Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»



Pdf көрінісі
бет8/20
Дата12.03.2017
өлшемі4,17 Mb.
#9076
түріМетодическое пособие
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

 
 
 
 
 
 
 
94 


«Көркем  еңбек»  кіріктірілген  пәндері  бойынша  оқу  жұмыстарын 
ұйымдастыру формасы  
 
Техника  мен  ақпараттық  технологиялардың  қарқынды  дамып  отырған 
заманында  қоғамның  алдында  тұрған  ең  маңызды  және  жауапты  қызмет  дені  сау, 
жан  жақты  дамыған,  аса  өнегелі  адам  тәрбиелеу  болып  табылады.  Қоғамдағы 
әлеуметтік-экономикалық  өзгерістер  шығармашыл  белсенді,  күнделікті  өмірде 
кездесетін  проблемаларды  тиімді  және  өздігінше  шешу  қабілетіне  ие  тұлға 
қалыптастыру қажеттілігін туындатып отыр.  
Заманауи  педагогиканың  күрделі  де  қызықты  міндеттерінің  бірі  –  іс-әрекетке 
шығармашылдық көзқарас тәрбиелеу, яғни күнделікті өмірде кездесетін заттардың 
әдемілігін  көре  білу  білігі,  еңбекке  араласу  үдерісінен  қуаныш  сезіміне  бөлену, 
әлемнің  құпиялары  мен  заңдылықтарын  білу  ықыластарын  арттыру,  күнделікті 
өмірде кездесетін қиындықтан шығу жолдарын табу қабілеті. 
«Білгенім – бір тоғыз, білмегенім – тоқсан тоғыз» дегендей, баланың өмірінде 
негізгі  дағдылар  мен  біліктер,  солардың  ішінде  елестету,  қиялдау,  жаңалыққа 
қызығушылық қалыптасатын кезеңді өткізіп алмау қажет. Баланың бойындағы бұл 
қасиеттерді  мектепке  дейінгі  кезеңде  дамытып  бастап,  мектепте  оқыған  кезінде 
жалғастыру  арқылы  шығармашылық  ойлау  мүмкіндіктерін,  өнер  мен 
шығармашылық іс-әрекет белсенділігін арттыруға болады.  
Француз психологы Т.Рибо шығармашылық дамуының негізгі заңдылығын үш 
кезеңге бөліп көрсеткен, олар: 
-
 
 
балалық  және  балдәурен  шақ  –  ертегілер,  қиял,  ойын,  ойдан  шығарудың 
қожалық кезеңі; 
-
 
 
жастық шақ – ойдан шығару мен іс-әрекеттің үйлесімділігі, яғни «өткір ақыл-
парасат» кезеңі; 
-
 
 
ер жету – қиялдың ақыл-парасатқа бағыну кезеңі.  
Баланың  қиялындағы  бейнелер  түрлі  жағдаяттарда  өзіне  тән  мазмұны  мен 
ерекшелігіне  байланысты  көрініс  табады.  Бастауыш  сынып  оқушыларын  оқыту 
оның  қоршаған  әлемді  қабылдауын  және  қоршаған  орта  туралы  көзқарасын 
нақтылауы,  сонымен  бірге  кеңейтуі  тиіс.  Балалардың  ақиқатпен  танысуына,  оны 
бейнелеуіне,  бейнелермен  жұмыс  істеу  қабілеттерін  дамытуға,  сол  бейнелердің 
негізінде  жаңа  образдар  жасай  білу  дағдыларын  дамытуға  жағдай  жасау  қажет. 
Балалардың  танымдық  қызығушылығын  қалыптастыру  өте  маңызды  болып 
табылады. 
Балалық  шақтан  бастап  шығармашылық  әлеуетті  дамыта  отырып,  біз 
балалардың  танымдық  қызығушылығы  мен  шығармашылық  қабілеттерін 
шыңдаумен қатар, баланың тұлғалық қасиеттерін де қалыптастырамыз.  
Әр  оқушыны  тұлға  ретінде  қалыптастыруда  кіріктірілген  «Көркем  еңбек» 
пәнінің  маңызы  зор.  «Көркем  еңбек»  пәні  бойынша  оқу  жұмыстарын 
ұйымдастырудың формалары алуан түрлі. Солардың бірі «аппликация» (бастырма).  
Аппликация – түрлі-түсті қағаз, мата, тері қиқымдарынан құрастырылған бейне 
шығарма  (сурет,  өрнек).  Аппликацияны  негізгі  бір  түстің  (қағаздың,  матаның, 
терінің  және  басқа  да  материалдардың)  үстіне  басқа  түсті  қағазды,  матаны,  теріні 
және басқа да материалдарды жапсыру немесе тігу арқылы орындалатын жұмыстың 
түрі.  Ерте  замандардан  бері  аппликацияны  киім-кешекті,  аяқ  киімді,  тұрмыс 
заттарын әшекейлеуге қолданған. 
95 

Аппликация  тәсілімен  қағаз  және  қатырма  қағаздан  жасалған  түрлі  шырша 
ойыншықтарын,  бетбелгі  (кітаптың  бетін  белгілеуге  арналған  қағаз,  бау  немесе 
қандайда бір басқа зат), қорап тәрізді бұйымдарды әшекейлеуге болады. Мазмұнына 
қарай аппликацияны бұйымдық немесе заттық, сюжеттік, ою-өрнектік, шрифтік деп 
бөлуге болады.  
«Мамыргүл  бұтағы»  аппликациясы  (11-сурет).  Бұл  аппликация  гүлдері  мен 
жапырағы  бар  бұтақтан  тұрады.  Гүлдерін  ақ  және  ақшыл  көк  гофрленген  немесе 
папирос қағазында орындалады. Ол барлық қабырғалары 5 мм болып келетін қағаз 
шаршылардан  жинақталады.  Әр  шаршы  жұмсақ  негізге  қойылады  және  қаламның 
басымен  ортасынан  жаншылады.  Басудың  нәтижесінде  шаршылардың  шеттері 
жоғары қарай көтеріледі.  
Аппликацияның  негізі  барқыт  қағаз  немесе  түрлі-түсті  қатырма  қағаз  болуы 
мүмкін.  Оның  бетіне  қарындашпен  мамыргүлдің  гүлдерінің  кескінін  салу  және 
алдын  ала  әзірленген  ортасы  жаншылған  ұсақ  шаршылармен  (желімдеп)  толтыру 
қажет. 
Шаршыларды бір-біріне өте жақын, тығыз орналастыру керек. Оларды қозғалту 
үшін қаламның өзегін қолдануға болады. 
 
 
11-
сурет – Мамыргүл ашықхаты 
 
Осы тәсілді қолдана отырып гүлдері бір шоққа жинақталған басқа да гүлдерді 
жасауға  болады,  мысалы,  сүмбілгүл,  гүлдеп  тұрған  шетенгүл  ағашының  бұтағы, 
қызыл бүрген бұтағы. Төмендегі суреттерде осы тәсілмен орындалған аппликация-
мозаикалардың үлгілері берілген (12-сурет). 
 
 
12-
сурет – 
Аппликация-мозаикалардың үлгілері
 
96 

 
Ашық  хат  әзірлеу  және  безендіру.  Мерекелік  ашық  хаттар.  Ашық  хат  –  бұл 
өзіндік  тарихы  бар  өнердің  бір  түрі.  Оны  оқушылар  өздерінің  туыстары  мен 
достарына  арнап  өз  қолдарымен  жасай  алады.  Ашық  хат  жасау  барысында 
бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық экспериментпен айналысуларына 
жағдай жасалады, себебі балалар мерекелік ашық хатты өз қиялдарынан шығарып 
қолдарымен  жасау  арқылы  өз  шығармашылығын  жүзеге  асыра  алады.  Сонымен 
қатар  мерекенің  пайда  болу  тарихымен  танысуларына  да  жағдай  жасалады. 
Мысалы,  «Інжугүл»  құттықтау  ашық  хатын  әзірлеу  барысында  оқушыларды 
інжугүлдің  өсетін  жерлерімен  таныстыра  отырып,  оны  әсемдік  үшін  қыста  да 
өсіруге  болатын  айта  кетуге  болады.  Оқушыларға  інжугүл  туралы  қосымша 
материалдар іздеу тапсырылуымен қатар, «ашық хатты қандай мерекеге және кімге 
сыйлар  едің?»,  «неліктен?»  сияқты  сұрақтар  қою  арқылы  балалардың  сыни 
тұрғыдан ойлауына жағдай жасау 
«Інжугүл» құттықтау ашық хаты. 
Бұл  ашық  хат  аппликациясы  інжугүлдің  қоңырауларын  еске  түсіретін  екі 
жапырақтан  және  гүлдерден  тұрады.  Жапырақтар  ортасынан  екіге  бүктелген  қою 
жасыл  түсті  қағаз  кесіндісіне  інжугүлдің  жапырағына  ұқсас  жапырақтың  кескінін 
салу, соңынан сол кескінді қайшымен қиып алу арқылы әзірленеді. Жапырақтардың 
үстіне жапырақ талшықтарына ұқсас өрнектер салуға болады  
Інжугүлдің гүлдері 5-7 кішкене қоңыраулардан тұрады. Қоңырауларды әзірлей 
үшін диаметрі кішкентай күмістер қажет. Күмістің көмегімен жұқа ақ қағаздан 5-7 
дөңгелекше  қиып  алынады.  Әр  дөңгелекшені  алақанға  салып  қаламсаптың  жұмыр 
жағымен  жаншу  қажет.  Қоңыраушалар  бір-бірінен  онша  алыс  емес  қашықтықта 
негізгі қағазға жапсырылады (9-сурет). Құттықтауға арналған «Інжугүл» ашық хаты 
дайын. 
Бастауыш  мектептің  алғашқы  жылдарында  орындауға  болатын  жұмыстың 
қызықты  түрі  «аппликациялық  мозаика».  Аппликациялық  мозаиканы  орындау 
барысында  «Математика»,  «Дүниетану»  пәндерімен  тығыз  пәнаралық  байланыс 
жүзеге  асырылады,  яғни  өлшем  жұмыстары  орындалады  және  гүлдің  өсу 
жағдайларымен танысуды жүзеге асыруға болады.  
«Күзгі  ағаш»  аппликациялық  мозаикасы  (13-сурет)  түрлі-түсті  қағаздардың 
ұсақ қиындыларынан әзірленеді, оларды қайшымен қию немесе қағазды қолмен үзу 
арқылы  да  дайындауға  болады.  Түрлі-түсті  қағаздардың  қалдықтарын  қолдануға 
болшады.  
Нігізгі  түс  ретінде  қошқыл  түсті  қатырма  қағаз  пайдаланылады.  Жасыл  түсті 
қағаз қиындыларынан мозаика тәсілімен көгал жасалады. Көгал жасау үшін негізгі 
түсті  қағазға  алдымен  желім  жағып,  содан  кейін  мозаиканың  бөлшектерін 
жапсырылады.  
Ақ  түсті  қағаз  кесіндісінен  еркін  формада  ағаштың  (қайың  ағашының)  діңі 
кесіліп  алынады.  Оның  үстіне  қара  қаламмен  немесе  қарындашпен  қара  дақтар 
немесе  бедерлер  салынады,  сондай-ақ  бұл  дақтарды  қара  түсті  қағаздан  ұсақ 
жолақтар кесіп алып, жапсыру арқылы да орындауға болады.  
97 

 
13-
сурет – Күзгі ағаш 
 
 
Ағаштың ұшар басын жасыл, қызыл, қызғылт сары түсті қағаз қиындыларынан, 
бір-біріне  жақын  орналастырылып,  арасында  саңылау  болмайтындай  етіп 
жапсыралады. Парақтың сол жақ немесе оң жақ жоғары бұрышындасары түсті қағаз 
қиындыларынан шуағын шашып тұрған Күннін көзі жапсырылады. 
Жұмыстың бір нұсқасы ретінде орман әсерін беру үшін бірнеше ағаш жасауға 
болады. 
Қағаз  пластика  –  бұл  бейнелеу  өнерінің  мүсіндеу,  аппликация,  сурет  салу, 
қағаздан  қиып  құрастыру,  коллаж  тәрізді  әртүрлі  түрлерінің  синтезі  деп  санауға 
болады. Орындалатын жұмыстың көлемділігі, қолданылатын материалдың әсемдігі 
оны мүсіндеумен және коллажбен, сондай-ақ жазық форманы бүктеу, қию арқылы 
алғашқы түрін өзгерту – қағаздан қиып құрастырумен жақындатады. Нақты немесе 
ойдан шығарылғанды бейнелеу, қосымша бөлшектерді салуды аяқтау сурет салуды 
қағаз пластикамен байланыстырады. 
Оқушыларды  қағаз  пластикаға  үйретудің  мақсаты  мен  міндеттері  бейнелеу 
өнерінің міндеттерімен тығыз байланысты, олар: балалардың біліміне, білігіне және 
ойлау  іс-әрекетіне  қажетті  қиялдау,  елестету  тәрізді  шығармашылық  қабілеттерін 
дамыту.  
Қағаз  пластика  техникасын  дайын  материалдарды  қолдану  арқылы  да  жүзеге 
асыруға  болады.  Ол  үшін  күнделікті  өмірде  бір-ақ  рет  қолданылатын  қағаз 
ыдыстарды  (тәрелкелер,  пластикалық  қасықтар,  шанышқылар  т.б.)  қолдануға 
болады.  Қағаз  ыдыстарды  әдемі  ашық  түстерге  бояу,  жасалатын  заттың  бейнесін 
салу  және  қиып  алып,  басқа  түсті  қағазға  жапсыру  арқылы  жасауға  болады. 
Мысалы, 14 - суретте қағаз тәрелкеден жасалған құстың бейнесі берілген. 
 
98 

 
14-
сурет – Қағаз тәрелкеден жасалған құс 
 
Қағаз бұрау – бұл ұзындығы мен ені әр түрлі қағаз кесінділерін бумаға бұрау, 
оларды өзгерту және алынған бөлшектерден көлемді, жазықтықтық композициялар 
жасау  шеберлігіне  негізделген  жұмыс  түрі.  Көркем  еңбек  сабағында  орындалатын 
жұмыстың бұл түрі оқушы қолдарының шағын моторикасын дамытады, кеңістіктік 
ойлау 
қабілетін 
қалыптастырады, 
шыдамдылықты, 
мақсатқа 
жетуге 
талпынушылықты,  білуге  құмарлылықты  дамытады,  балалардың  қиялдау  және 
елестету  қабілеттеріне  әсер  етеді,  бақылауға,  салыстыруға,  талдау  жасауға,  соңғы 
нәтижені болжауға, нақты заттармен ұқсастығын көре білуге үйретеді.  
Оригами  техникасының  көмегімен  аппликациялық  жұмыстар,  өз  ойынан 
шығарылған  ойыншықтар,  түрлі  кілемшелер,  фотосурет  жиектемелерін,  суреттер 
жасауға  болады.  Ол  бала  қолының  моторикасының,  құрастырушылық  ойлауының, 
шығармашылық  қабілеттерінің  дамуына  ықпал  етеді.  Бастауыш  сыныптардың 
оқушылар Оригами техникасы арқылы түрлі заттар жасап үйренеді, мысалы,       15 -
суретте ит жасаудың сызба-нұсқасы берілген. 
 
99 

 
15-
сурет – Ит жасаудың сызба-нұсқасы 
 
Коллаж  –  (француз  тілінде  collage  –  жапсыру,  желімдеу)  бұл  бейнелеу 
өнеріндегі қызықты техникалық әдіс, суретшілердің шығармашылық ізденісі кезінде 
пайда болған бейнелеу өнерінің бір тәсілі. Бейнелеу өнерінің бұл түрінде суретшілер 
кескіндемесінде  қиялдарына  байланысты  өзіне  ұнаған  кез  келген  заттарды  (түрлі 
матаның,  қағаз,  газеттің  қиындыларын,  әйнек,  түйме,  фольга,  ағаш  қалдықтарын) 
жапсыру,  желімдеу  арқылы  шығармашылық  жетістіктерге  жеткен.  Қазіргі  кезде 
коллаж  балалар  шығармашылығында  кең  қолдау  тапқан  өнер  түріне  айналды. 
Коллаж  өнері  балалардың  ой-өрісінің  шыңдалуына  үлкен  әсер  етеді.  Мектептің 
бастауыш сыныптарында орындалатын коллажға кәмпиттің орама қағаздарын, ескі 
газеттердің  қалдықтарын,  маталардың  қиындыларын,  түрлі  ленталарды,  пластмасс 
жайпақ  ойыншықтарды  және  олардың  қаптамаларын,  ағаш  жапырақтарын 
пайдалануға  болады.  Себебі  коллаж  өнерінде  бастапқысында  бір  біріне  қатысты 
болмаған  элементтер  қолданылады  және  қиыстырылады.  Материалдар  неғұрлым 
ерекше  және  стандартты  емес  болса,  соңғы  нәтиже  соғұрлым  қызықты  болып 
шығады. Коллаж балалардың фантазиясын және шыдамдылығын көрсетуге, қиялын, 
салыстыру білігін дамытуға көмектеседі.  
Жіп  сурет  –  техникасы  көне  өнердің  бір  түрі.  Жіп  сурет  техникасын  «жіп 
графикасы» немесе «жіп дизайны» деп те атайды және ол сәндік-қолданбалы өнер 
түріне жатады. Сәндік-қолданбалы өнер туындылары деп эстетикалық сапаларға ие, 
өзінің  әдемілігімен  адам  көзін  қуантатын  суреттерді,  заттарды,  көркем 
туындыларды  айтамыз.  Сонымен  бірге,  сәндік  өнерді  меңгеру  нәтижесінде 
100 

оқушылардың  бойында  өзінің  ұлттық  мәдени  тарихына  үңілуге,  этнографикалық 
ерекшелігін  білуге  ынталандырып,  ұлттық  өнерге  деген  қызығушылығы  артып, 
жалпы өнерге деген құрмет сезімі пайда болады.  
Жіп сурет техникасымен тігуге қажетті құрал-жабдықтар:  
-
 
жұмыстың негізгі фоны ретінде түрлі-түсті қатырма қағаз; 
-
 
былғары; 
-
 
барқыт қағазы; 
-
 
керілген бір түсті мата; 
-
 
СD дискілері, пластика тақтайшалар қолдануға болады. 
Жіптің  түрлері:  шарғы  жіп,  ирис,  мулина,  гарус,  жүн  жіп,  алтын,  күміс  түсті 
люрекс  жіптерін  пайдалануға  болады.  Сонымен  бірге,  ине,  біз,  оймақ,  қайшы, 
желімді  лента,  пенопласт  тақтайшасы  қажет  болады.  Сызғыш  түрлері,  бұрыш 
шеңбер трафареттері, лекал түрлері, шаблондар. 
Жіп  сурет  техникасымен  жұмысты  тігу  барысында  оқушылар  түстердің 
үйлесімділігін  айыра  білуі  керек,  себебі  жұмыстың  әдемілігі  түстерді  сауатты 
қолданумен тығыз байланысты болады. Бұл мақсатқа жету үшін оқушыларды түстік 
спектрмен  (негізгі,  қосынды,  ахроматикалық,  хроматикалық,  салқын,  жылы, 
қосымша, контрасты) таныстыру қажет.  
Жіп  сурет  техникасы  деп  қатырма  қағазға  барқыт  қағазға  салынған  суреттің 
бойымен  жіппен  тігуді  айтады.  Қолөнердің  бұл  түрінде  балалар  сызғышпен, 
үлгімен,  шаблонмен  жұмыс  істеуге  үйренеді,  ине-жіпті  қолдану  дағдыларын 
бекітеді. Көзбен өлшеу дағдылары дамиды, қол саусақтарының шағын моторикасы 
жетіледі,  көркем-шығармашылық  әрекетпен  айналасу  барысында  ұқыптылыққа 
үйренеді. Бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескере отырып сабақта 
жіп сурет техникасының бір түрі – суретті кескінді толтыру                (16 - сурет) 
әдісін қолдануға болады.  
 
 
16 - 
сурет – С
уретті кескінді толтыру
 
 
Жұмысты орындау үшін: 

негізгі  түске  гүлдің  суретін  салу  (алдын  ала  дайындалған  шаблонның 
көмегімен салуға болады); 

жіптердің бір-біріне сәйкес келетін түстерін таңдау; 

үстелді  зақымдамау  мақсатында  пенопласт  тақтайшасын  қолдана  отырып, 
суреттің бойымен бірдей қашықтықта инемен тесіктер жасап алуға болады, бұл тігу 
жұмысын жеңілдетеді; 

жіп және иненің көмегімен суреттің доғаларын тігіп шығу. 
Тігу барысында түрлі доғалар қолданылады. Оқушылардың жас ерекшеліктерін 
ескере  отырып  неғұрлым  жеңіл  суреттер  алу  қажет  және  суреттердің  ұсақ 
101 

элементтері көп болмауы тиіс. Суреттерді балаларға арналған кітаптардан және бояу 
кітапшаларынан алуға болады. 
Сонымен,  бастауыш  сыныптардағы  «Көркем  еңбек»  пәнінде  оқушыларды 
шығармашылықпен  жұмыс  істеуге,  қиялдауға,  өз  еңбегінің  нәтижесін  көруге 
тартатын  жұмыстардың  түрлері  алуан  түрлі.  Еліміздің  жалпы  білім  беретін 
мектептерінде  «Көркем  еңбек»  пәні  қолданысқа  енгізілмегенімен  өз 
тәжірибелерінде  «Бейнелеу  өнері»  және  «Еңбекке  баулу»  пәндерінің  кейбір 
тақырыптарын кіріктіріп оқытып жүрген мұғалімдер баршылық.  
Солтүстік  Қазақстан  облысы  Петропавл  қаласының  әл-Фараби  мектеп-
лицейінің  жоғары  санатты,  Қазақстан  Республикасы  педагог  кадрларының 
біліктілігін  арттырудың  деңгейлі  бағдарламалары  аясында  бірінші  (ілгері)  деңгей 
бағдарламасы  бойынша  мұғалімдерді  оқыту  курстарын  аяқтаған  Темирбулатова 
Гүлнар  Салаутовна  өзінің  сабақтарында  «Бейнелеу  өнері»  мен  «Еңбекке  баулу» 
пәндерін  кіріктіріп  оқытуды  қолданып  жүрген  мұғалімдердің  бірі.  Гүлнар 
Салаутовна өзі өткізген «Сәукеле» тақырыбындағы сабақтың үлгісін ұсынады. Бұл 
сабақты  екі  сағат  көлемінде  өткізуге  болады  (бір  сабақ  теория,  екінші  сабақ 
практикалық жұмыс). 
 
Кіріктірілген  сабақ:  еңбекке  баулу 
және бейнелеу өнері 
Тақырыбы: Сәукеле 
Мектеп : қазақ мектеп-гимназиясы 
Күні:  
Мұғалімнің аты-жөні: 
 
Сынып: 3 
Қатысқандар: 
Қатыспағандар: 
Осы  сабақ  арқылы 
жүзеге  асатын  оқу 
мақсаттары 
Үлгіге қарап, табиғи және жасанды материалдардан бұйымдар жасау. 
Ұлттық  сәндік-қолданбалы  өнер  түрлерімен  танысу,  ұлттық  бұйым 
сәукелені бейнелеу 
Сабақ мақсаттары 
Барлық оқушылар орындай алады: 
Ұлттық бас киімдерді біледі. 
Оқушылардың көпшлігі орындай алады: 
Ұлттық бас киімдердің ерекшеліктерін атай алады. 
Кейбір оқушылар орындай алады: 
Бас  киімдердің  түрлерін,  пайдалану  және  тұтыну  ерекшеліктері 
туралы түсінік береді. 
Тілдік мақсат 
Барлық оқушылар орындай алады: 
Ұлттық бас киімдердің түрлерін, қажеттілігін түсінеді. 
Түйінді сөздер мен сөз тіркестері: 
Сәндік қолданбалы өнер, сәукеле 
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін сай келетін тіл стилі: 
Үш тілде айтып үйрену: Өрнек, ою-өрнек, бас киім. 
Талқылауға арналған сұрақтар: 
Ою-өректердің түрлерін білеміз бе? 
Не себепті........ деп ойласыз? 
Не себепті олай ойлайсың? 
Алдыңғы оқу: 
Қазақ халқының кәсіп түрлерін ажырату. 
Жоспар 
Жоспарланған 
уақыт есебі 
Жоспарланған жаттығу түрлері 
Ресурстар 
Басы 
Психологиялық тренинг «Менің көңіл-күйім» 
Шешуі  келесі  бас  киімдерді  білдіретін  сөзжұмбақтар 
 
102 

құрастыру:  бөрік,  тымақ,  сәукеле,  кимешек,  тақия,  шәлі, 
мұрақ. (Сөзжұмбқтар келесідей болуы мүмкін) 
1. Әйелдер де, ер кісілер де киетін бас киім. 
2. Ерлердің қыстық бас киімі. 
3. Қалыңдықтың бас киімі. 
4. Жас келін балалы болған соң киетін бас киім. 
5. Тұрмыс құрмаған қыз балалар киетін бас киім. 
6. Орамал тәрізді тоқылған әйел бас киімі. 
7. Елбасы, ел ағалары киетін қалпақтың түрі.  
Ой қозғау 
-
 
Балалар  сөзжұмбақта  қандай  бас  киімдер  туралы 
айтылды?  (Бөрік,  тымақ,  сәукеле,  кимешек,  тақия,  шәлі, 
мұра). 
-
 
Балалар, ер адамдар қандай бас киімдер киген? 
-
 
Әйелдер қандай бас киімдер киген? 
-
 
Әйелдер  бас  киімі  мен  қыз  бала  баскиімі  арасында 
айырмашылық бар ма?  
-
 
Сәукелені 
кімдер 
киеді? 
(қалыңдықтар, 
жас 
келіншектер). 
Ортасы 
8 минут. 
 
 
 
Үштілділік: 
Үш тілде айтып 
үйрену: бас киім, 
өрнек, ою-өрнек, 
композиция 
 
Халқымыз ұлттық киімге айрықша мән берген. Қазақ халқы 
ешқашан жалаң бас жүрмеген. Ер адам, әйел адам өзіне сай 
бас киім киген.  
Сын тұрғысынан ойлау 
1.  Баскиімнің  қандай  пайдасы  бар?  (қыста  аяздан,  жазда 
күннің ыстығынан қорғайды) 
2.  Топтарға  алдын  ала  жинақталған  әдебиеттерден  бас 
киімдердің  шығу  тарихы,  әзірлену  жолдары  туралы 
мағлұматтар жинауға тапсырма беру. Мысалы: 

бас киімдердің шығу тарихы; 

жас ерекшеліктеріне және ер адамдар мен әйел адамдарға 
қатысты бас киімдердің бөлінуі; 

сәукеленің әзірлену жолы; 

ою-өрнектің түрлері. 
Тапсырма: жеке-жеке тапсырма орындау
Бейнелеу. 
Сәукелені  үлгілеу.  Акварельмен/гуашпен,  түрлі-түсті 
карандаштармен бояу, сәукеленің суретін салу. 
Көркем еңбек
Әртүрлі ою-өрнектермен безендіру. 
АКТ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
түсті  бояулар 
альбом, 
қайшы, 
түсті қағаз 
желім 
Соңы 
 
Киімдерге 
байланысты 
ырымдар. 
1. Жас қыздың басына ақ, қара орамал тартпайды. Ақ – жаулықтың, қара – 
қайғының  белгісі.  2.  Сыңар  аяқ  киім  киген  баланың  әйелі  ұры  болады.  3. 
Киімнің түймесін айқастырып салса, қуанышты хабар келеді. 4. Ілулі тұрған 
киімнің  түймесін  салмайды.  5.  Аяқ  киімді  оң  аяқтан  бастап  киеді,  сол 
аяқтан шешеді. 6. Қонаққа келген сәбиге көгендік береді немесе киім алып 
береді. 7. Киім сатып алғанда: «Киімің күйрек, жаның берік болсын» деген 
тілек айтады. 8. Ақ жаулықты ортаға тастау. 9. Сәукеле – «сау келеді» деген 
мағына  беріп,  оны  тек  қалыңдық  киген.  10.  Бас  киімді  теріс  киюге 
болмайды.  
Оқушылар жұмыстарынан көрме ұйымдастыру 
Үйге тапсырма:  Қалаған  бас  киімнің  суретін  салып,  түйе  табан,  қос  мүйіз  өрнектерімен 
әшекейлеу.  
Қосымша 
мәліметтер 
Ерлер бас киімі туралы мәлімет жинау 
 
Саралап- 
Бағалау - оқушы 
Пәнаралық 
Математикамен 
103 

оқушыға 
мейлінше қолдау 
көрсетуді қалай 
жоспарлайсыз? 
білімін қалай 
жоспарлайсыз? 
Табыс критерилерін 
құрамын 
Дескрипторлар 
бойынша 
байланыс. 
Денсаулық және 
қауіпсіздік. 
АКТ-мен 
байланысы 
Өмірмен байланыс 
Бейнелеу мен еңбекке баулу 
Рефлексия 
Сабақтың мақсаттары мен міндеттері 
орындалды ма? 
Бүгін оқушылар не үйренді? 
Сабақ қалай өтті? 
Жоспарлау мен саралау жақсы іске асты ма? 
Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгізер 
едім? Неліктен? 
-
иә, мақсаттарымен міндеттері орындалды 
 
 
 
Айтылым және тыңдалым бойынша тапсырма 
үлгілері: 

шығармашылық жұмыс орындау үшін түрлі 
идеяларды талқылау 
 
Усаева Гульмира Елтаевна 
І санатты, деңгейлі бағдарламалар аясында үшінші деңгейдегі 
бастауыш сынып мұғалімі 
Астана қаласы №72 мектеп-лицейі  
 
Кіріктірілген  сабақ:  еңбекке  баулу  және 
бейнелеу өнері 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет