Методические рекомендации по оцениванию учебных достижений детей с особыми образовательными потребностями и детей, обучающихся на дому



бет25/31
Дата06.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#14349
түріМетодические рекомендации
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Балада депрессияның пайда болу себептері қандай болуы мүмкін?

Олар әртүрлі болуы мүмкін:

- отбасындағы ұдайы қақтығыстар; толық емес отбасылар; спирттік ішімдіктерді теріс пайдаланатын (есірткі тұтынатын) отбасылар; ата-аналар асыра қамқорлық танытатын отбасылар; тәрбиеден бас тарту және қамқорлықты үшінші адамдарға (аталары, әжелері, басқа туыстары, балалар үйі және т.с.с.) беру;

- мектептегі, бала бақшадағы немесе колледждегі буллинг;

- жасөспірімдік кезеңдегі гормоналдық өзгерістер: сырт келбетіндегі өзгерістер, оған ілеспелі, ағзаның жұмыс істеуіндегі өзгерістер, басқа да факторлардың ықпалымен депрессиялық бұзылулардың пайда болуына түрткі болуы мүмкін (дисморфофобия);

- құрсақ ішіндегі патология;

- депрессияға генетикалық бейімділік (эндогенді депрессия): адамдардың, оның ішінде жасөспірімдердің бір бөлігі депрессияның дамуын тез қабылдайды, ол бейімділік тұқым қуалаушылықта жатыр.

Депрессиялық баланы қалай анықтауға болады? Олардың жай-күйі өз күшіне сенбеушілікте, жігерсіздікте, эмоционалдық көңілсіздікте, кез келген жаңа әрекет алдында үрейленуде байқалады. Бала өзінің керек еместігі, оған жақын адамдардың тарапынан қабыл алынбауы туралы айта алады. Ол әрқашан қорғансыз, үнемі ренішті және қорланған. Сабақта әрқашан зорға отырады, бет әлпеті қайғылы, көзқарасы мазасыз немесе солғын. Ішкі органдары тарапынан айқын проблемалар байқалмаса да, бір нәрсе мазалайды, (басы, іші, тамағы және т.б.) ауырады деп әртүрлі шағымдануы мүмкін. Тәбеті нашар, зейіні бұзылған, энурез болуы да мүмкін. Әрқашан депрессиялық балаларға оқудағы қиынтықтар тән, өйткені зеійн қоюмен, жаңа материалды меңгерумен байланысты, бір нәрсені жаттау, тез орындау кезінде шаршағандығы байқалып, нәтижелілік төмендейді. Сырт келбеті салақ.

Егер педагог балада депрессиялық жай-күйдің дамуын байқаса, онда тез арада мектеп психологына жүгіну керек.

2. Эмоционалдық-ерік саласында бұзылулары бар балалар (негізінен жасөспірімдер). Олар – отбасындағы тәрбиенің елеулі қателіктерімен, олқылықтарымен және кемшіліктерімен байланысты нәтиже. Әрбір осындай бала үшін оның мінез-құлқындағы, өзара қарым-қатынасындағы және әрекетіндегі көріністер формаларының көптүрлігігін табатын өзіндік ерекшелік тән:

аса белсенді балалар, сондай-ақ зейін тапшылығы синдромы бар балалар. Бұл балалар баланың ерекшелігіндегі басқа шекті білдіреді. Аса белсенділік пен зейін тапшылығының сыртқы көріністеріне мыналар жатады:



  • жоғары қозғалыс белсенділігі, бітпейтін тынышсыздық;

  • қызбалылық, қозғалыстың екпінділігі;

  • ұдайы мылжыңдық (тіпті оны естімесе де, бала өзімен-өзі сөйлесе береді («мұрын астынан қыңқылдау»), өте көп сұрақтар қояды;

  • агрессиялық, бала ересектер мен балаларға жиі ашуланады;

  • оқушы үнемі қақтығыстық жағдайлар тудырады;

  • эмпатияның болмауы (басқа адамның сезімдері мен уайымын түсіну қабілеті); шамалы (қатты қуанудан бастап түңілуге дейін) оқиғалардан туындайтын, көңіл-күйіндегі жиі өзгерістер;

  • жоғары қызбалылық; бірлескен ұжымдық ойындардан, бірлескен әрекеттерден бас тарту;

  • өзін-өзі төмендете бағалау, пессимистік көңіл-күй; бала үнемі алаңдайды, назар бөліп, зейін қоя алмайды.

Егер себептері туралы айтар болсақ, бәрінен жиі генетикалық тұқым қуалаушылық пен туу кезіндегі жарақаттар аталады. Бұған жүктілік кезіндегі әйелдердің күйзелістері мен инфекциялық аурулары, алкогольді көп пайдалануы, жүктілікті тоқтату әрекеттері немесе түсік тастау қаупі, іш жарақаттары, ұзақ босануы, балалардың уақытына жетпей тууы, сондай-ақ туған кездегі дене салмағының аз болуы жатады. Осы салада батыс статистикалық зерттеулері санының көп болуына қарамастан, гипербелсенділіктің қалыптасуы сол немесе өзге факторларға тікелей байланысты болатындығы әлі анықталған жоқ. Ғалымдар бұлардан бөлек тағы бір қызық заңдылықты бөліп көрсетеді – осы синдромға шалдыққан барлық балалардың арасында ер балалардың саны басым болып келеді (әдетте 80% астам), зерттеушілер мұны ұлдардың белсенді өмір салтына «генетикалық» бейімділігімен түсіндіреді. Осы бұзылулардың қалыптасуы мен одан әрі дамуында әлеуметтік-психологиялық факторлар: отбасындағы кикілжің мен қақтығыстар, жанжалмен және баланың көзінше ара-қатынастарын анықтаумен ұласатын, ата-аналарының ажырасуы, тәрбиедегі қаталдық көріністері де маңызды рөл ойнайды. Мектепте мұндай балаларға көбінесе ерке немесе тәрбиесіз бала ретінде қарайтындықтан, білім беру процесін ұйымдастыру кезінде педагог репрессивті әдістермен немесе қаталдықпен оны тәртіпке шақыруға тырыспай, барлық жоғарыда санамаланған факторларды ескеруі тиіс, өйткені баланың бойындағы мықты жағымсыз эмоциялар (жазалау реакциясы, мұғалімдердің наразылығы, жаман бағалар) оның жалпы мектепті жек көруін және қандай сылтау болса да мектепке барудан қашуын тудыруы мүмкін. Мектепте қақтығыстық жағдайлар туындаған кезде балаларда дене қызуы көтеріліп, олардың жүрек айнуы орын алған оқиғалар белгілі, ал бұл жағдай шешілген кезде, суық тию немесе тамақпен улану симпомдары тез арада жойылады. Бұл балалардың сырқаты көбінесе соматикалық сипатқа ие, тіпті асқазан бұзылуы немесе суық тию болса да, олар ең алдымен, жоғары жүйке қозуымен байланысты. Өйткені олардың сырқаты физикалық және психикалық проблемалардың үйлесуі болып табылатындықтан, онда емдеу кезінде де осы екі факторды да ескеру қажет. Сыныбында гипербелсенділік және зейін тапшылығы синдромы бар бала оқитын мұғалімге алғашқы күннен бастап оның ата-аналарымен сенімді қарым-қатынастар орнату және олармен үнемі байланыста болу керек. Олардың осындай үйлесімді ынтымақтастығынан баланың осы синдромды қаншалықты тез жеңетіні байланысты болады. Ешқандай жағдайда баланың нашар тәрбиесі үшін ата-аналарды кінәламау керек. Олар онсыз да баланың тым ожарлығы, басқаруға көнбейтін мінез-құлқы үшін ыңғайсызданады. Кейде сынып жетекшісі ата-анаға олардың баласының ерекшеліктерін, олардың баласының мінез-құлқы – еркелік пен қыңырлық емес, бірқатар себептерден туындайтын күрделі құбылыс екенін түсіндіруге тура келеді. Мектепте де, үйде де гипербелсенді бала үшін оқу әрекетін, оның күн тәртібін, қалай ұйымдастыру керектігін олар бірге ойластырып, қатаң келісуге және оны қатаң ұстануға тиіс.

Бұл балалар өз құрбыларына қарағанда қызбалау екенін есте сақтау маңызды, өйткені ол балалардың қарым-қатынас жасауда этикет нормаларын сақтауына кедергі келтіреді. Сондай-ақ бұл балалар мұғалімнің назары мен құрбыларының оқудағы жетістіктеріне қызғанышпен қарайтынын да ескере кеткен жөн. Көп жағдайда мұны өзін-өзі төмендете бағалаумен, сондай-ақ шекті эмоционалдық тұрақсыздықпен түсіндіруге болады. Олар кез келген құралдармен мұғалімнің және балалардың назарын өздеріне аударуға тырысады. Гипербелсенді баламен қарым-қатынас кезінде асықпай, дауыс көтермей, ақырын сөйлеуге тырысу керек. Бұл балалар мұғалімнің дауысындағы ашу, ыза екпінін байқап қалады, кейде олардың реакциясы өте агрессиялы болады. Сабақ кезінде мұғалім сергіту сәті туралы ұмытпау керек, ол балаларға сабақ барысында жинақталған шаршағандықты бюасуға көмектеседі. АҚШ-та бір эксперимент жүргізілген екен, оның барысында сабақ кезінде гипербелсенді балаларға қолдарына резеңке доп ұстауға рұқсат берілген. Қолымен оны аша және қыса отырып, олар алаңдаушылық пен қозғалыс екпінділігін аз көрсеткен. Мұндай балалар үшін компьютерлік оқыту бағдарламалары таптырмайтын оқу құралдары болып табылады, олар балаларға оқу материалын оған ыңғайлы қарқында өтуге мүмкіндік береді. Материалды олар көрнекілік формасында жақсы меңгереді, сондықтан сабақта картиналарды, модельдерді пайдалану өте қажет. Сондай-ақ мұндай балаларды оқытқан кезде тапсырмалар жазылған әртүрлі дәптерлерді пайдаланған дұрыс. Бала ылғи да тақтада жазылғанды соңына дейін дәптеріне жазып алмайтыны, сабақтың қарқынына үлгермейтіні мұғалімнің ашуын тудырмау керек. Сабаққа дайындалған кезде кейбір балалардың осы ерекшеліктерін ескере отырып, мұғалім тақтада қолданбақшы болған мәтіндерді, сызбаларды жазып дайындағаны дұрыс, бұл баланың мәтінді көшіріп жазу қажеттілігінен босатады [24].

агрессиялық балалар. Агрессия  ‒ жанға батыру, жою немесе үстемдік орнату ниетінен туындайтын мінез-құлық. Ұдайы немесе өте жиі (аптасына 1-2 реттен кем емес) ашуланатын, балалармен және ересектермен ұрысатын, оларды мазақтайтын немесе қорлайтын, олардың заттарын лақтыратын және (немесе) бүлдіретін, басқа адамдарды әдейі ызаландыратын, дауласатын, өзінің мінез-құлқын бақылай алмайтын, төбелесетін, тіпті бұл белгілер ұзақ уақыт бойы (кемінде 6 ай) байқалатын бала агрессиялық деп есептеледі.



Агрессиялық мінез-құлық симптомдары:

1) Эмоционалдық-бағалау:



  • басқа адамдардың сезімі мен уайымдарын түсінбейді;

  • өзінің сезімдері мен уайымдарын да түсіне алмайды, оларды атап беруге қиналады;

  • өте күдікшіл, басқа адамнан, құрбыласынан немесе ересек адамнан үнемі физикалық және моральдық жамандық, соққы, қорлау;

  • дұшпандар әлемінде өздерін керексіз, жалғыз сезінеді; менменшіл;

  • өзін-өзі шектеп бағалайды (не «мен бәрінен жақсымын», не «мен бәрінен жаманмын»), өзінің мінез-құлқын тиісінше бағаламайды;

  • барлық қателіктері мен келеңсіздіктеріне айналадағылар кінәлі, ал өзінің агрессиялық әрекеттерін дұрыс, мәжбүрлі немесе қорғаныс үшін деп есептейді.

2) Мінез-құлықтық:

  • өзін-өзі бақылай алмайды;

  • физикалық (төбелескек) және вербальды агрессия (қауіптер, дөрекілік, балағаттау) көрсетеді;

  • қатты ашуланатынын көрсетеді (айқайлайды, шыңғырады, аяқтарымен жер тебінеді, еденде домалайды, заттарды лақтырады және сындырады);

  • ызақор, ашуқор, қаһарлы, қисық, күншіл, өкпешіл, ашушаң, күдікшіл, кекшіл;

  • сол немесе өзге авторитетке (мұғалім, жетекші-оқушы) қарсы бағытталған, «оппозициялық» мінез-құлық мәнерімен ерекшеленеді;

  • қақтығыстық жағдайларды әдейі жасайды, жанжалға түрткі болады 3) Физикалық:

  • бас ауруынан, бұлшық еттің қарысуынан зардап шегеді;

  • түнерген, жабыраңқы көңіл-күймен ерекшеленеді.

Көбінесе баланың агрессиялық мінез-құлқының негізгі себептері ата-анасының агрессиясы, олардың баланы жақсы көрмейтіндігін көрсетуі, ата-аналардың баланы қорлауы болып табылады, осының салдарынан қоршаған ортадан қауіптілік пен қастандық сезімі қалыптасады; ұзақ және жиі өкпелеу, оларға да ата-аналар немесе қандай да мән-жайлар себеп болады; бас ми қабатының органикалық зақымдануы.

Агрессиялық мінез-құлық вербальды да, физикалық та болуы мүмкін. Ол адамдарға немесе жануарларға немесе заттарға бағытталуы мүмкін және ашуға немесе қастандыққа көрсетілетін кәдімгі реакцияны білдіреді. Агрессия жай ғана жатталған немесе еліктегіш мінез-құлқы да болуы мүмкін. Ата-аналарының тарапынан физикалық ықпал ету шараларына тап болған балалар мүлдем жазаланбаған балалармен салыстырғанда өте агрессиялы болып келеді. Жаза қаншалықты қатал болса, балалардың құрбыластарына, одан әрі ата-аналары мен басқа да адамдарға қатысты агрессиялық мінез-құлқы өрши түседі.

Агрессиялық балалармен жұмыс істеудің өз ерекшеліктері бар. Бастапқы кезеңдерде топтық форма қажет емес, Басынан бастап, баламен бірге, отбасымен де қатар жұмыс істеу керек. Ол белгілі диагностикалық жұмыстардан кейін, отбасылық қарым-қатынастарды және олардың үйлесімсіздік дәрежесін диагностикалағаннан кейін жоспарлануы тиіс, одан кейін жеке және топтық психокоррекциялық жұмыс жалғасу керек. Бірақ баламен жеке жұмыс жүргізуге ерекше назар бөлген жөн. «Өзін дұрыс ұстау» қажеттігі туралы ортақ әңгімелер мүлдем тиімсіз болады. Коррекциялық жұмыста жасөспірімнің мінезі мен қабілеттерінің ерекшеліктері негізінде оның қызығушылықтарының аясын қалыптастыруға ерекше орын беру керек. Тұлғаны жақсы жағынан қалыптастыруға тарту әрекеттері: кітап оқу, өз бетінше білім алу, музыкамен, спортпен шұғылдану есебінен жасөспірімнің бос уақыты – «бос сенделіс және әрекетсіздік» кезеңін барынша қысқартуға тырысу керек. «Түк істемей бос жүру» – бос уақыты кезеңіндегі нәтижесіз әрекет кезінде – жасөспірім бейәлеуметтік ортаға жылдам қайтуы және делинквенттігінің қайталануы мүмкін [25].

Баланың дамуы әрекетте жүзеге асырылатынын, ал жасөспірім өзін, өзінің ұстанымын ересектер арасында ересек сияқты тұжырымдауға тырысатынын ескере отырып, жасөспірімнің осындай әрекетке қосылуын қамтамасыз ету қажет, ол ересектердің қызығушылықтары саласында жатыр, бірақ жасөспірімге өзін ересектер деңгейінде тұжырымдауға мүмкіндік жасайды [16].


1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет