Методические рекомендации по составлению дифференцированных заданий сор и соч по учебным



Pdf көрінісі
бет26/257
Дата10.02.2022
өлшемі9,31 Mb.
#25207
түріМетодические рекомендации
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   257
тәсілдерді  қолданасыз?  А.Б.  қабілетін  ескере  отырып,  арнайы  тапсырмаларды  әзірлеп 
отырдым және Монтесcоридің тәсілдерін сабақта қолдандым. 
5.  Сынып  үшін  БЖБ  және  ТЖБ  тапсырмаларын  әзірлеу  кезінде  мұны  қалайша 
ескересіз?  Мен өз тәжірибемде сынып оқушылары қысқа мерзімді сабақ жоспарындағы оқу 
мақсатымен  ұйымдастырылған  тапсырманы  орындап  отырған  кезде,  ЕББҚЕ  оқушыға  жеке 
сараланған  тапсырманы  орындау  үшін  уақытыма  сай  сабағымды  жоспарлап  отырдым. 
Сыныпқа  екі  нұсқада  оқу  мақсатын  алып  отырдым,  бірі  жалпы  сынып  оқушыларына, 
екіншісі  ЕББҚЕ  оқушыға.  Сол  сияқты  БЖБ  және  ТЖБ  жұмыстарын  жазған  кезде  екі 
мақсатта  алынды.  Тапсырмалар  да  сол  мақсатта  құрастырылды.  Бақылау  жұмысын 
құрастыру  кезінде  тапсырмалардың  дескрипторына  да  біраз  өзгеріс  еңгізілді.  Мысалы: 
сынып  оқушыларына  «Сауат  ашу»  пәнінен  төрт    тапсырма  әзірленсе,  ЕББҚЕ  оқушыға  екі 
тапсырма  әзірленеді.  Сол  кезде  дескрипторға  да  өзгеріс  енеді.  Сондай-ақ  сынып 
оқушыларына  дескриптордағы  максималды  балды  8  (сегіз)  балдық  жүйемен  -100%    пайыз 
деп    алсақ,  ЕББҚЕ  оқушыға  дескриптордағы  максималды  балды  4  (төрт)  балдық  жүйемен 
100% пайыз деп аламыз. 
6.  Бұл жұмыста қолыңыздан не жақсы келеді? Қай тұста әлі де шыңдалу қажет? 
«Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектің 
жолында,  жұмыс  істеу  керек»-  деп  Ахмет  Байтұрсынов  айтқандай, біз  ұстаздар  кез-  келген 
қиындықты жеңе біліп, одан шығар жолын таба білуіміз керек,- деп ойлаймын. Білімді және 
заман талабына сай шәкірт тәрбиелеп шығару менің басты мақсатым. Осы орайда айтылған 
нақыл  сөздің  мағынасын  тереңнен  түсіне  отырып  қарасақ,  дәл  біздің  мектеп  ұжымына 
қарасты  айтылған.  Мен  осы  ұстаздық  жолында  ЕББҚЕ  оқушылармен  жұмыс  жасау 
барысында,  кездескен  қиындықты  мектеп  басшысы  және  мектеп  ұжымындағы  білікті 
мамандардың  арқасында  тез  игере  білдім.  Іс-тәжірибелерімізбен  бөлісіп,  инклюзивті  білім 
беруді  дамыту,  ерекше  білім  беру  қажеттіліктері  бар  балалармен  жұмыс  жасаудың 
ерекшеліктері,  психологиялық-медициналық-педагогикалық  кеңестердің  қорытындысы 
бойынша  түзету  және  дамыту  бағдарламаларын  жасау  және  жүзеге  асыру  жөнінде  ақпарат 
беріліп,  мектеп  ұжымымызда  инклюзивті  білім  беру  мәселелері  бойынша  іс-шаралар 
ұйымдастырылды. 
7.  Өз  сабағыңызда  пайдаланған  БЖБ  және  ТЖБ  сараланған  тапсырмаларына 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   257




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет