысуына рұқсат етіледі;

  • жиынтық жұмыстарды орындау кезінде психикалық жағдай (аффективті мінез-құлық, агрессия және самоагрессия, бақылауға және өзін-өзі бақылауға көнбейтін, қозғалыстың өршуі) өршіген сәтте осы жағдайды жазып алатын және АСБ бар балаға осы жұмысты қайта тапсыруға мүмкіндік беру қажет;

  • тапсырмалардың көлемі мен мазмұнын аутистикалық спектр бұзылулары бар білім алушының ерекшеліктері мен психофизиологиялық даму мүмкіндіктеріне байланысты өзгертуге болады;

  • қажет болған жағдайда қосалқы құралдар мен көрнекі материалды (калькулятор, формулалар, таблицалар және т.б.) қолдануға рұқсат етіледі;

  • жиынтық жұмысты компьютерлік нұсқада немесе кейіннен басып шығарып, планшетте орындау мүмкіндігін қарастыру ұсынылады;

  • аутистикалық спектр бұзылулары бар білім алушылардың жиынтық жұмыстарын бағалау жалпыға танымал өлшемшарттарды да, сонымен қатар психофизиологиялық жай-күй мен даму ерекшеліктерін ескеретін өлшемшарттарды да ескере отырып жүзеге асырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет