49
Мұғалімнің міндеті – оқушыға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып
көрсету. Өз тәжірибемде бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін,
сабақта және сабақтан тыс уақытта дамытуда
Сын тұрғысынан ойлауға үйрету модульінің
көптеген әдіс-тәсілдерін қолданамын.
● Тақырыпты мазмұнына қарай жинақтау, арнаулы бір тақырыпқа пікірталас тудыру
/ой қозғау, « инсерт кестесі» /
● Берілген тапсырманы түрлендіру бағыттағы жұмыс /эссе, шығарма, сауаттылықты
ашатын хаттар /
● Әңгіменің ұқсастығын салыстыру, бөліктерге бөлу, ат қойғызу, мәтіндегі ұқсастық
пен айырмашылықты табу / Вен диаграммасы, аялдамамен оқу стратегиясы /
● Қиялдау арқылы сурет салғызу / сурет салу стратегиясы /
● Өлең шумақтарын құрастыру /5 жолды өлең /
Нәтижесінде өз бетімен жұмыс жасауға, өз ойын топта ашық айтып,басқа балалармен
пікірталасқа түсуге мүмкіндік туғызамын. Топпен жұмыс жасау барысында топ басшысы
болуға ұсыныс жасаймын. Қазіргі кезде оқушымның жетістікке ұмтылысы байқалып келеді.
5.
Сынып үшін БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын әзірлеу кезінде мұны қалайша
ескересіз? БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын даярлау кезінде басты назар аударатын нәрсе –
ауызша, жазбаша тілдерін өзара ұштастыра отырып және соған сәйкес жұмыстарды
таңдаймын. Мысалы: Сурет бойынша мәтін құрастырып айт. Мәтінді оқып, сол мәтінге бір
сұраулы сөйлем жаз. Көршіңмен диолог құр. Оқушымды ақпаратты өзі іздеп табуы,
шапшаңдығы мен еркіндігі,өз ойын ашық, еркін жеткізуге жетелеймін.
6.
Бұл жұмыста қолыңыздан не жақсы келеді? Қай тұста әлі де шыңдалу қажет?
Қазіргі таңда оқытудың елуден астам технологиясы бар екенін ғалымдар айтып, осылардың
кейбіреуі біздің білім беру жүйемізге еніп, өз тәжірибемде пайдаланып жүрмін. Қандай
технологияны пайдаланған кезде де оқушының белсенділігі, мақсатқа ұмтылысы,
шығармашылдығына, көңіл –күйінің көтеріңкі болуына басты назар аударамын.
Қазіргі таңда оқушым топпен, жұппен жұмыс атқара біледі. Өз ойларын ашық,нақты
жеткізе алады. Алдағы уақытта осы оқушымның үздіктер қатарынан көремін деп сенім
білдіремін.
Мұғалім үнемі ізденіс жолында жүргенде ғана жаңашыл мұғалім бола алады. Менің
қолымнан бәрі келеді, білемін деп айта алмаймын. Әрине қиындықтар кездеседі. Мысалы
сабаққа дайындық барысында ақпараттық құралдарды пайдалану кезінде әліде көп жұмыс
жасауым керек.
Достарыңызбен бөлісу: