Методическое пособие для родителей «по подготовке ребенка к обучению в школе» Нұр Сұлтан 2020 2



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата27.11.2023
өлшемі457,9 Kb.
#128785
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Болашақ оқушының жұмыс орны
Баланың жұмыс орнын дұрыс ұйымдастыру қажет.
Бала сабақ оқитын үстел күндізгі жарық сол жағынан түсетіндей болып 
(егер бала «солақай» болса онда керісінше) орналасуы, олай болмаған 
жағдайда толық жасанды жарықтандыру қажет. Үстел үсті жарығы (лампа) 
көзге тура түспеуі қажет ол үшін жарықтың үстінде арнайы қалқаншасы 
болуы керек.
Үстел мен орындықтың оңтайлы сәйкестігі мынадай болуы керек: 
кеудесін жоғары көтеріп, шынтақтарын үстел шетіне қойып, саусақтарының 
ұшымен көзінің сыртқы бұрышына дейін жеткізе алатындай болып 
орналастырылуы қажет. Ол үшін орындықтың биіктігін ғана реттеудің өзі 
де жеткілікті. Дұрыс отырғызғанда баланың аяғы еденге немесе тіреуге тік 
болып орналасуы қажет. Орындықтың арқасы биік болмауы қажет. Бала 
осындай жағдайда жұмыс істей отырып, шаршамайтын болады.
 
 
 



Ойындар мен серуендер
Мұнда баланың қимыл белсенділігі мен таза ауадағы серуендеуіне 
басты назар аудару қажет. Серуендердің, қимылды ойындардың және басқа 
да қимылды белсенділік түрлерінің ұзақтығы 3–3,5 сағат болуы керек. 
Дұрыс ұйымдастырылған күн баланың көңіл-күйін көтеріп, оның 
үлгіріміне де жағымды әсер етеді.
Баланы тәрбиелеу мен дамытуда мынаны ескеру қажет: білім баланы 
ақылды етуі мүмкін, бірақ шындығында оны бақытты етуге оның 
жақындарымен және жақсы көретін адамдарымен, отбасымен араласу 
арқылы қол жеткізуге болады. Ата-ана баланы тек алдағы уақытта жақсы 
оқуға ғана даярлап қоймай, сондай-ақ болашақ сыныптастарының 
ортасында өзіне лайықты орынға ие болу, мектепте өзін жайлы сезінуге 
жағдай жасауы қажет.
Ата-ана өзінің баласына қолдау көрсету үшін мектепке дейінгі 
ұйымның педагогтарымен ықпалдастықта әрекет ете отырып, өзінің баласы 
туралы мынадай ақпараттарды білуіне болады: 
-
бала қандай дыбыстарды дұрыс айта алмайды; 
-
оның сөзді естуін қалай дамытуға болады; 
-
оның сөздік қорының даму деңгейі қандай
-
бала өзінің ойын дұрыс жеткізіп, диалогқа қатыса ала ма; 
-
қолдың ұсақ бұлшық еттерінің даму деңгейі қандай және т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет