Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


- шығарма  мәтінімен таныс,  - сұрақтарға  жауап  бере алады.  -



Pdf көрінісі
бет7/20
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#9076
түріМетодическое пособие
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20

-
шығарма 
мәтінімен таныс
-
сұрақтарға  жауап 
бере алады. 
-
мәтінмен  таныс 
емес,  сұрақтарға 
жауап 
беруде 
қиналады. 
М.Әуезовтің  «Қорғансыздың  күні» 
әңгімесі мен  
А.И. 
Куприннің 
«Детский 
сад» 
әңгімесін салыстырыңыз. 
1.
 
Екі шығармадағы әлеуметтік теңсіздік 
мәселесінің  суреттелу  ерекшелігі 
қандай? 
2.
 
Бас 
кейіпкерлердің 
тағдырын 
салыстырыңыз. 
3.
 
Екі 
шығармадағы 
ұқсастықтарға 
78 

тоқталыңыз
.
 
 
Оқыту 
мақсаттары 
критерийлері 
Тапсырма 
Ж3  
Медиа 
құралдарындағ
ы  (постерлер, 
ақпарат 
құралдардары, 
жарнама, 
бейнекөрініс, 
аудио) 
оқиға 
мазмұнын 
зерттеп, 
ғаламдық 
тақырыптармен 
үндестіріп, 
көлемді  әңгіме, 
мәтін,  мақала, 
баяндама,үндеу 
хат жазады. 
-
көзқарасын 
мысалдарме
н  дәлелдей 
алады. 
-
көзқарасын 
білдіруде жүйелілік 
сақталмаған. 
http://www.youtube.com/watch?v=XvR9acQ
SLe4  
 
Бейнебаянның негізгі ойын түсініп, мақала 
жазыңыз. 
 
Тақырыбы:  «Білім  мен  біліктілік  –  өз 
әлеуметтік қорғаның!». 
 
 
Оқыту 
мақсаттары 
критерийлері 
Тапсырма 
А1  
Сөйлесім 
барысында  кез 
келген 
тақырыпта 
термин  сөздерді 
тиімді 
қолданып, 
өз 
пікірін 
басқа 
пікірлермен 
салыстыра 
отырып  жүйелі 
жеткізе алады. 
-
әр  сұраққа  өз 
пікірін  айта  алады. 
өзге 
пікірмен 
келісетінін  немесе 
келіспейтінін 
дәлелдейді. 
3-
тем  кем  сұраққа 
жауап 
береді. 
жауаптарында 
дәлел жоқ. 
 
79 

 
Сабақ  процесінде  өтілетін  тақырыпқа  байланысты  немесе  топқа  орындауға 
берілген  тапсырмаға  өлшемшарттар  (критерийлер)  құрылады.  Ол  –  нәтижеге  қол 
жеткізудің  ең  тиімді  жолы.  Жетістік  критерийін  дайындап,  берілген  тапсырма 
орындалып болған соң, топ мүшелері өз есімдерін жазып, әрбір критерий бойынша 
өздерін  бағалайды.  Сабақ  барысында  дайын  үлгілерді  топқа  ұсынып,  бірлесіп 
критерий  құруын  тапсырылады.  Оқушылар  алдымен  топта  ақылдаса  отырып,  өз 
ойларын  ортаға  салады.  Сонан  соң  сынып  оқушыларымен  түгел  бірлесе  отырып 
өлшемшарттарды (критерийлерді) нақтылап алады[9]. 
Критериалды  бағалаудың  тәжірибелік  маңызы  төмендегі  артықшылықтармен 
белгіленеді: 

жеке тұлға емес, оқушының жұмысы бағаланады;  

оқушы  жұмысы  алдын-ала  белгілі  өлшемшарттар  (критерийлер)  бойынша 
бағаланады; 

бағалау өлшемшарттар (критерийлері) нақты оқыту мақсаттарын айқындайды,  
сондықтан оқушыларға баға оқып, зерделенген материал бойынша ғана қойылады. 

өзінің  оқу  жетістіктерінің  деңгейін  анықтау  үшін  және  ата-аналарына  осы 
ақпараттарды жеткізу үшін оқушыға нақты  бағалау алгоритімі белгілі. 

оқушының оқуға деген және өзін-өзі бағалауға ынтасы артады. 
Критериалды бағалау: 
Мұғалімдерге: 
1. 
Сапалы нәтиже алуға бағытталған критерийлер әзірлеуге; 
2. 
Өзінің іс-әрекетін жоспарлауға және талдауға жедел түрде ақпарат алуға; 
3. 
Білім беру сапасын арттыруға; 
4. 
Оқытудың сапасын жақсартуға; 
5. 
Әр  оқушының  жеке  ерекшеліктері  мен  қабілеттерін  ескере  отырып,  жеке 
оқыту траекториясын құруға; 
6. 
Бағалаудың түрлі тәсілдері мен құралдарын қолдануға; 
7. 
Оқу бағдарламасын жетілдіруге ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді 
Оқушыларға:  
1. Өзінің түсінігі мен қабілетін көрсету үшін оқытудың түрлі стильдерін және 
ойлау әрекетінің типтерін қолдануға;  
2. Өз нәтижелерін болжау  арқылы табысқа жету үшін бағалау критерийлерін 
білуге және түсінуге;  
3.  Өзінің  және  өз  сыныптастарының  жетістіктерін  бағалап,  рефлексияға 
қатысуға;  
4. 
Шынайы  міндеттерді  шешу  үшін  өз  білімдерін  қолдануға,  түрлі 
көзқарастарды білдіруге, сын тұрғысынан ойлауға мүмкіндік береді.  
Ата-аналарға: 
1. өз баласының оқытылу деңгейі туралы объективті дәлелдер алуға;  
2. оқушының оқудағы прогресін қадағалауға;  
3. оқу процесінде оқушыға қолдау көрсетуге;  
4. мектеп әкімшілігімен, мұғалімдермен кері байланыс орнатуға; 
5.  баласының  мектепте  және  сыныпта  жайлы  сезінуіне  сенімді  болуына 
мүмкіндік береді. [15]. 
Критериалды бағалау моделіндегі бағалау тұжырымдары 
 
80 

Кез  келген  бағалау    нақты,  сенімді,  қолайлы    болуы  тиіс  және  сыныптағы 
тәжірибе  мен  оқыту  үшін  оң  әсері  болуы  тиіс.Бұл  ұғымдар    критериалды  бағалау 
моделінде  маңызды  болып  табылады  және  барлық  оқу  процесі  барысында 
мұғалімдердің бағалау нысандарын бағалауда қолданылады. 
Әдетте  мұғалім  өзінің  кәсіби  уақытының  шамамен  төрттен  бір  бөлігін,  тіпті 
үшін бір бөлігіне дейін бағалауға байланысты іс-әрекетке жұмсайды. Критериалды 
бағалауды жақсы түсінген және қолданған жағдайда оң бағалау тәжірибесін тиімді 
басқаруға мүмкіндік береді. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
81 


«Көркем  еңбек»  кіріктірілген  пәндерін  оқыту  кезіндегі  тәсілдер  мен 
принциптер  
 
Қоғамда болып жатқан қарқынды өзгерістер мектеп өміріне серпінді өзгерістер 
енгізуде,  яғни  пәндердің  мазмұнына,  оқыту  жүйесіне  жаңалықтар  кіргізу  жүзеге 
асырылуда.  Оқытудың  бастауыш  деңгейінде  пәндерді  кіріктіру  тиімді  болып 
табылады, өйткені бастауыш сынып оқушылары үшін көптеген заттардың арасында 
шекара  болмауына  байланысты,  қоршаған  ортаны  біртұтас  қалпында  қабылдайды. 
Сондықтан  да,  қазіргі  кезде  еңбекке  баулуды  бейнелеу  өнерімен  біріктіру, 
құрастыру  түріндегі  жұмыстарды  «Математика»  және  басқа  пәндерге  енгізу 
тәжірибесі кең таралуда.  
Пәндерді  кіріктіріп  оқыту  әдісі  қазіргі  кездегі  білім  берудің  маңызды 
қажеттілігі  болып  қабылдануда.  Оқу  пәндері  бойынша  бағдарламаларды  талдау 
жұмысы,  пәндердің  мазмұнында  бір  біріне  ұқсас  тақырыптардың  көптеп 
кездесетінін көрсетті. Алайда, бұл тақырыптарды оқу уақыты және қарастырылатын 
мәселелердің  мазмұны  бойынша  сәйкессіздіктер  кездеседі.  Пәндердің  арасындағы 
бұндай  кедергілерді  болдырмау  үшін,  оларды  негізгі  ұғымдар  мен  тақырыптар 
айналасында  біріктіруге  болады.  Бұл  жағдай  пәннің  мазмұнын  жан-жақты 
қарастыруға, олардың өзара байланысын ашуға мүмкіндік береді. 
Бастауыш  сыныптарда  пәндерді  кіріктірудің  өзіндік  ерекшеліктері  бар,  себебі 
түрлі  заттар  мен  құбылыстарды  жергілікті  және  жекелеп  қарастырудан,  оларды 
өзара  байланыстырып  кешенді  оқуға  мүмкіндік  береді.  Кіріктіру  жүйесін  енгізу 
жан-жақты білімді, тұтас дүниетанымдық көзқарасы бар, алған білімін өздігінен бір 
жүйеге келтіре алатын және мәселелерді шешудің өзіндік жолын таба білетін адам 
тәрбиелеуге ықпал етеді. Сонымен бірге кіріктіріп оқытуды өзара бір біріне жақын 
салаларды біріктіру арқылы жүзеге асыру қажет. 
Кіріктірілген  «Көркем  еңбек»  пәнінде  еңбекке  баулу  мен  бейнелеу  өнері  бір-
бірін  өзара  толықтырып  отырады,  сонымен  қатар  оқушылардың  технологиялық 
мәдениетін,  техникалық-технологиялық  құзыреттілігін  және  шығармашығын 
дамытуды жүзеге асыруды қарастырады.  
Бұл  пәннен  оқушылар  алғашқы  көркем  материалдарды  меңгеріп,  еңбек 
әрекетінің және бейнелеу өнерінің технологиясын үйренеді [17]. 
Бастауыш  сынып  оқушылары  нысанды  бақылауға  (зерттеуге),  бақыланған 
нысанның  қасиеті  мен  сапасын  анықтауға,  баға  беруге  үйренеді.  Сонымен  қатар, 
қоршаған  ортасын  жан-жақты  зерттей  отырып  түрлі  суреттер  салып,  оның 
құрылысын  құрастырады  немесе  оның  бейнесін  мүсіндей  отырып  дайын  өнім 
шығарады, олардың назарын қоршаған ортадағы адамдардың кәсібіне, суретшілерге 
қажет  маңызды  іскерліктер:  өмірді  суретші  көзімен  көре  білу,  әрбір  көрген  затты 
көңілімен  қабылдау,  адамның  істеріне,  туған  жердің  әсемдігін  түсіне  білуіне,  ол 
өнімдердің  қандай  техникамен  жасағандарын  дәлелдеп,  жұмысты  қорғайды,  ол 
жайлы  жаңылтпаштар,  жұмбақтар,  тақпақтар,  өлеңдер  айтады.  «Көркем  еңбек» 
пәнінен  зат  жасауда,  яғни  қандайда  бір  өнімді  алу  үшін  оның  дәстүрлі  түрлері 
қарастырылады: мысалы, өнім алу процесінде оны құрастыруды, көркемдік жағын, 
жұмыс  нәтижесін,  оған  қолданатын  заттарды  таңдай  біледі.  Балалардың 
психологиялық,  жас  ерекшеліктері  ескеріледі,  білім  беру  процесінің  нәтижесінде 
дәстүрлі іс-әрекеттің көріністерінде күнделікті қайталауға, бекітуге және білімдерін 
82 

тереңдетуге  болады.  Сонымен  қатар,  тақырыптар  сыныптан  сыныпқа  қарай 
тереңдетіліп отырады. 
Бейнелеу  өнері  мен  еңбекке  баулу  сабақтарының  бір  тақырыпқа  біріктірілуі 
балалардың  табиғатты,  қоршаған  ортаны  қызығушылықпен  қабылдауына,  кез 
келген нақты істі орындау барысында оқушының бойында шеберліктің бастамасын 
қалыптастыруға жағдай жасайды.  
Пәнді  оқу  барысында  алға  қойылатын  басты  мақсат  қолдың  моторикасын 
дамытуға  қажетті  жаттығулар  жасауға  арналған  қызықты  бұйымдарды  жасау  ғана 
емес, сонымен бірге шеберлік арқылы жоғары рухани байлық пен ақыл-парасатты 
қалыптастыру. 
«Көркем еңбек» кіріктірілген пәнін оқытуды жоспарлауға қойылатын талаптар: 
-
 
 
бір оқу жылында сыныпта өтілетін кіріктірілген сабақтар жүйесін анықтау;  
-
 
әр  сабақты  жоспарлау  барысында  басты  және  қосалқы  мақсаттарды 
белгілеп отыру; 
-
 
басты  мақсатқа  жетуге  ықпал  ететін  тақырыптардың  мазмұнын  қосымша 
ақпартпен толықтыру, сабақтың мазмұнын модельдеу; 
-
 
сабақтың  түрін,  құрылымын,  қолданылатын  әдіс-тәсілдерді,  оқыту 
құралдарын, оқу іс-әрекетін ұйымдастыру түрлерін алдын-ала мұқият жоспарлау; 
-
 
балалардың  сабақтан  алатын  әсерінің,  олардың  білім,  білік  және  дағдысы 
үшін ұтымды болуы.  
«Әдіс» (грек тілінде «бір нәрсеге жетудің жолы») – мақсатқа жету тәсілі, білім 
алу тәсілі деген мағынаны білдіреді.  
Педагог-ғалым  Ю.К.Бабанский  оқыту  әдістерінің  түрлерін  үш  үлкен  топқа 
бөлген: 
-
 
 
оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдісі; 
-
 
 
оқу-танымдық іс-әрекетіне ынталандыру; 
-
 
 
оқу-танымдық іс-әрекетінің тиімділігін бақылау және өзін-өзі бақылау әдісі.  
М.А.Данилов және Б.П.Есипов оқыту әдістерін үш топқа жіктейді: 

жаңа білім алу әдістері; 

білімді  тәжірибеде  қолдану  бойынша  біліктер  мен  дағдылар  қалыптастыру 
әдістері; 

білім, білік және дағдыны бақылау мен бағалау әдістері. 
ХХ ғасырдың 65-ші жылдарында И.Я.Лернер мен М.Н.Скаткин келесі әдістерді 
ұсынды және бұл әдістер қазіргі заман талабына сәйкес келіп, маңызды болып отыр: 
Педагогикада  әдіс  ұғымы  –  мақсатқа  жету  жолы  деген  мағынаны  білдіреді. 
Жалпы  білім  беретін  мектептердің  бастауыш  сыныптарында  білім  мазмұнын 
анықтаудың  әдістерін  келесі  тұрғыда  топтауға  болады:  кiрiктiру  әдістері,  жас 
ерекшелiгiн  ескеру  әдісі,  мәдениеттендiру  әдісі,  экологиялық  әдіс,  өлкетану  әдісі, 
бiлiмнiң жеңiлден ауырға, нақтыдан белгiсiзге қарай берiлу әдісі.  
Кiрiктiру  әдістері  –  ғылыми-жаратылыстанулық  бiлiм  мен  адам  әрекетiнiң 
түрлерi  және  қоғам  туралы  ұғымдар  кiрiктiрiлiп  бiртұтастықта  берiлуi.  Адам, 
табиғат,  қоғам  бөлек  қаралмай,  адамның  iс-әрекетi  үнемi  табиғи  ортада,  қоғамда 
(отбасында,  мектепте,  қоғамда,  табиғатта,  т.  б.)  бiр-бiрiмен  байланыста  қаралады. 
Заттар,  нысандар,  құбылыстар  туралы  мағлұматтар  беру  кезiнде  де  адам  әрекетi 
солармен бiрлiкте, байланыста қаралады. Кiрiктiру «адам – табиғат – қоғам» ретiнде 
ғана емес, «адам – заттар», «адам – басқа адамдар», «адам – отбасы», «адам – оның 
83 

шығармашылық  әрекеттерi»,  сонымен  қатар  пәндерді  кіріктіру  арқылы  да  жүзеге 
асады.  
Жас  ерекшелiгiн  ескеру  әдісі  –  бастауыш  сынып  оқушыларының  ұғымына 
жеңiл,  психологиялық  ерекшелiктерiне  лайықты,  бiлiм  деңгейлерiне  сай  келетiн 
және олардың өмiр тәжiрибесiн есепке алатын материалдар қамтылады. 
Мәдениеттендiру әдісі
 
– 
оқушылардың жалпы мәдениетiн көтеруге баса көңiл 
бөлiнiп,  жекебас  гигиенасынан  бастап,  жергiлiктi  мәдени  орталықтармен 
таныстыру,  жалпы  халықтық  мәдениет  туралы  мәлiметтер  беру  көзделiп, 
бағдарламаға әдебиет, сәулет, өнер, ғылым адамдары туралы мазмұн енгiзiледi. 
Экологиялық әдіс – әр сынып сайын оқушының өзiн-өзi байқауы, өз әрекеттерiн 
басқаның  пайдалы  әрекет  өлшемдерiмен  салыстыруына  мүмкiндiк  берiледi. 
Оқушылардың  табиғатқа,  адамдарға,  бүкiл  қоршаған  ортаға  жағымды,  мәдени, 
адами қатысын қалыптастыру көзделедi. 
Өлкетану  әдісі
 
– 
сынып  сайын  әрбiр  тарауды  оқыту  үнемi  жергiлiктi 
материалдармен тығыз байланыста қарастырылады. 
Бiлiмнiң  жеңiлден  ауырға,  нақтыдан  белгiсiзге  қарай  берiлу  әдісі  – 
оқушылардың келешекте оқу пәндерiн меңгеруге дайындық деңгейлерiнiң дамуына 
көңiл бөлiнедi. 
Оқыту  әдістері  дегенді  оқу  материалын  зерделеу  арқылы  нақты  бір  мақсатқа 
жету  үшін,  мұғалім  мен  оқушының  арасындағы  өзара  әрекет  деп  те  түсіндіруге 
болады. 
Репродуктивті әдіс – мұғалім оқушыларға білімді, іс-әрекет тәсілдерін, есептің 
шығарылу  жолдарын,  тәжірибелерді  еске  түсіруге  немесе  қайта  жаңғыртуға 
арналған  тапсырмалар  құрастырады,  осылайша  бұрын  өтілген  оқу  материалын 
оқушы белсенді түрде еске түсіреді: сұрақтарға жауап береді, есептерді шығарады, 
есепті  шығарудың  өзіндік  жолдарын  ұсынады,  сондай-ақ  «Көркем  еңбек»  пәнінде 
орындалатын  жұмыстардың  өзіндік  нұсқаларын  көрсетеді,  нәтижесінде  білімді  өз 
күшімен, өз бетінше іздену арқылы алады.  
Проблемалық баяндау әдісі – әр түрлі дереккөздер мен құралдарды пайдалана 
отырып мұғалім оқушыларға проблемалық мәселе қояды. Оқушылардың мақсаты әр 
түрлі көзқарастарды, тәсілдерді салыстыру арқылы өзіндік дәлелдеу жолын, жүйесін 
ұсыну, қойылған проблемалық мәселені шешу жолын көрсету, яғни оқушы ғылыми 
ізденіске  қатысушы  және  орындаушы  болады.  Бастауыш  сыныпта  проблемалық 
мәселелерді «неліктен?» «неге?» т.б. сұрақтар қою арқылы жүзеге асыруға болады. 
Мысалы, «Інжугүл» құттықтау ашық хатын (9-сурет) әзірлеу барысында: 

Бұл ашық хатты қандай мерекеге сыйлауға болады деп ойлайсыңдар? 

Неліктен 8-наурызға сыйлағыларың келеді?  
84 

 
9-
сурет. «Інжугүл» ашық хаты 
 
 
Оқытудың  проблемалық  әдісі  оқушылардың  шығармашылық  және  ойлау 
әрекеті нәтижесінде жүзеге асатын нақты мәселелер қоюды қарастырады. Бұл әдіс 
оқушыларға  ғылыми  таным  логикасын  ашуға,  проблемалық  сұрақтар,  жағдаяттар 
қою  арқылы  болжам  жасауға,  пікір  айтуға  көмектеседі,  әр  түрлі  тәжірибелер, 
эксперименттер  жасау,  бақылаулар  жүргізу  нәтижесінде  болжамның  дұрыстығын 
дәлелдеуге немесе теріске шығаруға, өз бетінше негізделген қорытындылар жасауға 
үйретеді.  Сонымен  бірге  мұғалім  түсіндіру,  әңгімелесу,  көрсету,  бақылау  жүргізу 
және  тәжірибе  жасау  әдістерін  қолдануы  тиіс.  Бұның  бәрі  оқушыларды  ғылыми 
ізденіске  тарта  отырып,  олардың  ойлау  қабілеттерін  белсендендіреді,  оларды 
болжауға  және  эксперименттер  жүргізуге  тарту  арқылы  проблемалық  жағдай 
тудырады, дегенмен балалардың жас ерекшелігін есепке алып отыру қажет.  
Көркем  еңбек  сабақтарында  көрнекіліктер  есте  сақтауды  белсендендіру  үшін 
ғана  қолданылмайды,  сонымен  қатар  сабақ  барысында  эксперименттік  мәселелер 
мен проблемалық жағдаяттар туындату үшін де қолданылады.  
Оқу  танымдық  шығармашылық  дағдыларды  дамыту  мақсатында  көпшілік 
жағдайларда  проблемалық  әдіс  қолданылады,  олар  оқушылардың  білімді  саналы 
және өз бетінше игеруіне жағдай жасайды. 
Бұл  әдіс  оқушыларға  ғылыми  танымның  логикасын  ашуға  көмектеседі. 
Проблемалық әдіс элементтерін бастауыш мектептің 3-сыныбында кіргізе бастауға 
болады.  Мысалы,  кемелерді  модельдеу  барысында  мұғалім  тәжірибелер  көрсету 
арқылы оқушылардың алдына нақты проблемалар қояды. Су құйылған стақанға бір 
тілім  жұқалтыр  (фольга)  салады.  Балалар  жұқалтырдың  судың  түбіне  кететінін 
бақылайды. 
Неліктен  жұқалтыр  батады?  Балалар  өз  ойларын  айтады:  жұқалтыр  –  ауыр 
материал, сондықтан да суға батады. Мұғалім сол жұқалтырдан қорапша жасайды 
және  оны  стақандағы  суға  түп  жағымен  еппен  салады.  Балалар  бұл  жағдайда 
жұқалтырдың  батпай,  стақандағы  судың  бетінде  қалықтап  тұрғанын  байқайды. 
Осылайша  проблемалық  жағдаят  туындайды.  Ауыр  материалдар  әрдайым  суға 
батады деп айтылған ой жоққа шығарылады. Ендеше жұқалтырдың суға бату себебі 
материалда емес, басқа жағдайға байланысты болып тұр. Мұғалім оқушыларға тағы 
да бір тілім жұқалтырды және жұқалтырдан жасалған қорапшаны мұқият қарауды, 
олардың арасындағы айырмашылықты табуды ұсынады. Оқушылар бұл заттардың 
пішінінде ғана айырмашылықтың барын анықтайды: бір тілім жұқалтыр тегіс жазық 
85 

пішінді,  ал  жұқалтырдан  жасалған  қорапшаның  пішіні  –  көлемді  бос  дене.  Бос 
денелі заттар немен толтырылған? (Ауамен). Ауаның салмағы жеңіл болады.  
Қандай  қорытынды  жасауға  болады?  (Жеңіл)  ауамен  толтырылған  бос  денелі 
заттар,  металл  тәрізді  ауыр  материалдардан  жасалған  болса  да  суға  батпайды. 
Металдан жасалған үлкен теңіз кемелері неліктен суға батпайды? (Себебі олар бос 
денелі  затзар).  Егер  жұқалтырдан  жасалған  қорапшаны  тебен  инемен  тессе  не 
болады?  (Қорапша  суға  батып  кетеді).  Неліктен?  (Себебі  қорапшаның  ішіне  су 
толады).  Егер  металдан  жасалған  кеменің  корпусы  тесілсе  және  кеменің  іші  суға 
толса, не болады? (Кеме суға батып кетеді). 
Осылайша  мұғалім  проблемалық  жағдаяттар  жасай  отырып,  тәжірибелер  мен 
бақылаулар  жүргізу  арқылы  оқушыларды  болжам  жасауға  жетелейді,  жасаған 
болжамды  дәлелдеу  немесе  теріске  шығару,  өз  бетінше  негізделген  қорытынды 
жасау мүмкіндігін жасайды. Сонымен бірге мұғалім түсіндіру, әңгімелеу, заттарды 
көрсету, бақылаулар мен тәжірибелер жасауды қолданады.  
Осының  бәрі  оқушылардың  алдында  проблемалық  жағдаят  тудырады, 
балаларды  ғылыми  ізденіске  тартады,  олардың  ойлау  қабілетін  белсендендіреді, 
болжам  жасау  және  эксперимент  жасауға  қызықтырады.  Оқу  материалын 
проблемалық  әдіс  арқылы  игеруді  ұсыну  жалпы  білім  беретін  мектептердегі  оқу 
үдерісін ғылыми ізденіске жақындатады. 
Зерттеушілік  әдіс  –  материалды  талдаудан,  мәселелер  мен  міндеттер  қоюдан 
және  қысқаша  ауызша  немесе  жазбаша  нұсқаулық  берілгеннен  кейін  білім 
алушылар  әдебиеттерді,  дереккөздерді  өз  беттерінше  зерделейді,  іздеушілік 
сипаттағы бақылаулар мен өлшеу жұмыстарын орындайды. Ынтагерлік, дербестік, 
шығармашылық  ізденіс  ізденушілік  іс-әрекет  барысында  неғұрлым  толық  көрініс 
табады. Оқу қызметінің әдістері ғылыми зерттеу әдісіне қарай өзгереді.  
Оқыту  үдерісі  барысында  бұл  әдіс  мұғалім  мен  оқушылардың  нақты 
мақсаттарға жетудегі және оқушылардың оқу-танымдық қызметін ұйымдастырудың 
өзара біріккен іс-әрекетінің ретке келтірілген тәсілі ретінде жүзеге асады. Мысалы, 
аппликация  тәсілімен  орындалған  «Күзгі  ағаш»  аппликациялық  мозаикасын 
орындағаннан  кейін  оқушыларға  осындай  жолмен  орындалатын  басқа  жұмыс 
түрлерін іздестіруге тапсырма беруге болады, яғни балалар қосымша әдебиеттерден, 
интернеттен материалдар іздеп ұқсас жұмыстар орындау арқылы алған білім, білік 
және дағдыларын тереңдетеді.  
Дәстүрлі  оқытудың  түсіндірмелі-иллюстративті  әдісі  оқушыларға  дайын 
белгілі білім беру болып табылады. Аталған әдісті келесідей топтастыруға болады: 
-
 
 
мұғалімнің  білімді  ауызша  баяндау  және  оқушылардың  танымдық  әрекетін 
белсендендіру әдісі (әңгімелеу, түсіндіру, баяндама, сұхбат); 
-
 
 
оқылатын  материалды  ауызша  әңгімелеу  барысында  көрнекіліктер  қолдану 
әдісі; 
-
 
 
оқылған материалды қорытындылау әдісі; 
-
 
 
жаңа  материалды  түсіну  және  меңгеру  бойынша  оқушылардың  өздік 
жұмыстары  әдісі  (оқулықпен,  қосымша  әдебиетпен,  дереккөздермен  жұмыс, 
тәжірибелік жұмыстар орындау); 
-
 
 
білімді тәжірибеде (күнделікті өмірде кездесетін жағдаяттарда) қолдану және 
біліктер  мен  дағдылар  (жаттығулар,  практикалық  жұмыстар)  қалыптастыру 
бойынша оқу әдісі; 
-
 
 
оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау мен бағалау әдістері. 
86 

Көркем  еңбек  сабақтарының  нәтижесінде  бастауыш  сынып  оқушыларының 
бойында біліктің негізгі үш тобы қалыптасады: 
-
 
 
политехникалық – өлшеу, есептеу, графикалық және технологиялық біліктер; 
-
 
 
жалпы  еңбектік  –  ұйымдастырушылық,  құрастырушылық,  диагностикалық 
немесе жорамал жасаушылық біліктер; 
-
 
 
арнайы еңбек – әртүрлі әдістермен түрлі материалдарды өңдеу білігі. 
Білікті қалыптастыру әрқашанда практикалық іс-әрекетпен тығыз байланысты 
болады.  
Нұсқаулық.  Бұл  әдіс  еңбек  іс-әрекеттері  тәсілдерінің,  олардың  дәл  көрсетілуі 
мен қауіпсіз орындалуының түсіндірілуі деп ұғынылады (көркем еңбек). 
Нұсқаманың түрлері жүргізілу уақыты бойынша: 
кіріспе  –  сабақтың  басында  жүргізіледі,  нақты  еңбек  міндетінің  қойылуын 
қамтиды, операцияға сипаттама беріледі, жұмыс тәсілдеріне түсінік беріледі. 
Ағымдағы  –  тәжірибелік  іс-әрекет  жасау  кезінде  жүргізіледі,  жіберілген 
қателерді  түсіндіру,  себебін  анықтау,  жұмыстың  кемшіліктерін,  қателерді  түзеу, 
дұрыс тәсілдерді түсіндіру, өзін-өзі бақылауды қамтиды. 
Қорытынды  –  жұмыстарды  талдау,  жұмыста  жіберілген  қателерге  сипаттама, 
оқушылардың жұмысарына баға қоюды қамтиды. 
Оқушыларды қамту бойынша: жеке, топтық, сыныптық. 
Баяндау түрі бойынша: ауызша, жазбаша, графиктік, аралас. 
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін және оқу қызметіндегі олардың өзбетінше 
әрекет  ету  деңгейін  сипаттамайтындығы,  оқытудың  аталған  әдістерінің  басты 
кемшілігі  болып  табылады.  Алайда  бұл  әдістер  кіріктірілген  «Көркем  еңбек» 
пәнінде кеңінен қолдануға болатын тәсілдер болып отыр. 
Сонымен бірге, кіріктірілген сабақтар техникалық құрал-жабдықтарды кеңінен 
қолдануды,  проблемалық  міндеттер  қоюды,  оқулықпен  жұмыс  істеуді, 
көрнекіліктерді  пайдалануды,  оқытудың  жеке,  топтық,  ұжымдық  формаларын 
ұйымдастыруды,  сабақтан  тыс  жұмыспен  байланыс  болуын  және  оқыту 
принциптерін тиімді пайдалануды қажет етеді.  
Оқыту  принциптері  дегеніміз  дидактикалық  үдерісті  жүзеге  асыруда 
басшылыққа  алынатын  жетекші  идея  мен  оны  ұйымдастырудағы  қағидалық 
ұстаным  және  тиісті  деңгейлік  мөлшерге  қойылатын  негізгі  талаптар.  Бұл  оқыту 
үрдісін  реттеп,  ереже  белгілеп,  деңгейін  айқындауға  ортақ  жалпылама  нұсқау 
арқылы сипатталады.  
Қазіргі  заман  дидактикасында  оқу  принциптері  табиғи  сәйкестік  басты 
принципінің  төңірегінде  жүйелі  біріккен.  Бұл  жүйедегі  дидактикалық  принциптер 
төмендегідей:  

көрнекілік;  

саналылық және белсенділік; 

жүйелілік және бірізділік;  

беріктік;  

түсіністік;  

ғылымилық;  

көңіл-күй;  

теория мен практиканың байланысы [18].  
Көрнекілік принципін қолдану барысында іске асырылуы тиіс ережелер: 
87 

-
 
 
көрнекілік  оқушының  ойын  дамыту  және  оқыту  құралы,  сондықтан  бір 
көрнекілікпен  шектелмеу.  Алайда  көрнекі  құралдар  санын  шектен  асырмау  қажет, 
себебі  бұл  оқушы  зейінінің  шашыраңқы  болуына  әкеледі  де  негізгі  мағынаны, 
ұғымды түсінуге кедергі жасайды; 
-
 
 
сезімдік қабылдауды, яғни көз қабылдауына – көрінетінді, құлақ қабылдауына 
– 
естілетінді т.б. барынша қолдану; 
-
 
 
көрнекілікті  проблемалық  жағдаяттарда  өз  бетінше  білім  алу  көзі  ретінде 
пайдалану,  бұл  оқушылардың  тиімді  ізденіс  және  зерттеу  жұмыстарын 
ұйымдастыруға мүмкіндік береді; 
-
 
 
көрнекіліктер  пән  мазмұны  аясында  өтілетін  заттар,  құбылыстар,  үдерістер 
туралы анық және дұрыс ұғым қалыптастыруға жағдай жасайды; 
-
 
 
көрнекі құралдар оқушыларды ондағы бейнелерді тұтастай қабылдауға, содан 
соң  бастысын  және  екінші  дәрежелілерін  анықтауға,  кейін  қайтадан  тұтастыққа 
келтіруге үйретуге көмектеседі.  
Көрнекі әдістерді қолдануға қойылатын талаптар:  
-
 
қолданылатын көрнекілік оқушылардың жастарына сай келуі; 
-
 
көрнекілік  бір  шамада  ғана  қолданылуы  тиіс  және  оны  біртіндеп,  сабақтың 
тиісті кезеңінде ғана көрсету;  
-
 
бақылап  көру  барлық  оқушыларға  көрсетілетін  пәннің  жақсы  көрінетіндей 
етіп ұйымдастырылуы;  
-
 
безендірілуін көрсеткен кезде ең бастысын, маңыздысын нақты бөліп көрсету;  
-
 
құбылысты  көрсету  барысында  берілетін  түсініктерді  егжей-тегжейлі  ойлап 
алу;  
-
 
көрсетілетін көрнекілік материалдың мазмұнымен дәл үйлесуі;  
-
 
көрнекілік  құралда  немесе  көрсетілетін  құрылымда  болуын  қалаған 
ақпараттарды табуға оқушылардың өздерін тарту керек.  
Оқытудың  көрнекі  әдістерінің  ерекшеліктері  олардың  ауызша  әдістермен 
қандай да бір шамада міндетті түрде үйлесетіндіктерін жорамалдайтынында болып 
табылады.  Сөз  бен  көрнекіліктің  өзара  тығыз  байланысы  «объективті  шындықты 
білудің  диалектикалық  жолы  тез  пайымдау,  абстакциялық  ойлау  мен  тәжірибені 
біртұтас қолдануды болжаудан» туындайды. 
Көркем  еңбек  сабағында  бұйымдардың  негізгі  бөлігін  оқушылар  графикалық 
бейнелер бойынша жасайды. Оған мыналар жатады: 

көркем  сурет  –  заттың  қолда  болмауына  байланысты,  көрсету  мүмкін 
болмаған  жағдайда  оның  кішкентай  немесе  үлкен  нақты  бейнесі  пайдаланылады; 
материалы мен түсін анықтауға мүмкіндік береді; 

техникалық сурет  –  сызба-өлшеуіш  аспаптарды  пайдаланып  қолдан  еркінше 
орындалған графикалық бейнелеу; құрылымның барлық элементтерінің мөлшерлері 
мен пропорциялары жуықтап сақталып беріледі; 

эскиз  –  мөлшерлері  мен  пропорциялары  жуықтап  сақталып  сызба-өлшеуіш 
аспаптарды қолданбай орындалған заттың шартты бейнесі; 

сызба  –  заттың  мөлшерлері  мен  формасы  туралы  деректерді  сыйыстыра 
отырып параллель пропорция әдістерін пайдаланып мөлшерлерін дәл сақтап, белгілі 
масштабта сызба-өлшеуіш аспаптар көмегімен затты графикалық бейнелеу; 

техникалық  карта  –  бұйымның  суреті  болуы,  аспаптар,  материалдар  және 
құралдар болуы мүмкін, бірақ міндетті түрде операциялардың орындалу реті және 
жұмыс тәсілдері бар болатын бейнелеу. 
88 

Көркем  еңбек  сабақтарында  көрнекі  материал  ретінде:  түрлі  суреттерді 
кестелерді,  халық  шығармашылығының  туындыларын  немесе  нақты  заттарды 
(ағаштан қашап ою, кесте тігу, ұлттық ойыншықтар, матадан ою-өрнектер ою және 
т.б.) қолдануға болады. 
Әсірісе  бейнелеу  өнерінің  қарапайым  негіздері  –  сурет  салуды  меңгеру 
барысында  көрнекілікті  жиі  қолдану  қажет.  Сурет  салуды  үйренуге  қажетті 
көрнекіліктер: 
-
 
 
суреттер мен кестелердің сызбанұсқалары, геометриялық денелердің гипстен 
жасалған модельдері; 
-
 
 
заттың  құрылымдық  ерекшеліктерін  көрсететін  сымнан  және  қатырма 
қағаздан жасалған модельдер; 
-
 
 
жұмысты  орындаудың  әдістемелік  бірізділігін  көрсететін  суреттер  мен 
кестелер; 
-
 
 
қарындашпен,  қылқаламмен,  ермексазбен,  ине-жіппен  т.б.  жұмыс  істеу 
техникасын көрсететін бейнефильмдер;  
-
 
 
оқушылардың  бойында  түс  және  өң  (реңк)  сезімін  қалыптастыру  мен 
дамытуға бағытталған арнайы құралдар («Түстік шеңбер», «Өңдік шеңбер»).  
Аталған  көрнекіліктер  оқушыға  заттың  пішінін,  құрылымын,  түсін  және 
көркемдік  техникасының  ерекшелігін  көруге  және  түсінуге  көмектеседі.  Мысалы, 
«өң  (реңк)»  ұғымын  ашып  көрсету  барысында  мұғалім  әртүрлі  түске  боялған 
қатырма  қағаздарды  қолдану  арқылы  түсіндіре  алады  немесе  балалар  түрлі 
бояуларды өз қалауларынша араластырып тәжірибе жасау барысында алынған түсті 
көру арқылы да түсіне алады.  
Алайда оқушы тарапынан белсенділік болмайынша, сурет салу заңдылықтарын 
бір  ғана  көрнекіліктің  көмегімен  табысты  меңгеру  мүмкін  емес.  Көрнекіліктерді 
көрсету  барысында  оқушы  көзбен  көруге  болатын  нақты  бейнелерді  қабылдайды, 
бұл оның көп нәрсені түсінуіне мүмкіндік береді. Бірақ, ол мұғалімнің көрсеткенін 
тамашалайтын  көрермен  рөлінде  ғана  болады.  Оқушының  оқу  материалын 
қаншалықты  меңгергенін  оның  өздік  және  белсенді  жұмысы  ғана  көрсете  алады. 
Осыдан барып оқытудың саналылық және белсенділік принципі шығады.  
Оқушылардың көркем еңбекке оқудағы саналылық және белсенділік принципі
Бұл  принцип  оқушылардың  білімді  саналылықпен  және  белсенділікпен  меңгеруін 
және  оны  күнделікті  өмірінде,  тәжірибесінде  қолдана  білуін,  сонымен  бірге 
балалардың  бойында  еңбекке  қажетті  біліктер  мен  дағдылар,  шығармашылық 
бастама  мен  дербестік,  ойлау,  сөйлеу  қабілеті  және  еңбек  ету  мәдениетінің 
қалыптасуын қамтамасыз етуді қарастырады [18].  
Саналылық  және  белсенділік  принципі  негізінде  оқушының  өз  ақыл-ой 
белсенділігі  арқасында  игерілген  терең  де  әрі  өз  бетінше  ұғынылған  білімдерден 
құралады.  
Кіріктірілген  «Көркем  еңбек»  пәнін  оқыту  барысында  саналылық  және 
белсенділік принципінің келесі ережелері сақталуы тиіс: 
-
 
 
орындалатын  жұмыстың  мақсаттары  мен  міндеттерінің  маңызы  мен  мәнін 
оқушыларға түсіндіру, яғни баланың санасына жеткізе білу; 
-
 
 
оқушының  жұмысты  орындау  жолдарын  түсінуі  немесе  орындау  тәсілдерін 
өздігінен  ойлап  табуы,  жұмыс  нәтижесінің  мән,  мағынасын,  қолданылу  аясын, 
қажеттілігін түсінуі; 
89 

-
 
 
танымдық  іс-әрекеттің  түрлерін,  талдауды,  салыстыруды,  біріктіруді, 
сәйкестендіруді пайдалану; 
-
 
 
оқушы  сөздің,  сөйлемнің,  пәнге байланысты  ұғымның  мағынасын  түсінуіне, 
оларды  дұрыс  қолдана  білуіне  назар  аудару  және  мағынасы  түсініксіз  ұғымдарды 
қолданудан аулақ болу; 
-
 
 
оқушылардың  бірін-бірі  оқыту,  яғни  жұптық,  топтық  оқыту  мүмкіндіктерді 
пайдалану,  яғни  дұрыс  шешім  табудың  ұжымдық  формаларын  дамытуға  жағдай 
жасау; 
-
 
 
бастауыш  сынып  оқушылары  үшін  белгісіз  жаңа  ұғымдарды,  мәліметтерді 
бұрыңғы  белгілілермен  логикалық  ұштастыру,  себебі  бұрын  алған  білім  мен  жаңа 
білімнің арасында логикалық байланыс болмаса, саналы оқу да болмайды. 
Саналылық  принципін  жүзеге  асыру  оқушыларды  көркем  еңбек  сабағының 
мақсаты және міндеттерімен таныстырудан басталады. Оқушылардың саналылығы 
теориялық  материалды  өз  беттерінше  игеру,  тапсырмаларды  орындау, 
шығармашылық  міндеттерді  шешу  барысында  көріне  бастайды.  Олар  жұмысты  өз 
бетінше  жоспарлауды,  оны  орындаудың  жолдарын  анықтауды,  нәтижесін 
бақылауды, түзетулер енгізуді және қорытынды жасауды үйренеді. Сонымен қатар, 
оқушыларды  технологиялық  процестерді  талдауға,  өзінің  жұмыс  орны  мен 
жұмысын  ұйымдастыруға,  шығармашылық  әрекеттер  жасауға  үйрету,  саналылығы 
мен  белсенділігін  арттыруда  үлкен  рөл  атқарады.  Оларды  өнертапқыштық 
біліктерге  және  құрылымдауға  үйретудің  ерекше  мәні  бар.  Оқушылар 
технологиялық  құжаттар,  бұйымдардың  сызбаларын  әзірлеу  және  оларды  істеп 
шығару бойынша орындалатын жұмыстарға қатысады, оларды орындау барысында 
еңбек біліктері мен дағдыларын меңгереді. Осылай оқытудың арқасында оқушылар 
мұғалімнің көрсеткен жұмыс тәсілдерін, еңбек іс-әрекеттерін механикалық тұрғыда 
ғана  меңгеріп  қоймайды.  Олар  оны  бүтіндей  барлық  технологиясы  мен  оның 
жекелеген  элементтерін  толық  түсініп  орындайды.  Оқушылар  өздерінің  іс-
әрекеттерінің  келешек  нәтижесі  мен  оларды  дұрыс  орындамауының  мүмкін 
нәтижесінің үлгісін ұсынады. Үлгінің бар болуы, оларға өзін-өзі бақылауды жүзеге 
асыруы және жіберген қателерін түзеуіне мүмкіндік береді. 
Оқушылар  техникалық-технологиялық  білім  алғанда  жаңа  терминдер  мен 
анықтамаларды  есте  сақтап  қана  қоймай,  олардың  мазмұнын  ұғыну,  нақты  еңбек 
процестерімен  байланыстырулары  керек.  Олай  болмаған  жағдайда  оқушылар 
материалды айтып береді (басынан бастап және тек ретімен ғана), бірақ оның мәнін 
түсінбейді  және  іс  жүзінде  қолдана  алмайтын  білімге  деген  формализм  дамитын 
болады.  Формализмнің  бір  себебі  мұғалімнің  материалды  догматтық  тұрғыда 
баяндауы  (кейде  диктант  түрінде)  және  оны  оқушылардың  ойша  талдаусыз  игеруі 
болып табылады. 
Оқушылардың  ойын  дамыту  және  білімді  саналы  меңгерту  құралы,  олардың 
алдына  танымдық  міндеттер  қою,  эвристикалық  әңгімелесуді  және  материалды 
проблемалық  баяндауды  пайдалану,  экспериметтік  есептер  құру  және  шығару, 
тәжірибелік жұмыста білімдерін қолдану және т.б. болып табылады. 
Оқушының  тілі  оймен  тығыз  байланыста  дамиды.  Оның  кемшіліктері  ойдың 
дамуына кедергі жасайды. Сондықтан мұғалімге оқушылардың тілін қадағалау және 
олардың  терминдерді  дұрыс  қолдануы,  өз  ойларын  дәл  жеткізу  дағдыларын 
қалыптастыру, қателіктерін түзету қажет. 
90 

Жүйелілік  және  бірізділік  принципі  келесі  ғылыми  тұжырымдарды  негізге 
алады:  қоршаған  орта  болмысының  айқын  бедерлері  мида  нақты  бейнеленсе  ғана, 
оқушы  шынайы  білім  топтай  алады;  ғылыми  білімдер  жүйесін  қалыптастырудың 
басты  тәсілі  –  белгілі  жолмен  ұйымдастырылған  оқу;  ғылыми  білімдер  жүйесінің 
бірізділігі  оқу  материалының  ішкі  логикасымен  және  оқушылардың  танымдық 
мүмкіндіктерімен байланысты; жеке  элементтерден  тұратын  оқу  процесінің  тиімді 
әрі  жоғары  нәтижеге  жетуі  ол  процесте  орынсыз  үзілістердің,  ескерілмей  қалған 
қажетті  сәттердің  болмауына  және  бірізділіктің  қандай  да  себептермен 
бұзылмауына  тәуелді.  Егер  дағдылар  тиісті  жаттығулармен  жүйелі  бекімесе,  олар 
көп  ұзамай  жойылады;  егер  оқушылар  логикалық  ойлауға  үйретілмесе,  олар 
өздерінің  ойлау  іс-әрекетінде  үлкен  қиыншылықтарға  кезігеді;  егер  оқу  ісінде 
жүйелілік және бірізділік сақталмаса, оқушылардың даму процесі бәсеңдейді [18].  
Жүйелілік және бірізділік принципі: 
-
 
 
оқушылардың  білімдер  жүйесін  қалыпты  игеруін  қамтамасыз  ету  үшін 
сызбанұсқаларды,  жоспарларды,  кестелерді,  кескіндерді,  үлгілерді  орынды 
пайдалану. Бұлар «Көркем еңбек» пәнінде орындалатын аппликация, оригами, ашық 
хат,  коллаж  техникаларын  орындауда  қолданылады.  Аталған  жұмыс  түрлерін 
орындауда  оқу  материалын  логикалық  бітімге  келген  бөліктерге  ажырату  арқылы, 
балаларды бір-бірімен байланысты бірізді оқу әрекеттерін жасауға үйрету;  
-
 
 
пәнаралық  байланыстарды  пайдалану.  Мазмұндық  тұрғыдан,  сондай-ақ  оқу 
әдістемелерінде  сыныптар  арасындағы  сабақтастықты  қамтамасыз  ету. 
Жаңартылған  білім  мазмұны  аясында  әзірленген  кіріктірілген  «Көркем  еңбек» 
пәнінің  бағдарламасында  бұл  принцип  айқын  көрініс  табады.  Мысалы 
«Шығармашылық  идеяларды  зерттеу  және  дамыту»  бөлімінің  «Қоршаған  ортаны 
білу және түсіну» бөлімшесін оқу барысына қойылатын мақсат: 
1-
сыныпта  –  Қоршаған  ортаның  кейбір  ерекшеліктерін,  таныс  бейнелер  мен 
пішіндерін  білу  (түс,  фактура,  пішін  және  т.б.).  Бұл  мақсат  келесі  сыныпта 
тереңдетіледі. 
2-
сыныпта  –  Таныс  бейнелер  мен  пішіндерді  зерттеу  барысында  қоршаған 
ортаның кейбір ерекшеліктерін сипаттау (түс, фактура, пішін және т.б.). 
3-
сыныпта  –  Бейнелер  мен  пішіндерді  зерттеу  барысында  олардың 
айырмашылығы  мен  ұқсастықтарын  меңгере  отырып,  қоршаған  ортаның 
ерекшеліктерін түсіндіру (түс, фактура, пішін және т.б.). 
4-
сыныпта  –  Қоршаған  ортаның  ерекшеліктерін,  аса  күрделі  бейнелері  мен 
пішіндерін  зерттеу  барысында  олардың,  айырмашылығын,  ұқсастығын  және  өзара 
байланыс себептерін түсіну және түсіндіру (түс, фактура, пішін және т.б.). Аталған 
мақсаттарға  жету  арқылы  оқушылардың  бір  тақырып  бойынша  білімдері 
тереңдетілуімен  қатар  «Дүниетану»,  «Жаратылыстану»,  «Математика»  және  тіл 
пәндерімен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады.  
Оқытудағы  ғылымилық  принцип  оқушыға  берілетін  білімнің  мазмұны 
ғылымның қазіргі даму дәрежесіне сәйкес деректерді, теорияны, заңдарды қамтуын 
талап етеді. Бұл принцип оқу бағдарламасында, оқулықтарда және оқылатын басқа 
материалдарда да көрініс табатын болса, оқыту барысында оларға ғылыми әдістеме 
мен  ғылыми  зерттеудің  қарапайым  жолдарын  да  білгізуге  жағдай  жасары  сөзсіз. 
Ғылымилық принципі табиғаттың заңдылықтарын ашуға, қоршаған ортаның алуан 
түрлілігін және әсемдігін көруге мүмкіндік береді [18]. 
91 

Ғылымилық  принципі  көркем  өнер  сабақтарында  заманауи  құрал-
жабдықтардың, өлшеуіш құралдардың, түрлі суреттердің қолданылуын талап етеді. 
Оқушылар  жаңа  материалдармен  танысып,  олардың  қасиеттерімен,  күнделікті 
өмірде, шаруашылықта қолданылуымен танысулары қажет.  
Оқу  суретінің  ғылыми  негіздері  сәуле  мен  көлеңкенің,  анатомия  және  т.б. 
заңдарын оқып білетін перспектива, түсті оқу, көлеңкелер теориясы сияқты бірқатар 
ғылымға  негізделеді.  Перспективалы  суретке  оқыта  отырып  барлық  балалардың 
назарын  перспективаның  ережелері  мен  заңдарын  дәл  сақтауға  аударамыз. 
Форманың  құрылымдық  құрылысын  талдап,  барлық  оқушылар  берілген  заттың 
құрылымын  суретте  қатал  сақтауға  үйренеді.  Суреттің  үлгісі  дара  болуы  мүмкін, 
бірақ  жазықтықтардың  кеңістікте  орналасуы  заңдылығында  әркім  дұрыс,  бірдей 
жеткізуі  керек,  өйткені  бұл  суреттің  ғылыми  негіздері.  Дәл  осыны  түс  туралы, 
пропорция туралы да айтуға болады. 
Ғылымилық  принциптерін  сақтай  отырып  мұғалім  бояулардың  негізгі 
қасиеттері туралы айтуы керек, оқушылар оны есте жақсы қалдыруы үшін қосымша 
түстердің схемасын (кестесін) көрсетуі керек. 
Табиғат формалары мен болмысы құбылыстарының заңдылықтары оларды кім 
бақылап  отырғандығына  қарамастан  сол  бір  қалыпта  қалады.  Оқушыға  қандай 
болып көрінсе де әрбір құбылыс пен әрбір заттың құрылысының дұрыс және біздің 
сезімімізге  қарамастан  белгілі  заңдылықтары  болады.  Заттар  сезімнің  арқасында 
емес, сезім заттың арқасында бар болады.  
Білім алушылар үшін еңбектің қолжетімділік және күш жетерлік принципі – 
еңбекті талап ететін тапсырмалар мазмұны, көлемі және орындалу тәсілі бойынша 
оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  және  дайындық  деңгейлеріне,  сонымен  бірге 
олардың  дене  күші  мен  танымдық  мүмкіндіктеріне  сәйкес  болуын  талап  етеді. 
Алайда,  оқу  тапсырмасы  шамадан  тыс  жеңіл  де  болмауы  тиіс,  себебі  күш  салмай 
орындалған  тапсырмалар  оқушылардың  дамуына  мүмкіндік  бермейді. 
Қолжетімділік  тапсырманы  біртіндеп  қиындату  арқылы  оқушы  мүмкіндігінің  ең 
жоғары  шегіне  жетумен  анықталады.  Орындалатын  жұмысты  дұрыс  жоспарлау 
үшін алдымен оқушылардың жеке қабілеттері және денсаулық жағдайлары ескерілуі 
тиіс.  Егер  материал  үлкен  көлемде  берілсе,  онда  оқушы  үшін  ең  қарапайым 
тапсырманың  өзі  қиындық  туғызады.  Сондықтан  да,  материалдарды  сабақтар 
бойынша  дұрыс  бөлу  қажет.  Тапсырмалардың  саны  алдыңғы  сабаққа  қарағанда 
келесі сабақта көбірек болуы мүмкін. Келесі бұйымды жасау барысында 1 немесе 2 
жұмыстың  жаңа  кезеңдерін  енгізуге  және  жаңа  кезеңдер  бойынша  қысқа  мерзімді 
дайындық  жаттығуларын  орындауға  болады.  Мысалы,  «Шегіргүл»  ашықхаты  (10-
сурет) ауқымды жұмыс болғандықтан уақыт көлемі көбірек бөлінуі тиіс, сондықтан 
бірінші  сабақта  жұмыстың  орындалу  жолдары  түсіндіріліп  және  гүл  күлтелерінің 
және  жапырақтардың  суреттерін  түрлі-түсті  қағазға  салып,  қайшымен  қиып  алу 
жұмысын орындауға болады. Екінші сабақта жапсырумен айналысуға болады. 
 
92 

 
10-
сурет – «Шегіргүл» ашықхаты 
 
Бастауыш  сыныптарда  көркем  еңбек  сабақтарында  декоративті  сурет  салу 
барысында  оқушылар  мұғалімнің  басшылығымен  алдымен  кезеңдерге  бөлінген 
сызбанұсқа  бойынша  өрнек  құрастыруды  үйренеді.  Бұл  ретпен  тапсырмалардың 
біреуі  ғана  орындалуы  мүмкін,  келесісін  басқаша  өткізу  қажет.  Тапсырма 
орындалуының  әдістемелік  ретін  көрсеткеннен  кейін,  мұғалім  келесі  тапсырманы 
оқушылардың өз беттерінше орындауларына, яғни балалардың шығармашылықпен 
айналысуларына мүмкіндік беруі тиіс. Бұл оқушылардың бойында шығармашылық 
көзқарастың  және  өзіндік  бастама  жасау  қабілеттерінің  дамуына  жағдай  жасайды. 
Бастауыш  сыныптарда  оқушылардың  әрдайым  тек  мұғалімнің  көмегімен, 
басшылығымен  жұмыс  істеуінің  нәтижесінде,  олардың  бойында  енжарлықтың, 
селсоқтықтың қалыптасатынын ұмытпау қажет. Балалар әрдайым мұғалімнен көмек 
күтетін болады және өз беттерінше жұмыс істеу қорқынышы пайда болады. Бұндай 
жағдайда  қолжетімділік  және  күш  жетерлік  принципі  кері  әсерге  ие  болады.  Кері 
әсерді  болдырмау  үшін  мұғалім  сыныптағы  әр  оқушының  неғұрлым  жоғары 
нәтижелерге жетуіне жағдай жасауы тиіс. 
Тапсырмаларды  саралау  қолжетімділік  және  күш  жетерлік  принципін  жүзеге 
асырудың  маңызды  құралы  болып  табылады,  яғни  әр  оқушының  жеке  қабілетін 
ескеріп  отыру  қажет.  Қабілеті  төмен  оқушыларға  біліміндегі  олқылықтарды 
толықтыруға  және  негізгі  жұмысты  орындауға  көмектесетін  неғұрлым  жеңіл 
тапсырмалар  беруге  болады,  қабілеті  жоғары  оқушыларға  қиындығы  жоғары 
тапсырмалар беріледі. 
Білімді  меңгерудегі  беріктік  принципі.  Бұл  принципті  жүзеге  асырудың 
маңызды  шарты  сабақтың  мақсатын  дәл  көрсету  болып  табылады.  Мұғалім 
сабақтың  басында  оқушылардың  сабақ  соңында  қандай  нәтижеге  жетулері  керек, 
осы  уақыттың  ішінде  қандай  білім  және  біліктер  алуы  керек  екені  туралы  айқын 
түсініктерді балалардың бойында қалыптастыруы керек. 
Білімді меңгерудегі беріктік принципі ақпараттар санымен тығыз байланысты. 
Оған  қайталау,  жүйелі  машықтандыру  жаттығуларын  бекіту,  лабораториялық 
жұмыстар жүргізу және техника қауіпсіздігі ережелерін орындау арқылы ойдағыдай 
қол жеткізіледі. 
Бұйымдарды,  суреттерді,  шығармашылық  сипаттағы  тапсырмаларды  дұрыс 
таңдау,  шығармашылық  мақсаттар  қою,  өздігінен  жұмыстар  жүргізу  кезінде 
арттырылатын  оқуға  деген  ықылас  білім  және  біліктерді  меңгерудің  беріктігіне 
үлкен әсер етеді. 
Теорияның  тәжірибемен  байланысы  принципі.  Бұл  байланыс  көркем  еңбек 
сабақтарында  екі  жақты  сипатта  болады.  Бір  жағынан  балалар  математика, 
93 

дүниетану    және  т.б.  сабақтарда  алған  білімдерін,  сондай-ақ  көркем  сурет 
сабақтарында алған техникалық құжаттар, құралдар, материалдар туралы білімдерін 
тәжірибеде  пайдаланады.  Сонымен  бірге,  теориялық  білімдер  тәжірибелік 
біліктерінде жүзеге асырылады. 
Екінші  жағынан,  оқушылардың  алдына  шамалары  келетін  мәселелер  қоя 
отырып,  мүғалім  балаларды  тәжірибелік  біліктерін  жаңа  теориялық  білімдермен 
толықтыруға  мәжбүрлейді  (тәжірибелер,  лабораториялық  жұмыстар,  бақылаулар 
арқылы).  Мұның  барлығы  оқушылардың  ойын  пәрменді  дамытады.  Мысалы, 
математика  сабақтарында  сызғышпен  ұзындықты  өлшеуді  үйренсе,  сол  біліктерін 
көркем  еңбек  сабақтарында  заттың  ұзындығын  өлшеуге  қолданады.  «Дүниетану» 
пәнінің  жыл  мезгілдері,  өсімдіктердің  өмірі  туралы  тақырыптарын  көркем  еңбек 
сабақтарында бөлме өсімдіктерін күтуді үйренумен байланыстыруға болады.  
Оқытудың  политехникалық  принципі.  Көркем  еңбек  сабақтарында  жүзеге 
асырылады.  Бұл  принцип  нақты  оқу  материалында  бірінші  сыныптан  бастап 
оқушылардың  бойында  заманауи  өндірістің  ең  типтік  ерекшеліктері  туралы 
түсініктердің  қалыптасуын,  оқушылар  жаңа  жұмыс  жағдайына  көшіре  алатындай 
жинақталған политехникалық біліктердің қалыптасуын талап етеді. 
Мұғалім  көркем  еңбектің  затын  дайын  бұйымға  айналдыру  процесімен 
балаларды  таныстыруы  керек,  ал  бұл  дегеніміз  материалдан  бұйым  (еңбек  өнімі) 
қалай  жасалатынын  балаларға  рет-ретімен  көрсету  және  айтып  беруді  білдіреді. 
Жұмыс  уақытында  балалар  материалдардың  қасиеттерімен,  құралдармен  және 
оларды  қолдану  ережелерімен,  жұмыстағы  адамның  іс-әрекетімен,  техникалық 
операциялармен танысады және еңбек бұйымдарын пайдалануды үйренеді. 
Политехникалық принциптің мәні, оқушылардың білім алу және біліктерге ие 
болуында. 
Осыған  орай бастауыш  мектептегі  білім  мазмұнын  анықтауда  осы  ұсынылған 
әдістер сақталса, оқу мақсатына жету шарты жүзеге асырылатыны сөзсіз. 
Сонымен,  оқытудың  барлық  принциптері  бір  бірімен  тығыз  байланысты: 
ғылымилық  принципі  жүйелілік  және  бірізділік  принципінсіз  мүмкін  емес, 
оқытудың  қолжетімділігіне  сүйене  отырып  қана  жүзеге  асырылуы  мүмкін. 
Қолжетімділікті  жүзеге  асыру  үшін  көрнекілікті  қолдану  оқу  материалын  саналы 
және  белсенді  түрде  меңгеруге  мүмкіндік  береді.  Оқушылардың  жастық  және 
тұлғалық  ерекшеліктеріне  сәйкес  келетін,  яғни  қолжетімді  материалдар  берік 
меңгеріледі.  
Оқыту принциптері – оқытудың мақсаттарына тәуелді және олардың өзгеруіне 
байланысты өзгеріс отыратын тарихи санат. Сонымен бірге, кіріктірілген пәндерді 
оқыту  кезіндегі  тәсілдер  мен  принциптер  бірін-бірі  толықтырып  отырады  және 
өзара тығыз байланысты болады. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет