Методические указания Форма ф со пгу


Қазақ тілі стилистикасы пәні бойынша мынаған қабілетті болуы тиіс



бет3/6
Дата22.04.2023
өлшемі190 Kb.
#85730
түріМетодические указания
1   2   3   4   5   6
Қазақ тілі стилистикасы пәні бойынша мынаған қабілетті болуы тиіс:

  • көркем шығармадағы жазушының өзіндік стилін ажырату;

  • студенттер арасында өтетін мәдени шараларда (диспут, конференция, дискуссия-ойталқы т.б.) сөйлеу мәдениетінде белгілі бір стильді (ғылыми, публицистикалық, ресми, т.б.) қолдану;

  • сөздің қолдану формасын игеру;

  • әр түрлі ағымдағы ақпараттардың сөйлеу тілін игеру;

  • мақала жазудағы студенттің өзіндік стильді қолдану тәсілі;

КУРС ЖҰМЫСЫНЫҢ МІНДЕТІ

Стилистика пәнінен теориялық білім алғаннан кейін, оны күнделікті тәжірибеде қолданылудың маңызы өте зор. Себебі стилистика – сөздердің қолдану заңдылықтарын, олардың экспрессивтік тұрғыдан дұрыс пайдалану принциптерін зерттейтін ғылым. Тіліміздегі сөздерді орынды қолдана білумен бірге дұрыс орналастыра білген жөн, өйткеі орнында тұрмаған сөз жайқалған көк егіннің ортасындағы соя тәрізді болады. Жеке сөз өзінің орны мен сәтін тапқан шақта жаңаша жаңданып кетеді, тіл өзінде бардың ең жақсысын, айқынын, дәлдісін мұқият таңдап алуды және аялап дамытуды қажет етеді. Сонда ғана тіліміздің стилистикалық ресурсы кеңейіп, сөздердің эмоциялық-экспрессивтік бояуы артады.




КУРС ЖҰМЫСЫНЫҢ МАҚСАТЫ


Стилистика пәнінен курс жұмысын жазу үшін студенттерге көркем әдебиет тілін меңгерту мақсатында белгілі бір жазушының шығармасы ұсынылады. Студент шығарма тіліне үңіліп, жазушының не ақынның шығарма жазудағы шеберлігіне, ой айшықтарының орынды қолданылуынан үлгі алады. Көркем шығарманы оқу студенттердің тіл байлығын арттыруға, ойын өрістетуге, көркемдік талғамын ұштауға жәрдемін тигізері сөзсіз. «Қазақ тілі * бай тіл» дейміз, сондықтан қазақ тілін шыңдап сүйген іздену жолында еңбек еткен студентке көркем шығарма тілін білу артық емес, керісінше сөйлеу мәдениетінде тигізер пайдасы мол.




2 КУРС ЖҰМЫСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ТАҢДАЛҒАН НҰСҚАНЫҢ ТАПСЫРМАСЫ


Курс жұмысы екі бөлімнен тұрады:


І Теориялық бөлім
ІІ Тәжірибелік бөлім




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет