2
«Қазақ тілі мен әдебиеті (Т2)» кіріктірілген пәндері бойынша оқу
жұмыстарын ұйымдастыру формасы
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін кіріктіріп оқытуда сабақты ұйымдастыру ең
алдымен оқу материалының ерекшелігіне негізделеді. Оқыту арнайы механизм
арқылы іске асады: оқу материалының мазмұны, басқа оқу пәні бойынша ғылыми
ақпаратқа тірек, алдыңғы алған білімдеріне тірек, пәнаралық байланыс жиынтығы
материалдық әлемнің бірлігі ретінде. Кіріктірілген сабақтың негізгі бөлігі
вариативті, өйткені оқушының танымдық әрекетін ұйымдастыру мен оқытудың
түрлі әдістерін қолдануды талап етеді.
Кіріктірілген сабақтар келесі дидактикалық шарттар арқылы жүзеге
асырылады:
-
пәнаралық байланыстың зерттеу объектісі дұрыс есептелуі, оның өзекті
болуы;
-
сабаққа дайындалу кезінде мұғалімдердің тығыз ынтымақтаста болуы;
-
сабақтың әр кезеңінде ойлау әрекетінің белсенділігін артуы және міндетті
түрде кері байланыстың болуы;
-
жалпы әдісті қолдану негізінде сабақтың әр бөліктерінің арасында
сабақтастықтың болуы [2].
Мұғалім оқушыларының мүмкіндігін, жас ерекшеліктерін және сыныптағы
психологиялық ахуалды жақсы білуі керек. Бұл мұғалімге пәнаралық байланысты
қандай әдіс - тәсілдер арқылы іске асыруға болатынын шешуге көмек болады.
Сонымен қатар, кіріктірілген сабақтың құрылымы нақты меңгеру барысында
әртүрлі пәндер бойынша өтілетін оқу материалының логикалық байланысын талап
етеді.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін кіріктіріп оқыту бағдарламасының
мақсаттарының бірі – түрлі әлеуметтік топтармен тиімді тіл табысуға қабілетті
азаматтарды тәрбиелеу. Осы мақсатқа жетуге қажетті дағдыларды дамыту үшін
ынталандырушы және қолдаушы ортаны құру керек. Коммуникацияның түрлі
формаларын қолдану құнды болып саналатын мұндай ортада оқушылар өз пікірін
еркін білдіре алады.
Білім беру бағдарламасы аясында оқушылардың түрлі құралдарды қолдану
арқылы сыныптастарымен, мұғалімдермен және көпшілікпен ауызша және жазбаша
қарым-қатынасқа түсуі және қазақ тілін сауатты пайдалануы ынталандырылады.
Оқушыларға тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым тапсырмалары
ұсынылады. Сол арқылы оқушының деңгейі анықталып, білімін тереңдетіліп,
белсенділігі күшейеді. Төрт дағдыға бағытталған тапсырмаларды дайындап,
оқушылармен жұмыс жүргізудегі негізгі мақсат: баланың қабілетін ашу,
шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге деген қызығушылығын арттыру.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен тыңдалым мен айтылым сөйлеу әрекеттерін
дамытуға ықпал ететін тапсырма үлгілері:
-
күнделікті тақырыптар аясында және таңдау тақырыбына байланысты:
ғылыми және т.б. белгілі бір уақыт ішінде (қысқа) еркін сөйлесу;
-
ауызша тілдесімді түсіне білу және оны қысқаша мазмұндай білу, оны
жалғастыру;
-
ақпараттардағы негізгі байланысты анықтай білу және оны жүйелі баяндау;
-
әртүрлі мәтіндердің стильдері мен ерекшеліктерін түсіне білу және бағалау;
18
-
бұқаралық ақпарат құралдарының тілін түсіну;
-
тыңдауға, мазмұнын түсінуге әртүрлі жанрдағы мәтіндерді ұсыну;
-
мәтінді қайталап тыңдатып, негізгі ойға назар аударту;
-
тыңдалған мәтін бойынша сұрақтар қою;
-
мәтін бойынша жоспар құру;
-
тыңдалған мәтіннің белгілі бір бөлігін өз сөзімен айтып беру;
-
мәтіннің мазмұны бойынша қарама-қарсы пікір айту, дәлелдеу;
-
ұсынылған тақырып бойынша сұхбат алу немесе сұхбат беру және нәтижесі
бойынша ауызша есеп беру;
-
жоспарланған тақырыптар бойынша пікірталас ұйымдастыру (мысалы, «Бізге,
яғни оқушыларға мектеп формасын кию қаншалықты қажет?»);
-
жұпта ым-ишараны пайдаланып, оқиғаны жазуға дайындалу (мысалы,
«Бағытталған оқу» және «Бағытталған жазу»);
-
ауызша айтылғанды түсіну және сұрақтарға жауап бере білу;
-
берілген тақырып бойынша диалог құрастыру.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен оқылым дағдысын дамытуға ықпал ететін
тапсырма үлгілері:
-
қазақ тіліндегі әртүрлі оқылым материалдарын меңгеру, яғни бүгінгі таңдағы
газет-журналдар, қысқа әдеби мәтіндер, пікірталас туғызатын және белгілі бір
мәселе қозғалған мақалалар, хаттар және т.б.
-
көз жүгіртіп оқу, жалпы мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты табу үшін
оқу, ақпараттарды алу үшін оқу, көркем шығармаларды оқу, автор көзқарасын табу
үшін оқу.
-
кітапқа ауызша және жазбаша шолу жасау;
-
интернет ресурстарымен жұмыс (тақырып мазмұны бойынша презентациялар,
жобалар дайындау);
-
мәтіннің тақырыбы мен бастапқы бөлігіне сүйене отырып, оқиғаның дамуын
болжау ;
-
әдебиетпен жұмыс (сұхбатқа сұрақтар мен жауаптар дайындау);
-
көз жүгірте, шолу жасай отырып оқу;
-
мәтіннің негізгі ойы мен бөліктерін анықтай отырып оқу;
-
ақпаратты табу үшін оқу, қызығып оқу және өз көзқарасын айту үшін оқу.
«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнінен жазылым дағдысын дамытуға ықпал ететін
тапсырма үлгілері:
-
тыңдалған және оқылған мәтіннің қысқаша мазмұнын, фильм мен кітаптан
алған әсерлерін жазу;
-
оқушыларға таныс ертегі, әңгіме, өлеңдердің қысқаша мазмұнын жазу
-
әдеби шығармадан алынған көркем, бейнелі сөздерді жаздыру;
-
әдеби шығармадағы жаңа сөздерден сөздік құрастыру;
-
газетке шағын хабарлама/мақала жазу;
-
белгілі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;
-
әдеби шығарма мәтініндегі оқиғаны өз көзқарасымен өзгертіп аяқтау;
-
ақпаратты суреттер мен сызбалар, белгілер, пиктограммалар арқылы беру;
-
сұхбатқа сұрақтар дайындау.
Кіріктірілген сабақтардың ұйымдастырылуы бойынша жалпы жіктелуі
төмендегідей:
19
-
әртүрлі пәндер бойынша екі және одан да көп мұғалімдердің кіріктірілген
сабақты жүргізуі;
-
пәндерге сәйкес базалық дайындығы бар бір мұғалімнің кіріктірілген сабақты
жүргізуі;
-
кіріктірілген тақырыптар негізінде бөлімдерді, курстарды ұйымдастыру.
Кіріктіріп оқытудың негізгі және міндетті талабы – оқушының өзіндік жұмыс
істеу қызметін арттыру, өйткені кіріктіру оқу материалының тақырыптық аясын
кеңейте отырып, терең талдауды және жетілдіруді, басқа пәндер есебінен
толықтыруды қажет етеді.
Мұғалім сабақты жоспарламас бұрын мақсатын анықтап алады, сол мақсатқа
қол жеткізу үшін сабақта қолданатын тиімді әдіс-тәсілдерді іріктеп алады.
Мұғалімдер пән бойынша оқу бағдарламасының талаптарын орындауға тиіс,
сонымен бірге оқыту барысында төмендегі бірқатар мәселелерді ескеру керек:
-
сабақта бірнеше жаттығу түрлерін жоспарлау;
-
қысқа уақыт алатын жаттығу дайндау (әдетте баланың назары бір нәрсенің
төңірегінде ұзақ шоғырланып тұрмайды);
-
бір жұмыс түрінен екіншісіне біртіндеп ауысып, оқушыларға сабақтың басты
мақсаты туралы ескертіп отыру;
-
сыныппен өзара әрекеттестік стильдерін өзгертіп отыру;
-
жеке, жұптық, топтық немесе барлық сыныпты қамтитын жұмыс түрлерін
араластырып қолдану.
Кіріктірілген сабақтардың негізгі құрылымы:
1. Кіріспе бөлім. Бұл бөлімде сабақтың мақсаты, міндеті, негізгі білім
анықталады.
2. Негізгі бөлім. Негізгі бөлімінде оқу материалының мазмұны ашылады.
Сабақтың бұл бөлігі вариативті, өйткені оқытудың түрлі әдіс-тәсілін, оқушылардың
танымдық әрекетін ұйымдастыру формаларын қолдануды және мұғалім тарапынан
педагогикалық шеберлікті талап етеді.
3. Қорытынды бөлім. Сабақты қорытындылау, оқушылардың жұмысын
бағалау, үй тапсырмасын белгілеу.
Кіріктірілген сабақ – дәстүрлі түрдегі сабақта іске асыра алмайтын бірнеше
міндеттерге қол жеткізеді. Мысалы:
-
ұйымдастыру формасының ерекшелігінің арқасында (өзгеше, яғни қызықты)
оқу әрекеттік уәждемені арттыру;
-
әртүрлі пәндер саласында қолданылатын түсініктерді қарастыру;
-
ойлау операцияларымен мақсаттанған жұмысты ұйымдастыру: салыстыру,
жалпылау, жіктеу, талдау, жинақтау.
«
Қазақ тілі мен әдебиеті» пәнін кіріктіріп оқытуда ұзақ мерзімді және орта
мерзімді жоспарлар міндетті құжаттар болып табылады, олар білім беру үдерісін
ұйымдастыруға септігін тигізіп, пәндерден оқу бағдарламасын орындауды
әдістемелік жағынан дұрыс жоспарлауды қамтамасыз етеді.
Мұғалімдер «Қазақ тілі мен әдебиеті» кіріктірілген пәні бойынша орта мерзімді
оқу жоспарын қолдануда төмендегілерге назар аударулары тиіс:
1. Дифференциация (саралап оқыту) – оқушылардың жеке қабілет
ерекшеліктерін ескере отырып оқыту. Сабақ жоспарын құрастыру барысында
қабілеті жоғары немесе төмен оқушылардың мүмкіндіктерін ескере отырып, сабақ
мақсаттары, бағалау нәтижелері, тапсырмалар деңгейі қарапайымнан күрделіге
20
құрастыру қажет. Сонымен қатар жұптық және топтық жұмыстарды ұйымдастыруда
оқушыларды қабілеттеріне қарай араластырып отыру ескеріледі. Орта мерзімді
жоспардың «Мұғалімге арналған ескертпелер» бағанында нақты түрлерін
практикада жүзеге асыру жолдары көрсетілген.
2. Сабақ барысында оқушыларға жеке «ойлан», жұппен «талқыла» және топпен
«бөліс» әдісін кеңінен қолдану ұсынылады. Бұл өз кезегінде оқушыларға білім,
ақпарат, идея, тәжірибе алмасуға, сыни ойлауға мүмкіндік береді.
3. Орта мерзімді жоспарларда әр сынып бойынша әртүрлі лексикалық
тақырыптар берілген. Лексикалық тақырыптар белгілі бір салаға байланысты сөздік
қорды меңгеруге, ақпараттармен танысуға, танымын кеңейтуге бағыттайды.
Сыныптан сыныпқа өткен кезде лексикалық тақырыптар арасында байланыс болу
үшін бір тақырыпты әртүрлі мақсатта қарастыру ұсынылған. Бұл байланыс сол
тақырыпта қарастырылатын мәселеге, деректерге әртүрлі қырынан келуге мүмкіндік
береді.
4. Орта мерзімді жоспарларда әр бөлімге арналған сағат сандары ұсынылған.
Пән мұғалімі оқушылар мен сыныптардың ерекшеліктеріне қарай сағат сандарына
өзгеріс енгізе алады. Дегенмен, бір тоқсанға берілген лексикалық тақырыптар мен
оқу мақсаттары толық қамтылуы тиіс.
5. Орта мерзімді жоспарда көрсетілген оқыту ресурстары үлгі болып табылады.
Мұғалімдер қажет деп тапқан жағдайда қосымша ресурстар қолдана алады [2].
Орта мерзімді жоспарларда белгілі бір мақсатты жүзеге асыру үшін белсенді
оқыту әдістері ұсынылған. Ұсынылған әдістер мұғалімге үлгі болып табылады, яғни
мұғалім сабақ жоспарын сыныптың деңгейі мен қажеттіліктерін ескере отырып,
түрлендіре алады. Қысқа мерзімді жоспар – сабақтың мақсаттарын (мұғалімнің
жұмыс істеуіне бағдар) және оқыту мақсаттарын (оқушылардың жұмыс істеуіне
бағдар), оқу процесінің құралдары мен сатыларын ашатын сабақ жоспары;
Орта мерзімді жоспар негізінде қысқа мерзімді пән жоспары әзірленеді.
Қысқа мерзімді пән жоспары – сабақтың мақсаттарын (мұғалімнің жұмыс
істеуіне бағдар) және оқыту мақсаттарын (оқушылардың жұмыс істеуіне бағдар),
оқу үдерісінің құралдары мен сатыларын ашатын сабақ жоспары.Мұғалім қысқа
мерзімді жоспарды жоспарлағанда сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында
баяндалған оқу мақсаттарына сәйкес келуі керек, бірақө барлық тармақтарын
қамтымауы мүмкін.
Сабақ
мақсатында
оқушының
қадағалауға
болатын
іс-әрекеті,
белсенділігі / мінез - құлқы сипатталып, оқушылар оқу нәтижесінде не істеуді
үйренуге тиіс екені жазылады. Сабақ мақсаттарын тұжырымдау барысында
оқушылардың сабақ соңында не істей алу керектігі тұрғысынан белгілі бір
нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстау қажет. Бұл:
-
сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына
назар аударуға;
-
сабақты жоспарлауды жеңілдетуге;
-
оқуды бағалауды жеңілдетуге;
-
оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.
Күнделікті сабақ жоспарын құруда назар аударатын мәселелер:
1.
Сабақ жоспарында бөлек бағанда cабақта қолданылатын дифференциация,
бағалау, пәнаралық байланыс, АКТ дағдылары және құндылықтар нақты
көрсетіледі.
21
2.
Рефлексия бөлігінде мұғалім өз сабағына қысқаша талдау жасап жазады,
яғни сабақтың сәтті болған тұстары және келесі сабақта дамыту керек тұстарын
анық көрсетеді [4].
Рефлексиялық мәдениеті қалыптасқан адам өзінің тұлғалық және кәсіби
стереотиптерін шығармашылықпен өзгерте алады. Бұл - өзіндік сана, өзі-өзі
ұйымдастыру, өзін-өзі талдау, өзін-өзі іске қосу, өзін-өзі бағалау сияқты кәсіби
мәнді сапалармен сипатталады.
Рефлексиялық қабілеті дамыған ұстаз өз оқушыларында осы сапаны дамытуды,
дарытуды әсте есінен шығармайды. Қазіргі білімдік мақсаттарға сай білім алушыны
рефлексия жасауға дағдыландыру мұғалімнің басты міндеттерінің бірі
болғандықтан, ол – сабақтың да негізгі компоненттерінің бірі болуы тиіс. Сабақ
барысында мұғалім де оқушылар да рефлексия жасауды үйренеді.
Рефлексия деген өз жұмысына талдау жасау. Осы жерде ұлы данышпан Абай
қарасөздерімен үндестікті көре аламыз. "Егер де есті кісілердің қатарында болғың
келсе, күнінде бір мәртебе, болмаса жұмасында бір, ең болмаса айында бір, өзіңнен
өзің есеп ал!" деген, біз өзімізге есеп бере отырып, іштей кемшілігімізді
мойындаймыз, ол кемшіліктің кету себебін бірге іздейміз. Педагогикалық
практикада қолдануға болатын мысалдар келтіре кетсек: бастауыш сынып
оқушылары өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде, ал
орта және жоғарғы сынып оқушылары сабақтарда кестелер, диаграммалар,
сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты рефлексті жұмыс түрлерімен айналыса
алады.
Оқушыларды рефлексия жасауға үйретуде мәселенің психологиялық жағына
мән беру тиімді. Мұғалімнің басты міндеті: оқушының өткізген күні немесе істеген
жұмысы жайлы айтқысы, ойымен бөліскісі келетіндей психологиялық ахуал жасау.
Әсіресе баланың өзі жасаған әрекеттеріне байланысты басынан өткен сезімдерін
қайта оралта алуы, ол жайлы қағазға түсіруі немесе басқаша суреттеуі ерекше
жағдайды талап етеді. Сонымен рефлексия – көп қырлы кіріктіріліп жасалған
әрекет. Алдағы жұмыстарда ондай кемшілікті жібермеуге тырысамыз.
Рефлексияның тиімділігін атап көрсетер болсақ, оқушы үшін:
-
рефлексия – оқушыны өз-өзіне есеп беруге баулиды;
-
рефлексия арқылы оқушының қажеттілігін біле аламыз;
-
рефлексия арқылы оқушының өзіндік көзқарасы қалыптасады;
-
рефлексия арқылы білім беру барысының сапасын жақсартуға болады;
-
рефлексияның нәтижесінде сыни көзқарас қалыптасады;
-
өз-өзіне баға бере алады;
-
білім алуға деген қызығушылық жоғарылайды.
Мұғалім үшін:
-
ақпаратпен күнделікті жұмыс;
-
шығармашылыққа деген ынта-жігері ;
-
әрбір оқушының пікіріне құлақ түру;
-
пәндік білім сапасының артуы;
-
өзіндік сынның қалыптасуы;
-
сыни ойлауға жетелеу.
Мұғалімнің кәсіби даму бағдарламасына іздеу, зерттеу қызметінің
мүмкіндіктері жатады. Педагогикалық қызметті талдау барысында теориялық білім
алудың, диагностика мен өзіндік диагностиканы игерудің қажеттілігі туады.
22
Оқушылар өзі жасаған әрекеттеріне ауызша баға беру, суреттер салу түрінде,
кестелер, диаграммалар, сауалнамалар толтыру, эссе жазу сияқты жұмыс түрлерімен
айналыса алады. Онда оқушылар алған білімдеріне, тапсырмаларына қорытынды
жасап, пікір айтуға дағдыланады, ойын ортаға салады. Нәтижесінде оқушылар өз-
өздерін реттейді. Жүйелі сөйлеуге, ойын ашық жеткізе білуге, талдау жасауға
үйренеді. Сабақтың жақсы не жаман, мағыналы не мағынасыз, көңілді не көңілсіз
өтуіне байланысты оқушылар эмоцияларын білдіріп отырды. Осыдан мұғалім өзіне
қорытынды жасауына, өзіне баға беруіне болады.
Рефлексияны әртүрлі жүзеге асыруға болады, сабақтың соңында әр
тақырыптың соңында, сабақ кезеңдері арасында, тарау соңында. Ол ақырындап
оқушының ішкі рефлексиясына ұласуы керек. Рефлексияның төмендегідей түрлері
бар:
-
оқу материалы мазмұнының рефлексиясы;
-
көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы;
-
іс-әрекет рефлексиясы.
Рефлексияның бұл түрлерін жеке, топтық, жұптық түрде өткізуге болады.
1.
Оқу материалдарының мазмұнының рефлексиясы. Оны мұғалім оқушылар
өткен материалдың мазмұнын қалай түсінгенін анықтау үшін қолданады.
Аяқталмаған сөйлем әдісі (тезис).
Бүгін мен...................... білдім. *................. қызықты болды. *..........................
қиын болды. *..................... тапсырманы мен орындадым. *......................... екенін
түсіндім. * Мен енді....................... білемін. * Мен............................... сезіндім.
*Мен..................................... білім алдым. * Мен....................................... үйрендім.
*................................. менің қолымнан келді. * Мен ......................жасай алдым.*
Мен.................. жасап көруге талпынамын. *.................. мені таңқалдырды. * Сабақ
менің өміріме..... берді. * Менің............. жасағым келді.
Аяқталмаған фразалар сабақ тақырыбына да байланысты болуы мүмкін.
2. Сабақ мақсатына жету рефлексиясы. Сабақ мақсаты тақтаға жазылып, сабақ
соңында талқыланады.
Think wane (синквейн) «5 жолды өлең» әдісі.
Бірінші жол - тақырып атауы;
Екінші жол – тақырыпты екі сөзбен сипаттау,– белгі немесе сын есіммен;
Үшінші жол - осы тақырыптағы іс-әрекетті үш сөзбен сипаттау, етістікпен;
Төртінші жол – төрт сөзден тұратын фраза, тақырыпқа қатысты;
Бесінші жол– синоним, тақырыпты ашатын. Бұл жұмыс түрінде әр оқушы өз
ойын, алған әсерін білдіреді.Сонымен қатар, оқушының оқып отырған тақырыпқа
қатысты іс-әрекетін анықтауға, бұрынғы білім мен жаңаны түсінудің арақатынасын
жалғастыруға мүмкіндік береді.
«Плюс, минус, қызықты».
«Плюс» - оң әсер еткен фактілерді, алған, білімдері жайлы жазады.
«Минус» - қолымнан келмей жатыр немесе түсініксіз болып тұр деген ойларын
жазады. «Қызықты» деген бағанға сабақ барысында өздерін қызықтырған немесе
көбірек білгісі келетін ақпараттар туралы ойларын жазады.
3.Көңіл-күй және эмоционалдық жағдайдың рефлексиясы.
Төменде бірнеше тәсілдер көрсетілген:
«Пейзаж–көңіл күй айнасы» әдісі.
23
Әр оқушыға табиғат пейзажы бар сурет таратылады. Мұғалім оқушыларға
суретте өзі қалаған жерді көрсетіп, бірнеше сөйлеммен түсіндіруді ұсынады.
Оқушыларда екі карточка: «көк» және «қызыл». Мұғалім сабақ басында және
аяғында қалаған карточкасын көрсетуді сұрайды, бұдан оқушының көңіл күйінің
өзгерген, өзгермегенін білуге болады.
4. Іс-әрекет рефлексиясы. Жеке жазба жұмыс рефлексиясы. Бұл жұмыс
сабақтың соңғы кезеңінде қорытынды ретінде жүргізіледі. Өткізу түрі – шығын
шығарма, эссе, кесте, досыма хат, тірек сызба.
«Жеделхат» әдісі.
Сабақ соңында 10-15 сөзден тұратын сабақ туралы ата-аналарына жеделхат
жазу ұсынылады. 2-3 минут жеделхат құруға беріледі, содан соң барлығы өз
жеделхаттарын оқып жалпы қорытынды жасалады.
«Өзіме хат» жазу дағдысын дамытуға септігін тигізіп, оқушының өзіндік талдау
жасауына ықпал етеді. Сабақта не өткені туралы өз-өзіне хат жазу тапсырылады,
оқушы жазбаша түрде талдау жасайды.
«Fishbone» «Балық қаңқасы» диаграммасы.
Басы – негізгі тақырып, жоғарғы сүйектері – тақырыптың негізгі ұғымдары,
төменгі сүйектері – ұғымдарға түсініктеме, құйрығы – қорытынды, немесе сұрақтың
жауабы қысқа ұғымдар арқылы жазылуы тиісті.
«Жылан» диаграммасы.
Сабақтағы материалды қалай түсінгенін тексеруге арналған. Басы – негізгі
тақырып, ортасы – тақырыптың негізгі ұғымдары, ұғымдарға түсініктеме, құйрығы
–
қорытынды, немесе сұрақтың жауабы қысқа ұғымдар арқылы жазылуы тиісті.
«Алма ағашы» әдісі.
Оқушыларға екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу
керек. Жасыл түсті алма-мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің
көңіл-күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма-мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл-
күйім жоқ.
«Бір сөзбен» әдісі
Оқушылар өздеріне берілген 12 сөздің ішінен, өздерінің бүгінгі сабақтағы
жағдайын сипаттайтындай 3 сөзді таңдап айтады.
Төзімсіздік, Ашу, Қуаныш, Немқұрайлылық, Қанағаттану, Шабыт, Зерігу,
Алаңдау, Тыныштық, Сенімділік, Сенімсіздік, Рахаттану.
«Табыс сатысы» әдісі.
Сатының суреті.
1-
баспалдақ: Мен............ білемін
2-
баспалдақ: Мен.................. түсінемін,
3-
баспалдақ: Мен............. жасай аламын
«Таңдау» әдісі.
1. Мен сабақ, қызықты _____________ қызықсыз болды деп ойлаймын.
2. Мен сабақта: көп нәрсені үйрендім _____________ үйренгенім аз болды.
3. Мен басқаларды мұқият ______________ зейінсіз тыңдадым.
4. Мен пікіралмасуға жиі ______________ сирек қатыстым.
5. Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын ____________ риза емеспін. Бұл
карточканы таратып бергенде оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен
сабаққа деген ынтасын білдіретін сөйлемдердің бірінің тұсына « +» белгісін қою
тапсырылады [5].
24
Бір сабақта оқылым, жазылым, тыңдалым, айтылым бойынша нақты нәтижеге
жетуге мүмкіндік беретін бір немесе екі оқу мақсаты (дағды) ғана алынғаны дұрыс.
Үш немесе одан да көп дағдыны алу сабақтың мақсатына жетуге, қажетті
дағдыларды терең қалыптастыруға мүмкіндік бермей, оқушыларда тұрақсыз білім
қалыптастыруы мүмкін
Мысалы, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Кіріктірілген білім
бағдарламасы бойынша білім алатын 8-сынып оқушыларына арналған Қазақ тілінен
оқу кешенінен (Т2) сабақтар үлгісін ұсынамыз. Екінші тіл ретінде оқытылатын 8-ші
және 4-ші сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспарда өнер мен әдебиет кіріктіріліп
берілуі нақты көрсетілген:
Сабақтың тақырыбы: Өнер және әдебиет. Мағжан Жұмабаев «Мен кім?»
Оқу мақсаты: Берілген ақпарат көздерінен қажетті материалды таңдап ала білу,
өз пікірін айту, мәселеге баға беру.
Сабақтың мақсаты: Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?» өлеңін оқу. Ақынның
кім екенін білу.
Кілт сөздер: жұмақ, тамұқ, айбат, көңілге алсам, ғарышқа асамын, жалынмын,
күл болсын көк, жемірілсін жер, табынамын.
Қызығушылықты ояту.
«Сен кімсің» деген сұраққа «биопоэма стратегиясы» арқылы жауап іздеп көр.
Өзің жайлы жаз, жазғандарыңды жұпта талқыла, сыныпқа оқып бер.
Биопоэма жазу талаптары:
-
өзіңді 4 сын есіммен сипатта;
-
ең жақсы көретін нәрселерің туралы айт;
-
басыңнан қандай сезімдер өтті?
-
неден қорқасың?
-
қандай жетістіктерің бар?
-
басыңнан өткізгің келетін нәрселерің туралы айт.
-
мекенжайыңды көрсет.
1-
тапсырма. Өлеңді оқып шық, асты сызылған сөздердің мағынасын түсіндір.
Мағжан Жұмабаев «Мен кім»
Арыстанмын, айбатыма кім шыдар?
Жолбарыспын, маған қарсы кім тұрар?
Көкте - бұлт, жерде - желмін гулеген,
Жер еркесі - желдің жөнін кім сұрар?
Көкте - Күнмін, көпке нұрым шашамын,
Көңілге алсам, қазір ғарышқа асамын.
Шеті, түбі жоқ теңізбін қаракөк,
Ерігемін - толқып, шалқып, тасамын.
Жалынмын мен, келме жақын, жанарсың,
Тұлпармын мен, шаңыма ермей қаларсың.
Күл болсын көк, жемірілсін жер, уайым жоқ,
Көз қырымен күліп қана қарармын.
Мен өлмеймін, менікі де өлмейді,
Надан адам өлім жоғын білмейді.
25
Өзім - патша, өзім - қазы, өзім - би,
Қандай ессіз не қылдың деп тергейді?
Мейірленсем - сегіз жұмақ қолымда,
Қаһарлансам - тамұқ даяр жолымда.
Жоқ жақыным, Жасағандай жалғызбын!
Мен бе иілер әлсіз адам ұлына?!
Өзім - тәңірі, табынамын өзіме,
Сөзім - құран, бағынамын сөзіме!
Бұзушы да, түзеуші де өзіммін,
Енді, ескілік, келдің өлер кезіңе!
2-
тапсырма. Өлеңнің әр шумағында ақын мінезі қалай сипатталады? Ақынға
мінездеме бер.
3-
тапсырма. Неліктен ақын «күл болсын күн, жемірілсін жер» дейді. Ақын өзін
ғана ойлай ма? Жұпта, топта талқылап, өз ойыңды айт.
4-
тапсырма. Өлең негізінде «биопоэма стратегиясы» арқылы М.Жұмабаевтың
кім екенін анықтап көр.
Ақының адамдық қасиетін суреттейтін 4 сын есім / Мағжан шыншыл, қайсар,
әділ,өнерлі
Туыстық қарым-қатынасы / Мағжан әкесіне бала, баласына әке
Ең жақсы көретін нәрселері / өлең жазу
Басынан өткен сезімдері / қуаныш, мақтаныш
Неден қорқады / адамдар бағаламайды деп
Жетістіктері / өлеңдер жазды
Басынан өткізгісі келетін нәрселер / Елін көргісі келетін шығар
Орны(мекенжайы) / Солтүстік Қазақстан облысы
Білгенге-маржан!
Берілген кестені (1-кесте) пайдаланып, өлеңге талдау жаса.
1-
кесте – Мағжан Жұмабаевтың «Мен кім?»өлеңіне талдау
Достарыңызбен бөлісу: |