Методическое пособие для родителей «по подготовке ребенка к обучению в школе» Нұр Сұлтан 2020 2


–  баланың мектепте оқуға дайындығы бойынша  ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету. Міндеттері:  -



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата27.11.2023
өлшемі457,9 Kb.
#128785
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
 – 
баланың мектепте оқуға дайындығы бойынша 
ата-аналарға әдістемелік көмек көрсету.

Міндеттері: 


-
ата-аналардың құзыреттілігін арттыру; 
- балаларды тәрбиелеуге ата-аналарды тарту (оқуға ынтасының артуы, 
қолдың ұсақ бұлшық еттерін жетілдіру және т.б.); 
- баласы мектепке баратын кездегі ата-ананың қобалжу деңгейін 
төмендету. 
Баланы мектепке даярлауда отбасының ересек мүшелері ата-ананың да 
тәрбиешінің де мұғалімнің де міндеттерін атқаратын болғандықтан мұнда 
ата-ананың рөлі өте маңызды.
Әдістемелік құрал кеңес беру материалдарын, көбінесе қойылатын 
сұрақтарға жауаптарды, танымдық процестерді (есте сақтау, зейін) 
дамытуға ойындар картотекасын қамтиды.
Күтілетін нәтижелер:
-
баланың мектепке оқуға танымдық және тұлғалық даярлығы 
қалыптасады; 
-
ата-аналардың белсенділігі артады; 
-
баланы мектепке даярлауда ата-аналардың білім деңгейлері кеңейіп,
құзыреттіліктері артады.
Әдістемелік құрал келесі бөлімдерден тұрады: «Баланы мектепке 
даярлаудағы отбасының рөлі», «Мектепте жақсы оқудың негізгі 
факторлары», «Мектепте табысты оқудың негізгі факторлары», «Баланың 
мектепке психологиялық даярлығы», «Ата-аналарға арналған жалпы 
кеңестер». 
 



БАЛАНЫ МЕКТЕПКЕ ДАЯРЛАУДАҒЫ ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ
 
Отбасы мектеп жасына дейінгі бала үшін оның өмірін қоғамдық 
ортамен байланыстыратын негізгі және бірінші буын. Отбасындағы 
дәстүрлер ондағы болашақ мектеп оқушысының баланың орны, отбасы 
мүшелерінің оған қатысты тәрбиесі осыған барлығы тәуелді. 
Көбінесе баланың мектептегі сәтсіздіктері, олардың ұжымға енуі
оқығысы келмеуі немесе оқи алмауы ата-аналардың қателіктерінің нәтижесі 
болып табылады. Ата-аналар бастысы баланың материалдық қамтамасыз 
етілуіне басты назар аудара отырып, оның кітап оқуға деген 
қызығушылығының қалыптасуына, баланың сөйлеуінің дамуына, еңбекке, 
еңбекті сүюге психологиялық дайындығына аса мән бермейді. Осының 
нәтижесінде балада білімге деген жағымсыз қатынас қалыптасады.
Мектепте оқуға табысты бейімделудің шарты баланың физикалық және 
атқарымдық даму деңгейі, оның денсаулық жағдайы болып табылады. Әлсіз 
бала тез шаршайды, оның жұмыс істеу қабілеті төмендейді де оқу жүктемесі 
ол үшін қиын болып көрінеді. Балаларды мектепке даярлауда олардың күн 
тәртібіне ерекше назар аудару қажет. Егер сіз балаңыздың қатты 
шаршағанын, кешке қарай сылбырлық танытып немесе жүйкесі жұқарып, 
көңіл күйі болмай тұрғанын сезетін болсаңыз оның күн тәртібін дұрыс 
ұйымдастырсаңыз алдында балаңыздың бойынан байқаған жағымсыз 
белгілердің ғайып болғанын аңғаратын боласыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет