3. МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ТОПТАРЫНДА/СЫНЫПТАРЫНДА ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ
Тәрбиелеу-білім беру процесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкес «Денсаулық », «Қатынас», « Таным», «Шығармашылық» және «Әлеумет» білім беру салалары бойынша құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында оқу жүктемесінің көлеміне, тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне және оқу мерзіміне қойылатын талаптар анықталған.
«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу жоспарларына» (ҚР БҒМ 2012 жылғы 20 желтоқсандағы №557 бұйрығы) (бұдан әрі - ҮОЖ) сәйкес мектепке дейінгі даярлық топтарының (сыныптарының) балалары үшін апталық оқу жүктемесінің көлемі - 5 күндік жүктемеге 20 сағат және ұйымдастырылған оқу қызметінің (ҰОҚ) ұзақтығы – 25 - 30 минут.
Кіріктірілген тәсіл оқыту процесінде балалардағы қобалжуды жеңілдетуді қамтамасыз етеді, Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының мазмұнын табысты игеру үшін қолайлы психологиялық ахуал жасайды.
Тәрбиелеу-білім беру процесі:
- білім беру ұйымының жылдық жоспарына;
- өтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға;
- циклограммаға сәйкес жүзеге асырылады.
Білім беру процесінің тиімділігі, сондай - ақ баланың даму динамикасы туралы ақпарат алу үшін диагностика негізінде Үлгілік бағдарламаның мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізіледі:
бастапқы- оқу жылының басында (қыркүйекте);
аралық-оқу жылының ортасында (қаңтарда);
қорытынды-оқу жылының аяғында (мамырда)
Педагогикалық диагностиканы тәрбиеші басқа педагогикалық қызметкерлермен тығыз ынтымақтастықта жүргізеді.
4 . 5-6 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ МЕКТЕПКЕ ОҚУҒА ДАЙЫНДЫҒЫ КОМПОНЕНТТЕРІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Психологияда мектепте оқуға психологиялық дайындықтың екі түрі -арнайы және жалпы түрі қарастырылады. Арнайы дайындықты анықтау үшін жас ерекшелігі стандарттарымен салыстырылатын зияткерлік және сенсоримоторлық дамудың жеке көрсеткіштері өлшенеді. Егер жеке көрсеткіштердің мәндері төменгі шектен төмен болмаса, бала мектепте оқуға дайын деп танылады. Жалпы дайындық әрекеттің еркін деңгейімен, ересектермен және құрдастарымен тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын қалыптастырумен, мұғаліммен іскерлік ынтымақтастыққа дайындықпен, мектеп пен оқуға деген оң қарым-қатынаспен және т. б. сипатталады.
Мектепте оқу басталған кезде бала физикалық, психикалық, әлеуметтік және зиятикерлік жағынан дамуы керек.
Достарыңызбен бөлісу: |