Методические рекомендации по оцениванию учебных достижений детей с особыми образовательными потребностями и детей, обучающихся на дому



бет2/31
Дата06.01.2022
өлшемі0,67 Mb.
#14349
түріМетодические рекомендации
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Кіріспе

Ерекше қажеттіліктері бар балаларға білім беру мемлекет үшін негізгі міндеттердің бірі болып табылады. Бұл әрбір адам өз әрекетінің қажеттілігін және қатыстығын сезіне алатын нағыз инклюзивті қоғам құрудың қажетті шарты. Біз әрбір балаға оның қажеттілігіне және басқа жағдайларына қарамастан, өз әлеуетін толық жүзеге асыруға, қоғамға пайда келтіруге және оның толыққанды мүшесі болуына мүмкіндік беруге міндеттіміз.

Дэвид Бланкет

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «мақсатқа жету үшін біздің санамыз ісімізден озып жүруі, яғни одан бұрын жаңғырып отыруы тиіс. Бұл саяси және экономикалық жаңғыруларды толықтырып қана қоймай, олардың өзегіне айналады....Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын ұлт қана табысқа жетеді.» деп атап өтілген 1.

Белгіленген бағыт-бағдарға сәйкес Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы мемлекеттік саясатының негізгі принциптерінің бірі инклюзивтілік болып табылады. Балалардың білім алуға құқығы мен инклюзивті білім беруді дамыту бойынша жұмысты жетілдіру Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», «Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарымен кепілдік берілген.

«Білім туралы» ҚР Заңының баптарында білім алушылардың білім беру бағдарламаларына тең қолжетімділікті, түзету-педагогикалық және әлеуметтік қолдауды, мүмкіндігі шектеулі балалардың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігін қарастыратын мемлекеттің білім беру саласындағы саясатының мәні мен принциптері айқындалған. Мысалы, «Білім туралы» ҚР Заңының


3-бабында «...1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; 2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы; 3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі...» деген принциптер белгіленген [2].

Қазақстанда инклюзивті білім беруді дамытудың нормативті құқықтық базасы мекен-жайы бойынша барлық білім алушыларға олардың жеке ерекшеліктері мен білім алу қажеттіліктеріне білім беру ортасының бейімділігін қамтитын педагогикалық тәсілдер арқылы тең білім алу мүмкіндіктерін қамтамасыз ету - басты постулатына негізделген.

Негізі қоғамды ізгілендіру болып табылатын инклюзияның мәнін айқындауға байланысты 2016 жылы «Білім туралы» Заңында «мүмкіндігі шектеулі балалар» термині «ерекше білім беруге қажеттілігі бар адамдар (балалар)» ұғымына ауыстырылды.

2013 жылғы 17 мамырдағы № 499 ҚР Үкіметінің Қаулысына сәйкес инклюзивті сыныптарда ерекше білім беруге қажеттілігі бар екі баладан артық оқытылмауы тиіс 3.

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес инклюзивті білім беруді іске асыру кезінде сыныпты бөлу әр ерекше білім беруге қажеттілігі бар баланы білім алушылардың жалпы санынан үшке кеміту есебінен жүзеге асырылады.

Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды қолдау мен оқытудағы жеке ыңғай жасау ҚР «Білім туралы» Заңының 47 бабымен сақталады, яғни, «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің: ... білім беру ұйымы кеңесінің шешімі бойынша жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандарттары шеңберінде жеке оқу жоспарлары, қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша оқуға құқығы бар» [2]. Сондай-ақ, Орта білім беру ұйымдары қызметінiң үлгілік қағидаларына сәйкес «19-тармақ: Инклюзивтік сыныптарда оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы мен ұсынымдары бойынша жалпы білім берудің оқу бағдарламасы немесе жеке бағдарлама бойынша білім алуы мүмкін» [3].

Инклюзия әрбір баланың білім алу қажеттіліктеріне бейімделген педагогикалық, адамгершілік, материалды ортаны қалыптастыра отырып, мектептің барлық әлеуметтік процестерін терең қамтиды. Бұндай ыңғайлы жағдайды тек ата-аналармен тығыз ынтымақтастықта, білім беру процесіне барлық қатысушыларының біріккен топтық әрекеттестігінде жасауға болады 4.

Бұл ретте білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесіне маңызды рөл беріледі. Білім алушылардың дайындық деңгейі туралы объективті және сенімді ақпарат алу мүмкіндігі сынып оқушылары құрамының білім алу қажеттіліктері бойынша әртүрлілігін және оқытудың жеке нәтижесіне мүмкіндік беруді ескеретін критерийлерді қолдану арқылы қамтамасыз етіледі.

Әдістемелік ұсынымдардың мақсаты – инклюзивті білім беру жағдайында қызмет ететін жалпы мектеп педагогтеріне әр түрлі санаттағы ерекше білім беруге қажеттілігі бар балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесін жүзеге асыруда көмек беру.

Берілген материалдар педагогтерге, сонымен қатар білім беру ұйымдарының басшыларына, әдіскерлерге, білім беру процесін қолдау мамандарына да пайдалы болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет