Методическое пособие по обучению интегрированным предметам «казахский язык и литература»


МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА»



Pdf көрінісі
бет119/317
Дата06.01.2022
өлшемі4,21 Mb.
#15872
түріМетодическое пособие
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   317
Байланысты:
Қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, көркем еңбек. Кіріктірілген пәндерді оқыту бойынша әдістемелік құрал

МЕТОДИЧЕСКОЕ ПОСОБИЕ ПО ОБУЧЕНИЮ ИНТЕГРИРОВАННЫМ ПРЕДМЕТАМ «КАЗАХСКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» 
(Я 2), «РУССКИЙ ЯЗЫК И ЛИТЕРАТУРА» (Я 2), «ХУДОЖЕСТВЕННЫЙ ТРУД» ДЛЯ НАЧАЛЬНОЙ ШКОЛЫ  
 
120
 
дамыту  технологиясының  мақсаты  –  өз  бетінше  кемелдене  алатын  адам 
қалыптастыру. 
7.  Л.Г  Петерсонның  дамыта  оқытудың  кіріктірілген  технологиясының 
(жүйелі-әрекеттік педагогиканың технологиясы) мақсаттары: 

өскелең  ұрпақтың  бойында  өздігінен  дамуға  дайын  болу  қасиетін 
қалыптастыру; 

жалпы  адамзаттық  құндылықтар  жүйесін  және  оның  жеке  тұлғалық 
сапаларда көрініс табуын қалыптастыру;  

іс-әрекеттік оқыту арқылы ойлауды қалыптастыру; 

белгілі бір жүйеде ондағы қалыптасқан тәртіптерге сәйкес бейімделе алу 
шеберлігін қалыптастыру; 

өзінің  іс-әрекетін  мақсатқа  жетуге  бағыттап  жоспарлау  және  өзінің  іс-
әрекеті мен нәтижелерін бағалай білу дағдысын қалыптастыру; 

білім  беру  бағдарламалары  деңгейіне  және  заманауи  білім  деңгейіне 
сәйкес әлем бейнесін қалыптастыру. 
Қазіргі  кезде  білім  саласында  қолданылып  жүрген  көптеген 
технологиялардың  ішінде  дамыта  оқыту  технологиясы  көпшілікке  неғұрлым 
танылған технологиялардың бірі болып отыр. 
Егер  бастауыш  сыныптардағы  кіріктірілген  «Көркем  еңбек»  пәнінде 
дамыта  оқыту  технологиясын  қолдану  туралы  айтатын  болсақ,  мақсаттар 
жүйесі білімді дамытып отыруға негізделген. Мысалы, «Қоршаған ортаны білу 
және түсіну» бөлімшесін қарастырайық. 
1-
сыныпта  мақсат  –  Қоршаған  ортаның  кейбір  ерекшеліктерін,  таныс 
бейнелер мен пішіндерін білу (түс, фактура, пішін және т.б.).  
2-
сыныпта  мақсат  –  Қоршаған  ортаның  кейбір  ерекшеліктерін  таныс 
бейнелер  мен  пішіндерді  зерттеу  барысында  сипаттау    (түс,  фактура,  пішін 
және т.б.). 
3-
сыныпта мақсат – Бейнелер мен пішіндерді зерттеу барысында олардың 
айырмашылығы  мен  ұқсастықтарын    меңгере  отырып,  қоршаған  ортаның  
ерекшеліктерін түсіндіру (түс, фактура, пішін және  т.б.).  
4-
сыныпта  мақсат  –  Қоршаған  ортаның  ерекшеліктерін,  аса  күрделі 
бейнелері  мен  пішіндерін  зерттеу  барысында  олардың,  айырмашылығын, 
ұқсастығын  және  өзара  байланыс  себептерін  түсіну  және  түсіндіру  (түс, 
фактура, пішін және т.б.).  
Мақсаттар  жүйесінен  бір  тақырып  аясы  жылдан  жылға  тереңдетілу 
арқылы, оқушылардың білімі, білігі, дағдысы дамытылатынын көруге болады.
 
Ақыл-ой қызметін кезең-кезеңмен қалыптастыру технологиясы. 
Ақыл-ой 
қызметінкезең-кезеңмен 
қалыптастыру 
технологиясы 
П.Я.Гальпериннің,  Д.Б.Элькониннің,  Н.Ф.Талызинаның  және  басқалардың 
теориясы  негізіне  сәйкес  әзірленген.  Аталған  теорияның  авторлары  білім, 
біліктер  және  дағдылар  адамның  іс-әрекетінен  сытқары  қабылдануы  және 
сақталуы мүмкін еместігін анықтады. Тәжірибелік іс-әрекет барысында әрекетті 
жүзеге  асырудың  мақсаты,  жоспары  және  құралдары  жүйесі  ретінде  адамның 
бойында  бағдарлы  негіз  қалыптасады.  Яғни  адам  іс-әрекетті  дұрыс  орындауы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   317




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет