1. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың, соның ішінде мүгедек балалардың оқу жетістіктерін бағалау ерекшеліктері
Жаңартылған білім мазмұнын жүзеге асыру жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесі қолданылады. Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың нәтижелерін бағалауда МЖБС берілген білім алушылар дайындығының деңгейіне қойылатын талаптарға бағдарлану керек. Бірақ кейбір балаларға бағдарламаны меңгеруге ұзағырақ уақыт керек. Нәтижесінде олар қалыпты дамыған балалардың бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейімен сәйкес деңгейге жетеді. Жалпы білім беретін мектептің ерекше білім беруге қажеттілігі бар, оның ішінде есту, көру қабілеті, тірек-қимыл аппараты бұзылған, күрделі тіл кемістігі бар, психикалық дамуы тежелген түлектерге алған білім деңгейін растайтын мемлекеттік үлгідегі құжат беріледі.
ҚР МЖБС сәйкес білім сапасын арттыру бойынша жұмыстың негізгі бағыттары тез өзгермелі әлемде табысты болу, жалпы білім беретін мектептерде зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыруды қамтамасыз ететін білім алуға қажеттілігін қанағаттандыратын үздік білім беру ресурстары мен технологияларына білім процесіне қатысушылардың барлығына тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады.
Инклюзивті білім беру қалыпты дамыған құрдастарымен бірге оқитын мүгедек балалар үшін білім беру нәтижелерінің мақсаты мен оны түсінудегі өзгерістерді неғұрлым толық көрсетеді. Білім беру нәтижелерін бағалауды өзгерту бағыттарының бірі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға білім берудегі жаңа мақсаттарды қалыптастыратын құзыреттілік тәсілдемесі болып табылады.
«Құзыреттілік тәсіл» түсінігі оқыту процесінің тұлғада басты (базалық, негізгі) және пәндік құзыреттерді қалыптастыру мен дамытуға бағыттылығын білдіреді. Оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру тек жаңартылған білім мазмұнын ғана емес, сондай-ақ оқытудың тиімді әдістері мен технологияларын іске асырумен байланысты.
И.А. Зимняя [5] концепциясы бойынша басты құзыреттер адамның қоғамда қалыпты өмір сүруін қамтамасыз ететін негізгі құзыреттердің жиынын көрсетеді. Басты құзыреттердің негізгі қасиеттері келесі:
Басты құзыреттер – бұл адамның өзі үшін маңызды мақсаттарға жетудің әмбебап менталды құралдары, саймандары (жолдары, әдістері, тәсілдері). Басты құзыреттерді қоғамның әрбір мүшесі меңгеруі тиіс.
Басты құзыреттер адамға белгісіз, проблемалық жағдайларда нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Олар өздігінен және басқалармен әрекеттесіп проблемаларды шешуге, яғни, жинақталған құралдар жеткіліксіз болатын жағдаяттарды шешуге мүмкіндік береді.
И.А. Зимняя басты құзыреттердің үш тобын айқындайды:
- өзіне тұлға ретінде, өмір сүру субъектісі ретінде қарауға қатысты құзыреттер;
- адамның басқа адамдармен әрекеттестігіне қатысты құзыреттер;
- адамның барлық формада және түрде көрінетін әрекеттеріне қатысты құзыреттер [5].
А.В. Хуторской келесідей басты құзыреттерді бөледі:
1. Құндылық-мәндік құзыреттер, бұл өмірге көзқарас саласындағы құзыреттер, яғни, білім алушының құндылық бағдарларымен, оның қоршаған әлемді көру және түсіну қабілетімен байланысты, онда бағдарлану, өзінің рөлін, мақсатын түсіну, өзінің әрекеттері мен істеріне мақсаттық және мағыналық ұстанымдарды таңдау, шешімдер қабылдау.
2. Жалпымәдени құзыреттер білім алушының ұлттық және жалпы адами мәдениет саласында, адам мен адамзат өмірінің рухани-адамгершілік негіздері, отбасылық, әлеуметтік, қоғамдық құбылыстар мен салттардың мәдениетнамалық негіздері, тұрмыстық және мәдени-тынығу саласында танымы мен тәжірибесінің және хабардар болуын, сондай-ақ әлемнің ғылыми көрінісін меңгеру тәжірибесін көрсетеді
3. Оқу-танмдық құзыреттер логикалық, әдіснамалық, жалпы оқу әрекетінің элементтерінен тұратын білім алушының өздігінен тану әрекеті саласындағы құзыреттер жиынтығын біріктіреді. Сонымен қоса, бұнда оқу-танымдық әрекетті мақсатқа бағыттау, жоспарлау, талдау, рефлексиялау, өзін өзі бағалауды ұйымдастырудағы білім мен біліктер жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |