4. Дарынды балалардың оқу жетістіктерін бағалау ерекшеліктері
Дарындылық - бұл психиканың жүйелі, өмір бойы дамып отыратын қасиеті, ол басқа адамдармен салыстырғанда, адамның бір немесе бірнеше қызмет түрінде өте жоғары (ерекше, сирек кездесетін) нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігін айқындайды. Әдетте дарынды балалардың жады өте жақсы болады, ол ерте қалыптасқан сөйлеу тілі мен абстаркітілік ойлау қабілетіне негізделеді. Олар ақпарат пен тәжірибені жіктеу қабілетімен, жинаған білімдерін кеңінен пайдалану білігімен ерекшеленеді. Күрделі синтаксистік конструкциялармен ілесетін үлкен сөздік қоры, сұрақ қоя білуі дарынды балаға айналадағы адамдардың назарын жиі аудартады. Кішкентай «вундеркиндтер» сөздіктер мен энциклопедияларды қызығушылықпен оқиды, олардың ойынша, олардың өзіндік түсініктерін және елестетін оқиғаларын айтып жеткізе алатын сөздерді ойлап табады, ойлау қабілеттерін жандандыруды талап ететін ойындарға басымдық береді.
Дарынды балалар танымдық белгісіздікті оңай түсінеді. Бұл ретте кездесетін қиындықтар олардан бас тартуға мәжбүрлемейді. Олар күрделі және ұзақмерзімді тапсырмаларды қуана қабылдайды, оларға дайын жауап ұсынғанды мүлдем ұнатпайды.
Дарынды бала бір нәрсеге үлкен зейін қоюымен, өзіне қызықты салада нәтижеге қол жеткізу табандылығымен де ерекшеленеді. Бұған тапсырманы беріле орындау дәрежесін де қосу керек.
Өмірлік тәжірибесі аз болғандықтан, мұндай балалар өздерінің шамасы жетпейтін істерді бастайды. Оларға ересек адамдардың тарапынан түсіністік пен біршама қолдау қажет, олардың сәтсіздіктеріне назар аудармау керек, керісінше бірлесіп қайталап жасауды ұсыну керек.
Дарынды балаларға мынадай қасиеттер тән:
өте ерте байқалатын, күшті дамыған әділдік сезімі. Дарынды балалардағы жеке құндылықтар жүйесі өте кең.
қоғамдық әділетсіздікті жете түсініп қабылдайды. Өзіне және айналадағы адамдарға жоғары талаптар қояды және ақиқатқа, әділдікке, үйлесімділік пен табиғатқа ден қоя алады.
шынайылық пен фантазияны нақты ажырата алмайды.
дарынды балалар әзірге олардың «тістері батпайтын» проблемаларды шешуге тырысады. Олардың дамуы тұрғысынан мұндай әрекеттер пайдалы.
дарынды балалар үшін, әдетте - дақпыртты қорқыныш сезімдері тән, өйткені олар көптеген қауіпті салдарды елестетуге қабілетті.
айналадағы адамдардың сөзбен жеткізілмейтін сезімдерін өте қабылдағыш және олардың айналасында туындаған, үнсіз шиеленіске тез беріледі [27].
Дарынды балаларды зерттеу саласындағы белгілі американдық маман Джозеф Рензуллидің теориясын дарындылықтың заманауи тұжырымдарының арасындағы ең танымалы деп атауға болады. Оның пікірінше, дарындылық — бұл 3 факторды біріне-бірін қосудың күрделі нәтижесі: ортадан жоғары қабілеттер; жасампаздық, тапсырмаға берілгендік.
Әдетте, дарынды балалардың мынадай санаттарын (дарындылық түрлерін) ажыратады:
Әрекет түріне қарай мынадай 5 топқа бөлінеді:
1. Практикалық дарындылық:
- қолөнердегі дарындылық
- спорттық дарындылық
- ұйымдастырушылық дарындылық
2. Танымдық дарындылық:
- академиялық (барлық немесе белгілі мектеп пәндері бойынша жоғары нәтижелер)
- ғылыми (белгілі саладағы ғылыми-зерттеу әрекеті)
3. Көркемдік-эстетикалық дарындылық:
- хореографиялық
- сахналық
- әдеби-поэтикалық
- бейнелеу өнері
- музыкалық
4. Коммуникативтік (көшбасшылық) дарындылық.
5. Рухани-құндылықты дарындылық (жаңа рухани құндылықтар құру және адамдарға қызмет ету).
Дарынды балалармен жұмыс істеу принциптері:
оқытуды жекешелендіру (білім алушыларды жеке оқыту жоспары – жоғары деңгей);
озық оқыту принципі;
кез келген әрекеттегі жайлылық принципі;
білім алушылардың қабілеттерін іске асыру үшін ұсынылатын мүмкіндіктердің әртүрлілік принципі;
сабақтан тыс әрекет рөлінің артуы;
дамыта оқыту принципі;
еріктілік принципі.
Дарынды балалармен жұмыс істеу кезеңдері:
1-ші кезең ‒ аналитикалық ‒ дарынды балалар анықталған кезде олардың қызығушылықтары мен қандай да: оқу, көркем әдебиет, дене шынықтыру және т.б. әрекеттегі табыстары ескеріледі.
Мақсаты: сыныпта дарынды балалармен жұмыс істеу жүйесін қалыптастыру үшін жағдайлар жасау.
2-ші кезең ‒ диагностикалық ‒ әртүрлі әрекет: оқу және сыныптан тыс жұмыс арқылы баланың танымдық, шығармашылық мүмкіндіктері мен қабілеттерін жеке бағалау жүргізіледі.
Мақсаты: диагностикалау нәтижелеріне негізделген, дарынды білім алушылармен жұмыс істеу жүйесінің апробациясы.
3-ші кезең ‒ білім алушылардың қабілеттерін қалыптастыру, тереңдету және дамыту кезеңі.
Мақсаты: дарынды балаларды анықтау, қолдау және дамыту үшін жағдайлар жасау, олардың тұлғалық, әлеуметтік өзін-өзі танытуын және ата-аналарының әлеуметтік тапсырысын қанағаттандыру үшін кәсіби өзін-өзі анықтауын қамтамасыз ету.
Дарынды балалармен жұмыстың негізгі бағыттары:
дарынды білім алушыларды анықтау;
«Дарынды балалар» деректер банкін құру;
жеке жұмыс нысандарын әзірлеу;
оқу процесіне заманауи, интерактивті технологияларды енгізу;
білім беру процесін ұйымдастырудың белсенді нысандары мен әдістерін пайдалану;
білім алушыларды дамытудың жеке траекториясын құру кезінде дарынды мектеп оқушыларын қолдауға бағытталған білім беру курстарын құру;
білім алушылардың сабақтан тыс оқу және сыныптан тыс әрекеті жүйесін дамыту, ол оқушыларға өздерінің жетістіктерін мектептегі, аудандық, республикалық олимпиадаларда, әдеби мерекелерде, конкурстарда, спорттық жарыстарда көрсетуге мүмкіндік береді;
мектептегі, аудандық, республикалық, оқушылар конференциясына шыға және тезистерді немесе баяндамаларды жариялай отырып, ғылыми-зерттеу қызметіне қосу
ауылдың, қаланың, облыстың мектептері мен басқа да білім беру мекемелері мұғалімдері мен білім алушыларының шығармашылық бастамаларын дамытуға және іске асыруға бағытталған жобаларды әзірлеу және іске асыру.
Дарынды балалармен жұмыстың негізгі нысандары:
пәндер бойынша олимпиадалар;
ғылыми-практикалық конференциялар;
сөз сөйлеулер мен баяндамалар;
белсенді сыныптан тыс жұмыс;
пән апталықтары;
кештер, конкурстар, олимпиадалар, КТК, викториналар, аукциондар;
рөлдік ойындар;
сынып-сабақ (жұппен, шағын топтармен жұмыс), әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар, шығармашылық тапсырмалар;
туындаған проблема бойынша консультация беру;
ғылыми үйірмелер, қоғамдар;
пікірталастар;
зияткерлік марафондар;
әртүрлі конкурстар мен викториналар;
әртүрлі тақырып бойынша жобалар.
Дарынды баланы табысты әлеуметтендірудің негізгі өлшемшарттары:
оны күш көрсету ретінде қабылдамай, оқуда табысқа жеткісі және білім алғысы келеді;
бұрын алған ақыл-ой дағдыларының арқасында өз бетінше әрекет етуге қабілетті;
айналадағы шындыққа сыни баға бере алады және заттар мен құбылыстардың мәніне үңіле алады;
өмір мен өлім, дін мен әлемнің мәні мәселелеріне қатысты философиялық проблемаларды түсінеді;
олардың құрбылыстарына жеткілікті болып көрінсе де, үстіртін түсініктерді қанағат тұтпайды;
ұдайы өзін-өзі жетілдіруге ұмтылады және бәрін жақсы істеуге тырысады (перфекционизм). Осыдан ‒ көтеріңкі мақсаттар қою және оларға қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда қатты уайымдау;
осы сәтте өзін-өзі таныту үшін қажетті, проблемадағы және өмірдегі басты мәселенің мәнін көре алады;
моральдық-адамгершілік нормалар мен қарым-қатынастар бұзылған жағдайда әділетсіздік үшін уайымдайды;
сыныпта беделді.
Достарыңызбен бөлісу: |