Қосымша дидактикалық материалдар
Есту арқылы қабылдау деңгейін анықтау үшін диагностикалық жинақ.
Кестелер, мәтіндер, тақырып бойынша иллюстрациялық материал
Ойыншықтар мен үстел ойындары.
Музыкалды аспаптар жинағы.
Сурдопедагогика бойынша арнайы әдебиеттер.
Естімейтін балаларға білім беру процесін ұйымдастыру бойынша
әдістемелік ұсынымдар
есту қабілеті бұзылған балалардың жұмыс қарқыны баяу болғандықтан тапсырмаларды орындауға көбірек уақыт беру қажет;
кез келген жағдайда тапсырманы өздігінен орындауға басымдық беру ұсынылады;
балаларды үнемі диалогқа, олардың нәтижеге жету процесі туралы талқылауға қосып отыру керек;
әрекет түрін немесе тапсырманы ауыстыруда бала мұғалімді түсінгеніне көз жеткізу керек (мысалы, «не жасайтыныңды қайтала», «не жасау керектігін балаларға айтып бер»);
сыныпта шудың қатты деңгейде болмауын қадағалау, оқу процесіне барлық балаларға пайдалы және есту қабілеті үшін тынығу болатын «үнсіздік минутасын» қосу ұсынылады;
ұсынылған материалдың негізгілерін бірнеше рет қайталап, есту қабілеті бұзылған/барлық балаларды қайталату жөн;
сұрақтарды балалар түсінетіндей, мәнін ұғынатындай анық, қысқа қойып, жауап беруге асықтырмай, ойлануға уақыт берген тиімді;
оқу процесінде иллюстративті материалды кеңінен қолданыңыз;
есту қабілетінің бұзылысы бар баланың сөйлеушіге бұрылуға мүмкіндігі болу керек (дыбыстық ақпаратты көру арқылы қабылдау). Бұл тәртіп бұзу емес, қажеттілік.
сабақта диалог/полилог түрінде әңгіме барысында естімейтін баланың назарын сөйлеушіге аударту (оларға бұрылып қарау ережесі) – бұл сөйлеу тілін қабылдаудың (есту және есту-көру арқылы қабылдау) тиімді жағдайы [11].
Естімейтін білім алушылар үшін жиынтық жұмыстарын жүргізу тәртібін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар
− естімейтін білім алушылар үшін жиынтық жұмыстары арнайы сараланып әзірленген тапсырмаларды қолдану арқылы жүргізіледі. Жиынтық жұмыстарының тапсырмалары, бағалау критерийлері және дескрипторларды мұғалім психологиялық-педагогикалық қолдау маманымен бірге әзірлейді;
− есту қабілеті бұзылған білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып жиынтық жұмыстарының тапсыру уақытын ұзартуға болады;
− жиынтық жұмысты жүргізу барысында білім алушыға тынығу үшін немесе басқа қажетті шаралар үшін қысқа уақытты үзіліс беруге болады;
− естімейтін оқушыларға арнайы психологиялық-педагогикалық көмек −, оқу тапсырмасын қабылдау мен орындау кезеңінде эмоционалды жайлы жағдайды жасау және сақтау мақсатында қажеттілігіне байланысты психологиялық-педагогикалық қолдау маманының қатысуына рұқсат етіледі;
− тілдік пәндер бойынша тыңдалымға арналған тапсырмаларды білім алушының сөйлеу тілі дамуының ерекшеліктерін есепке ала отырып басқа тапсырмалармен алмастыруға болады;
− айтылымға арналған тапсырмалардың көлемі мен мазмұнын білім алушының психикалық және тілдік дамуына байланысты өзгертуге болады;
− қажет болған жағдайда (ата-ананың немесе білім алушының қалауы бойынша) арнайы құрылғыларды (ұжымдық қолдануға арналған дыбыс күшейткіш аппаратурасы, жеке есту аппараттары және басқа) қолдану ұсынылады;
− естімейтін білім алушылардың жиынтық жұмыстарын бағалау жалпы қабылданған критерийлерді, сонымен қатар олардың психофизиологиялық жағдайы мен сөйлеу тілі әрекетінің даму ерекшеліктерін ескеретін критерийлерді есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Нашар еститін балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Нашар еститін балаларға жоғарылығы бойынша дыбыстарды ажырату аумағы кеңдеу (орташа 1000-4000 Гц) болатын күші 20 - 50 дБ және одан қатты (бірінші дәрежедегі саңыраулық), сондай-ақ 50 - 70 дБ, одан қатты (екінші дәрежедегі саңыраулық) дыбыстарды еститін есту қабілеті бұзылған балалар жатады.
Бұл балалардың естімейтіндерден ең басты айырмашылығы олар жеткіліксіз деңгейде болса да өздігінен ауызша сөйлеу тілін меңгереді.
Есту қабілетінің бұзылысын арнайы диагностикасыз қалыпты жағдайда анықтау күрделі жұмыс.
Қалдық есту негізінде дамитын есту арқылы қабылдау кемістіктің күрделілігіне, оның пайда болуы мен оңалтуды бастау уақытына байланысты. Бұндай балалардың ерекшелігі қатты дыбыстарға мазасыздану, есту қабілетінің бұзылысы ауыр болған сайын дыбыс қаттылығының жылдам арту феномені анық көріне бастайды. Егер тілдік емес – музыкалық және шуға қатысты есту туралы айтатын болсақ, бұл балаларда жақсы музыкалық қабілеттерді байқауға болады. ол аудиограммамен анықталмайды, туа пайда болған жеке нышандар болып табылады. бұл санаттағы балаларда вибрациялық сезімталдық басқа балаларға қарағанда жақсы дамыған. Сондықтан, олар ырғақтық көріністі ажыратуға, музыкалық аспаптарда ойнауға, тіпті билей алуға қабілетті. Сырттан есту қабілетінің бұзылысын балалардың жиі қайта сұрауынан, бала сөйлеушінің түрін көрмесе оған айтылған сөзге жауаптың болмауынан, теледидар бағдарламаларын қатты дыбыспен көру, сөйлеушінің айтқанын жақсырақ еститін құлағымен бұрылып тыңдауынан, дыбыстың бағытын анықтай алмауынан байқауға болады.
Естуінде қиындықтары бар балалардың эмоционалды-еріктік саласы эмоциялардың жұтаңдығымен, ерік қасиеттерінің әлсіздігімен, бастаған ісін аяғына апарғысы келмейтіндігімен сипатталады. Дегенмен, олар еститін балаларға қарағанда белсенді болады. Олар іс-әрекеттер арқылы өзін қоршаған заттарды барлық сақталған қабылдау түрлерін қолдана отырып танып білетінін түсіну маңызды
Нашар еститін балаларда қоршаған әлемді қабылдаудың бірқатар ерекшеліктері бар. Көру арқылы қабылдауда жетілмегендік, нақтырақ қабылдау және заттарды тану жылдамдығының төмендігі байқалады.
Нашар еститіндердің сөйлеу тіліне сандық жағынан жеткіліксіздік және сапалық жағынан өзгешелік тән. Балалардағы есту қабілетінің жеңіл түрде төмендеуі сөйлеу тілі дамуының тежелуіне, бала тілдің ақырын айтылған дыбыстары мен сөздің бөлігін қабылдап ажырата алмағандықтан фонематикалық талдаудың қалыптаспауына алып келеді. Бала сөздің бір бөлігін ғана естиді, сондықтан оның мағынасын дұрыс түсінбейді. Жалпы алғанда, нашар еститін балалардың дыбыс айту бұзылған, сөйлеу тілі анық емес, дыбыс шығару қаттылығы бірде өте қатты, бірде өте төмен біркелкі емес, ым-ишарамен қатар жүреді.
Сөйлеу тілінің болмауы немесе оның төмен деңгейде дамуы баланың танымдық әрекетінің тежелуіне, әсіресе, тілдік ойлау деп аталатын көрнекі-бейнелік және тілдік-логикалық ойлаудың шектелуіне алып келеді.
Есту қабілеті бұзылған балалардың әлеуетті мүмкіндіктері өте жоғары.
Егер баланың дамуында басқа қосымша күрделі ауытқулары болмаса, тиімді және мақсатты түзету жұмысы мектепке дейінгі кезеңде жүргізілген болса, онда саңыраулықтың ауыр түріне қарамастан бастауыш мектепте жалпы және тілдік дамуды қалыпты жағдайға дейін жеткізуге болады. Бұндай балалар сөйлеу тілін толық меңгерген, балалармен де, ересектермен де еркін сөйлесе алады, көргенін айтып бере алады, оларға айтылған сөзді жақсы қабылдайды, естіп көру арқылы қабылдайды, тақпақ оқып, өлең де айтып бере алады.
Олардың сөйлеу тілінің дыбысталуы, әдетте, еститін балалардың тілінен аз айырмашылыға болады, олар есту аппараттарымен еш қиындықсыз қолданады. Оларға жалпы мектепте оқу тиімді болып табылады.
Нашар еститін балалармен түзету жұмысын ұйымдастыру үшін сурдопедагог кабинеті қажет. Ол дыбыстау индикаторы, арнайы компьютерлік бағдарламалар, сурдологопедиялық тренажер, компьютер колонкалары, магнитті тақта, аудиодисктер, айна және басқа құралдармен жабдықталады [11].
Нашар еститін балаларға білім беру процесін ұйымдастыру бойынша
әдістемелік ұсынымдар
1) Есту қабілеті бұзылған баланың білім беру ұйымының тәртібіне, оның білім беру ортасына бейімделу процесінде жеке және жас ерекшеліктерін міндетті түрде ескере отырып сабақтастық, бірізділік, біртіндеп беру принциптерін сақтау қажет.
2) Педагогтерге бұндай баламен қарым-қатынаста барлық мүмкін және қолжетімді құралдарды қолдану қажет: ауызша сөйлеу тілі, табиғи ым-ишара мен мимка.
3) Педагогтер мен мамандарға бұндай баланы айналадағылар қабылдау үшін, қарым-қатынасқа және әр түрлі әрекет түрлеріне қосу үшін арнайы жұмыс жүргізу қажет.
Нашар еститін білім алушылар үшін жиынтық жұмыстарын жүргізу тәртібін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар
− нашар еститін білім алушылар үшін жиынтық жұмыстары арнайы сараланып әзірленген тапсырмаларды қолдану арқылы жүргізіледі. Жиынтық жұмыстарының тапсырмалары, бағалау критерийлері және дескрипторларды мұғалім психологиялық-педагогикалық қолдау маманымен бірге әзірлейді;
− есту қабілеті бұзылған білім алушының жеке қажеттіліктерін ескере отырып жиынтық жұмыстарының тапсыру уақытын ұзартуға болады;
− жиынтық жұмысты жүргізу барысында білім алушыға тынығу үшін немесе басқа қажетті шаралар үшін қысқа уақытты үзіліс беруге болады;
− нашар еститін оқушыларға арнайы психологиялық-педагогикалық көмек көрсету, оқу тапсырмасын қабылдау мен орындау кезеңінде эмоционалды жайлы жағдайды жасау және сақтау мақсатында қажеттілігіне байланысты психологиялық-педагогикалық қолдау маманының қатысуына рұқсат етіледі;
− қажет болған жағдайда (ата-ананың немесе білім алушының қалауы бойынша) арнайы құрылғыларды (ұжымдық қолдануға арналған дыбыс күшейткіш аппаратурасы, жеке есту аппараттары және басқа) қолдану ұсынылады;
− нашар еститін білім алушылардың жиынтық жұмыстарын бағалау оценивание жалпы қабылданған критерийлерді, сонымен қатар олардың психофизиологиялық жағдайы мен сөйлеу тілі әрекетінің даму ерекшеліктерін ескеретін критерийлерді есепке ала отырып жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |